Есептеу принципі


Slide 1

Кірістер мен шығыстар есебі

Slide 2

Мақсаты :

Кіріс және шығын түсінігі, негізгі концепцияларын, табысты тану методикасымен танысу.

Міндеттері :

Сақтық (консерватизм) принципі (conservatіsm,

Материалдылық принципі (materіalіty),

Сатып - өткізу принципі (sales),

Есептеу принципі

Slide 3

Кәсіпорынның басқару аппараты қаржылық қорытынды есептің дұрыс әрі шынайы дайындалуына жауапты.

Қаржылық қорытынды есеп, әдетте, ішкі және сыртқы тұтынушылардың ақпараттық сұранысын қанағаттандыруы тиіс.

Бұл ретте, қаржылық қорытынды есепті дайындауда оның негізгі концепцияларын ұстану маңызды шарт.

Slide 4

Сақтық (консерватизм) принципі (conservatіsm), бұл-белгілі бір анықсыздық жағдайында есептеулер жасауда ұстанатын сақтық принципі, яғни акивтер мен табыстардың жоғары бағаланбауы, ал міндеттемелер мен шығыстардың төмен бағаланбау ұстанымы.

Консерватизм принципі бойынша шектеу, егер концептуалдық принциптер екі альтернативаныда бірдей қатар қанағаттандырса, онда таңдау таза пайдаға және/немесе активтердің жалпы сомасына ең аз деңгейде жағымды әсер беретініне таңдау жасалынады. Егер табыстарды бағалаудың екі альтернативті әдісі де рұқсат етілген жағдайда, онда бухгалтерлік есепте бағалау сомасының ең төменгі мөлшері таңдалынып алынады. Ал, міндеттемелерді бағалауда альтернативті әдістердің ішінен міндеттемелердің ең жоғарғы бағалануы таңдалынады. Табыстар, шығындар, пайда мен зиянның екі альтернативті сомаларының екеуінде де дәлелді күмән болса, онда бухгалтерлік есепте таза пайда сомасына ең аз деңгейде жағымды эффект беретін әдіске таңдау жасалынады.

Сақтық, бұл - есепке қандай мәліметтерді енгізу немесе өлшем сомасын нақты анықтау мүмкін болмаған жағдайда, қаржылық қорытынды есептің ақпараттарын тұтынушылар көз қарасымен қарағанда, таза табыс пен активтер деңгейін артық бағалағаннан көрі, оны кем бағалау ұстанымы. Консерватизм принципін ұстану мысалдары болып, босалқылар мен мүліктерді бағалау үшін ең төменгі бағалар және нарықтық мүмкіндіктердің ең қолайсызы назарға алынады, негізгі құралдардың болжамды тиімді қызмет ету мерзімі және олардың қалдық құндарының ең азы таңдалынып содан амортизациясы есептелінеді.

Slide 5

Материалдылық принципі (materіalіty), бұл-қандайда біршаруашылық операциясының салыстырмалы түрдегі маңыздылығын анықтайды.

Яғни, егер орындалған операция, ақпарат тұтынушы тұлғаның шешіміне тікелей әсер ететін болса, онда операция маңызды болып танылады. Шаруашылық фактісінің маңыздылығы оның сипаты мен сандық өлшеміне байланысты.

Мысалы, миллиардтық табыс айналымы бар компанияда 1млн. сомасындағы қате маңызды емес, бірақ 1млн. сомасындағы пәре немесе алаяқтық фактілер маңызды. Бухгалтер фактілердің маңыздылығын назарға алуы тиіс, ал тұтынушылар олардың бағалануына сенім артады.

Slide 6

Сатып - өткізу принципі (sales), бұл-тауар жөнелтілген сәттен бастаптабыстың танылуы тиіс деген ұстанымды білдіреді, яғни табыс бар, бірақ сатудан келіп түскен ақшалай түсім жоқ.

Бұл ретте, есепте екі шот: «Сатып - өткізу және «Сатып - өткізілген тауардың өзіндік құнын пайдаланылады.

Таза пайда - бұл экономикалық қызметтің нәтижесінде меншіктікапиталдың көбеюі. Таза пайда сомасы табыстар мен шығыстардың айырмасы ретінде анықталады. Егер шығыстар табыстардан жоғары болса, онда қызметтің нәтижесі таза зиян болады. Табыстардың ең қарапайым түрде бағалануы- бұл сатып алушылардан алынған немесе арнайы мерзім ішінде алынуға тиісті активтердің құны.

Slide 7

Табыс көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржы нәтижелерінің нақты көрсеткіштерінен тұрады.

Оған мыналар жатады:

дайын өнімді (жұмысты, қызметті) сатудан алынатын табыс;

жалпы табыс;

негізгі қызметтің табысы;

негізгі емес қызметтен алынатын табыс;

салық салынғанға дейінгі табыс;

салық салынғаннан кейінгі жай қызметтен түскен табыс;

төтенше жағдайлардан болатын табыстар;

кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі болып танылатын таза табыс.

Slide 8

Табыстар - бұл кәсіпорын активтерінің келіп түсуі және олардыңжақсаруы немесе кәсіпорынның тұрақты, негізгі немесе басты қызмет түрлері болып табылатын жабдықтау, тауарлардың өндірілуі, қызметтердің орындалуы және басқадай қызмет түрлерінің нәтижесінде міндеттемелердің азаюы.

Шығыстар - бұл шығыстар немесе активтердің басқадай пайдаланылуы, немесе негізгі, сондай-ақ, басты қызмет түрлері болып табылатын жабдықтау, тауарлардың өндірілуі, қызметтердің орындалуы және басқадай қызмет түрлерінің нәтижесінде міндеттемелердің көбеюі. Табыс алу процесінде пайдаланылған тауарлар мен қызметтердің өзіндік құны шығыстар болып табылады.

Slide 9

Шығыстар кәсіпорынның меншікті капиталы мен активтерін азайтады және пассивтерді көбейтеді. Алайда кәсіпорынның меншікті капиталы мен активтерінің азаю себебі тек шығыстардан ғана болмайды. Меншікті капитал мен активтер меншік иелерінің капиталды айналымнан шығаруынан да болады.

Табыстар, өз кезегінде, меншікті капитал мен активтерді көбейтеді. Алайда меншікті капитал мен активтердің көбеюі әрдайым табыс бола бермейді. Меншікті капитал мен активтер меншік иелерінің капиталды қосымша ұлғайту нәтижесінде де өседі. Активтер ақша қаражаттарын алу нәтижесінде өседі.

Slide 10

Капитал өзгерісінің себептерін анықтау үшін кәсіпорын басқармасы және басқадай мүдделі тұлғалар табыстар мен шығыстардың әрбір түріне арнайы жеке шот ашады. Әрбір есепті мерзімнің соңында бұл шоттар жабылады, жиынтық нәтиже (сальдо) пайда мен зиян жөніндегі қорытынды есепке көшіріледі. Сондықтан да бұл шоттар уақытша немесе номиналды шоттар деп аталады. Есепті мерзімнің басында уақытша шоттардың бастапқы қалдығы нольге тең болады.

Таза пайданы есептеуге және қаржылық қорытынды есепті құруды бухгалтер екі принципті ұстанады:

Slide 11

Үздіксіз қызмет ету ұйғарымы

Кәсіпорынның қызметін тоқтату жөнінде ешқандай белгі болмағанға дейін бухгалтер кәсіпорын үздіксіз ұзақ уақыт қызмет атқарады деп есептейді.

Сәйкестілік ұйғарымы

Табыстар, іс жүзінде тауардың сатылған және қызметтердің орындалған уақытына сәйкес сол тиісті есепті мерзімде көрініс табылуы тиіс және шығыстар, белгілі бір табыстың түрін алу барысында, соған қатысты шығыс болғанда ғана, сол есепті мерзімнің шығысы ретінде танылады.

Slide 12

Сәйкестілік ережесін қолдану есептеу әдісінің туындауына алып келді. Есептеу әдісі бойынша кәсіпорынның қаржы шаруашылық операциялары, олардың ақша қаражаттары төленген немесе алынған сәтте емес, яғни олардың іс жүзінде орындалған сәтінде бухгалтерлік есепте тіркеледі. Есептеу әдісі екі қадамнан тұрады: табыстар мен шығыстардың танылуы және трансформация (корректировка) .

Табыстың танылуы - табыстың алыну сәтін анықтау процесі.

Мысалы:

1. Жарнама агенттігі клиент қызметтерін төлеген кезде емес, клиенттерінің жарнамасын басылымға шығарған сәтінде табыс ретінде танылады.


Ұқсас жұмыстар
Бух. есептің қағидалары, әдістері,принциптері
Бухгалтерлік есептің концепциялары мен қағидалары
Бухгалтерлік есептің принциптері
Салықтар қызметтері
Джон фон Нейманның архитектурасы
Модель мысалдары
Windows операциялық жүйесі
Деректер көзіне тәуелсіз, векторлық қабатта сақталған қауіпті объектілер тобы үшін есептеу
Бағдарламалаудың көпдеңгейлі кестесі
«Модельдерді зерттеу» практикаум
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz