Табыс салығы
Презентация қосу
Қаржылық есептілікті
дайындау және ұсыну
1.Қаржылық қорытынды есеп берудің маңызы және оны дайындап- тапсыру
тәртібі
2.Қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижесі жөніндегі қорытынды есеп
Қаржылық қорытынды есеп берудің маңызы және оны дайындап- тапсыру тәртібі
Қаржылық қорытынды есеп беру деп - кәсіпорынның (шаруашылық жүргізуші
субъектінің) өткен кезеңдегі қызметінің жағдайы мен нәтижесін сипаттайтын
көрсеткіштер жүйесін атаймыз. Ол белгілі бір кезеңде субъектінің шаруашылық
қызметінің жағдайы мен нәтижелері туралы жинақталған мәліметтерден тұратын
ағымдағы есептің қысқаша мәлімдемесі болып табылатын есеп жазбаларының ерекше
түрі.
Қаржылық қорытынды есепті құру кәсіпорында жүргізілетін есеп жұмысының соңғы
сатысы болып табылады. Қаржылық қорытынды есептің мәліметтері бойынша
кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі қорытындыланады және де ол талдау жасау,
кәсіпорынның шаруашылық қызметін жоспарлау үшін негізгі ақпарат көзі болып
табылады.
Кәсіпорын қызметіндегі нақты нәтижелердің шынайы және дәл көрсетілуі,
барлық көрсеткіштердің бір-бірімен тығыз байланысты болуы, есепті құруда
әдістемелік және басқадай ережелердің сақталуы, қорытынды есеп деректерінің
инвесторлар мен басқадай пайдаланушыларға түсінікті болуы қаржылық қорытынды
есеп беруге қойылатын негізгі талаптар болып табылады.
Қаржылық қорытынды есепті дайындаудың және тапсырудың Концептуалдық
негіздерінде қаржылық қорытынды есептің бухгалтерлік есеп жүйесін реттеудің
екінші деңгейін құрайтын және барлық шаруашылық жүргізуші құрылымдар
басшылыққа алуға міндетті нормативтік-құқықтық құжат болып табылатын бухгалтерлік
есеп стандарттарымен айқындалатындығы атап көрсетілген.
Қаржылық қорытынды есеп мерзім сайын дайындалып тапсырылады және оны
пайдаланушы қалың топтың ақпарат жөніндегі қажеттерін қанағаттандырып отырады.
Кейбір пайдаланушылар өкілеттіктері болған жағдайда қаржылық қорытынды есепте бар
ақпаратқа қосымша ақпарат талап ете алады. Пайдаланушылардың көпшілігі қаржылық
мәліметтердің негізгі қайнар көзі ретінде қаржылық қорытынды есепке сенім артуға
тиісті.
Субъектілер жылдық қаржылық қорытынды есепті меншік иелеріне, құрылтай
құжаттарына сәйкес, мемлекеттік статистика органдарына тіркелген жерінде,
мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарына - олардың құзіретіне сәйкес
тапсырады.
Қаржылық қорытынды есеп Қазақстан Республикасының валютасымен жасалуға тиісті.
Өлшем бірлігі - мың теңге.
Қаржылық қорытынды есепке дер кезінде орындалуына және дұрыстығына жауап
беретін субъектінің басшысы және бас бухгалтері қол қояды.
Жылдық қаржылық қорытынды есеп есепті кезеңнен кейінгі жылдың 30 сәуіріне дейін
тапсырылуға тиісті. Меншік иелері осы мерзім шегінде
қаржылық қорытынды есепті тапсырудың мерзімін анықтап тағайындай алады, бірақ ол
жылына 1 реттен аспауы тиіс.
Жылдық қаржылық қорытынды есеп үшін есепті кезең болып 1 қаңтардан 31
желтоқсанға дейінгі күнтізбелік жыл алынады.
Жаңадан құрылған субъект үшін бірінші есепті жыл оның мемлекеттік тіркеуден өткен
сәтінен басталып, сол жылдың 31 желтоқсанымен аяқталды.
Субъект тіркеуге алынған немесе заңды тұлға мәртебесін алғанға дейінгі жасалған
операциялар бірінші есепті жылдық қаржылық есебіне кіреді.
Заңды тұлғаның қаржылық қорытынды есебі оларды пайдаланушылар үшін жариялауға
ашық болып табылады. Жылдың қаржылық қорытынды есептің дұрыстығы заңды тұлға
немесе тәуелсіз аудитор ұсынған тәуелсіз аудиторлық қорытындымен расталады.
Қаржылық есептер қаржылық қорытынды есеп берудің құрамдас бөліктері болып
табылады.
Субъектінің қаржылық қорытынды есебі төмендегі қаржылық есептерден тұрады:
Бухгалтерлік баланс
Қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижесі жөніндегі қорытынды есеп
Ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі қорытынды есеп
Капиталдағы қозғалыс жөніндегі қорытынды есеп
Қаржылық қорытынды есепке түсіндірме хат.
Бухгалтерлік баланс субъектінің активтерін, міндеттемелерін және меншікті капиталын
көрсетеді.
Ұзақ мерзімді және ағымдағы активтердің, меншікті капиталдың, ұзақ мерзімді және
ағымдағы міндеттемелердің жиынтық сомасы бухгалтерлік баланста былайша ашып
көрсетіледі:
Ұзақ мерзімді активтер:
Негізгі құралдар мынадай баптарда ашып көрсетілуге тиісті:
жер;
ғимараттар мен құрылғылар;
машиналар мен жабдықтар;
жіктеуге сәйкес негізгі құралдардың басқадай түрлері;
жинақталған тозу;
аяқталмаған күрделі құрылыс.
Түсіндірме хатта олардың ішінен ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құралдар және
ақшасы кейін төленетін негізгі құралдар жеке (бөлек) көрсетілуге тисті.
Ұзақ мерзімді активтердің төмендегі баптары жеке ашып көрсетілуге тиісті:
Материалдық емес активтер, амортизациялау кезеңін, әдісін және есепті кезеңдегі
есептен шығарылғандарын көрсете отырып:
гудвилл;
патенттер, тауар таңбалары және басқалар.
Ұзақ мерзімді инвестициялар:
тәуелді заңды ұйымдарға инвестициялар;
басқадай инвестициялар, егер олардың баланстық құнынан өзгеше болса, ағымдағы
құнын көрсете отырып;
Ұзақ мерзімді дебиторлық борыштар:
алынуға тиісті шоттар;
алынған вексельдер;
негізгі шаруашылық серіктестігі мен оның еншілес серіктестіктері арасындағы ішкі
операциялардың нәтижесінде пайда болған дебиторлық борыштар;
акционерлік қоғамның лауазымды адамдарының дебиторлық борыштары;
басқадай дебиторлық борыштар.
2.Қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижесі жөніндегі қорытынды есеп
субъектінің қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі жөніндегі қорытынды есебі оның
таза табысының қалай құралатындығын көрсетеді.
Ол мынадай көрсеткіштерден тұрады:
Өнімді (жұмысты, қызметті) сатып өткізуден түскен табыс
Өнімді (жұмысты, қызметті) сатып өткізуден түскен табысты қорытынды есепте көрсету
үшін қосылған құнға төленетін салық, акциздер т.б. салықтар мен төлемдер, сонымен
бірге сатып алушыларға жасалынған жеңілдіктер алынып тасталынады.
Бұл бап бойынша шаруашылық жүргізуші құрылымның негізгі қызметінен түскен табыс
сомасы көрсетіледі.
Негізгі қызметтен түсетін табыс тауарлы-материалдық босалқыларды сатып-өткізуден,
қызмет көрсетуден алынуы мүмкін, сонымен бірге негізгі қызметтің түріне байланысты
проценттер, дивидендтер, гонорарлар түрінде алынуы мүмкін.
Сатып-өткізілген өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құны
Сатып-өткізілген өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнына экономикалық
мазмұнына сәйкес материалдық шығындар, еңбек ақы шығындары, еңбек ақы сомасынан
есептелген сақтандыруға жарналар, негізгі құралдардың тозуы, басқа да шығындар деп
аталатын шығын элементтері бойынша жинақталған өнімді өндірумен, қызметті
көрсетумен, жұмыстарды орындаумен тікелей байланысты нақты шығындар енгізіледі.
Жалпы табыс
Жалпы табыс өнімді (жұмысты, қызметті) сатып өткізудің қаржылық нәтижесі болып
табылады және ол өнімді (жұмысты, қызметті) сатып-өткізуден түскен табыс пен сатып-
өткізілген өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнының арасындағы айырма ретінде
анықталады.
Кезеңдік шығыстар
Кезеңдік шығыстар – олар өнімдердің (жұмыстардың, қызметтердің) өндірістік өзіндік
құнына апарылмайтын шығындар. Кезеңдік шығыстарға:
а) жалпы және әкімшілік шығыстары;
ә) сатып-өткізу операциялары бойынша шығыстар; б) проценттерді төлеу бойынша
шығыстар.
Қосалқы қызметтен түскен табыс (шеккен зиян)
Бұл көрсеткіште субъектінің қосалқы қызметінен пайда болған табыс (шеккен зиян)
көрсетіледі.
Қосалқы қызметтен түскен табысқа айналымнан тыс активтерді сатып- өткізуден түскен
табыс, құнды қағаздарды сатып алудан, сатып алып қайта сатудан түскен табыс және т.б.
табыстар жатады.
Салық салынғанға дейінгі табыс
Бұл көрсеткіш есептеу жолымен 5 және 6 пункт көрсеткіштерінің қосындысы ретінде
анықталады.
Табыс салығы
Салық кодексінде белгіленген мөлшерде заңды тұлғаларға салынатын салық.
Салық төленгеннен кейінгі табыс
Бұл көрсеткіш есептеу жолымен кәдімгі (салық салынғанға дейінгі) табыс сомасы мен
табыс салығының арасындағы айырма ретінде анықталады.
Төтенше жағдайлардан түскен табыс (шеккен зиян)
Төтенше жағдайлар – субъектінің кәдімгі қызметінен өзгеше оқиғалар мен операциялар.
Әрине, ондай оқиғалар мен операциялар жиі қайталанбайды деп есептеледі.
Таза табыс
Бұл көрсеткіш заңды тұлғалардың есеп беру мерзімінде алған таза табысын бейнелейді.
3. Ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі қорытынды есеп
Субъектінің қаржылық қорытынды есебінің барлық нысандары белгілі бір
мақсатпен құрылады. Баланста субъектінің экономикалық ресурстарының
(активінің) белгілі бір мерзімдегі нақты бары мен оларды қаржыландыру
көздерінің жағдайы көрсетіледі. Субъектінің қаржы-шаруашылық
қызметінің нәтижесі жөніндегі қорытынды есебінде оның есеп беру
мерзімінде алған табысы көрсетіледі.
Қорытынды есептің аталмыш нысандары субъектінің қаржылық жағдайын
қарастыруда туындайтын барлық сұрақтарға жауап бере алмайды. Мысалы,
субъектінің дивиденд төлеуге жататын ақша қаражаттары бар ма? Ол өзінің
кредиторлық борыштарын жаба ала ма? т.б.
Осы сұрақтардың барлығына жауап беретін қаржылық қорытынды есептің
жаңа нысаны - Ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі қорытынды
есеп.
Ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі қорытынды есептің
негізгі мақсаты:
Есеп беру мерзімі ішінде заңды тұлғаларға ақша қаражаттарының
келіп түсуі және шығуы жөнінде ақпараттарды беру;
Есеп беру мерзімінде заңды тұлғалардың операциялық,
инвестициялық және қаржылық қызметі жөніндегі ақпараттарды
беру.
Операциялық қызмет дегеніміз – заңды тұлғаның табыс табу
бойынша негізгі қызметі сонымен бірге қаржылық және
инвестициялық қызметіне жатпайтын басқадай қызметі.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер операциялық қызметтен
болған ақша қаражаттарының қозғалысын тікелей немесе жанама
әдістерді пайдалана отырып ашып көрсетеді:
Тікелей әдіс – бұл ақшаның келіп түсуі мен төленуінің негізгі
түрлері ашып көрсетілетін әдіс. Бұл әдіс ақшамен жүргізілетін
әрбір операцияны зерттеуге және ол операцияның субъект
қызметінің қай түріне жататынын анықтауға негізделген.
Тікелей әдісті қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижесі жөніндегі
қорытынды есептің әрбір бабына түзету (корректировка) жасау деп
түсіну керек. Мұндай жағдайда түзетуді өнімді сатып-өткізуден
түскен ақша түсімінен бастау керек. Одан тауарды сатып алу
бойынша төленген барлық ақшаның сомасын, ағымдағы шығындар
бойынша жұмсалған ақшаны, несие үшін проценттер сомасын,
бюджетке төленген төлемдерді алып тастау керек. Жиынтығында
операциялық қызметтен алынған ақша қаражаттары жағдайының
сомасын шығарады.
Тікелей әдісті қолданған кезде операциялық қызметтің нәтижесінде
пайда болатын ақша қаражаттарының қозғалысын бейнелейтін
операцияларға төмендегі операциялар жатады:
а) тауарларды сатып-өткізуден және қызмет көрсетуден алынған
ақша қаражаттары;
ә) жөнелтілетін тауарлы-материалдық босалқылар, көрсетілетін
қызмет үшін алынған аванстардың сомасы;
б) проценттер, дивидендтер, басқадай әр түрлі сипаттағы
табыстардың келіп түсуі.
Ақша қаражаттарының шығуы:
а) келіп түскен тауарлар және көрсетілген қызмет үшін
жабдықтаушыларға және мердігерлерге ақша төлеу;
ә)келіп түсетін тауарлы-материалдық құндылықтар,
көрсетілетін қызметтер, атқарылатын жұмыстар үшін аванс төлеу;
б) еңбек ақы төлеу және басқадай төлемдер;
в) бюджетпен, әлеуметтік сақтандыру және
қамсыздандыру органдарымен, бюджеттен тыс қорлармен есеп
айырысу;
г) проценттерді төлеу; д) басқадай төлемдер.
Жанама әдіс – бұл таза табысқа немесе зиянға ағымдағы
активтердің, ақшасыз операциялардың табыстар мен зиянның
және міндеттемелердің өзгеруіне байланысты түзету
(корректировка) жасалынатын әдіс.
Бұл әдіс бухгалтерлік баланс және қаржы-шаруашылық қызметтің
нәтижесі жөніндегі қорытынды есептің ақпараттарына негізделген.
Жанама әдісте қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижесі жөніндегі
қорытынды есептің әрбір бабын түзету (корректировкалау)
көзделмейді. Бұл әдіске сәйкес есеп беру мерзіміндегі таза
табыстың (зиянның) өткен есеп беру мерзімімен салыстырғандағы
өзгеруі түзетіледі.
Инвестициялық қызмет дегеніміз - ұзақ мерзімді активтерді сатып алу
және сату, өтелетін несиелерді алу және беру.
Инвестициялық қызметтің нәтижесінде пайда болатын ақша
қаражаттарының қозғалысына төмендегілер жатады:
Ақша қаражаттарының келіп түсуі:
материалдық емес активтерді, негізгі құралдарды және басқа ұзақ
мерзімді активтерді сатып-өткізуден;
қаржылық инвестицияларды сатып-өткізуден;
басқадай заңды тұлғалардан алынған несиелер;
басқадай түсімдер.
Ақша қаражаттарының шығуы:
материалдық емес активтерді, негізгі құралдарды және басқа ұзақ
мерзімді активтерді сатып алу;
қаржылық инвестициялар алу;
басқа заңды тұлғаларға несие беру;
басқадай төлемдер.
Қаржылық қызмет – заңды тұлғаның (кәсіпорынның) нәтижесі
меншікті капитал және қарызға алынған қаржылардың құрамы мен
мөлшерінің өзгеруі болып табылатын қызметі.
Қаржылық қызметтің нәтижесінде болатын ақша қаражаттарының
қозғалысын төмендегі операциялар айқындайды:
Ақша қаражаттарының келіп түсуі:
а) акцияларды және басқа құнды қағаздарды шығарып, сатып-
өткізуден; ә) банк несиелерін алу;
б) басқадай түсімдер.
Ақша қаражаттарының шығуы:
а) банк несиелерінің қайтарылуы;
ә) меншікті акцияларды қайта сатып алу; б) дивиденд төлеу;
в) басқадай төлемдер.
Қаржылық қызмет – заңды тұлғаның (кәсіпорынның) нәтижесі
меншікті капитал және қарызға алынған қаржылардың құрамы мен
мөлшерінің өзгеруі болып табылатын қызметі.
Қаржылық қызметтің нәтижесінде болатын ақша қаражаттарының
қозғалысын төмендегі операциялар айқындайды:
Ақша қаражаттарының келіп түсуі:
а) акцияларды және басқа құнды қағаздарды шығарып, сатып-
өткізуден; ә) банк несиелерін алу;
б) басқадай түсімдер.
Ақша қаражаттарының шығуы:
а) банк несиелерінің қайтарылуы;
ә) меншікті акцияларды қайта сатып алу; б) дивиденд төлеу;
в) басқадай төлемдер.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz