Түркістан облысының топырақ жамылғысы



Дипломдық жұмыстың тақырыбы: Түркістан облысы жер ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау ТАҚЫРЫБЫНДА ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
География және табиғатты пайдалану факультеті
География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы

Жұмыстың мақсаты мен міндеті:
Түркістан облысы жер ресурстары туралы сипаттама жасау;
Түркістан облысы жер ресурстарының құрылымына және пайдалану ерекшеліктеріне сипаттама беру;
Түркістан облысының жерiн пайдаланылу деңгейiне талдау жасау;
Түркістан облысының жер ресурстарын қорғау деңгейiн қарастыру;
2

Мазмұны:
Кіріспе
1 Түркістан облысының табиғи-географиялық жағдайы
1. 1. Түркістан облысының табиғи жағдайлары
1. 2. Түркістан облысының топырақ жамылғысы
1. 3. Түркістан облысы әкімшілік аудандарының сипаттамасы
2 Түркістан облысы жер ресурстарының құрылымы және оны пайдалану ерекшеліктері
2. 1 Түркістан облысының жер ресурстарының сапалық жағдайы
2. 2 Түркістан облысындағы жер айналымы дамуының мәселелерi
2. 3 Жер ресурстарын тиімді пайдалану мен қорғаудағы шетел тәжірибелері
3 Түркістан облысының жер ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау
3. 1 Түркістан облысы жер ресурстарының құрылымы және оның пайдаланылуы
3. 2 Түркістан облысының жер ресурстарын тиiмдi пайдалану
3. 3 Түркістан облысындағы жер ресурстарының қорғау шаралары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
3

Түркістан облысының жалпы табиғи-географиялық жағдайына сипаттама
Түркістан облысы (2018 жылы 19-маусымда Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың жарлығымен Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан облысы болып өзгертілді) Тянь-Шань таулар желісіне тиесілі Қаратау, Қазығұрт, Өгем жоталары мен Тұран ойпатының шығыс бөлігінде, 117, 3 мың шаршы шақырым аумақта орын тепкен. Облыстың солтүстік жағын, Бетпақдала шөлді даласы, оңтүстік бөлігін Мырзашөл қуаң даласы алып жатыр. Солтүстiк жағы мен оңтүстік қиырының ара қашықтығы 600 шақырым. Түркістан облысы табиғат жағдайы Орта Азиядағы көршi мемлекеттермен өте ұқсас. Мұнда Орта Азиядағы сияқты жазықтарда күн сәулесiнiң таралуы жоғары. Түркістан облысының климаты шұғыл континенттi, әсiресе жазық шөлдi аймақтарда. Континеттiлiк солтүстiкке қарай айқын байқалады.
4
1-сурет. Түркістан облысының жер бедерінің карта-сұлбасы

Түркістан облысының жалпы табиғи-географиялық жағдайына сипаттама
Түркістан облысында басқа облыстармен салыстырғанда вегетациялық кезең ұзаққа созылады. Сәуiр мен қыркүйек аралығында түсетiн энергияның мөлшерi тропиктегiмен бiрдей. Температураның жалпы мөлшерi 4000 градусқа жетеді. Оған қоса, Түркістан облысында бұлттылық республика бойынша ең төмен (35-45% орташа жылдық), ал ауаның ылғалдылығы шiлдеде 18-20%-ға дейiн төмендейдi.
Түркістан облысының барлық территориясында қыс жылы, қары аз, жазы құрғақ, ыстық. Күз кенеттен кiредi де, ол температураның шұғыл тербелiсiмен, жаңбырмен ерекшеленiп, аяздың соңы қармен жалғасады.
Түркістан облысының көп бөлiгiнде жауын-шашын мөлшері өте аз. Жауын - шашынның орташа жылдық көрсеткiшi солтүстiгiнде 150 мм-ге дейiн, Түркістан облысыгың оңтүстiгiнде 500 мм-ге дейiн жетедi. Жылына 5-6 айдың көлемiнде жауын-шашын жауады.
5
2-cурет. Түркістан облысының агроклиматтық аудандастырылуының карта-сұлбасы

Түркістан облысының жалпы табиғи-географиялық жағдайына сипаттама
Бұл аймақтағы жер бедерінің әртүрлілігі тек климатына әсер етіп қоймай топырағының қалыптасуына да септігін тигізеді. Осыған орай Түркістан облысындағы топырақтардан жазық аймақтың топырақтары және таулы аймақтың топырақтары деп жіктей аламыз. Түркістан облысының территориясы шөл зонасының оңтүстігінде жатыр.
Топырақ жамылғысы табиғаттың зоналық заңына сәйкес таралатындықтан аумағында биік таулы салқын альпілік топырақтардан бастап тау бөктерлеріндегі әртүрлі қоңыр және сұр топырақтарға жалғасып, терістік және терістік-батыс аймақтарындағы жазықтарды сұрқұба, ескі ал-лювиалды ойыс жазықтарды тақыр және тақыртүстес топырақтар мен ірі құмды алаптар (Шығыс Қызылқұм мен Батыс Мойынқұм) алып жатыр. ҚР Ғылым академиясының Ө. Оспанов атындағы Топырақтану институтының көпжылдық ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде облыс аумағында 130-ға жуық топырақ түрлері мен олардың комбинациялары кездесетіндігі анықталды.
6

Түркістан облысының жер ресурсының сапалық жағдайы
Қазақстанның оңтүстік аймақтарын аридтік ландшафттар құрайды, мұндай ландшафт антропогендік қысымдарға шыдамсыз, өзіндік қалыптасуға, қайта қалпына келуге әлсіз икемделген. Суармалы егіншілік кезінде ландшафттың кейбір компонентерінің түбірлі өзгерісі заттардың эволюциялық қалыптасқан айналасымен бұзады.
Ирригациялық эрозия, яғни су эрозиясы үлкен шығынға алып келеді: топырақтың беткі қабатының жуылуы гектарына ондаған, кейде жүздеген тоннаға жетуі мүмкін. А. М. Иорганскийдің және т. б. анықтамасы бойынша қардың еруінен пайда болған эрозияға қарағанда бұл эрозияның шығыны 40-42%- ға жоғары болады, шығын болған су жер бетіне жақын орналасқан жер асты суының деңгейінің көтерілуіне алып келеді. Бұл жағдай топырақтың тұздануына, рельеф қабатарында тұзды көлдердің пайда болуына алып келеді. Топырақтың тұздануы ладшафттың ландшафттық экологиялық тепе-теңдігін шұғыл төмендетеді. Осының нәтижесінде өнімділігі жоғары жерлердің көлемінің қысқарғанын байқауға болады.
Тұздалған жерлердің көлемі бойынша Түркістан облысы Республика бойынша 2, 2 млн га жермен 4-ші орынды иемденеді. Су эрозиясына (әр түрлі деңгейде) ұшыраған жерлердің көлемі Түркістан облысында 0, 9 млн. гектар.
7

Түркістан облысы жер ресурстарының жер санаттары бойынша көлемі
Түркістан облысы 13 аудан және 3 қалалық әкімдік аумағынан тұрады. Облыста 3 облыстық маңызы бар қала, 4 аудандық маңызы бар қала, 826 ауылдық елді-мекендер және 8 кент бар.
Жер санаттары бойынша пайдаланылудағы жерлер: Облыстың жалпы көлемі 11 609, 5 мың гектар.
- Ауыл шаруашылығы мақсаттары бойынша пайдаланылатын жерлер 4 209, 6 мың гектар құрайды,
- Елді мекен жерлері 788, 1 мың гектарда орналасқан (ол 841 елді-мекен) ;
- Өнеркәсіп, көлік байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылық емес басқа мақсаттарда пайдаланатын жерлер 101, 7 мың гектар құрайды;
- Ерекше қорғаудағы табиғи аумақтар жерлері 430, 9 мың гектар;
- Орман қорының жерлері 3010, 3 мың гектар;
- Су қорының жерлері 134, 5 мың гектар;
- Босалқы жерлер 2934, 4 мың гектар;
Түркістан облысының 0, 9 мың гектар жері территориядан тыс, көрші Өзбекстан Республикасының аумағында орналасқан
8

Түркістан облысындағы жер ресурстарының пайдаланылу мақсаты бойынша пайыздық көрсеткіштері
9

Түркістан облысындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер
Түркістан облысындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 4 209, 6 мың гектарды құрайды.
Оның ішінде:
егістік жер 857, 2 мың га;
тыңайған жер 107, 8 мың га;
жайылымдық 3 030, 2 мың га;
шабындық 69, 3 мың га;
көп жылдық екпелер 28, 0 мың га;
10

Түркістан облысындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер пайдалану көрсеткіштері
Түркістан облысы жер көлемі-11 609, 5 мың гектар. Ауданда 4 209, 6 мың гектар жерді жалпы саны 87663 жер пайдаланушы әртүрлі ауқымда ауыл шаруашылық мақсатында пайланылып отыр.
Оның ішінде:
-шаруа қожалықтары-2261, 3 мың гектар(79987 шаруа қожалығы бар) .
-мемлекеттік емес ауылшаруашылық заңды тұлғалары-1870, 7 мың гектар(3762 тұлғалар) .
-шаруашылық серіктестіктер, акционерлік қоғамдар-1170, 1 мың гектар(2586)
-ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтер-695, 4 мың гектар(1138) .
-басқа да мемлекеттік емес кәсіпорындар-5, 3 мың гектар(38) .
-мемлекеттік ауыл шаруашылығы заңды тұлғалары-76, 9 мың гектар(165) .
-ауыл шаруашылық зерттеу мекемелері-4, 8 мың гектар(87) .
-ауыл шаруашылық қосалқы кәсіпорындары-1, 4 мың гектар(9) .
-басқа да мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындары-70, 7 мың гектар(69) .
11

Жер ресурстарын тиімді пайдалану мен қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар
12

Жер ресурстарын тиімді пайдалану мен қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар
13
Өңірaрaлық жер инcпекциялaры, Жер қaтынacтaры бacқaрмacы
Мемлекет aтынaн Президент жaрлықтaрының, Қaзaқcтaн aумaғындaғы бacқa дa нормaтивтік құқықтық aктілердің, зaңдaрдың дəл жəне бірыңғaй қолдaнылуынa, оперaтивті іздеcтіру қызметінің, əкімшіліктік жəне aтқaрушы қызметтің зaңдылығынa жоғaры бaқылaуды жүзеге acырaды
Зaңды функциялaрды жүзеге acырaтын уəкілетті жəне aтқaрушы оргaндaр болып тaбылaды.
ҚР Жоғарғы Соты

Түркістан облысы жер ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау
Қазіргі таңда Түркістан облысында жер ресурстарын қорғау Түркістан облыстық жер инспекциясы басқармасы мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады. . «Түркістан облысының жер инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
1) жердi ұтымды пайдалану мен қорғауды қамтамасыз ету мақсатында жер қатынастарын реттеу;
2) жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты дамыту мен жетілдіруге ықпал ету.
Мекеменің басты міндеттері:
1) жердiң пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
2) Қазақстан Республикасының жер заңдарын бұзушыларға уақтылы шаралар қолдану;
3) жүргiзiлетiн тексерулердiң материалдарын объективтi түрде дайындау. [32]
«Түркістан облысының жер инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2019 жыл бойынша қорытынды есебінде, келесідей заң бұзушылықтар анықталған: Мемлекеттік жер учаскелерін заңсыз иелену-354, 6 гектар (саны 15) ; Жерді бүлдіру-135 гектар (саны 1) ; Жерді нысаналы мақсатында пайдаланбау, немесе пайдалану жөніндегі міндеттерді орындамау261, 07 гектар (саны 21) ; Мақсатына сай пайдаланылмаған жерлер-41, 5 гектар (саны 50) ;
14

Түркістан облысының жер ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау
Түркістан облысындағы ауыл шаруашылық жерлерi 1990-2020 жылдар аралығында 10 024, 0 мың гектардан 4 209, 6 мың гектарға немесе 6 815, 6 гектарға қысқарды. Яғни, ауылшаруашылық жерлерiнің үлес салмағы 80%-н 47, 4%-ға дейiн төмендедi. Мұның негiзгi себебi өнеркәсiптiң, транспорт, байланыстың дамуы, елдi-мекендер көлемiнiң ұлғаюы, сонымен қатар ауыл шаруашылық өнімдеріне сұраныстың төмендеуі, жұмыс күшінің аздығынан деп түсiндiруге болады.
Аймақтың жер ресурстары тиімді пайдаланылса, ауыл шаруашылығының барлық өнiмдерi мен iшкi сұранысты толық қамтамасыз ете алады. Бiрақ, дефляцияға бейiм топырақты аудандар ерекше қорғауды, ерекше қамқорлықты қажет етедi.
Қазіргі таңда ауыл шаруашылығына жарамды жерлер (егiстiк жерлер, жайылым, көп жылдық өсiмдiктер, тыңайған жерлер) облыстың бүкiл жер қорының 87, 6%-н құрайды немесе 10 041, 8 мың гектар, ал басқалары (ормандар, шалғындар, құмдар, батпақтар, су астындағы жерлер т. б. ) - 12, 4% немесе 1 567, 7 мың гектар.
15

Түркістан облысының жер ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау
Түркістан облысында суармалы егістік жерлері азайып барады, бар болғаны 453, 5 мың га (2000 жылдардың басында 1, 0 млн. гектар) ғана. Осы суармалы жерлерден алынған өнімнің құны республика бойынша алынған жалпы өнімнің 25%-н құрайды, яғни 6 га тәлімі егістен алынатын өнімді бір гектар суармалы егістен алуға болады екен. Рас, суармалы жерлерді игеру арзанға түспейді, каналдар қазып, жердің мелиорациялық жағдайын жақсартуға аз қаржы жұмсалмайды. Суармалы жер аумағының қысқаруы негізінен келесі себептерге байланысты:
16

Түркістан облысының жер ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау
Шаруашылықты басқару реформалары бойынша ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлерді пайдалану бөлінісін аудандар мен қалалар бойынша есептелініп шығарылып тұрады. Іс әрекеттегі мелиоративтік жүйелердің техникалық жағдайы мен инжинерлік деңгейі барлық жағдайларда қойылатын талаптар сәйкес келе бермейді. Қазір егістік алқаптарды түгендеу (инвентаризация) жұмыстарының аса қажеттілігі туындап отыр. Түгендеудің негізгі мақсаттары: егістік жерлердің жалпы көлемі мен пайдалану көлемдерінің шынайы картинасын ашу, оның мелиоративтік жағдайы мен суландыру жүйесінің техникалық мінездемесін анықтау, егістік жерлерді пайдаланудың тиімділігін арттырудың іс шарасын әзірлеу мен оны іске асыру және суландыру жүйесінің жағдайын жақсарту.
Жер қорын қорғауды және пайдалануды экономикалық тұрғыдан қарайтын болсақ, оның құндылығын, пайдалану ұтымдылығын арттыру арқылы одан алынатын өнімдерді қазіргіден едәуір көбейтуге болатынына көз жеткіземіз. Оның басты бағыттары топырақтың құнарлығын арттыру, жерді суландыру, батпақ жерлерді құрғату, сортаң жерлердің тұздылығын азайту, эрозияға жол бермеу, бүлінген жерлерді қалпына келтіру т. б. агроэкономикалық шаралар және жерді пайдалану құрылымын жақсарту
17

Түркістан облысының жер ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау
Егер республикамыздың солтүстігінде топырақтың жел эрозиясы басым болса, оңтүстігінде су эрозиясы басым. Эрозияның халық шаруашылығына тигізетін кері әсерін есептеп жеткізу қиын. Мәселен, жел эрозиясына ұшыраған бір гектар егістік жер 600 кг, жалпы азотты, 36 кг жылжымалы азотты, 108 кг жылжымалы фосфорды, 105 кг калийді жоғалтады. Ал, су эрозиясының зардабына көбірек душар болған жердің әрбір гектары 2 тоннаға дейін жалпы азотты, 120 кг жылжымалы азотты, 280кг. фосфор мен 215 кг. калийді жоғалтады екен. (Жанпейісов Р. Д. 1977)
Су эрозиясымен күресудің 3 түрлі жолы бар:
Агротехникалық шаралар: еңісі мол баурайларды су ағысының бағытына көлденең жырту, топырақты қайырмасыз жырту, қыста қар тоқтатып, көктемде судың ағыс екпінін кеміту үшін егілген егістіктердің пая сабақтарын қалдыру, топырақ құрылымын жақсарту т. б.
Орманды - мелиоративтік шаралар: жыралар мен сайлар жағалауына, өзендер айналасына, суару жүйелерінің бойына міндетті түрде ағаштар, бұталар отырғызу.
Гидротехникалық шаралар: жыраларды бекітетін инженерлік құрылыстар салу, ирригациялық эрозия болмас үшін арықтар мен каналдардан табаны мен ішкі қапталын су өткізбейтін заттар мен (плита, латоктар мен полиэтилен т. б. ) қаптау.
18

Мақтарал трагедиясы (01. 05. 2020ж. )
2020 жылдың 1 мамырының таңғы сағат 5:55 шамасында, Қазақстан Республикасына көршілес жатқан, Өзбекстан Республикасының Сырдария облысында, қатты жаңбыр мен дауыл тұру әсерінен Сардоба су қоймасының 6-шы пикетті қабырғасы жарылып, төңірегіндегі ауылдарды су шайып кетті. Су қоймада 922 млн м³ су сақталған. Оқиға салдарынан қойма маңындағы бірнеше елді-мекен зардап шегіп, 24 елді-мекеннің 90 мыңнан аса тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Төтенше жағдайдан коммуникация жүйелері мен ауыл шаруашылығы орасан зор шығынға ұшырады. Қойма суын жылдам ауыздықтау мақсатында Өзбекстан Республикасы төтенше жағдай қызметкерлері қазақ-өзбек шекарасында орналасқан Арнасай көліне бұрған.
Қойма суы шекарадағы Абай каналын тасытып, Қазақстан территориясына келесі күннің таңғы сағат 04:30 шамасында180 м³/с ағыспен 4 ауылды шайып, Мақтарал ауданында жалпы саны 11 ауылдан 5 мыңнан аса халық эвакуацияланды. 1, 5 мың ауыл шаруашылығымен айналысатын ауыл тұрғындарының 7639 гектар егістік алқаптары жарамсыз болып, 4 млрд. 1 млн теңге шығынға ұшырады.
19

Сардоба су қоймасының ғарыштан түсірілген фотосуреті
АҚШ-ның Ғарышты зерттеу Ұлттық басқармасының (NASA) жер серігінен алынған суреттер. (1-төтенше жағдай орын алғанға дейінгі Сардоба су қоймасының суреті; 2- төтенше жағдай орын алғаннан соң төрт тәуліктен кейінгі Сардоба су қоймасының суреті; 3-Сардоба су қоймасының апаттан кейінгі суреті; 4-Қазақ-Өзбек шекарасына жайылған, қойма суы)
20

Жерді қайта қалпына келтіру шаралары
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz