ҚОРДАЙ АУДАНЫНЫҢ АВТОКӨЛІК ЖОЛДАРЫНА ЖЕР БӨЛІП БЕРУ



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: «ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ҚОРДАЙ АУДАНЫНЫҢ АВТОКӨЛІК ЖОЛДАРЫНА ЖЕР БӨЛІП БЕРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ» ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

КІРІСПЕ . . .
6
1
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ҚОРДАЙ АУДАНЫНЫҢ ЖАЛПЫ ТАБИҒИ КЛИМАТТЫҚ ЖАҒДАЙЫНА СИПАТТАМА . . .
9
1. 1
Табиғи климаттық ағайы . . .
9
1. 2
Қалыптасқан жебедері . . .
11
1. 3
Топырақ жамылғысы . . .
13
1. 4
Өсімдіктер дүниесі . . .
17
1. 5
2
Айматың жер асты және жер үсті сулары . . . НЕІЗГІ БӨЛІМ . . .
18
19
2. 1
Ауыл шаруашылық емес мақсатындағы жерлерге түсінік және оларға жер бөліп беру ерекшеліктері . . .
19
2. 2
Ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы объектілерге жер бөліп беру тәсілдері . . .
24
2. 3
Жол құрылысы үшін жер бөліп беру және аумққа есептеу жұмыстарын жүргізу . . .
25
2. 4
Топырақтың құнарлы қабатын пайдалану, ны сақтау тәсілдері . . .
35
3
ЭКОНОМИКАЛЫҚ САРАПТАМА . . .
40
3. 1
Шаруашылық кәсіпорындары жөніндегі шаруашылықарлық жерге орналастыру жоаларын экономикалық тұрғыдан негіздеу . . .
40
3. 2
Жер иелеріне келтірілген залалдар мен ауыл шаруашылық өндірісі шекен шығындарды анықтау . . .
41
3. 3
3. 4
Авткөлік жолдарын пайдалану кезінде қауіпсіздікке қойылатын талаптар . . .
Жлдағы жасанды құрылыстарды күтіп ұстауға қойылатын талаптар . . .
50
56
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
60
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
61
МАЗМҰНЫ

Дипломдық жұмыстың мақсаты: Ауыл шаруашылық емес мақсатағы жер пайдаланушылықтарға жер бөліп беру, соның ішінде сызықтық объектілерге яғни, жол құрылысы үшін жер бөліп беру әдіс-тәсілдерін қарастыру.
Негізгі қарастырылатын сұрақтар:
- Жамбыл облысы Қордай ауданының орналасу ерекшеліктері мен табиғи-климаттық жағдайына баға беру;
- Ауыл шаруашылық емес мақсаттағы жерлерге түсінік, және оларға жер бөліп беру ерекшеліктеріне тоқталу;
Мемлекет мұқтаждығы үшін жерді алып қою мәселесі;
Жол құрылысы үшін жер бөлу және аумаққа жер бөліп беру есептерін жүргізу тәсілдері;
Топырақтың құнарлы қабатын пайдалану және оны сақтау ерекшеліетері;
Жер пайдаланушыларға келтірілген зияндар мен шығындар көлемін есептеу шараларына тоқталу;
Автокөлік жолдарын жобалау кезінде қауіпсіздікке қойылатын негізгі талаптар туралы;
Қорытынды;


Қордай ауданының орналасу ерекшеліктері мен табиғи-климаттық жағдайына баға беру
Қордай ауданы - Жамбыл облысының шығысындағы әкімшілік бөлініс. Қордай ауданы батысында Шу ауданымен, шығысында Алматы облысымен, оңтүстігінде Қырғызстан Республикасымен шектеседі.
Аудан аумағында таулы, сонымен бірге жазықтық бедер қалыптасқан. Таулар ауданның орталық, оңтүстік және оңтүстік-батыс бөліктерін алып жатыр. Олар өзара жіңішке тауаралық аңгарлармен (ойпаттармен) бөлінген. Жазық бедер ауданның солтүстігіндегі тау етегі бөлігінде.
Ауданның гидрографиялық жүйесі жақсы жетілген және көптеген өзендер, арналар мен бұлақтардан құралған. Каналдар, тоғандар, су қоймалары мен беткейге шыққан жер асты және суарудан қайтқан сулар - «қарасулар» аудан аумағындағы гидрогарфияның маңызды бөлігі болып табылады.
Аудан аумағы суармалы және суарылмайтын егін шаруашылығы мен мал шаруашылығы өркендеген Тянь-Шань таулы және тау етегі табиғи-шаруашылықтық аймағында орналасқан.
Агроклиматтық аудандастыруы бойынша келесі аудандар кіреді:
1. Өте куаң тау етегі ауданы, тау етегінің солтүстік бөлігін қамтыған.
2. Қоңыржай қуаң және қоңыржай ыстық таулы аудан, Қордай ауданының қалған барлык бөлігін қамтиды.
Аудан аумағындағы топырақ жамылғысынын алуан түрлі болып ерекшеленуіне жер бедері мен топырақ құрушы жыныстары әсер еткен.
Биік таулы жерлердің топырақтары альпілік және субальпілік таулық- шалғындық топырақтар болып келеді. Ауданның солтүстік-шығыс бөлігінде кәдімгі сұр топырақтар таралған. Мұнда кәдімгі сұр топырақтың оншақты түрі бар.
Аудан аумағындағы өсімдік жамылғысы әр түрлілігімен ерекшеленеді, бұл ауданның бір бөлігінің жазықтықта орналасқан географиялық жағдайымен, ал қалған таулы бөлігінің вертикалдық белдеулігімен байланысты.

Ауыл шаруашылық емес мақсатындағы жерлерге түсінік және оларға жер бөліп беру ерекшеліктері:
Шаруашылық түрлерінің басқа салаларына қарағанда ауыл шаруашылық мақсатындағы емес салаларға жер бөліп беруде, пайдалануға тиімділігі ең аз және сол кіші аумаққа барынша көп инжинерлік құрылыс объектілерін сиыстыру мақсаты көзделеді. Бұл құрылысқа бөлінген жердің басты ерекшелігі топырақ беті барынша пайдалы қасиеттерінен айырылған, ауыл шаруашылығы өндірісіне жарамсыз аумақтарды игеруінде болады.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес мақсаттағы объектілер, яғни түрлі мақсаттағы ғимараттар, құрылыс объектілері нысандарын жобалағанда, жоғарыдағы принципті негізге ала отырып жасау, және жер учаскелеріне бөлудегі шаруашылық жерге орналастыру жобаларын барынша тиімді экологиялық жағынан сонымен бірге, экономикалық жағынан және заңды тұрғыда сауатты түрде негізделуін қажет етеді.
Территорияны ұйымдастыруда, жоғарыда айтылып өткендей ауыл шаруашылық емес объектілер табиғи ортаға әсер етуіне байланысты бірнеше түрлерге бөліп қарастыруға болатындығын көреміз:
аумағы шағын ауыл шаруашылық емес мақсаттағы жерлер. Бұл түрдің негізгі артықшылығы жер бөліну процесі барысында қайта ұйымдастыру шараларын қажет етпейтіндігінде;
-аумағы кең атырапты қамтитын, ірі өнеркәсіп орындары жерлері. Ауыл шаруашылық емес мақсаттағы жер бөлудің бұл түрі өзіндік қиындықтар туғызуы мүмкін. Себебі, кең ауқымды жерді бөлу жерді қайта ұйымдастыруды талап етеді және айнала елі мекендерге табиғи зиян тигізу қауіпі де жоғары;
-сызықтық объектілерге бөлінетін ені қысқа, ұзындығымен өлшенетін жер бөліктері. Олардан шығатын қалдықтар, улы түтіндер территорияның қалыптасқан үлгісін бұзады;
1
2

Мемлекет мұқтаждығы үшін жерді алып қою термині
ҚР Жер Кодексінің 84-бабы бойынша, жер учаскесі мемлекет мұқтажы үшін ерекше жағдайларда, бұл мұқтаждықты өзге тәсілмен қанағатандыру мүмкін болмаған жағдайда сот шешімі бойынша мәжбүрлеп иеліктен шығаруы мүмкін.
Бұл келесідей негіздерде жүзеге асырылады:
Қазақстан Республикасы ратификацияланған шарттардан туындайтын халықаралық міндеттемелер;
Қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтаждықтары, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, сауықтыру, рекрациялық және тарихи-мәдени мақсаттар үшін жер беру және арнайы экономикалық аймақтардың құрылуы мен олардың жұмыс істеуі;
Пайдалы қазба кен орындарының табылуы және оларды игеру үшін;
автомобиль және темір жолдардың құрылысы (реконструкциясы), әуежайлар, әуеайлақтар, аэронавигация объектілері және авиатехникалық орталықтар, теміржол көлігі объектілері, көпірлер, метрополитендер, тоннельдер, энергетика жүйесі мен электр тарату желілері, байланыс желілері объектілері, ғарыш қызметін қамтамасыз ететін объектілер, магистральдық құбырлар, инженерлік-коммуникациялық желілер, концессиялық жобаларды іске асыру, елді мекендердің ортақ пайдалануындағы объектілердің құрылысы (реконструкциясы) ;

Жол құрылысы үшін жер бөлу және аумаққа есептеу жұмыстарын жүргізу
Жол салу үшін бөлінетін жердің көлемі салынғалы тұрған жолдың экономикалық маңыздылығына сай болады. Жолдың экономикалық көрсеткіші дегеніміз - жолдың көлік өткізу әлеуеті, тәулігіне немесе жылына, арнайы бір уақыт мөлшерінде жүк тасымалдай алу күші. Жолдың экономикалық көрсеткіштері арқылы жолдың санаты, санаты арқылы жол үшін бөлінетін жердің аумағын анықтаймыз.
Қазіргі таңда жол құрылысында, автомобиль жолдарының 5 санаты негізделіп, осы нормативтерге байланысты құрылыс жүргізіледі.
Жол құрылысы үшін жер бөліп беруде
тұрақты және уақытша жер бөліп беру жүргізіледі.
Тұрақты жер пайдалану жол астында қалатын және кейіннен жол бойы қажеттілігі үшін пайдаланатын бос аумақ.
Уақытша пайдалануға бөлінетін жерлер жол құрылысы кезінде техникалардың жүріп тұруы, құрылыс материялдарын жинау, арнайы штаптар құрылысы үшін пайдаланылатын жерлер

Сүріліп алынған топырақ үйінділері тұрақты пайдалануға алынып жатқан жердің сыртына орналастырылады және оларды орналастыруда жақсарту жұмыстарын өте қажет ететін жерлер есебін алдын ала білген жөн. Бұл үйінділерді тасымалдауға қолайлы жерлерге орнластыруға мүмкіндік берсе, бұл өз кезегінде транспорттық шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.
Жақсартуды талап ететін жерлерді таңдағанда келесідей негізгі факторларды ескерген жөн:
- Аумақтың ауданы;
- Үйінділердің ара-қашықтығы;
- Үйілген топырақтың қалыңдығы;
Сүріліп, дайындалған үйінділер арнайы экологиялық талаптарға сай болуы да қарастырылуы тиіс. Сыдыру барысында топырақ құрамына бөтен тұрмыстық қалдықтар, басқа да құрамы өзге заттардың қосылып кетуінің алдын алу дұрыс болады.
Топырақтың құнарлы қабатын пайдалану және оны сақтау ерекшеліетері

Рекультивацияға жататын жердің құнарлы қабатының қалыңдығы 25-30см аспауы тиіс. Демек, ол жердің ауданын табу үшін алынған құнарлы қабаттың көлемін (қопсыту коэффициентін ескермегенде) осы төселетін қабаттың қалыңдығына бөлу керек.
П=V/h
мұндағы:
V - үйілуге жататын топырақтың көлемі, м2;
h - үйіндінің биіктігі, м;
Жақсартуға арналған топырақты тұрақты пайдаланудағы жерлерге жұмсаған дұрыс. Себебі, пайдаланылмай жатқан жерлерден оның құнарының жел, су эрозияларына ұшырап, қайта құнарсыз топыраққа айналып қалу қаупі бар. Экономикалық тиімлділігін есепке алар болсақ, төселінетін топырақтың қалыңдығы 10 см-ге диін болғаны құптарлық. Олай болған себебі, айнала орналасқан аумақтан айырмашылық туындап қалмас үшін. Оны келесі мысалдан қарауымызға болады:
Жақсартылуға белгіленген жерлердегі топырақтың қалыңдығы 18 см болса, ал межелес орналасқан танаптарда оның қалыңдығы 26 см болса, төселетін қабаттың қалыңдығы 8см (26-18=8) болуға тиісті. Топырақтың құнарлы қабатының көлемін осы шамаға бөле отырып, жақсартылуға жататын алаптардың ауданын табуға болады.
Жақсартуды талап ететін жерлерге қойылатын негізгі талаптар:

Жер пайдаланушыларға келтірілген зияндар мен шығындар көлемін есептеу шаралары
Қазақстан Республикасынының Жер Кодексінде, басқа де жер заңдарында сонымен бірге басқа да заңнамалық актілерде ауыл шаруашылығы алқабында жұмыс жүргізуші кез келген объекті жұмыс жаспары аяқталғанда, көршілес жанамалай орналасқан шаруашылықтарға келтірілген кез келген шығын, залал түрлерін өтеуге міндеттеледі.
Өтелетін шығындар көлемін жанамалай орналасқан шаруашылықтағы зиян көреген ғимараттар, ауыл шаруашылық дақылдары соның ішінде маусымдық егіндер, жеміс не сәндік мақсаттағы зиян шеккен ағаш түрлері мейлі ол әлі өскін болса да, және тағы басқа өндірістік құрылыстар есебінен шығарылады.


Жер үшін төленетін төлемдер және залал көлемін анықтаудағы бекітілген базалық ставкалар
Жерге төленетін кез келеген төлемнің түрі және мөлшері ҚР жер Кодексімен және ҚР 2001 жылғы 22-маусымдағы «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы» заңымен (Салық кодексі) қадағаланып отырады. Салық кодексінің ерекше бөлімінде 59-62 баптарда осы Кодекспен белгіленген салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер мөлшерлері қарастырлған.
Жер учаскелерін мемлекеттік меншіктен жеке меншікке беру ақылы негізде, жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша ақысы бірден төленіп не төлеу мерзімін ұзартып сату арқылы жүргізіледі, бұған мына жағдайлар қосылмайды:
Қазақстан Республикасының азаматтарына - тұрғын үй-жайлардың меншік иелеріне кондоминиум объектілеріндегі мінсіз үлесі ретінде;
Қазақстан Республикасының азаматтарына белгіленген нормалар шегінде өзіндік үй (қосадқы) шаруашылығын жүргізу, бағбандық, жеке тұрғын үй және саяжай құрылыстары үшін;
ҚР Жер кодексінде және заң актілерінде көзделген өзге де жағдайларда, жер учаскесі ақысыз негізде берілетін жағдайлар.

Автокөлік жолдарын жобалау кезінде қауіпсіздікке қойылатын негізгі талаптар
«Автокөлік жолдарын жобалау кезіндегі қауіпсіздік талаптары» техникалық регламентіне сәйкес келетін және автокөлік жолдары жөніндегі мемлекеттік уәкілетті орган белгіленген тәртіппен пайдалануға қабылдаған оларда орналасқан әртүрлі мақсаттағы инженерлік құрылыстары мен жол қозғалысын ұйымдастыру құралдарымен бірге олардың техникалық санатына қарамастан, жалпы пайдаланымдағы барлық автокөлік жолдары осы «автокөлік жолдары пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптары» техникалық регламентінің объектісі болып табылады.
Осы Техникалық регламент автокөлік жолдарының көліктік пайдалану жай-күйіне және оларды күтіп ұстау мен жөндеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға қойылатын ең аз қажетті қауіпсіздік талаптарын белгілейді. Осы Техникалық регламенттің талаптары өндірістік кәсіпорындар мен емдеу-сауықтыру, әлеуметтік-мәдени және өзге де мақсаттағы объектілерге кірме автокөлік жолдарын қоспағанда, қалалар мен елді мекендердің көшелеріне және шаруашылық жолдарға қолданылмайды.

Автокөлік жолдары құрылысы барысында және оларды пайдалану үстіндегі қауіпсіздік талаптарына келесідей талаптар жатады:
Автокөлік жоларын жобалау барысында «автокөлік жолдарын жобалау жөніндегі қауіпсіздік талаптары» регламенттерін сақтай отырып, құрылыс барысында барынша сапалы материялдардан, құрылыс аумағының табиғи жай-күйіне сай келетін төсемелерді пайдалану, жолдың санатын сол санат көрсетуіштеріне сай қалыңдықта, енділікте жасау, яғни құрылыс талаптарын қатаң түрде сақтау;
Жер төсемінің және жол төсемдерінің және жасанды құрылыстардың геометриялық элементтері параметрлерінің, сондай-ақ жол жағдайы мен пайдаланылатын жолдың инженерлік жайғастырылуының жобаға сәйкестігі;
Уәкілетті органдар тарапынан болжанған автокөлік қозғалыс мөлшеріне құрылыстың белгіленген уақытқа диін жарамдылық уақытын сақтауы;
Жол негізгі құрылысымен бірге ондағы қосымша құрылыстардың, сонымен қоса, жол жиегінің автокөліктердің ыңғайлылығына жұмыс ңстеуін қадағалау;
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz