ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МАҚТАРАЛ АУДАНЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ


Slide 1

«Түркістан облысы Мақтарал ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерін тиімді пайдалану»

.

Slide 2

Мазмұны

Кіріспе. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 2

1 МАҚТАРАЛ АУДАНЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ЫҚПАЛ ЕТУШІ ТАБИҒИ - КЛИМАТТЫҚ ФАКТОРЛАР

1. 1 Мақтарал ауданының географиялық орналасуы мен климаты. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3

1. 2 Ауданның суармалы егіншілік жерлерінің топырағы мен өсімдіктер жамылғысы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 7

1. 3 Ауданның су ресурстарымен қамтамасыз етілуі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 16

2 МАҚТАРАЛ АУДАНЫ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ЖЕРЛЕРІНІҢ САПАСЫ МЕН ИГЕРУІ

2. 1 Ауданның ауылшаруашылық жерлері және оны пайдалану ерекшеліктері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 21

2. 2 Мақтарал ауданы жер телімінің топырақ мониторингі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 25

2. 3 Ауданда мақта шаруашылығының дамуы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 30

3 МАҚТАРАЛ АУДАНЫ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ЖЕРЛЕРІН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

3. 1 Аудан топырағының құнарлығына әсер етуші факторлар мен тиімді пайдалану мүмкіндіктері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 36

3. 2 Мақталы егістік жерлерін зиянкестерден қорғау әдістері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 43

3. 3 Мақта егістігіне тыңайтқыштарды тиімді қолдану әдістері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 50

3. 4 Мақта егістік жерлерін тиімді және үнемдеп суару технологиясы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 55

Қорытынды. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 64

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 66

Slide 3

КІРІСПЕ

Түркістан облысы республикадағы суармалы егіншілікпен айналысатын негізгі аудан. Ауылшаруашылық жерлерін тиімді пайдалану көрсеткіші табиғи-климаттық жағдайлармен және шаруашылықтардың қолданатын технологияларының даму деңгейімен, әлемдегі жер ресурстарын пайдалану жетістіктерімен анықталады. Диплом жұмысының мақсаты: Мақтарал ауданының ауылшаруашылық егістік жерлерін тиімді пайдалану мәселелерін талдау болып табылады.

Диплом жұмысының міндеті:

- ауданның аулшаруашылығына әсер ететін факторлар;

- аудандағы мақта егісінің қазіргі жағдайын талдау;

- ауданның мақта егістік жерлерінде, суарудың тиімді әдістерін қоладану ;

- мақта егіншілік жерлерін тиімді пайдалану үшін топырақты тыңайту және ауыспалы егістікті қолдану мәселелері;

Зерттеу әдісі: статистикалы, картографиялық әдістер қолданылды.

Зерттеу объектісі. Бұл жұмыстың зерттеу объектісі Түркістан облысы Мақтарал ауданы жер қоры.

Теориялық және әдіснамалық негізі. Дипломдық жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасының Жер Кодексі, жер монитроингін жүргізуге қатысты нормативтік құжаттар, ҚР Үкіметінің №956 19. 09. 2003ж қабылданған Қаулысы «Қазақстан Республикасында жер мониторингін жүргізу және оның деректерін пайдалану ережесі», облыстық статистикалық Агенттік мәліметтері және өндірістік тәжірибе өту барысында жинақтааған мәліметтер пайдаланылды.

Slide 4

Зерттеу объектісі: Түркістан облысы Мақтарал ауданы жер қоры.

Мақтарал ауданының аумағы 80 763, 81 гектарды құрайды, шекаралары мынадай болып белгіленген:

Солтүстігінде шекара, Түркістан облысы Шардара ауданының Шардара су қоймасымен шектеседі;

Шығысында шекара Өзбекстан Республикасы Сырдария облысының Сырдария ауданының шекарасымен өтеді;

Оңтүстігінде шекара, Өзбекстан Республикасы Сырдария облысының Мырзаабад, Ақалтын аудандарының шекарасымен өтеді;

Батысында шекара, жаңадан құрылатын Жетісай ауданының шекарасымен өтеді.

Жерінің аумағы 1, 8 мың км (облыс аумағының 1, 5%-ы) . Аудан жеріндегі 67 елді мекен 2 кенттік және 8 ауылдық округке біріктірілген. Орталығы - Мырзакент кенті. Халқының саны-133 539 адам.

Slide 5

Түркістан облысындағы қайта құрылған аудандары шекараларының сипаттамасы

Slide 6

Мақтарал ауданының әкімшілік- аумақтық бөлінісінің карта-сұлбасы

Slide 7

Мақтарал ауданы ол Сырдария өзенінің сол жақ қанатында кең жайылып, он мың шаршы шақырым аумақты алып жатқан ұлан-ғайыр құмды жазық, шөл дала болып табылады. Шығысында және Солтүстік шығысында Сыр арнасымен Фархад жартастарының маңайында түйіседі, ол Шардара іс жүзінде Мырзашөлдің солтүстік шегін түйіндейді, яғни Қызылқұмға жалғасады. Оның батыс қанатындағы шекарасы Шардара мен Жызақ арасындағы белдікпен айқындалады, оңтүсігінде Нұрата таулары мен Түркістан жотасының сілемдеріне тіреліп тоқтайды. Онда өсетіндер: сирек шығатын бұташалар, жусан және кейбір сортаңданған, сорланған топырақтарға бейімделген шөптер. Өсімдік сирек шығатындықтан олардың топырақта қалдыратын қалдықтары мардымсыз. Сондықтан, топырақта қарашірік аз. Оның мөлшері топырақтың беткі қабатында небары 1-1, 5 %. Осының салдарынан топырақтың түсі бозғылт тартып, өзін түзген тау жынысына ұқсайды. Бұл зона екі зонашаға бөлінеді: а) сор шөпті жусан өсетін құба топырақтар, терістік шөл; б) жусанды сор шөптер өсетін сұр - құба топырақтар, орталық шөл. Сонымен қатар, 2 зонашада да, әсіресе, соңғысында тақыр түсті топырақтар мен тақырлар, үгілме құмдар және сорланған жерлерде көптеп кездеседі.

Slide 8

Аймақ негізінен шөл жайылымына қолайлы. Мұнде тек суармалы егістіктен ғана өнім алады. Топырақ құнарлығы аз болғандықтан, суарған кезде азоттың фосфорлы және органикалық тыңайтқыштарды қолдану керек.

Slide 9

Аудан бойынша жер көлемі

176898 га

оның ішінде, а/ш мақсатындағы жерлер

159542, 0 га

көпжылдық екпелер

1447, 0 га

жайылымдар

5356, 0 га

батпақты жерлер

141, 0 га

су шаруашылығы жерлері

13069, 0 га

бұта екпелер

514, 0 га

көше, жоласты жерлері

3240, 0 га

құрылыс асты жерлер

179, 0 га

басқа да алқаптар

4251, 0 га

егістік жерлер

131345, 0 га

Мақтарал ауданының жер санаттары (га есебімен)

Slide 10

Аудан көлемінде 129891 гектар жерлер шаруа қожалықтарының үлесінде. Жоғарыда айтқандай, бұлардың шаруа шаруашылықтарының барлығы дерлік, мақта егумен айналысуда. Аудан бойынша жалпы егіс алқабы 60 626 га (2018ж) . Ауыл шаруашылық өндірісінің негізгі бағыты - шитті мақта өндіру. Оның үлесіне ауданның ауыл шаруашылық жалпы өнімінің 70, 8% тиесілі, егіс аумағының 80%-ын алып жатыр . Шаруа қожалықтарына ағын су беру мәселесі былтырғыға қарағанда жақсы. Егістіктерге 701, 7 млн. текше метр ағын су берілді. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 95, 7 млн. текше метрге көп. Жылдық есеп бойынша аудан көлемінде 21170 шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді түгендеу жұмыстары барысында егістік жерлер 136000 гектарды құрады. Жылдық есептегі жер көлемінен артық 4655 га (136000 га. -131345 га. 4655 га. ) 2019 жылғы жайылымдық жерлер санатынан егістік санатына өтетін жерлер есебіне кіреді.

Slide 11

Мақтарал ауданының суармалы егістік жерлерінің мамандануы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

Егістік

Мақта

Бидай

Жүгері

Маш

Күнбағыс

Картоп

Көкөністер

Бақша

Сүрлемдік жүгері

Күріш

Көп жылдық екпелер

136, 0 мың га

101 261, 9 га

132, 3 га

3 776 га

772, 2 га

228 га

522 га

3 657, 2 га

14 571, 8 га

1611, 9 га

1 634 га

5 680, 5 га

Slide 12

Ауыл шаруашылығына экологиялық әсерлер

Ауыл шаруашылығына сыртқы әсерлер

Жер ресурстарына:

эрозияның күшеюі;

ауыр техниканың топырақты таптауы;

зиянды химиялық заттармен ластау;

артық мал жаю;

Су ресурстарына:

тыңайтқыштар мен пестицидтермен ластау;

мал, құс кешендерінің ластауы;

егістікке таза су алып ластанған су жіберу.

Ауаға:

мал, құс кешендерінің

ластауы.

Ауыл шаруашылық жерін айналымнан алу:

мұнай, газ өндірісіне;

пайдалы қазбалар өндіруге;

көлік торабын дамытуға;

урбанизация.

Ауыл шаруашылық жерлерінің азуы және ластануы:

өндіріс және көлік шығарылымдары;

тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық ластаулары;

радиоактивті ластаулар.

Су ресурстарын ластау:

өнеркәсіп ақаба сулары;

тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық кәріз сулары.

Түркістан облысы ауыл шаруашылының экологиялық мәселелері

Slide 13

Табиғи жағдайларда топырақтың құнарлығына әсер ететін факторлардың бірі - топырақтың тұздануы болып табылады. Ол Қазақстан территориясының шөлді аймақтарында кеңінен таралған. Ауыл шаруашылық өсімдіктері үшін зиянды құрамында көп мөлшерде тез еритін тұздары бар топырақтар- тұзданған топырақтарға жатады. Тез еритін тұздардың ішінде өте зияндылары-олар сульфаттар, натрий хлориді, магний хлориді.

Топырақтың құрамындағы тез еритін тұздардың мөлшеріне және тұздану типіне байланысты топырақтар

Әлсіз тұзданғандар (0-30см) ;

Орташа тұзданғандар (30-150см) ;

Қатты тұзданғандар (150-200см) ;

Өте қатты тұзданғандар (200см жоғары) болып бөлінеді.

Slide 14

Егін шаруашылығын жақсарту шаралары

Slide 15

Мелиорациялық-агротехникалық шараларды тиімді ұйымдастыру. Ертеректе ғалымдар мелиорацияны XX ғасырдың резерві деп болжаған. Адамның шаруашылық әрекетінде топырақтың атқаратын қызметі зор. Топырақтың құнарлы қабаты жоғары бағаланып, ұлттық байлық ретінде саналады. Топырақ құнарлылығын көтеріп, жоғары және мол өнім алу үшін мына мелиорациялық өңдеу жұмыстары жүргізілуі керек:

Ауыспалы егістік жүйесін сақтау. Суармалы егіншілікке негізделген аудандағы ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін арттырудың ұтымды жолдарының бірі - ауыспалы егістікті пайдалану. Ауыл шаруашылығы саласында зерттеу жүргізіп жүрген ғалымдар О. Т. Төрешов, Ж. І. Қожабаев «Суармалы жерлерде жасыл тыңайтқыш ретінде аралық дақылдарды өсіру » тұжырымының маңызы зор. Топырақ құнарлылығын арттыруда дақылдарды бұршақты, дәнді бұршақты, әсіресе жоңышқа дақылымен ауыстырып егудің маңыздылығы зор . Көпжылдық тәжірибе деректері көрсеткендей үш жылдық жоңышқа топырақтың 0-30 см қабатында құрамында 280 кг-дейін азотты, 75 кг-ға дейін фосфорды және 80 кг-ға дейін 17т/га тамыр қалдығын түзеді. Осы жобаларды іске асыру арқылы жаңадан 20 мың гектар суармалы жерлерді қосуға және 13, 5 мың гектар суармалы жердің сумен қамтамасыз етілуін арттыруға мүмкіндік береді. Топырақтың пестицидттермен ауыр металдармен, нитраттармен, радиактивті элементтермен ластанғанын білу және олардың топырақтағы мөлшерімен анықтау үшін арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет. Зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, оларды болдырмау шараларын қолдану керек.

Slide 16

Ауыспалы егістікті пайдалану нәтижесінде орын алатын өзгерістер.

Slide 17

Мақталы егістік жерлерін зиянкестерден қорғау әдістері

Бүгінгі таңда мақтаның ең негізгі жауы - мақтанық көсек құрты, олармен жүйелі түрде күресу мақта саласындағы ең негізгі проблемалардың бірі болып отыр. Мақта көбелегіне қарсы күресудің агротехникалық, биологиялық және химиялық қорғау әдістері қолданылады. Мақта қозасына өткен 2017 жылы зиянкестерден көптеген зақым көріп, мақта өнімділігіне кері әсерін тигізді. Өткен жылы зиянкестердің арасында көсек құрты мен өрмекші кенесінің өсіп-дамуына колайлы жыл болды. Сондықтанда мақта зиянкестеріне қарсы жаңа препараттарды қолданудағы, Амплиго препаратын қолдану, оның тиімділігін зерттеу, осы жұмыстың жаңашылдығы болып табылады. Мақта зиянкестеріне қарсы химиялық күрес әдістері бойынша Амплиго препаратының мақта көсек құртына қаншалықты тиімділікті екенін зерттеу мақсаты болып табылады 6-суретте көрсетілгендей . Амплиго препараты - мақта зиянкестеріне қарсы жоғары тиімділікті кешенді инсектицид болып саналады. Әсер ететін заты: хлорантранилипрол, 100г/л+лямда-цигалотрин, 50г/л. Химиялық класс: антраниламид+ пиретроид. Препараттық үлгісі - микрокапсульдық сұйықтық.

Slide 18

Мақта алқабын бақылау және өңдеу.

Slide 19

Мақта егістігіне тыңайтқыштарды тиімді қолдану әдістері

Қазіргі кезде әлемдік тәжірибе бойынша егіншілік жүйесіне минералдық тыңайтқыштарды, өнеркәсіптерде тыңайтқыштарды өндіру және оларды қолдану үшін арнайы кешенді машиналарды қолдану қажеттілігін қамтамасыз етудің негізгі үш жүйесі бар:

Қатты тыңайтқыштарды қолдану жүйесі;

Сусыз аммиакты қолдану жүйесі;

Негізгі қоректік элементтердің әртүрлі ара қатынасынан тұратын сулы ерітінділер немесе суспензия - сұйық кешенді тыңайтқыштарды қолдану жүйесі. Ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі мақсаттарының бірі - егіс алқаптарында өсірілетін дақылдардың өнімділігін және сапасын жақсарту. Соңғы жылдары Республикамызда тыңайтқыштарды қажетті мөлшерде қолданбау салдарынан ауыл шаруашылығында пайдаланатын егістік жерлердің құнарлылығы және дақылдардың өнімділіктері күрт төмендеп отыр. Қазіргі уақытта топырақ құнарлығын жоғарылататын және сақтайтын, сондай - ақ ауыл шаруашылық дақылдарының өнімін арттырудың басты факторы - тыңайтқыш болып табылады.

Slide 20

Мақта егісінде суды тиімді және үнемдеп суару технологиясы. Мақта қозасын өніп-өсу кезеңдерінде температураны, суды, минералды тыңайтқыштарды әртүрлі дәрежеде талап етеді. Осы факторларды реттеу және басқару арқылы, мақта қозасының өнімділігін көтерумен қатар, оның сапасын жақсартуға болады. Сонымен қатар ғылыми түрден негізделген суару режимімен минералды тыңайтқыштың тиімді мөлшерін қолдану арқылы көп көлемде ағын суды үнемдеуге болады. Мақта қозасы өніп шыққаннан шанақтағанға дейін, азот пен фосфордың 3-5%-ын, судың 8-9%-ын, шанақтаудан гүлдеуге дейін азоттың 25-30%-ын, фосфордың 15-20%-ын, судың 23%-ын, гүлдеуден пісіп жетілгенге дейін азоттың 65-70%-ын, фосфордың 75-80%-ын, судың 59%-ын керек етеді. Бір тонна шитті мақта өнімін құруда мақта қозасы 50 кг азот, 20 кг фосфор, 50 кг калийді қажет етеді. Қор үнемдеу технологиясы бойынша мақта қозасының өнімділігін көтерумен қатар ағын суды үнемдеу үшін, минералды тыңайтқыштармен суару жүйелерінің ғылыми тұрғыдан негізделген тиімді тізбегін қолдана отырып, барлық агротехникалық шараларды жетілдіру арқылы көп мөлшерде суды үнемдеуге қол жеткізіледі. Бұл технология бойынша отандық мақта сорттарына ең тиімді минералды тыңайтқыштардың мөлшері 180 кг/га (азот-100, фосфор-80 кг/га) және суару режимі 0-1-1 болып (біріншісі гүлдеу, екіншісін өнімге отыру кезеңінде әртүрлі мөлшерде (800, 1200, 1600 м3/га) ) анықталды. Минералды тыңайтқыштарды бергенде, оны жүйектің тереңдік түбінен 3-4 см төмен бере отырып, мақта қозасынан 10-12 см қашықтықта енгізген жөн.

Slide 21

Жүйекпен суару әдісін түнгі уақытта жүргізгенде, суару тиімділігі артады, күндіз суарғанға қарағанда, судың булану дәрежесін 14-16%-ға дейін төмендетеді. Бұл әдісті мақтаның шанақтау кезінде жүргізгенде тиімділігі артады.

Бұл әдістің кемшіліктерінің бірі - суды өте көп мөлшерде шығындалуы мен мақта қозасының тамыр жаятын топырақ қабатында топырақ ылғалдылығын бір дәрежеде ұстап тұра алмау және өсімдікке керекті суды беруді реттеудің қиындығында

Slide 22

Суармалы жердің негізгі ережесі - суды үнемдеу. Артық берілген су өнімді арттырмайды, керісінше мелиорациялық жағдайын төмендетіп, тұздануына ықпал жасайды. Суды үнемдеу мақсатында, мақтаны жаңбырлатып суару әдісі қолданылуы қажет.

Мұнда мақтаға жіберілетін су үнемделеді, сушының еңбек өнімділігі бірнеше есе артады, мақта ерте піседі және жердің сорлануы азаяды. Сондықтан бұл әдіс жер асты сулары жақын аймақтарда кеңінен пайдалануы тиіс.

Жаңбырлатып суаруда ДДА-100М машинасы қолданылады. Бұл екі қанатты агрегат. Шынжыр табанды тракторға орнатылып, су толтырылған арықтардың бойымен жүріп ондағы суды насоспен сорып алады. Екі жағындағы екі қанаты арқылы мақтаның үстіне жаңбырлатып себелеп шашып отырады. Бұл агрегат бір өткенде 120 м жерді қамтиды.

Жаңбырлатып суару әдісі

Slide 23

ҚОРЫТЫНДЫ

Қазіргі кездегі су тапшылығын және егістік жерлердегі экологиялық мәселелерді шешу жолы - су ресурстарын ысырапсыз тиімді пайдалану болып отыр. Яғни, жоғары өнімділікке қол жеткізу үшін суды көп мөлшерде пайдаланатын ауылшаруашылық құрылымдары су ресурстарын барынша ысырапсыз пайдалану үшін су шаруашылық жүйесін тиімді ұйымдастыру қажеттілігі туады. Дамыған елдерде әр текше метр судан 3-8 кг өнім алынса, бізде бұл көрсеткіш 800 грамнан аспайды. Қазіргі кезде жүйектеп суарылып жүрген егістік жерлерде су тапшылығының алдын алу және батпақтану мен тұздану үрдістерін болдырмау үшін тамшылатып суару технологиясына көшудің маңыздылығы зор. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, біздің республикада гектарға 13-15 мың текше метр су жұмсасақ, өркениетті елдер 5 мың текше метр ғана су пайдаланады екен. Қазіргі кезде осы технологияны пайдалану арқылы Израйл, Қытай елдері жоғары нәтижеге жеткен. Сондықтан, ауылшаруашылық саласының тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін тамшылатып суару жүйесін қалыптастыруымыз керек .

Slide 24

1. пайдаланылған судың технологиялық шығындары (cүзуге, сыртқа ағызып жіберуге) 6-7 есеге дейін үнемдейді;

2. суарғаннан кейін жерде қатып қалу болған жоқ;

3. жүйек аралық өңдеу болған жоқ;

4. арам шөптер азайды;

5. топырақтың құнарлылығы сақталды, кей жағжайда өсіп отырды;

6. әр өсімдік бірлігіне шаққанда су мөлшері 25-35% кеміді .

Біз осыған осыған дейінгі тамшылатып суару технологиясын нәтижелері баяндалған ғылыми жұмыстарды зерттеу барысында осы технологияны мынандай артықшылықтардың бар екеніне қол жеткіздік:

агротехникалық шараларды тиімді жүргізуге қолайлы;

-топырақтағы ылғал шығынды 50%-ға, тыңайтқышты 2есе, агротехника жұмыстары мен жанар жағармайды 1, 5-2 есеге азайтып, өнімділікті 30%-ға арттырады. Осының есебінен өнімнің өзіндік құны арзандайды.

- тұздану мен батпақтану процесін тежеуге көмектеседі;

-экологиялық жағдайды жақсартады;

Slide 25
Ұқсас жұмыстар
Түркістан облысының жер ресурстары
Түркістан облысының топырақ жамылғысы
Меркі ауданы ауылдық округтері бойынша ауыл шаруашылығы алқаптарының құрылымы
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі бюджет
Жамбыл облысының территориясы
Батыс Қазақстан экономикалық ауданы
Қала статусы
Батыс Қазақстан облысы. Орал қаласы
ҚОРДАЙ АУДАНЫНЫҢ АВТОКӨЛІК ЖОЛДАРЫНА ЖЕР БӨЛІП БЕРУ
АЛҒАБАС ӨНДІРІСТІК КООПЕРАТИВІНІҢ ЖЕРІНЕН РАЗРАБОТКА СХЕМЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz