Диета түрлері




Презентация қосу
ә не
ау ж л ар
с ақ т а р а
ие т а н ш
Д л ат ы
а н ы
лд
қо
Диета немесе Емдәм (гр. δίαιτα
— тұрмыс салты)[1] - тамақтың
құрамы, өңделуі, дайындау
тәсілдері, тамақ ішу мезгілдері
және уақытына қарай тамақ
қабылдау әдісі
Диетология (грек diata - өмір сүру
салты, тамақтану тәртібі, logos- ілім) –
дені сау және әр түрлі ауруға
шалдыққан адамның тиімді
тамақтануы туралы ілім; дұрыс
тамақтандырудың ғылыми негіздерін
зерттеу және оны ұйымдастыру
әдістерімен шұғылданады.
Диета түрлері
1. Нольдік диета
2. Дженни Крейг диетасы
3. Нутрижүйе диетасы
4. Вегетариандық диета
5. Зона диетасы
6. Микробиотикалық диета
7. Қырыққабат сорпасы диетасы

8. Орниш диетасы
Нольдік диета — адам организміндегі қоректік
қорын зат алмасу процесіне қатыстыру үшін
қолданылатын толық ашықтыру курсы. Бұл
диетаны ұстаған адамдар күніне үш литр
сұйықтықтан басқа еш нәрсе қабылдамауы қажет.
Дәрігерлердің қадаға лауымен жүргізілетін диета.
Дженни Крейг диетасы
Дженни Крейг диетасының артықшылығы – оның
әсері клиникалық деңгейде дәлелденген. Бір
кемшілігі – бұл таза коммерциялық емдәм. Себебі,
дайын тағамдарға тапсырыс беру қажет. Ал
диетаның негізгі шарты: кальций мен жасұныққа
бай азықты пайдалану.
Нутрижүйе диетасы
Арықтататын тауарларды сататын тағы бір
компания. Бұрын «теле-дүкендер» арқылы
жарнамаланған. Қазір клиенттеріне дайын
тағамдар мен биологиялық белсенді
қоспаларды тікелей таратады. Компания
емдәмі қауіпсіз және құнарлы болып
есептеледі. Дегенмен, калий, В12 мен D
дәрумендерінің жетіспеушілігінен зардап
шегеді. Қазақстандықтар үшін бұл емдәм
тек ғаламтор желісі арқылы қолжетімді.
Вегетариандық диета — ет, балық, құс еттерін жемейтін
диета. Вегетариан диетасының бірнеше деңгейі бар:
1. Вегетариандық — балық пен еттен басқаның
барлығын жейтіндер;
2. Веганизм — мал өнімдерінің ешқайсысын да
жемейді;
3. Шикілей жейтіндер: тағамдағы барлық энзимдер
46°С-та жойылатын болғандықтан, тағамдарды
жылытпай жейді;
4. Жеміс және жаңғақтар: экологиялық таза жемістерді
жейтіндер;
5. Фрукториандықтар: тек жемістер ғана жейтіндер.
Зона диетасы — адам организміндегі инсулин
деңгейін реттеу үшін 40% көмірсулардан, 30%
белоктан, 30% майдан тұратын Барри Сире деген
дәрігер жасаған диета.
Микробиотикалық диета — барлық тамақ
өнімдерін инь (салқын, тәтті, бейтарап) және янь
(ыстық, түзды, белсенді) деген категорияларға
бөледі. Тек екі өнімдердің (көкөністер мен бұл
жармалар) қасиеттері ерекшеленбеген. Бұл диета
бойынша жоғарыдағы айтылган қасиеттері
жоғары болса, ондай тағамдарды азырақ жеу
қажет.
Қырыққабат сорпасы диетасы — әр түрлі
қырыққабаттан дайындалған сорпалар
ішілетін диета.
Орниш диетасы — жүрек ауруларының
алдын алу үшін Дина Орниш деген
дәрігердің жасаған диетасы. Бұл диетада
аспаздық майлар мен мал өнімдерін жеуге
болмайды. Бұлардан басқа қан типіне
байланысты, майдың, тұздың, көмірсудың
мөлшерлері аз болатын диеталар болады.
11 ж ы л д ы ң
ең на ш а р 3
ди е т а с ы
1.Палеотикалық диета
Палеотикалық диета мағынасы - үңгірде тұрған
адамдардың тамақ мәзіріне барынша жақын
тамақтану жоспарын құру. Біздің ата-
бабаларымыз азығын аң аулап тапқан. Ал ауыл
шаруашылығы – егін мен мал шаруашылы
бертін келе пайда болды. Сондықтан, палео-
диета ас үлесінде негізгі сүт және дәнді азық-
түліктер толығымен жойылады. Ежелгі адам
орманнан ғана таба алатын азық-түлікті жеуге
болады.
Шикі тамақты пайдаланушылар диетасы
Вегандық диетаның бір түрі. Шикі тамақ
жеуді қолдаушылар термикалық өңдеуден
өтпеген ғана азықпен қоректенеді. Ал
шикілей жеуге қауіп- ті еттен бас
тартады. Бұл емдәмде құнарлылық,
кальций, В12 және D дәрумені тапшы. Осы
кемшіліктері үшін мамандар оны ең
нашар диеталар қатарына жатқызған.
Сонымен қатар, шикі тамақ жеудің
термикалық өңдеуден өтпеген тағамнан
улану қаупі үлкен.
Аткинс диетасы
Кардиолог Роберт Аткинстың диетасы
рейтингте ең соңғы орынды иеленді. Бұл
емдәмнің өзгертілген түрі ТМД елдерінде
«кремль диетасы» деген атпен белгілі. Бұл
тәсілде «май тым көп, ал көмірсу тым аз»,-
дейді сарапшылар. 2010 жылы ғалымдар
көп мөлшерде ақуыз бен малдың майы бар,
аз көмірсулы диеталар адамның өмір жасын
қысқартатынын дәлелдеген. Сондықтан,
Аткинс диетасы өмір мен денсаулық үшін
аса қауіпті
НАУҚАСТАРҒА
АРНАЛҒАН ДИЕТА
ТҮРЛЕРІ
№1 диета (1а, 1б) - асқазанның, ұлтабар безінің жарасы
кезінде, асқазан сөлінің жоғары және қалыпты қышқылды
гастритімен ауырғанда белгіленеді:
1.тамақ су не буда пісіріледі де, көбінесе үгітілген күйінде
беріледі;
2.Дайын тамақ температурасы - 60°С;
3.Тамақ ішу жиілігі күніне 5-6 рет;
4.Күндізгі ас үлесі: белок - 100 г., май - 100 г., углевод - 400-
450 г., ас тұзы - 10-12 г.
5.Рұқсат етілмейтіндер: қуырылған, тұздалған, сүрленген,
маринадталған, ащы және қышқыл тамақтар, шикі
көкөністер мен жемістер, ірі тартылған ұннан пісірілген
нан, ашыған қамыр, құймақ, татым-дылықтар, ет, балық
және саңырауқұлақ сорпалары мен тұздықтар (соус), ақ
қауданды мыңжапырақ, табиғи жидек пен жеміс
шырындары, консервілер, оның ішінде үй жағдайында
дайындалып консервіленген компоттар.
№2 диета - гастритте - асқазан сөлінің қышқылы
төмен болған жағдайда тоқ ішектің талаурауы, бас
сақинасы (бұл арурулар тек асқынбаған жағдайда)
кезінде белгіленеді:
1.Тамақ көбінесе суға немесе буға пісіріледі (кейде
кейбір тамақтарды қуыруға болады), үстелге
жақсы ұсақталған күйінде қояды;
2.Тамақты күніне төрт реттен аз ішпеу ұсынылады;
3.Күндік ас үлесі құрамы: белок - 100 г., май - 100 г.,
улевод - 400-450 г., ас тұзы - 12-15 г.
4.Рұқсат етілмейтіндер: пияз (шикі), сарымсақ,
қымыздық, саумалдық, шалқан, тұрып, сірке суы,
қыша, ұнтақталған бұрыш, ақжелкен, ысталған,
тұздалған, маринадталған тағамдар.
№3 диета - созылмалы іш қату ауруына
шалдыққандарға белгіленеді:
1.Ас дайындау кезінде (басқа ауруы болмаған
жағдайда) өсімдік, сондай-ақ мал майына ұзағырақ
қуырылады;
2.Құрғақтау ботқа ұсынылады;
3.Тамақ қабылдау жиілігі - күніне 4-5 рет;
4.Күндік ас үлесінің құрамы: белок - 85-100 г., май -
100-120 г., углевод - 400-500 г.
5.Рұқсат етілмейтіндер: кисель, ащы шай, какао,
көкжидек, екі-үш күн тұрып ашыған сүт
тағамдары, кептірілген нан, сұйық ботқа, картоп
пюресі, жұмыртқа (шикі және шала пісірілген), ақ
нан, самса және майда тартылған ұннан пісірілген
кондитер өнімдері.
№4 диета (4а, 4б, 4в) - бұл диетаның әр түрлі
варианттары ас қорытудың бұзылуымен қоса қабат
келетін қатты және созылмалы ішек аурулары (колит)
жағдайында белгіленеді. Жазыла бастағанда 4В
диетасын ұстанған дұрыс;
1.Тамақ суға не буға пісіріледі;
2.Дайын тамақ устелге майдаланабаған күйінде
қойылады;
3.Тамақты аз мөлшерде күніне 4-5 рет ішу ұсынылады;
4.Күндік ас үлесі құрамы: белок - 100 г., май - 70 г-ға
дейін, углевод - 250 г., ас тұзы - 8-10 г.
5.Рұқсат етілмейтіндер: таза табиғи жеміс-жидек
шырындары, қаймағы алынбаған сүт, бұрыш, қыша,
сірке суы, ақжелкен, қуырылған, ащы және қышқыл,
тұздалған, маринадталған тамақтар.
№5 диета (№5а) - бауыр және өт жолдары ауыратын
адамдарға белгіленеді:
1.Тамақ суға не буға пісіріледі және көбінде ұнтақталмаған
күйінде беріледі;
тамақ қабылдау жиілігі - күніне 4-5 рет;
2.Күндізгі ас үлесі: белок - 100 г., май - 100 г. (оның үштен бір
бөлігі өсімдік майы), углевод - 400-450 г., ас тұзы - 10-12 г.
3.Рұқсат етілмейтіндер: қуырылған, майлы, ащы және
қышқыл, сүрленген, тұздалған және маринадталған
тамақтар, ет, балық және саңырауқұлақ сорпалары, қой,
шошқа, қаз, үйрек етінен жасалған тағамдар, ми, пияз,
сарымсақ, шалқан, тұрып, саумалдық, ақжелкен, қыша,
бұрыш, сірке суы, ет және балық консервілері, тұздығы және
майлы тұздығы бар тамақтар; өт жолына тас байланған
жағдайда бұларға қосымша қант қайнатпа, бал және
кондитер өнімдерін шектеген дұрыс.
№6 диета - құяң және несеп жолдарының
ауруларымен ауырғанда белгіленеді;
1.Құрамында пуринасы аз тамақтар -көкөністер
мен жемістер, сүт, жұмыртқа, қайнатпа, дәндер;
2.Сұйық ішуді көбейту, әсіресе табиғи
шырындар;
3.Тамақ ішу жиілігі күніне 4 рет;
4.Күндік рацион құрамы: белок - 80-90 г., май -
80-90 г., углевод - 400 г;
5.Рұқсат етілмейтіндер: ет, балық және
саңырауқұлақ сорпалары, консервілер,
қақталған еттер, тұздықтар, спиртті ішімдіктер,
тұзды ірімшіктер, тұздалған және маринадталған
көкөністер, кондитер өнімдері.
№7 диета (№7а, №7б) - бүйрек қабыну ауруына шалдыққандарға белгіленеді.
№8 диета - семіріп кеткен адамдарға белгіленеді;
1.Тамақ рационында углевод, май, тәбет ашатын заттарды шектеп,
калориялылығы аз тағамдарды пайдаланады;
2.Тамақ кез келген кулинариялық тәсілмен тұзсыз дайындалады;
3.Тамақ ішу жиілігі күніне 4-5 рет, кейде көбірек ішу ұсынылады;
4.Күндік рацион құрамы: белок -90-130 г., май - 60-90 г., углевод - 100-200 г., ас
тұзы - 3-5 г (дайын асты тұздау үшін).
5.Дәрігердің белгілеуі бойынша диетаны жартылай ашығу күндерімен
кезектестірген дұрыс.
№9 диета - қант диабеті кезінде белгіленеді:
1.Тағам рационында углевод пен май мөлшері
шектеледі;
2.Күндік рационның химиялық құрамы емдеуші
дәрігер беретін арнайы таблица арқылы мөлшерленеді;
3.Тағамды әр түрлі әдіспен дайындауға болады;
4.Тамақ ішу жиілігі күніне 4 реттен аз болмауы керек;
5.Қанттың орнына ксилит, сорбит ұсынылады;
6.Кебек қосылған арнай нандар;
7.Көкөністерді 8-12 сағат суда ұстап крахмалын азайту
керек;
қанттан басқа бал, қайнатпа, жүзім, інжір және
қарбызды пайдалануға болмайды.
№10 диета - бүйректің, жүрек - қан тамыр жүйесінің кейбір
аурулары кезінде белгіленеді:
1.Рационда ас тұзы мен сұйық ішу азайтылады;
2.Тамақ суға не буға пісіріледі;
3.Қуырлған тамақ жеуге тыйым салынады;
4.Тұзсыз тағамдардың дәмін келтіру үшін сүт, ірімшік, жеміс және
жеміс 5.Соустарынан жасалған пудингтерді пайдалану ұсынылады;
6.Тамаққа қант, бал, лимон, лимон шырыны мен қышқылын, қою
томат шырынын, ванилин, дәмқабық, қалампыр қосуға болады;
7.Күндік ас үлесінің құрамы: белок - 80 г., май - 7 г., углевод - 350-400
г., ас тұзы - 3 г, сусын мөлшері 0,8 литрден аспағаны жөн.
№11 диета - туберкулез және өкпенің іріңді аурулары кезінде,
ұзаққа созылған ауыр науқастан жазыла бастағанда
белгіленеді:
1.Белоктардың, май, көміртегі, кальций және фосфор
тұздарының құрамы арттырылады;
2.Көбінесе сүттен жасалған тамақтарды пайдалану арқылы
рациондағы мал өнімдерінен алынатын белок мөлшерін
арттыру;
3.С дәрумені бар (көкөніс, жеміс-жидек, итмұрын,
қайнатылған су);
4.В дәрумені тобы (бауыр, ашытылған сусындар);
5.күндік тамақ ішу жиілігі - 4 рет;
6.күндік рацион құрамы: белок -120 г., май - 120 грамға дейін,
углевод - 500 г., кальций - 1,6 - 2 г., фосфор - 1,6 г.
№12 диета - жүйке жүйелері ауруларына
шалдыққанда белгіленеді.
№13 диета - асқынған жұқпалы аурулармен
ауырған науақастарға белгіленеді.
№14 диета - бүйрекке тас байланған кезде
белгіленетін диета.
№15 диета - арнайы емдік тағам белгіленбейтін
басқа ауру түрлеріне қолданылады.
Диеталық ас мәзірі науқастың
жағдайына байланысты әртүрлі болып
келеді. Диеталық тамақтану кезінде
адам өзінің ас қабылдау қабілеті, көңіл
— күйіне баса назар аударғаны жөн. Кей
ретте тамақ жеңіл жүрсе, кей ретте ол
керісінше бұл процесті бәсеңдетеді.Мұны
мамандар физиологиялық процесс деп те
атайды. Емдәмді дәрігердің нұсқауымен
қолдану – денсаулыққа өте пайдалы.
е т!
а х м
а р
з ғ
ң ы
ры
ла
з а р
На

Ұқсас жұмыстар
Бүйрек аурулары
Хирургиялық науқастардың тамақтануы
Стационардағы сырқаттардың емдік тамақтарын ұйымдастыру
Хирургиялық бөлімдегі науқастардың тамақтануы
Қажетті заттар
Адам ағзасында кездесетін металдар
Ауыз қуысы аурулары
Науқастарды тамақтандыру
Хирургиялық науқастардың тамақтануы туралы
Көктемде тамақтану
Пәндер