Минералды тұздар
Презентация қосу
зд ар
л д ы тұ
н ер а
М и
Минералды тұздар
Минералды тұздар, адам қоректенетін астық құрамында
болуга тиісті: фосфор мен магний мен бұлшық еттердегі
химиялық зат алмасуының дұрыс жүруі, темір-қан
құрамындағы гемоглобин мен бұлшық еттердегі
миоглобинді түзету, кальций-фосфор және т.б. минералды
заттар белоктарды сіңіру, хлорлы натрий-осмотикалық
қысымды қалпында және тәнде суды үстау үшін керек
химиялық заттар.
• Жасушада тұздар еріген катиондар және
аниондар түріде болады,ондағы
химиялық элементтердің мөлшерінің
және осмостық қысымының қалыпты
деңгейде болуына мүмкіндік береді.
• Минералды тұздардың жасушадағы
мөлшері көбейіп не азайып кетсе
,организм әртүрлі аруларға ұшырайды.
Минералды заттар әдетте екі
топқа бөлінеді: тамақта біршама
көп мөлшерде болатын
макроэлементтер (Са, Р, Мg, К, Сl,
S) және аз мөлшерде болатын
микроэлементтер (Fe, Zn, Cu, I, F
және басқалары)
Макроэлементтер
Кальцийсүйектің құрамына кіреді. Ұлпа мембраналарының
функциялық жағдайларын реттеу кальцийдің қатысуынсыз өтпейді.
Ол қанды ұйытуға, бұлшық еттерді жиыруға, жүйкені тітіркендіріп
қоздыруға қатысады, бірқатар гармондардың әрекеті де кальциймен
тығыз байланысты. Ұлпа ішінде кальций алмасуы бұзылса, онда
жүректің бұлшық еті де нашарлайды.
Дендері сау ересек адамдарға тәулігіне 800 миллиграм кальций
қажет. Екіқабат әйелдер мен бала емізіп жүрген аналарға кальций
бұдан да көп мөлшерде (100-1200мг) керек. Кальций жетіспеуден
адамның сүйегі жұқарып, жұмсарады, қанның ұйығыштығы
төмендейді, адамның жүйкесі қозғыш, ашуланшақ болып кетеді.
Кальций нанда, жармаларда, көкөністерде, жемістерде, балықта, етте
болады, бірақ жеткіліксіз, аз мөлшерде ( аталған азық-түліктің 100
грамында 10-15 мг) ғана болады.
Кальций сүт пен сүт өнімдерінде мол. Мысалы, әрбір 100 г. тағамда:
сырда-800-1000 мг., сүзбеде 150-175 мг., сүтте-120-130 мг. кальций
болады.
Адам ағзасына қажет кальциймен туыстас минералдық заттардың бірі –
фосфор.Бұл да кальций сияқты сүйектің құрамына кіреді. Ересек
адамдарға тәулігіне 1200 мг., ал екіқабат әйелдер мен бала емізетін
аналарға 1500 мг-ға дейін фосфор қажет. Фосфор сырда (500-600мг), етте,
сұлы және бидай жармалары мен жұмыртқа да фосфорға бай.
Магний ақуыз және нуклеин қышқылдарын биологиялық синтездеуге
қажет, сондай-ақ ол көптеген ферменттік жүйелердің белсенділіктерін
реттеуге де қатысады. Ересек адамдар үшін магнийдің тәуліктік нормасы-
400 мг. Бұл элемент жармаларда, әсіресе қарақұмық, сұлы, тары
жармасында мол.
Егер кальций мен фосфор бірлесе қызмет етсе, натрий мен кальций, шын
мәнінде антагонистер, яғни бір-біріне қарама-қарсы әрекет етеді. Натрий
қан плазмасы мен ұлпадан тысқары сұйықтардың негізгі катиондарының
бірі. Калий болса, керісінше, ол ұлпаның ішінде болады. Иондардың
бұлай кеңістікте бір-біріне қарама-қарсы орналасуы кездейсоқтық емес,
ұлпалармен тұтастай ағза қалыптан ауытқымай тіршілік етуі үшін
табиғаттың өзі осылай орналастырған.
Микроэлементтер
Темірдің қосындысының ағза үшін құндылығын айтып жеткізу қиын. Ол
гемоглобиннің, сондай-ақ ферменттердің құрамдарына кіреді, сөйтіп
ұлпалардың тыныс алуын, қанның оттегін тасуын қамтамасыз етеді,
тіндердегі алмасу үрдістері нәтижесінде пайда болған қалдықтарды сыртқа
шығаруға жәрдемдеседі.
Ересек адамға тәулігіне 10мг. темір қосындысы қажет, ал әйелдерге бұдан да
көп (18 мг.) керек. Бала емізіп жүрген аналар үшін темірдің қосындысының
тәуліктік нормасы-25мг.
Темірдің қосындысын біз дәнді бұршақ дақылдардан (9-12 мг.), бауырдан (7-
12 мг.), тарыдан, қарақұмық жармасынан аламыз. Етте-2,5 нанда-2-3,
көкөністерде-0,5-1,0 мг. темір қосындысы болады. Жемістердің ішінде
темірге айва, інжір, қара өрік, қара жидек пен итмұрын бай.
Алуан түрлі ферменттік жүйелерді құрастыруға қатысу және олардың
белсенділіктерін реттеу микроэлементтердің бәріне ортақ функция болып
табылады. Микроэлементтер ағза үшін аса маңызды қызмет атқаратын
болғандықтан да олардың тамақ құрамында мөлшерден ары – бері ауытқуы
денсаулық үшін зиян.
Аса маңызды микроэлементтердің бірі-мыс. Темір қосындысы сияқты ол
да қан түзілуіне қажет. Дегенмен мыстың ролі мұнымен ғана
шектелмейді. Ол дәнекер тіндердің негізгі коллаген және эластин деп
аталатын ақуыздардың биологиялық тотығу және метаболизм үрдістерін
реттейтін бірқатар ферменттерді синтездеуге қатысады.
Ересек адам үшін тәулігіне 2 мг. мыс қажет. Бұл элемент сиыр бауырында
(3,8 мг.), теңізден өндірілетін азық-түліктерде (0,85-1,5 мг.), дәнді бұршақ
өнімдерінде, қарақұмық , сұлы жармаларында, макарондарда, сырда,
грек жаңғағында мол. Ал сүт пен сүт өнімдерінде, керісінше мыс аз. Сол
себептен де үнемі тек қана сүт пен айран іше беруге де болмайды., ағза
мыстан тапшылық көріп қалады.
Тамақтағы микроэлементтер жайын аяқтай келе, адам өзін аса маңызды
микро және макроэлементтермен қамтамасыз ету үшін тамақтың негізгі
топтарын қоса отырып, асты алуан түрлі етіп ішуі керек демекпін. Егер
үнемі біркелкі әрі сынаржақ тамақтанатын болсақ, балықтан гөрі мал
етін, көкөністен гөрі ұннан жасалған тағамдар жақсы көрсек, қоректену
дәстүріміз, ата салтымыз солай дейтін болсақ, онда ағзадағы тепе-теңдік
(баланс) сөзсіз бұзылады, соның салдарынан тіршілік үрдістері
өзгерістерге ұшырайды, жазылмайтын қатерлі сырқаттарға шалдығамыз.
Назарларыңызға рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz