Горизонтальды найзағай


Slide 1

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті География және табиғатты пайдалану факультеті Метеорология және гидрология кафедрасы Орындаған: Қабылдаған:

Найзағайдың пайда болуы және оның түрлері

Slide 2

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Найзағайдың пайда болуы

2. найзағайдың негізгі түрлері

Қорытынды

Slide 3

Кіріспе

Найзағай - бұлттар не бұлт пен жер арасында болатын ұзындығы бірнеше км, диаметрі ондаған см және ұзақтығы секундтың ондаған үлесіндей болатын алып электрлік ұшқынды разряд. Найзағай - кешенді атмосфералық құбылыс. Бұл құбылыс кезінде қалың будақ-жаңбырлы бұлттарда және бұлттар мен жер арасында көп еселі электр разрядтары пайда болады, күн күркірейді. Ұйтқыма жел, дауыл соғып, кейде бұршақ аралас нөсер жаңбыр жауады. Найзағайды шептік және масса ішіндегі деп ажыратады. Шептік найзағай атмосфера шебінде, ал масса ішіндегі найзағай ауаның жер бетінде жылынуынан пайда болады. Кәдуiлгi табиғат құбылысы - найзағайдың тылсым қасиеттерi бар екенiн бағзылар бұрыннан бiлген. Ежелгi грек мифологиясында найзағай Құдайдың құдiреттi қамшысы ретiнде суреттеледi. Одан берi сан ғасыр өтiп, адам баласы найзағайды “бағындырып”, жайтартқыш жасап шығарғанына қарамастан, бұл құбылыстың ашылмаған құпиясы әлi де көп.

Slide 4

Жарық жылдамдығының тездігіне байланысты (3км/с) найзағай жарқылын тез арада байқай аламыз. Мүмкіндігінше дыбыс кешігуі арақашықтық пен оның тездігіне байланысты анықталады. Мысалы: егер жарқылдан кейін найзағайға 5 с өтсе, онда найзағай фронтының арасы 340м/с*5с = 1700м

Slide 5

Найзағай - кешенді атмосфералық құбылыс. Бұл құбылыс кезінде қалың будақ-жаңбырлы бұлттарда және бұлттар мен жер арасында көп еселі электр разрядтары пайда болады, күн күркірейді. Ұйтқыма жел, дауыл соғып, кейде бұршақ аралас нөсер жаңбыр жауады. Найзағайды шептік және масса ішіндегі деп ажыратады. Шептік найзағай атмосфера шебінде, ал масса ішіндегі найзағай ауаның жер бетінде жылынуынан пайда болады.

Найзағай жарқылы үлкен разрядты тоқпен тең, ал оның температурасы 3 градусқа дейін жетеді (бұл күн аймағындағы температурадан 6 есе жоғары) . Найзағайдың орын ауыстыру жылдамдығы секундына 100 мың километр. Найзағай түскенде талдың жанып кетуі де мүмкін

Негізгі бөлім

Slide 6

Жер бетінен шыққан бу биікке көтерілгенде қатты салқындап, су тамшыларына айналады - су тамшылары қосылып ірлене түседі, ал ауа ағысы оларды біресе жоғары, біресе төмен жөңкілте қуалайды. Жоғарыланған сайын салқындап, су мұз түйіршіктеріне айналады. Мұз түйіршіктері тамшыларға соқтығысып, су оларды қабыршақтап орап алып, қата бастайды. Мұз түйіршіктері ауырлай береді де, бұлттың «төменгі қабатына» түсіп, онда жылырақ болғандықтан еріп кетеді. Бірақ олар құйын екпінімен тағы да жоғары көтеріліп, мұз түйіршіктерімен қайта соқтығысып, су қайтадан қатады, түйіршіктер ұлғайып, ауырлай береді. Енді мұз түйіршіктері бұлтпен бірге қалқып тұра алмай, төмен қарай құлайды. Жерге жақындағанда еріп жаңбырға айналды. Кейде олар еріп үлгермегендіктен, жерге майда мұз түйіршіктері күйінде түседі. Сөйтіп бұршақ жады. д Ал, қалың бұлт арасындағы су тамшылары мен мұз тамшыларының қозғалысы тоқтамайды. Олар бір-біріне ұрылып, соқтығысады, үйкеледі, сөйтіп электр тоғымен зарядталады. Бұлттың жоғарғы бөлігінде оң, ал төменгісінде-теріс электр заряды пайда болып, олардың арасынан ұшқын шығады. Найзағай жарқылдайды. Найзағай сол мезетте айналадағы ауаны қыздырып, ол тез ұлғаяды да, жарылыс болып, күн күркірейд і. Табиғатта найзағайдың сызықтық түрі жиі кездеседі. Найзағай пайда болу үшін бұлттың шағын көлемінде ұшқындық разрядтың басталуына жеткілікті ( кернеулігі ~ 1 Мв/м ) электр заряды түзіліп, ал оның қалған едәуір бөлігінде басталған разрядты әрі қарай демейтіндей, орташа кернеулігі 0, 1-0, 2 Мв/м электр өрісі болуы керек. Бұлт пен жер арасында пайда болатын найзағай бірнеше кезеңнен тұрады. Алғашқы кезеңде күшті иондалу құбылысы, содан кейін электрондар тасқыны ( жерге қарай бағытталған ) және одан әрі электр разрядының тармақтары - стримерлер пайда болады. Стримерлер біріге келе өткізгіштігі өте жоғары термоиондалған жарық арнаға - найзағайдың сатылы лидеріне алмасады. Лидер ұзындығы ~10:100 метр, жылдамдығы ~5х1 000 000 м/с, бір-біріне өту уақыты бірнеше мкс кідіріспен жеке сатылар түрінде (~2х100 000м/с жылдамдықпен) жер бетіне жақындайды. Ақырғы кезеңде ұзындығы 1-10км, диаметрі бірнеше см болатын лидер арнасының бойымен кері бағытта найзағайдың басты разряды (жылдамдығы ~10 000 000м/с ) жүреді. Мұндағы ток күші 10:100 000, температура 25000 градусқа жетеді. Мұндай найзағайды созылма найзағайы деп атайды. Бұлт пен бұлт арасында найзағай тек лидерлік кезеңді қамтиды. Найзағайдың ерекше түрі - шар тәрізді найзаай. Ол көбіне сызықтық найзағайдан кейін іле- шала пайда болады да, бірнеше секундқа ғана созылады

Slide 7

Сызықтық найзағай түрлері:

"Бұлттан-жерге" - бұлттың жоғарғы жағы оң зарядты, төменгі жағы теріс зарядты болуынан түзілетін найзағай түрі. Найзағай сызықтары бұлттан жерге қарай тармақталады.

"Жерден-бұлтқа" - жердегі ең биік жерде жинақталған электр зарядының ауа қабаты арқылы найзағайлы бұлтпен жанасуынан болатын найзағай түрі. Найзағай сызықтары биік жерден бұлтқа қарай тармақталады.

"Бұлттан-бұлтқа" - бұлттардың жоғарғы жағы оң зарядты, төменгі жағы теріс зарядты болғандықтан қатар тұрған бұлттар бір-біріне электрлік зарядтар жіберулерінен болатын найзағай түрі.

"Көлденең найзағай" - жерді соқпай тек аспанда көлденең болатын найзағай түрі. Мұндай найзағайлар өте қуатты және қауіпті болады.

"Таспалы (ленточный) найзағай" - бұлттан жерге қарай бірнеше қатарлы немесе тұтастай таспалы түрде түсетін найзағай түрі.

"Перде тәрізді найзағай" - бұлттан жерге қарай тігінен бірнеше қатар тізбектеліп перде тәрізді болып түсетін найзағай түрі.

"Көлемі жуан найзағай" - ақшыл немесе қызғылтым түсті, әр тұстан қатты сытырлап естілетін, найзағайлы дауылдың алдында болатын найзағай түрі.

Басқа түрлері:

"Үзік сызықты (пунктирный) найзағай - сирек кездесетін тізбекті найзағай түрі. Сызықтық найзағайлардан айырмашылығы бұл найзағай тармақталмайды.

"Шар найзағай" - ауада қалқып жүретін ионды газдардан (плазма) тұратын, шар тәрізді найзағай түрі.

"Әулие Эльма жарығы" - ауада электр өрісі қатты болғанда жердегі биік заттардың (мұнара, жеке өскен ағаштар, кеме діңгектері, т. б. ) үшкір ұштарынан пайда болатын шоғырлы жарқыл. Бұл жарқыл жазда найзағайлы дауылдың, қыста боранның алдында болады.

"Жанартаулық найзағай" - ғалымдардың болжамы бойынша жанартаудан атқылайтын магма немесе жанартаулық күлдердің электрлік өрістерінен болатын найзағай түрі.

Атмосфераның жоғарғы қабатындағы найзағайлар мен электрлік разрядтар

Slide 8

шар найзағай

Горизонтальды найзағай

Линейный найзағай

Slide 9

Атмосфераның жоғарғы қабатында болатын найзағай түрлері:

"Эльф" - найзағайлы бұлттардың үстіңгі жағынан шығатын, диаметрі 400 км-дей, ұзындығы 100 км-ге дейін жететін, жарқылы көмескі электрлік жарқыл.

"Джет" - көгілдір түсті құбырлы конус сияқты электрлік жарқыл. Биіктігі 40-70 км-дей.

"Спрайт" - бұлттан төмен қарай емес, керісінше, бұлттың жоғары жағынан жарқылдайтын найзағай түрі.


Ұқсас жұмыстар
Адамдардың қауіпсіздігі және ғимараттар мен жасақтардың сақталуы
Философиядағы қоғам мәселесі
Аэрофотосуреттерді трансформациялау
Жеңілдетілген артикуляторлар
"Ғажайып алаң" ойыны 2 бөлім
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ АЙМАҒЫ
Дыбыс
Адам нанғысыз жағдайлардан қалай аман қалудың жолдары
Жасанды денені
Функцияның дөңестілік интервалы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz