ХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ АЛЫНУЫ
Презентация қосу
*Бензол туралы
жалпы түсінік
Қарастырылатын мәселелер:
БЕНЗОЛДЫҢ АШЫЛУЫ
ФИЗИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ
ХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ
АЛЫНУЫ
ҚОЛДАНЫЛУЫ
БЕНЗОЛ ГОМОЛОГТАРЫ
ҚОРЫТЫНДЫ
Бензол, С6Н6 — ароматты көмірсутек. Түссіз, қауіпті, өзіне тән иісі бар,
буланғыш сұйық зат. Балқу t 5,5°С, қайнау t 80,1°С, буы ауамен араласып
қопарылғыш* қоспа түзеді. Ол органикалық еріткіштерде (эфирлерде, спиртте,
ацетонда, сірке қышқылында) ериді. Бензол полярлы емес қосылыстар үшін
жақсы еріткіш болып табылады. Майларды,резеңке, каучук, күкірт, йодты
ерітуде қолданылады. Бензол ежелден бері келе жатқан органикалық қосылыс,
бензолды алғаш рет 1825 жылы Майкл Фарадей ашқан. Бензолдың
эмпирикалық формуласы - CH және "сутек бикарбуреті " деп те аталады.
Кейіннен, Эйлхард Митчерлич бензой қышқылы мен әктасты қыздыру арқылы
бензолды синтездеді. Ол бензолдың химиялық формуласы С6Н6 екендігін тапты.
Фридрих Кекуле бензолдың
молекуласы алтыбұрышты пішінді
екенін тапты. Алты көміртек атомы
бір-бірімен бір және қос
байланыстар арқылы байланысады.
Алты сутек атомдары сәйкесінше
*
көміртек атомдарымен
байланысады.
Физикалық қасиеттері
Арендердің бастапкы мүшелерінің
өздеріне тән иістері бар, олар суда
ерімейтін, сұйық заттар. Органикалық
еріткіштердің біразында жақсы ериді
және өзі көптеген органикалық
заттарды ерітеді. Бензол
гомологтарының салыстырмалы
молекулалық массаларының өсуіне
байланысты балқу және қайнау
температуралары заңды түрде артады.
Бензол улы.
Бензол буымен үнемі дем алу анемия,
лейкемия сияқты ауруларға ұшыратады.
Толуол мен басқа гомологтарының
зияндылығы бензолға қарағанда
төмендеу.
Химиялық қасиеттері:
Арендер орынбасу, қосылу және тотығу реакцияларына
түседі.
Арендердің алынуы
Арендер негізінен тас көмір шайыры мен мұнайды фракциялап
айдап алады. Сонымен қатар мұнайды өңдегенде және көмірді
кокстегенде түзілетін газдарды синтездеу арқылы да алады.
Бояғыш заттар, дәрі-дәрмектер,
қопарылғыш заттар, синтездік
талшықтар алу үшін және
органикалық заттардың еріткіші
ретінде кеңінен қолданылады.
Бензол гомологтары
С6Н6 –бензол
С7Н8- толуол
С8Н10-этил бензол
С9Н12 пропил бензол
С9Н12 изопропил бензол
С6Н5СН=СН2 винил
бензол
Сақинада орын басушылардың орналасуына
қарай орта-, мета-, пара- орындарға
бағытталады.
Қорытынды
Химиялық қасиеттері жөнінде бензол қаныққан көмірсутектер
мен қанықпаған көмірсутектер аралығынан орын алады. Ол
қаныққан көмірсутектерге де, қанықпаған көмірсутектерге де
тән реакцияларға кіріседі, бірақ бұл кезде орын басу реакциясы
бензолда қаныққан көмірсутектерге қарағанда оңайырақ жүреді,
ал қосып алу реакциясы қанықпаған қосылыстармен
салыстырғанда қиынырақ жүреді. Бензолдың электрондық
құрылысының ерекшелігі оның қасиеттеріне осылайша әсер
етеді.
Бензол өте көптеген органикалық қосылыстарды синтездеуге
негізгі зат болады. Нитрлеу реакциясы арқылы нитробензол
C6H5NO2 алады; бензолды хлорландыру арқылы, хлорбензол
С6Н5СL (еріткіш) және басқа да хлор туындыларын алады.
Бензолды синтездегеңде дәрі-дәрмеіктік және хош иісті
заттар, әр түрлі бояулар, үлкен молекулалы қосылыстарды
және т.б. синтездеуге арналған мономерлер алу үшін
бастапқы өнім ретінде пайдаланады. Ол еріткіш ретінде де
қолданылып қасиеттерін жақсарту үшін мотор
жанармайына қосылады.
Бензолдың және басқа да көмірсутектерінің хлор
туындылары ауыл шаруашылығыңда өсімдіктерді
химиялық жолмен қорғау құралы ретінде қолданылады.
Мысалы, бензолдағы сутегі атомдарының орнына хлор басу
нәтижесінде түзілетін өнім — гексахлор-бензол С6Н6 қатты
қара күйеге қарсы бидай мен қарабидай тұқымын құрғақ
өңдеу үшін қолданылады. Басқа көмірсутектердің галоген
туындыларынан гексахлорбутадиенді C4CL6 атауға болады,
оның құрылысы, 1,3-бутадиенге ұқсас, жүзімдіктерде
филлоксераға қарсы қолданылады.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗ
ҒА РАХМЕТ!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz