Стакандармен жабылған қалақшалар


Slide 1

Қалақшалы, шнекті, винтті араластырғыштар

Жасағаны:Абдулаева С., Айкен Д., Ақанбаев Қ., Ермек Ж., Жандаулова А., Мамадалиева Д., Төлепберген А., Шубаева Ж.

Тексерген:Оразбекова Д. Б.

Slide 2

Материалдарды араластыру үшін әртүрлі араластырғыштар, миксерлар және жұмысшы органдардың көмегімен компоненттерді ыдыстың барлық көлемінде біртекті етіп араластыратын құрылғылар қолданылады. Араластыру процесі тамақ және ет-сүт өндірісінде әртүрлі эмульсия және суспензия, сонымен қатар жентектелген ет, қамыр, тәттілер массасын дайындауда кеңінен қолданылады.

Slide 3

Шнекті, бұрандалы және қалақшалы жұмысшы органдар кеңінен тараған.

Олар сусымалы, кесек, көлемді, сонымен қатар ет және басқа да өнімдерді ашық немесе жабық науа мен бағыттаушы бойынша және конвейер рельсі бойымен даналы жүктерді тасымалдауға арналған.

Slide 4

Технологиялық жабдықтарда шнектер мен бұрандалар қосалқы рөл атқарады:

ет ұсақтағыштарда бұрандалар пышақ пен тор жиынтығы түріндегі ұсақтағыш механизмге етті тек тасымалдайды;

қалыптаушы, мөлшерлеуші және басқа да автоматтардағы шнектер мен бұрандалар өнімді әртүрлі жұмысшы органдарға тасымалдайды.

Slide 5

Бұранда мен шнек бір-бірінен келесідей ерекшеленеді:

бұранда - тұтас бөлшек

шнек білікке пісіріліп бекітілген майысқан серіппелі жазық немесе пластиналардан тұрады.

Slide 6

Шнек пен бұрандалар арқылы төмендегі заттар тасымалданады.

а) Даналы жүктер

Мұнда шынжырлы конвейер пештегі жоғарғы температураға байланысты пайдаланылады. Шынжырлы конвейердің әрбір буынын майлау қажет. Температура жоғары болғанда май күйіп кетеді.

Шнек білігінің рөлін атқаратын жарты құбыр бойынша шнектің артықшылығы - суық агентке су беріледі, ал шнекті біліктің тіректері пеш ауқымының сыртына ығысады.

Slide 7

Тасымалдау жылдамдығы:

= h·n/60, м/с

немесе

u = h·n, м/мин (1)

мұнда h - шнектің қадамы, м;

n - шнек білігінің минутына айналыс саны.

Slide 8

Шнекті және бұрандалы құралдар көмегімен келесілер жүзеге асырылады:

б) Үйілмелі, сусымалы, кесек, тұтқыр-пластикалық және т. б.

өнімдерді тұтас қабатта тасымалдау және өз еркінен түсіру.

Мұндай өнімдер тек қана алдыға қарай қозғалмайды, сонымен қатар бұранда немесе шнекпен бірге айналып көптеген қиындықтар туғызады.

Slide 9

Сондықтан, мұндай өнімдер үшін:

Өстік қозғалыстың үш жылдамдығы:

- минималды жылдамдық (uмин), - максималды жылдамдық (uмах),

- олардың арасындағы нақты жылдамдық (uо) :

uмин = w·rс·sin aс·(cosaс - m·sinaс), м/с (VII-10)

мұнда w - шнек білігінің бұрыштық жылдамдығы, рад/с;

- шнек арнасының бұрышы, град;

rс - шнектің радиусы (орташа квадраттық), м.

rс = 0, 71 √(rа2 + r2)

мұнда rа және r - шнектің үлкен және кіші радиустары, м;

- шнек бетінен өнімнің сырғанау үйкелісінің коэффициенті;

= 0, 1-0, 6 өнімнің қасиетіне тәуелді.

Slide 10

Ет өнеркәсібіндегі технологиялық жабдықтардағы қалақшалы жұмысшы органдар

Қалақшалы жұмысшы органдар өндірістерде кеңінен қолданыс тапқан.

Slide 11

Олар келесі мақсаттарға қолданылады:

пластикалық-тұтқыр денелерді тасымалдау (мысалы, фарш, ерітілген май және т. б. ) ;

бір мезгілде тасымалдау және араластыру (мысалы, вакуум-горизонталь қазандықтарда майды еріту және одан шыжықты түсіру кезінде) ;

әртүрлі үйілмелі, сусымалы, пластикалық-тұтқыр және т. б. өнімдерді араластыру;

әртүрлі компоненттерді араластыру;

өнімді белгілі консистенцияға жеткізу және т. б.

Slide 12

Қалақшалы жұмысшы органдар орындалуы бойынша төмендегідей жіктеледі:

қалақшалары көлбеу немесе қиғаш орналасқан (білік өсіне бұрышпен) біліктер;

эксцентрикті-қалақшалы жұмысшы органдар;

қалақшалары стакандармен жабылған.

Slide 13

Бұлардың біріншісі шнекті престердің қоректендіргіш-

тұтқалы табағында, сонымен қатар араластырғыштарда қолданылады.

Бұл механизмдер төмендегілерден тұрады:

цилиндрлі немесе жаймалы науа;

науаның бір шетінде тиеу шанағы, ал екінші шетінде тасымалданатын өнімді түсіруге арналған түтікше орнатылған;

науаның ішінде бастапқы үлескесінде шнектің екі орамы бар білік орналасқан, одан әрі қалақшаның білік өсіне қиғаш бұрышпен:

а) басынан жоғарыға дейін түзу;

б) жоғарыға қарай кеңейеді немесе тарылады.

Slide 14

а - қиғаш қалақшалы көлденең қалақты құрылғы: 1 - науа; 2 - білік; 3 - қиғаш қалақша; 4 - тиеу шанағы; 5 - түсу аймағы; 6 - стержень; 7 - бөлгіш; 8 - бұрандалы қалақша; б - екі науалы қалақшалы араластырғыш: 1 - дежа; 2 - білік; 3 - қалақша

Қалақшалары көлбеу, қиғаш орналасқан

жұмысшы органдар

Slide 15

Эксцентрикті-қалақшалы ығыстырғыштар, стакандармен жабылған қалақшаларға қарағанда кең тараған. Олардың құрылымы төмендегідей:

үстіне тиеу түтікшесі орналасатын көлденең цилиндрлі тұрық;


Ұқсас жұмыстар
Компрессорларды қауіпсіз пайдалану
ТҰНДЫРҒЫШТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ
Осьтік сорап
Бұрғылау шығырларының тежегіштері
Оқушыларды топқа бөлу
Мұнай өнңмдерінде қолданатын ортадан тепкіш сораптар
Жұмыс дөңгелегі шарикподшипниктері түріндегі екі тірекке, болат білік
Медициналық құралдар мен аппараттардың негізгі топтары
Сәулет өнері мен құрылыстың дамуы
Қазақтың баспана түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz