Мектеп жасына дейінгі балалардың есте сақтау қабілеттерін зерттеу


Slide 1

Мазмұны

Кіріспе

I Мектеп жасына дейінгі балалардың есте сақтау үрдісінің теориялық негіздері

1. 1 Балалардың есте сақтау қабілеті туралы жалпы ұғым

1. 2 Мектеп жасына дейінгі балаларда есте сақтау үрдісінің қалыптасу ерекшеліктері

II Мектеп жасына дейінгі балалардың есте сақтау қабілетін дамытудың тәсілдері мен зерттеу әдістері

2. 1 Мектеп жасына дейінгі балалардың есте сақтау қабілеттерін зерттеу

2. 2 Мектеп жасына дейінгі балалардың есте сақтау үрдісін дамытуға арналған әдіс - тәсілдер

III Мектепке дейінгі жастағы балалардың есте сақтау қабілетін дамытудың практикалық негіздері

3. 1 Мектеп жасына дейінгі балаларда есте сақтау үрдісінің даму деңгейін анықтау

3. 2 Есте сақтау қабілетін дамытуға арналған ойындар

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Slide 2

Тақырыптың өзектілігі: Мектепке дейінгі балалардың ес түрлері-нің қалыптасуы қазіргі таңда ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Психолог-практиктер мектеп жасына дейінгі балалардың есте сақтау қабілетінің дамуын жан-жақты әлі де қарастыруды қажет етеді.

Жұмыстың мақсаты- мектеп жасына дейінгі балалардың ес түрлерінен қалыптастырудың тиімді жолдарын қарастыру. Қойлған мақсатқа байланысты келесі міндеттерді шешуді көздейді: а) зерттеудегі ес процесінің психалогиялық ерекшеліктерінің теориялық негізін ашу, қарастыру.

ә) мектепке деінгі балаларға зерттеу жүргізіп, ес түрлерінің қалыптасуындағы кейбір ерекшеліктерді анықтау және оның тиімді жолдарын анықтау.

б) математикалық өңдеуден алынған мәліметтерді талдау.

в) ес түрлерін дамытатын әдіс-тәсілдерді айқындау.

Зерттеу болжамы: Мектеп жасына дейінгі баланың ес түрлерінің қалыптастырудың тиімді жолдары арқылы алға қойылған мақсатқа қол жеткізе аламыз. Егер де жүйелі түрде балалармен ес процесін дамыту жұмыстары ұйымдастырылса, онда ес түрлері жақсы нәтиже береді. Зерттеу жұмысының объектісі: мектеп жасына дейінгі балалардың ес түрлерін қалыптастыру, дамыту, қолдану мүмкіндіктері.

Зерттеу әдістері:Еспроцесінің даму деңгейін анықтаушы тестермен қалыптстыруға арналған психологиялық жаттығулар.

Slide 3

I Мектеп жасына дейінгі балалардың есте сақтау үрдісінің теориялық негіздері

1. 1 Балалардың есте сақтау қабілеті туралы жалпы ұғым

Есте сақтау - жадында түту. Ес үрдістерінің бірі, жаңадан түсіп жатқан ақпаратты жадыға енгізуді белгілейді. Есте сақтау динамикасын психодиагностикалау әдістемесі - адамның есте сақтауының динамикалық сипаттарын анықтауға көмектесетін психодиагностикалық әдістемелер, көбіне бұл әдістемелер адам қаншалықты тез есте сақтайтынын және ақпаратты өндеуін анықтайды.

Мектепке дейінгі жас - естің қарқынды даму жасы. Ес - бала үшін маңызды оқиғалар мен мәліметтерді жаданда қалдырады және сақтайды.

Ес

Ойлау - сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс қатынастарының адам миында жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.

Ойлау

Тілдік мәліметтерді және жазылымдағы қатысымдық тұлғаларды ұғыну қабылдаудан басталады. Тілді меңгеру барысында тіл үйренуші есту, көру, сезу арқылы дыбыстарды, сөздерді, сөйлемді қабылдауға үйренеді.

Қабылдау

Slide 4

2. 1 Мектеп жасына дейінгі балалардың есте сақтау қабілеттерін зерттеу

Төрт-бес айлық бала стакандағы ыстық суды біліп, оған жоламайды, өйткені оған қолын күйдіріп алған.

Жарты жастағы бала шешесін бірер жеті көрмесе де тани алады. Бұл балада тану процесінің өте ерте көрінетіндігін байқатады. Біртіндеп баланың есінде қалатын заттарының көлемі арта түседі.

Бір жасар бала көрген нәрсесін бір-екі апта есінде сақтайды, үш жасар бала көргенін бір жылға дейін ұмытпайды. Бала есінің дамуында жүру, айналасындағылармен қарым-қатынас жасауға талпыну, ойын әрекеті едәуір орын алады.

Үш-төрт жасар баланың есте қалдыруындағы негізгі ерекшелік - жаттайтын материалдардың сыртқы түрлеріне көңіл бөлетіндігі есінің нақтылы, бейнелі келетіндігі. Кейде баланың тану процесі көбіне дәл, тура, дөп келмейді, кейде бала қателесіп, қате тануы жиі кездеседі.

Зерттеулерге қарағанда 3 жасар бала жарты жыл бұрын көрген заттарын тани алса, 4 жасар бала бір жыл бұрын, 6 жасар бала бір жарым жыл бұрын көрген заттарын танитын көрінеді. Төрт жасқа дейін балада еріксіз ес күшті дамиды. Мәселен, бала өлеңді, қара сөзді, тақпақты қалай болса солай, тез жаттап алғанымен оның мазмұнына түсінбейді. Бес жастан былай қарай балада естің жоғары түрлері (ерікті есте қалдыру, қайта жаңғырту) көрінеді.

Slide 5

Н. К Крупская: Мектепке дейінгі

жастағы балалар үшін ойынның

ерекше маңызы бар: олар үшін

ойын - оқу, олар үшін ойын -

еңбек, олар үшін ойын - тәрбиенің

маңызды түрі.

В. С. Мухинаның пікірінше еске сақтау мен еске түсірудің ықтиярлы формалары мектепке дейінгі естияр шақта қалыптаса бастайды және мектепке дейінгі ересектерде жетіледі, ықтиярлы еске сақтау мен еске түсіруді меңгерудің неғұрлым қолайлы шарттары ойын үстінде жасалады.

К. Д. Ушинский - баланы табиғатпен жастай таныстыра дамыту, оның өзіндік логикалық ойын, сөз қорының, санасының жетілуіне әсері мол екенін көрсеткен. Логикалық ойдың, пікірдің дамуы баланың келешекте рухының жоғары болуына, батыл пікір, нақты шешім айтуына және оны дәлелдеп беруге жетелейді.

Ойын арқылы ұйымдастырылатын сабақ балаларға жеңіл әрі тартымды, түсінікті болады. Оқытудың түпкі мақсаты- оның сапалы болуы, яғни сабақтың түрлері мен әдістерін, мазмұнын жетілдіруге, оның әдіскерлік, танымдық, білімдік, тәрбиелік жағынан сапалық жаңа деңгейге көтеру. Ойын түрін оқу үдерісінде пысықтау, жаңа сабақты пайдалану тиімді. Ойын түрі сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса оның танымдық, тәрбиелік маңызы да арта түседі. Баланың әдепті, көрегенді, қайырымды болып өсуі қоршаған ортасына, үлкендерге байланысты екені мәлім.

Slide 6 Slide 7

III Мектепке дейінгі жастағы балалардың есте сақтау қабілетін дамытудың практикалық негіздері

Зерттеу барысында мәліметтерді теориялық тұрғыдан дәлелдеу үшін, эксперимент «Балауса» балабақшасының "Ақниет" ересек тобында өткізілді.

Экспериментте ересектер тобынан 12 бала қатысты. Эксперимент үш кезеңнен тұрады.

1 - кезең - констатциялау кезеңі - мектепке дейінгі жас балалардың есте сақтау қабілетінің даму деңгейінің алғашқы диагностикасы;

2 - кезең - қалыптастырушы кезең - оқыту үрдісінде мектепке дейінгі балалардың есте сақтау қабілетін дамыту жағдайларын іске асыру.

3 - кезең - бақылау кезеңі - мектепке дейінгі жас балаларының қаьбілеті дамуының деңгейін қайталап диагностикалау, алынған нәтижелердің талдаулары беріледі.

Slide 8

А Б

9 3

2 4 7 9

3 8 6 1 5 4

1 5 8 5 6 8 6 2

4 6 2 3 9 3 5 9 6 1

4 8 9 1 7 3 7 9 6 4 8 3

5 1 7 4 2 3 8 9 8 5 2 1 6 3

1 4 2 5 9 7 6 3 4 2 7 0 1 8 9 5

1-сурет

А Б

4 9 1 6 3 2 5 8 4 5 7 1 9 2 8

8 5 9 2 3 4 6 1 7 9 5 8 4 6

1 6 5 2 9 8 3 1 7 6 9 2

4 1 3 7 2 2 8 5 9 1

9 2 6 5 4 9 3 7

4 1 7 1 5 2

2 5 8 3

3 6

2-сурет

2 - кезең. Бала қате жіберген жағдайда эксперимент жүргізуші көрші 1Б-суреттегі сондай қатардағы цифрларды қайталайды. Егер бала бұл сандарды қайталауда да, яғни бірдей ұзындықтағы сандарды еске сақтауда 2 рет қате жіберсе, психодиагностикалық эксперимент осымен аяқталады. Баланың қате жібермей қайталаған алдыңғы қатардағы цифр саны анықталады да, енді қарама-қарсы бағыттағы, яғни біртіндеп кемитіндей болып орналасқан сандарды оқуға көшеді.

1 - кезең. «Цифрларды есте сақта» Бұл әдістеме мектеп жасына дейінгі баланың сол сияқты ересектердің қысқа мерзімді есту есінің аумағын анықтауға арналған. Тапсырмаға кіріспес бұрын балаға төмендегідей мазмұндағы түсінік беріледі: «Мен қазір саған цифрлар айтамын, мен «қайтала» деген сөзді айтысымен, сен цифрларды қайталап айт». Бұдан соң эксперимент жүргізуші арасына 1 сек. салып 1А-суретте берілген цифрларды оқиды. Әрбір қатарды тындағаннан кейін бала эксперимент жүргізушіден соң қайталап отырады. Осы жұмыс бала қате жібергенше созылады.

Slide 9

3 3- кезең. Естің дамуы туралы қорытындылар.


Ұқсас жұмыстар
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЗЕЙІН
Мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлау қабілетін дамытуды педагогикалық тұрғыдан негіздеу
БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛДІН ДАМЫТУДА МНЕМОТЕХНИКА ӘДІСІНІҢ МАҢЫЗЫ
Мектепке дейінгі ұйымда оқыту технологиялар
Мектеп жасына дейінгі баланың есте сақтау қабілеті мен зейінінің дамуы
Балаларды табиғатпен таныстырудың маңызы
Бейнелеу өнерінің әдістемелік негіздері
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ БЕЙНЕЛЕУ ЖӘНЕ ҚҰРАСТЫРУ ӘРЕКЕТТЕРІН ДАМЫТУ
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІ
ӘДІСТЕМЕЛІК ТӘСІЛДЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz