Әлеуметтік педагогтың қызметі


Slide 1

Әлеуметтік педагогтың қызметі:

Оқушылардың әлеуметтік ортада қалыптастып, бейімделуіне әлеуметтік педагог зор ықпал етеді. Әлеуметтік қалыптасу адам мен ортаның өзара әрекеттестігінің стихиялы түрдегі нәтижесі емес, мұнда әлеуметтік тәрбиеге ерекше орын беріледі. Бұл шынтуайтқа келгенде тәрбиешінің тәрбиеленушімен қарым-қатынаста қатысты арнайы жағдайларды жасауға бағытталған іс-әрекеті. Әлеуметтену адамның әрбір өмірлік кезеңдеріне қарай өзіндік ерекшелікпен жүзеге асырылады. Ол кезеңдер: балалық шақ, жастық шақ, ересектік шақ, қарттық шақ. Әлеуметтену үдерісін жүзеге асырудың маңызды институты ретінде отбасымен білім беру мекемелері ерекше маңызды рөл атқарады. Мектеппен мектепке дейінгі жастағы балалардағы әлеуметтену әрекетінің мазмұны мен түрлері бірізді өзгеріп отырады. Әлеуметтену үдерісі, әсіресе, жасөспірімдік және жастық шақта айқын, өте қарқынды өтеді. Бұл кезде олар қоғам талаптарына бейімделуіне жұмыстар, жастар арасындағы өзіндік мәдениет, қарым-қатынас стильдері әсер етеді.

Slide 2

Мектепте әлеуметтік педагогтар отбасы жағдайына байланысты әлеуметтік мәртебеге ие оқушыларды тәрбиелеу мен әлеуметтендіру үдерісін іске асыруда көптеп еңбек етуі қажет. Ең алдымен, оқушыны тәрбиелеу - оның кішкентай күнінен басталып, адамның болашақ өміріне үлкен әсер тигізеді. Тұлғаны тәрбиелеуде әлеуметтік институттардың маңыздылығы зор. Әлеуметтік тәрбие беру институттарына: отбасы, аула, бала-бақша, мектеп және тағы басқа әлеуметтік орталар жатады. Ал, әлеуметтендіруге бағытталған тәрбиенің басты мақсаты тұлғаның бойына сол қоғамның құндылықтарын қалыптастыру қажет болады. Барлық оқушыны әлеуметтендіру мен тәрбиелеуде негізгі бағыты жүргізілгенімен де әлеуметтік педагог әлеуметтік мәртебеге ие оқушыларды рухани түрде демеу жасап, олардың психологиялық ерекшеліктерінде есте ұстауы қажет.

Slide 3

Әлеуметтік педагог мектепте төмендегідей негізгі бағыттарда жұмыс жасауы қажет

1. Диагностикалық қызметі 2. Өз қызметі шеңберінде көмекті қажет ететін балаларды әлеуметтік қорғау. 3. Кәмелетке толмағандардың, ата-аналардың құқықтық тәрбиесін ұйымдастыру. 4. Ерекше назардағы оқушылармен жұмыс. 5. Сынып жетекшілермен, медициналық қызметкерлермен, ата-аналар комитетімен т. б. өзара қарым-қатынасты үйлестіру.

Slide 4

Әлеуметтік педагог өз қызметін үш бағытта жүргізеді

Балалар мен отбасының мүшелеріне жүргізілетін психодиагностикалық, психокоррекциялық қызмет әдістерін негіздеп сараптайды және өңдейді.

Социумдағы әлеуметтік жағдайды зерттеп және оған болжам жасау арқылы отбасы мен балаларға әлеуметтік- педагогикалық нақты көмек формаларын және түрлерін ұсынады.

Баланың жан-жақты психологиялық дамуына жағдай жасау, оқу мен тәрбиеге теріс көзқарасты жою, салауатты өмір салтына оңды көзқарас қалыптастыру, бала тұлғасы дамуының бұзылу себептерін анықтап, алдын-ала сақтандыру шараларын жүргізу, үгіт-насихат жұмыстары арқылы педагогтар мен балалардың психологиялық, құқықтық біліктілігінің жоғары болуын қамтамасыз ету.

Slide 5

Өз қызметінде әлеуметтік педагог ҚР Конституциясын, бала құқығы туралы Конвенцияны, ҚР бала құқығын қорғау туралы заңын, Отбасы туралы заңын, ҚР басқа да нормативтік актілерін басшылыққа алуы қажет.

Slide 6

Білім беру мекемелерінің әлеуметтік педагогтарының құжаттары мен әдістемелік әдебиеттерінің тізімі. Бала құқығы туралы Конвенция ҚР бала құқығын қорғау туралы Заңы Әлеуметтік педагогтың лауазымдық міндеттері. Әлеуметтік педагогтың жылдық және айлық жоспарлары оқушылар тізімі.

Мектепішілік бақылауда тұратын

Қорғаушылық органдарының бақылауында тұратын көп балалы бір ата-анасымен аз қамтамасыз етілген отбасы балалары қолайсыз отбасы балалары мүгедек балалар тізімі. Патрионаттық отбасы тәрбиесіндегі балалардың жеке карточкалары. Ата-аналар үшін жадынама, әдістемелік нұсқаулар

Slide 7

Баланың әлеуметтік мәселелерін шешу және мұғалім мен оқушы арасындағы кикілжіңді реттеуге арналған әдістемелік нұсқаулар

Қала мен аудан бойынша оқушылар мен ата-аналарға арналған, олардың өзекті мәселелерін щешу жодарына көмектесетін анықтамалық ақпарат

Кіріс және шығыс құжаттары

Атқарылған жұмыстардың есебі

Slide 8

Әлеуметтік педагогтың, психологтың, дәрігердің бірлескен қызметі төмендегідей:

1. Отбасына әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету

2. Балаларға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету

3. Отбасы мен балаларға дәрігерлік, психологиялық, педагогикалық кеңес беру

4. Балаларды күйзелтетін даулы мәселелерді шешуге көмектесу

5. Мінезінде ауытқушылығы бар балаларға диагностика және коррекция жасау

6. Профилактикалық шаралар ұйымдастыру

Slide 9

Әлеуметтік педагогтың атқаратын қызметі

Қызметке қажетті құжаттар:

Стратегиялық жоспар.

Жүргізілген жұмыстарды тіркеу журналы.

Сабаққа ену дәптері.

Жанұяға диагностикалық карта жасақтау.

Оқушы тұлғасының психо-педагогикалық мінездемесі.

Ықшам ауданға сипаттама жасау.

Ата-аналармен жұмыс папкасы.

Оқушылармен жұмыс папкасы.

Педагогикалық ұжыммен жұмыс папкасы

Жетім балалар мен ата-ана қамқорынсыз қалған балалармен жұмыс папкасы.

Slide 10

Мектептерде әлеуметтік қызметті ұйымдастыру өзектілігі мен уақтылығы

Жеке тұлғаның дамуына қолайлы жағдай жасау.

Шығармашылық қабілетті дамыту.

Бала тәрбиесіне жауапты адамдардың(ата-ана, оның орнындағы адамдар т. б. ) жауапкертшілікті күшейту.

Оқуға жағымды мотивация қалыптастыру.

Тұлғалық және әлеуметтік дамудың бұзылу себептерін анықтау.

Slide 11

Әлеуметтік қызмет мақсаты

Мектеп әкімшілігі мен педагогикалық ұжымда оқыту мен тәрбие процесінде оқушы тұлғасын дамытуға әлеуметтік жағдай жасау.

Педагогтар мен ата-аналарға бала тәрбиесіне ықпал ету және оларды өзара көмек, толеранттылық, мейірімділік, жауапкершілік және өз-өздеріне сенімділік, әлеуметтік өзара қатынастарында белсенділік қабілеттері принциптерін басқа адамның еркіндігі мен құқығына нұқсан келтірмей қалыптастыру.

Slide 12

Қызмет міндеттері

(Баланың жас ерекшелігі даму сатыларында. )

Бала өмірінің әр кездерінде және жанұяда, әлеуметтік ортада жеке тұлғаның және интелектуалдылық дамуына ықпал ету;


Ұқсас жұмыстар
Педагогтың кәсіби біліктілігі
Педагогтың кәсіби өзін-өзі тануы мен өзіндік дамуы жайында
Қазіргі мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі
Педагогикалық қарым қатынасты ұйымдастыру
Педагогикалық қатынас ерекшелігі
Көшбасшы ұғымы, көшбасшының белгілері мен қасиеттері
Әлеуметтік педагогтың құжаттары
Педагогтың сана - сезімі мен педагогикалық рефлекция
Педагогтың жеке тұлғасы
Әлеуметтік педагогтың жетім балалармен жұмысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz