Оқыту әдістерінің мәні



ПЕДАГОГИКА

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
«Жалпы педагогика және психология» кафедрасы
Дидактика - педагогикалық ғылымдар жүйесінде
Орындаған: Нұрсаламова Ғазиза
Мамандығы:Дефектология
Тобы: Деф 14-1
ТАРАЗ 2016 жыл

Жоспары:
1. Дидактиканың мақсат, міндеттері, обьектісі, пәні, негізгі категориялары
2. Оқытудың әдіснамалық және психологиялық негіздері мен атқаратын қызметтері
3. Оқытудың әдістері, классификациясы

А. Байтұрсынұлы мұрасынан:
«Білім - қарудың бір түрі.
Терең білімді адам шеберлікке бейім:
ол не істесе де, зор құрметке лайық»

Дидактика (гр. διαλεκτική - тәлімді) - білім беру, оқыту, тәрбиелеу теориясы; педагогиканың үйренушілерге білімді, машық пен дағдыны меңгерту және тәрбиелеу заңдылықтарын зерттейтін, әр кезеңде берілетін білім мазмұнының көлемі мен құрылымын айқындайтын, білім берудің әдістері мен ұйымдықформаларын жетілдіру жолдарын ғылыми негіздеумен айналысатын саласы.
1. Дидактиканың мақсат, міндеттері, обьектісі, пәні, негізгі категориялары

Дидактика ғылым ретінде төмендегідей мәселелерді қарастырады:
Не үшін оқытамыз (оқыту мен білім берудің мақсаты) ?
Кімді оқытамыз(оқыту субьектілері) ?
Оқытудың қандай стратегиялары тиімді (оқыту принциптері) ?
Неге оқытамыз(білім беру, оқыту мазмұны) ?
Оқытуды қалай ұйымдастырамыз(оқытуды ұйымдастыру формасы) ?
Оқытуға қандай құралдар қажет(оқулықтар, оқу құралдары, компьютерлік бағдарламалар, дидактикалық бағдарламалар және т. б. ) ?
Оқыту нәтижесінде неге қол жеткіземіз (оқыту нәтижелерін сипаттайтын көрсеткіштер мен өлшемдер ) ?
Оқыту нәтижелерін қалай бақылауға және бағалауға болады(оқыту нәтижелерін бақылау, бағалау әдістері) ?

Дидактиканың негізгі категориялары -білім беру, оқыту, сабақ жүргізу, оқу, оқыту принциптері және мұның құрамды бөлімдеріне тиесілі міндеттері, мазмұны, түрлері әдістері, құралдары оқытудың нәтижелі түрде жүзеге асуына негіз болып табылады. Дидактика - үнемі дамып, өркендеп отыратын сала . Өйткені білім беру мен оқытуды терең зерттеп, оны меңгермейінше ғылымды жетілдіріп, өмір талаптарын орындап, уақыт мәресінен шығу мүмкін емес. Оқыту туралы ол «өтеді», ол «жүзеге асырылады» және «іске асады», ол адамға белгілі бір «білімдердің, іскерліктердің, дағдылардың берілуі», ол сондай -ақ оқушының білім алу мәселесі«шешілетін оқытушы мен оқушылардың мақсаты бағытталған өзара әрекеті», деп көп айтылып та, жазылып та жүр . Ол оқушылардың ғылыми білімдер мен дағдыларды меңгеруіне, шығармашылық қабілеттерін, дүниетанымын және адамгершілік - этикалық көзқарастары мен сенімдерін қалыптастыруға, оқу танымдық қызметін ұйымдастыру жолдары .

Дидактиканың зерттейтін пәні - ол білім беру мен оқытудың теориясы мен практикасы, басқаша айтқанда, білім беру мен оқыту процестерінің заңдылықтары мен ерекшеліктері.
Сонымен бірге дидактика білім беру мен оқытудың мазмұнын, оқыту принциптерін, оқытудың ұйымдастырудың формалары мен әдістерін қарастырады.
Дидактиканың міндеті: «нені оқыту» және «қалай оқыту керек» (Я. А. Каменский бойынша) - деген сұрақтарға дәлелді жауаптар беру. Сондықтан да дидактиканың қарастыратын негізгі мәселелері:
оқыту процесінің мәні мен оның заңдылықтарын ашу;
оқытудың білімділік мазмұнын анықтау;
оқытудың негізгі қағидалары, яғни принциптерін белілеу;
оқытудың тиімді әдістері мен ұйымдастыру формаларын анықтап, олардың түрлерін жасау.

- қолдану деңгейі: жалпы педагогикалық, пəн əдістемелік, бөлімдік (модульдік) ;
- философиялық негізі: ғылыми жəне діни, гуманистік жəне əміршіл- əкімшіл (авторитарлы) ;
- тəжірибе меңгерудің ғылыми негіздемесі (концепция) : байланыс-жауапты (ассоциатив-рефлекторлы) ; іс-əрекетті (бихевиористік), іштей ұғу (интериоризаторлы), дамытушы;
- тұлғалық құрылымға бағдарлануы: ақпараттық (білім, ептілік жəне дағдылар қалыптастыру), нақты қимыл-əрекеттік (оперативті- ақыл-ой əрекеттері əдістерін қалыптастыру)
Дəстүрлі оқу жүйесін жаңалау бағыты (модернизация) : оқушы іс-əрекетінің белсенділігін көтеру жəне жеделдестіру технологиясы
Дидактикада оқу технологиялары төмендегідей сипаттарымен жіктеліп, топтастырылады:

Педагогикада бұл ұғымды тұнғыш рет еңгізген неміс педагогы В. Ратке (1571-1635) болды.
Вольфганг Ратке (1571-1635) - көрнекті неміс педагогы, Коменскийдің ережелеріне жақын оқыту ережелері жүйесін жасаған ірі дидакт. 1612 ж. Майндағы Франкфурт қаласында өткен неміс князьдерінің құрылтайына төмендегі үш, оның пікірінше, ең маңызды мәселені шешуге арналған нұсқаулық ұсынды: 1. көне де, жаңа да тілдерді жылдам және оңай үйренуді қалай қамтамасыз етуге болады. 2. жастар әр тұрлі ғылымдар мен өнерді зерделей алатын ана тіліндегі мектептерді барлық жерде қайтіп ұйымдастыруға болады. 3. Бүкіл Германияда басқарудың, тілдің және діннің бірлігіне қалай жетуге болады. Оның пайымдауынша дидактика оқытудың теориялық негіздерін зерттеумен айналысатын ғылыми пән.

Педагогика ғылымының философия шеңберінен өз алдына дербес ғылыми пән болып қалыптасуына айырықша үлес қосқан чех халқының ұлы педагогы Ян Амос Коменский (1592-1671) . Оның “Ұлы дидактика” атты ғылыми еңбегі - педагогика теориясындағы тұнғыш шығармалардың бірі.
“Ұлы дидактика” - Я. А. Коменскийдің педагогикалық жүйесінде толық және дәлелді түрде баяндалған шығарма. Бұл еңбекте ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесінің мәселелері, сондай-ақ ұлы педагог ұсынған жаңа мектепті ұйымдастыру мәселелері зерттелді. “Осыдан келіп ол орта ғасырлық мектеп тәртібіне қарсы шықты, мектеп балаға сүйіспеншілікті, адамгершілік жақсы қасиеттерді тәрбиелейтін “адамгершілік шеберханасы” болуға тиіс деген көзқарасты ұсынды.

Оқушы мен ұстаз іс әрекетінің жаңа сабақ типіндегі ұйымдастырылу ерекшеліктері
Дәстүрлі дидактика
Жаңа дидактика
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Оқушы мен оқытушының бірлескен іс-әрекеті

Бақылау сұрақтары
Дидактика дегеніміз не?
Дидактиканың мәні.
Дидактиканың негізгі категорияларын немесе ұғымдарын атаңыз.
Дидактиканың негізгі категорияларына немесе ұғымдарына анықтама беріңіз.
Дидактиканың заңдылықтарын атаңыз.

2. Оқытудың әдіснамалық және психологиялық негіздері мен атқаратын қызметтері
Оқыту - қоғамдық қүбылыс. Себебі, оқытудың мақсат, міндеттері және оның мазмұны мен әдістері туралы мәселелер қоғамның қажеттілігінен туындап, тарихи дамып, қоғам дамуының барлық кезеңдерінде мектеп алдына қойылған міндеттерді қарастырып отырады.
«Процесс» деген ұғым - бүл ілгері қарай қозғалыс, бір ізділік әрекеттің заңдылығын көрсететін түсінік. Оқыту білімді, біліктілік пен дағдыны меңгертетін, оқушыларда дүниеге ғылыми көзқарасты қалыптастыратын, олардың дүние танымы мен шығармашылық күш-қайраты және қабілетін шыңдап дамытатын процесс.
Оқыту - мақсатты процесс. Оның мақсат, міндеттері мен мазмұны және ұйымдастырдағы амал-тәсілдері тек қоғамның талабымен, қажеттілігімен байланысты туындап, өзгеріп, жаңарып отырады.
Оқыту - таным процесі. Себебі, оқыту барысында оқушыда білмеуден білуге қарай ілгері қозғалыс болады.

Леонид Владимирович Занков(10 [23] . 10. 1901 - 27 . 11. 1977) - кеңес психологі. Дефектология, есте сақтау, педагогикалық психология саласындағы маман. Л. С. Выготскийдің шәкірті. Балалардың дамуының тәжірбиелі зерттеулерін жүргізген. Оқушылардың дамуы мен оқу факторларының мәселелерін қарастырған. Өзі аттас дамыта оқыту жүйесінің авторы. Л. В. Занков оқыту - оқушының жалпы рухани дамуын қамтамасыз етуі қажет дейді. Оқыту - дидактикалық процесс болғандықтан, болашақ мұғалім оның өзіне тән психологиялық, педагогикалық ерекшеліктерін білуі өте қажет.

Оқушының білім алуда ілгері қарай басуына себепкер болатын негізгі күш - түрлі қайшылықтар. Бала білмеуден білуге басқанда, әртүрлі қайшылықтар мен қиындықтарға кездеседі, оларды шешу, жеңу нәтижесінде оқу міндеттері жүзеге асырылады.
Баланың оқуына күшті әсер ететін себептердің бірі- мотивтер. Мотивтер деп - белгілі әрекетке итермелейтін бағыттайтын себепті айтады. Оқушының мотивтері оның қажеттері мен қызығуларына байланысты болады. Бала жақсы оқу үшін - білімнің өмірге керек екенін түсінуі және сол білімге қызығуы қажет.
Оқытудың міндеті - оқушыны табиғат, қоғам және адам дамуының жалпы заңдылықтарымен қаруландыру. Оқушы дүние тануда ғылыми жаңалық ашпайды, ол бұрын ғылымда белгілі болған, зерттеліп дәлелденген фактілерді, заңдылықтар мен қағидаларды ұғынады, өзінің күнделікті практикасында қолданады.

Оқыту - даму негізі. Бұл ретте көрнекті психолог Л. С. Выготскийдің мына сөздерін еске алғн жөн. Жақсы окыту деп, ол - баланың дамуынан ілгері жұретін, оны жетекке алатын оқытуды айтады. Л. С. Выготский баланың кешегі күнгі дамуына емес, ертеңгі күні дамуына керек деп ескертеді, осыған орай, ол - бала дамуының «екі зонасы» болатынын айтады. «Бірінші зона» - бала дамуының қазіргі қол жеткен сатысы, осыған қанағаттанып қоймай, мұғалімнің оқушыларды болашақтағы дамудың ең жақын сатысына («екінші зонаға») жеткізуге міндетті екендігін айтады.

Оқыту - екі жақты процесс. Оқыту процесі оқушы мен мұғалімніңөзара бірлесіп жасайтын әрекетінен тұратын күрделі әрекет. Себебі, оқыту - мұғалімнің білім берудегі жетекші әрекеті болса, оқу - баланың өзінің танымдық, практикалық әрекеті.
Оқыту - жоспарлы процесс. Мұғалім оқушылардың жалпы рухани дамуын жүйелі қамтамасыз етуі үшін оқыту процесін жоспарланған, ұйымдастырылған түрде жүзеге асырады. Оқушы білімді қысқартылған, педагогикалық тұрғыдан өзгертілген жолмен мұғалімнің және арнайы жазылған оқу құралдарының көмегіне сүйене отыра меңгереді.
Сонымен бірге, оқыту процесі оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отыра, таным қызметінің формасы мен әдістерін соған орай отырады.
Оқыту - бұл күрделі процесс. Ол тұлғаға білім беру, тәрбиелеу және ақыл-ойы мен шығармашылық қабілетін, яғни біліктілігі мен дағдысын дамыту негізінде жұзеге асырылады. Бұның мәнісі, жеке тұлғаға біртұтас ықпал жасауды көздейді.

Әлеуметтену
Платон, «Софист» )
Білім беру
Оқыту
Тәрбиелеу

Оқу дегеніміз не?
Оқу ұғымының мазмұны қол жеткен нәтижелер немесе пайдалы тәжірбие мәнінде қарастырылуы мүмкін. Зерттеу жұмыстарына жүргізілген талдауу оқу нәтижелерінің бес санатын анықтауға мүмкіндік береді:
Оқу - білімнің сандық ұлғаюы ретінде. Онвң нәтижесі алынған ақпарат болып табылады (негізі міндет - көп білу)
Оқу есте сақтау ретінде. Нәтиже - қайта өндіруге болатын есте сақталған көлемді ақпарат.
Оқу ақпарат жинақтау ретінде. Нәтиже - есте сақталып, қажет болған жағдайда қолдануға болатын факті, дағды және әдістердің айтарлықтай мөлшердегі жиынтығы.
Оқу мағынаны ұғыну және оның мәнін анықтау ретінде. Нәтижесі - әлемді өзгеше қырынан танып-білу.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
Оқыту процесі дегеніміз не? Оқыту прцесінің екі жақты сипатын қалай түсінесіз.
Білім алу мен оқытудың мәніне және құрылымына сипаттама беріңіз.
Оқытудың білімдік, дамытушылық және тәрбиелік қызметіне қысқаша сипаттама беріңіз.

3. Оқытудың әдістері, классификациясы
Әдіс дегеніміз - оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері.
Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері - бұл мұғалім мен оқушылардың оқу-тәрбие жұмысының міндеттерін шешуге бағытталған өзара бірлескен іс-әрекетінің тәсілі. Оқыту әдістерінде объективті /мұғалімнен тәуелсіз/ және субъективті /оған тәуелді/ бөлімдер болады.
Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызу керек. Олар оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе - оқушылардың танымдық жұмыстары.
Оқыту әдістері әр түрлі функцияларды орындайды: оқытушылық, мотивациялық, дамытушылық, тәрбиелеушілік, ұйымдастырушылық.

Дидактикалық мақсатына қарай оқыту әдістерінің екі тобы бөлінеді: оқу материалын бастапқы меңгертуге әсер ететін әдістер және алынған білімді бекітетін және жетілдіретін әдістер. Бірінші топқа жататындар: ақпараттық-дамытушылық әдістер /мұғалімнің ауызша баяндауы, әңгіме, кітаппен жұмыс/; оқытудың эвристикалық әдістері /эвристикалық әңгіме, зерттеушілік әдіс/. Екінші топқа жататындар: жаттығулар /үлгі бойынша, түсіндіріліп отыратын жаттығулар, вариативті жаттығулар т. б. /.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz