Қайталану саны белгісіз алгоритм құрылысы


Slide 1

Slide 2

Жоспары:

І. Кіріспе бөлім

ІІ. Негізгі бөлім

Алгоритмдер және шешімдерді іздеу

Алгоритмдер қасиеттері

Негізгі алгоритмдер түрлері

Алгоритмдерді орындау

ІІІ. Қорытынды

Slide 3

Алгоритм түсінігі - бұл информатикадағы ең негізгі ұғымдардың бірі.

«Алгоритм» сөзі IX ғасырдағы ұлы математик аль-Хорезмнің латындық үлгідегі - algorithmi деген атынан шығады, ол арифметикалық амалдарды орындау ережелерін тұжырымдайды.

Алгоритм дегеніміз - бастапқы мәліметтерді пайдаланып іздеген нәтижеге жеткізетін әрекеттер тізбегі.

Ондағы әрбір әрекет оның қадамы, қандай да бір әрекетті аяқтау туралы нұсқау алгоритм командасы, ал атқарушы жүзеге асыра алатын командалар жиынтығы атқарушының командалар жүйесі деп аталады.

Slide 4

Алгоритмдік процесс дегеніміз - шешілетін есептің нақты бастапқы берілгендеріне алгоритмді қолдану процесі.

Алгоритмді ұсыну құралдары:

ауызша (алгоритмдік тілде) ;

блок-схема түрінде;

бағдарламалау тілінде.

Алгоритмдеу - ЭЕМ-де есепті шығаруға арналған алгоритмдер мен бағдарламаларды құру техникасы.

Алгоритмнің блок-схемасы дегеніміз - алгоритмнің логикалық құрылымын графикалық бейнелеу.

Slide 5

Басын және соңын білдіретін тоқтату блогы

Берілгендерді енгізіп, нәтижелерді шығаратын енгізу-шығару блогы

Арифметикалық амалдарды орындайтын процесс блогы

Шарттың орындалу немесе орындалмауын тексеретін шешім қабылдау блогы

Қайталану блогы

Slide 6

Блок-схема алгоритм командаларының орындалу ретін көрсетуге арналған бағытталған граф болып табылады; мұндай графтың шыңы үш түрлі болуы мүмкін:

функционалдық шың

предикаттық шың

біріктірілген шың

1 сурет - Граф шыңдарының бейнеленуі

Slide 7

Кез келген күрделі алгоритмдер үшін үш блок-схема құруға болады:

композиция немесе қозғалыс, сызықты алгоритм;

альтернатива немесе тармақталған алгоритм;

итерация немесе цикл, қайталанатын алгоритм.

Бірінші негізгі құрылым. Композиция немесе қозғалыс алгоритмі әр кезеңі тізбектей, яғни сызықты орындалатын есептеу процесін бейнелейді және ондағы операторлар бір рет қана орындалады.

Оператор деп қандай да бір әрекеттер тізбегін орындауға арналған жазбаларды айтады.

Slide 8

Екінші негізгі құрылым. Бұл - альтернатива немесе тармақталу. Тармақталған алгоритм есептеуді таңдау бастапқы шарттан немесе аралық нәтижеден тәуелді болатын есептеу процесін бейнелейді.

Алдын ала қарастырылған бағыттар тармақтар деп аталады.

Шартты тексеру нәтижесі келесі мәндердің бірін қабылдайды

ақиқат немесе жалған

иә немесе жоқ

1 немесе 0.

Slide 9

Тармақталған алгоритм құрылысы:

2 сурет - Тармақталған алгоритм

Егер - Онда - Әйтпесе

құрылымы

Егер- Онда құрылымы

Slide 10

Үшінші негізгі құрылым. Қайталанатын алгоритм бір типті, бірнеше рет қайталанатын есептеу аймағынан тұратын есептеу процесін бейнелейді.

Циклдер қайталану саны белгілі және қайталану саны белгісіз болып бөлінеді.

Қайталану саны белгілі циклді итерациялық цикл деп аталады.

Бұл құрылымның үш түрі бар:

"цикл - әзірше"

"цикл - дейін"

қайталану санымен.

Циклде қайталанатын операторлар тобын цикл денесі деп атайды.

Slide 11

Қайталану саны белгісіз алгоритм құрылысы:

3 сурет - Қайталану саны белгісіз алгоритм

Slide 12

Slide 13

Блок-схема - алгоритмді графикалық түрде көрсету.

Алгоритмнің графиктік кескінін блок-схема түрінде беру - берілген есепті шешуді жолдарын көрнекті етіп көрсетеді.

Slide 14

анықталғандық - алгоритм, алгоритмді өңдеушіге де және алгоритмді орындаушыға да бір мағынада түсінікті түрде берілуі;

нәтижелілік - міндетті түрде нәтижелер алынуы (сандар, кестелер, дыбыстар, кескіндер) немесе берілген алгоритмді қойылған есепке қолдануға болмайтыны туралы сигналдар;

Slide 15

жалпылық - біртипті есептер класын шешуді қамтамасыз ететін алгоритм қасиеті;

дискреттік - бір-бірінен ажыратылған ұйғарымдардың реттелген жиынтығы түрінде алгоритмнің жазылу ;

түсініктілік- орындаушының командалар жүйесіндегі ғана командалар түрінде көрсетілетін алгоритм қасиеті.

Slide 16

Алгоритмдік тіл дегеніміз - алгоритмдерді біркелкі, дәл жазуға және оларды орындауға арналған белгілеулер мен ережелер жүйесі. Алгоритмдік тілде пайдаланылатын сөздер қызметші сөздер деп аталады.

Slide 17

1. АЛГ - қызметші сөзі. Алгоритмнің басында, оның атауының алдында жазылады.

2. БАСЫ және СОҢЫ - қызметші сөздері (begin, end) . Алгоритмнің басы мен соңында жазылады.

3. АРГ и НӘТ - аргументті және алгоритм нәтижесін жазу үшін қолданылады.

4. ЕНГІЗУ және ШЫҒАРУ - берілгендерді енгізу және шығару үшін қолданылады.

5. ЕГЕР, ОНДА, ӘЙТПЕСЕ, БІТТІ - қызметші сөздері (if, then, else, end) . Тармақталған командаларды жазу үшін қолданылады (бітті - команданың соңы) .

6. ӘЗІР, ДЕЙІН, ҚАЙТАЛАУ, ЦБ, ЦС - қызметші сөздері (while, do, repeat, until, for, to, do) . Қайталау командаларын жазу үшін қолданылады.

Slide 18

Қарапайым есептерге мысал

Мысал. Штаттағы жұмыскер айына 45000 теңге жалақы алады. Ол 25 жұмыс күнінің 15 күнінінде жұмыс істеді. Алатын жалақысын есептеу керек.


Ұқсас жұмыстар
ЕСЕПТЕУДІҢ АЛГОРИТМДІК ШЕШІМІ АЛГОРИТМДІК КҮРДЕЛІКТІ ТАЛДАУ
Тексеру және таңдау операторлары. Циклдық программалауға арналған командалар туралы ақпарат
Тексеру және таңдау операторлары. Циклдық программалауға арналған командалар
Алгоритм және оның қасиеттері
Алгоритм түсінігі
Сызықтық алгоритм Тармақталу алгоритмі Циклдік алгоритм
Айнымалысы бар цикл
Оралымды алгоритмдер
Алгоритмдер туралы түсінік
Қайталау операторы. Циклдік операторлар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz