Сөйлемде ашық түрде


Slide 1

Бастауыш дегеніміз не?

Тексерген: Майра ЖОЛШАЕВА

Орындаған: Олжас САРЖАЙ

Slide 2

Сайрамбаев Талғат Сайрамбайұлы (1937-2009) Филология ғылымдарының докторы, профессор

Slide 3

1937 жылы Шымкент облысында дүниеге келген. 1960 жылы Шымкент педагогикалық институтын, 1964 жылы ҚазКСР ҒА тіл білімі Институтының аспирантурасын бітірген. ҚазҰУ-дың докторанты (1980-1982 жж, ), филология факультеті сырттай оқу бөлімінің деканы (1986-1987 жж. ), қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі (1989-1999 жж. ), 1999-2002 жылдар аралығында қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарды. 1964 жылы кандидаттық, 1989 жылы докторлық диссертациясын қорғады. Қазақ тілінің синтаксисі бойынша ірі зерттеу жұмысымен айналысады. Оның ғылыми жетекшілігімен 24 кандидаттық және 1 докторлық диссертация қорғалды. ҚазКСР Жоғары білім беру ісінің үздігі.

Slide 4

Cөйлемде бастауыш 2 түрлі жағдайда кездеседі:

Slide 5

«Бастауыш болатын сөз мағынасы жағынан сөйлемдегі ой іргесінің иесі болады» Х. Басымов

Slide 6

«Сөйлемдегі айтылған ойдың иесі боп тұрған сөйлем мүшесін бастауыш дейміз» С. Аманжолов

Slide 7

«Сөйлемнің кім? Не? Туралы екенін білдіретін, айтылған ойға негіз болатын тұрлаулы мүшені бастауыш дейміз» М. Балақаев

Slide 8

«Сөйлемде айтылған ойдың кім, не туралы екенін атап, баяндауыш арқылы айтылған қимылдың, сапаның кімге қатысты екенін білдіретін сөйлем мүшесін бастауыш дейміз» Р. Әміров

Slide 9

«Сөйлемде атау септігінде тұрып, басқа мүшелерге бағынбайтын тұрлауы мүшені бастауыш дейміз» С. Аманжолов, А. Әбілақов, И. Ұйықбаев (мектеп грамматикасында)

Slide 10

Бастауыш ережесіне қатысты жоғарыдағы ғалымдар пікірінен шығатыны:

Ойдың иесі болуы керек;

Ең алдымен, оның қандай сұрауларға жауап беретіндігі бірінші орынға, ал ойдың иесі болуы екінші орынға қойылуы тиіс;

Ойдың иесі деуден гөрі ойдың, баяндауыш арқылы айтылған қимылдың, сапаның кімге қатысы - басты нәрсе болуы керек;

Басқа мүшеге бағынбауы керек;

Тұлғалық ерекшелігі жағынан атау септігінде келуі керек;

Сөйлемде басқа сөздермен, баяндауышпен синтаксистік қатынаста келеді.

Slide 11

Бастауыш - сөйлемдегі ойдың иесі бола отырып, баяндауыш арқылы барлық қасиеті айқындалатын, белгілі тұлғада онымен тікелей байланыстағы және өзіндік сұраулары бар сөйлем мүшесі. Т. Сайрамбаев

Slide 12

Бастауыштың сұраулары

Slide 13

Кім? Не? Кімім? Нем? Кімің? Нең? Кімі? Несі? Кімдер? Нелер? Кімдерім? Нелерім? Кімдерің? Нелерің? Кімдеріңіз? Нелеріңі? Кімдері? Нелері? Қайсысы? Қаншасы? Нешеуі? Нешесі?

Ғалымдар

Бастауыш сұрақтары

Н. Сауранбаев, М. Томанов, Р. Әміров

берілмеген

М. Балақаев

берілмеген

Х. Арғынов

Кім? Не? Кімі? Несі?

М. Балақаев

С. Аманжолов

Кім? Кімдер? Не? Нелер?

Кім? Не? Кімі? Несі? Кімің? Нең? Нем? Кімдер? Нелер? Нешеуі? Қаншасы?


Ұқсас жұмыстар
Нөлдік форма
Еркін сөз тіркестері Тұрақты тіркестер
Көсемшенің қимыл - сын пысықтауыштық қызметі
Нөлдік морфема
Сын есімнің сөзжасамы
МОДАЛЬДІ ЕТІСТІКТЕРДІ ҚОЛДАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Ұлттық ойындар. Етістік
Одағай сөздердің шығуына ғалымдардың пікірі
Сөздік құрамның тармақтары
Хабарлы сөйлем туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz