Саяси элита


Slide 1

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті

Пән: Саясаттану және әлеуметтану

Кафедра: Әлеуметтік саяси пәндер

Мамандығы: Стоматология

Курс: 1

Топ: 102

Тақырыбы: Қазіргі Қазақстанның Саяси көшбасшылары және саяси элитасы

Орындаған: Кушмагамбетов Т. Д

Тексерген: Молдин Б. А

Ақтобе 2017

Slide 2

Жоспар

1. Kіріспе

Қазіргі Қазақстанның Саяси элитасы

2. Негізгі бөлім

Саяси элита ұғымы

Қазақстанның саяси элитасы

Ұлы көштің көшбасшысы

3. Қорытынды

Slide 3

Саяси элита

Саяси элиталарды, олардың қоғамдағы рөлін зерттеуге отандық саясаттанушылардың қызығушылық білдіруі заңды да табиғи құбылыс. Жоғары мемлекеттік билік басындағылар хақында жауырды жаба тоқыған ондаған жылдар бойғы үнсіздіктің, хабар-ошарсыз меңіреуліктің орнына қалыптасқан саяси болмысты мейлінше объективті түйсіну, мәртебелі әлеуметтік жік - саяси элитаның ортақ іске қосар үлесін салиқалы бағалау кезеңі келеді. Қазіргі тарихи кезеңнің өзіндік ерекшеліктеріне, елдегі жағдайды сауықтырып, өркендету жолдарын іздестіруге байланысты қазақстандық қоғам өміріндегі саяси элитаның рөлін негіздеу бұл күндері айрықша зәрулікке айналып отыр. Біздіңше, ең алдымен қазақстандық саяси элитаның қалыптасуы бастауларына үңілу орынды болып табылар еді. Саяси элитаның табиғатын байыптай қарастыру үшін олардың халықтың саяси өміріндегі рөлі, ұлттың “Бұл өмірдің мәні неде?”, “Біз кімбіз?”, “Қайда бара жатырмыз?” деген сауалдарға жауап іздестіруі мен мәнділігі үрдістерін қалыптастырудағы орны басты өлшемдер бола алады. Ұлтты топтастыру өзін-өзі сол замандағы саяси мұраттар талабына сәйкестендіру рөлін XX ғасыр басындағы қазақтың ұлттық интеллигенциясы мінсіз орындады: өтіп жатқан саяси процестердің мән-маңызын бұқараға түсіндіру, оқу-ағарту жұмыстарын жүргізу, халықты жаңа мемлекет құруға жұмылдыру олардың басты міндеттеріне айналды. Бұқаралық саяси ұйым арқылы халықтың саяси мүдделерін білдіруге болатындығын жіті сезініп, “Алаш” қозғалысының ұйытқы тобын құрды, оның құрамына Бөкейханов, Дулатов, Байтұрсынов, Қыдырбаев, Тұрмұхаметов, Жизанов енді. Қалыптасқан саяси жағдайлар ғана емес, сонымен қатар қазақтың ұлттық интеллигенциясының өз идеяларын рәсімдеуге ұмтылысының өзі соны саяси ұйымның пайда болуына қажетті алғышарттар жасады. Бүкіл ресейлік саяси өмірге Бөкейхановтың, Шоқаевтың, Қаратаевтың, Досмұхамедовтердің, Төгісовтың, Байтұрсыновтың белсене араласуы жаңа дәуірдің саяси элитасын қалыптастыруға негіз қалады. Бірінші және екінші мемлекеттік Думаға Қазақстаннан Әлихан Бөкейханов, Ахмет Бірімжанов, Бақыткерей Құлманов, Бақытжан Қаратаев, Мұхаметжан Тынышпаев және т. б. белгілі тұлғалар депутат болды.

Slide 4

Қазақстанның Саси элитасы

Slide 5

Саяси элита ұғымы

“Саяси элита” дегенімізді саясаттану ғылымы:

- шенеуніктік, төрешілдік, номенклатура (мәртебелілер тобы)

- жалпы мемлекеттік маңызы бар шешімдер қабылдауға құзырлы лауазымды орындарды иеленетін адамдар

- билеп-төстеуші таптың үстемдігін қамтамасыз ететін топ ретінде түсіндіреді

Бұл анықтамалардың қай-қайсысында билікті иелену, шешім қабылдауға қабілеттілік, өкіметтің қызметін жүзеге асыру елеулі өлшем ретінде алынған. “Саяси элита” ұғымы XX ғасырдағы саясаттану ғылымында өзекті тақырыпқа айналды. Саяси элитаның өзі қалай қалыптасады? Моска оның сапына енетін жеке тұлғалар өздері өмір сүріп жатқан қоғамды ардақ тұтып, аса қастерлейтін белгілі бір қаделі қасиеттерді иеленуге тиіс деп пайымдайды. Бұл қасиеттер тарихи дәуірлерге орай өзгеріп отырады. Заманауи жағдайларда саяси элитаны қалыптастырудың кейбір өзіндік ерекшеліктері бар, олар қоғамдағы саяси, экономикалық қарым-қатынастардың сипатымен айқындалады.

Slide 6

Қазақстанның саяси элитасы

Қазіргі қазақстандық саяси элитаның қандай ерекшелігі бар? Қазақстандағы саяси элитаның құрамын жаңадан толықтыру үрдісі бірнеше бағытпен өрбуде. Осы процестің негізгі тәсілдерінің бірі- Парламентке еркін сайлаулар өткізу, соның нәтижесінде әрқилы әлеуметтік топтардың саяси элитаға өз орнын иеленуіне үміттенуіне мүмкіндік береді. Алайда мынандай да мәселелер байқалып жүр:саяси құрамды жаңадан толықтыру, яғни, саясаттағы басты рөлдерді жауапкершілікке алатын қызметкерлерді даярлау мен іріктеу процесі, көбінесе, кәсіби қабілеттілік емес, қайта жеке байланыстар мен рулық-тектік, жекжаттық негізде жүзеге асады /11/.

Қазіргі Қазақстанның элитасын мынадай әлеуметтік-экономикалық топтарға: Қазақстан Республикасының министрліктері мен мемлекеттік комитеттерінің элитасына, өнеркәсіптік-қаржылық, аймақтық, салалық топтарға, мұнай-газ, банк, қаржы салаларының топтарына бөлуге болады. Алайда, саяси элитаның осы топтарының, оның ішінде саяси әйелдер элитасының қызметі бұқаралық ақпарат құралдарына толықтай жазылып жүрген жоқ. Мұның өзі сарапшылардың “Қазақстанның мемлекеттік билік құрылымындағы ықпалды топтар томаға тұйықтық пен толықтай құпиялылық ахуалында әрекет етеді”, - деп ой түюіне негіз болды

Slide 7

Шарттары

Элитаның экспансионизмі оның белгілі топтарының басымдыққа жетуіне жол бермейтін белгілі бір демократиялық шараларды ұсынуға тиіс. Біздіңше, оларға мынадай шарттар жатады:

1. Толық жариялылық, сөз бостандығы бұқаралық ақпарат құралдарына қандай да бір әлеуметтік топтың үстемдік орнатпауы, баспасөздің, теледидар мен радионың баламалық органдарының болуы, олардың көмегімен кемшіліктерді, қателіктерді ашық сынау;

2. Пәрменді оппозицияның, элитаның әрқилы топтарының еркін бәсекелестігінің, саяси плюрализмінің болуы, олардың өзара сыны мен қарсылықтығы орнығып, оларға халық бұқарасы, сайлаушылар төрелік етуі, сол арқылы элитаны бақылауға алуы;

3. Әлеуметтік ынталылыққа элитаның ашық болуы, олардың қатарына қалың тұрғындар қауымының ең қабілетті өкілдерінің ену;

4. Бұқараның элитаға сайлау науқандары арқылы кері әсер етуін қуаттау;

5. Құқықтық мемлекетті орнықтыру үшін міндетті шарт болып табылатын демократиялық принциптер мен заңдарды бұлжытпай сақтау шарттары жатады.

Slide 8

Ұлт көшбасшысы

Ұлт көшбасшысы және тәуелсіздік

Қазақ елі былтырғы жылдың соңында өз тәуелсіздік ғасырының бестен бірін толтырған еді. Бұл мерзім адам өмірімен есептегенде де, тарихи тұрғыдан алып қара­ғанда да көп уақыт емес. Бірақ осы бір қысқа мерзімге қарамастан, тәуел­сіздіктің алғашқы жылдарын­дағы экономикалық-әлеуметтік жә­не саяси қиыншылықтарды еңсере білген Қазақ елі әлем мойындаған мемлекеттер қатарына қо­сыл­ды. Еліміздің саяси өмірі жаңар­тылып, түбе­гейлі өзгерістер жасалды. Мемлекет­тілік­тің бар­лық институттары құрылып, экономикамыз нарық­тық жолға түс­ті. Халықтың әл-ауқаты жаңа дең­гей­ге көтерілді, әлеуметтік салада жаңа асулар бағындырылды. Мем­лекеттік шекарамыз айқын­далып, елдің тұтас­тығы, жердің бүтіндігі қамта­масыз етілді. Елбасы­ның көре­ген­дігі мен ерік-жігерінің нәтиже­сінде Қазақ­стан әлемде тұңғыш рет ядролық қарудан бас тартып, Семей сынақ полигонын жабуы бүкіл дүние­жүзінің назарын өзіне еріксіз аударды. Осы бір батыл қадамның нәти­жесінде мемлекетіміздің қауіп­сіздігіне әлемнің іргелі мемле­кет­тері кепіл­дік берді. Әлем елдерімен терезесі тең тәуелсіз мемлекет құ­рып, ата-баба­ларымыздың ғасыр­лар бойғы ұлы арманы мен мақ­саты орындалды.

Қазақ елі тәуелсіздігінің көк байрағын өз қо­лымен тұңғыш кө­теріп, тәуелсіз Қазақстан мем­лекетін құрған - Елбасымыздың аз жылдың аясында туған елін әлем­дік қоғамдастыққа таныт­қанды­ғына өзгелермен бірге өзіміз де қайран қалып, тамсанамыз. Тарих­тың қилы бір кезең­дерінде елге Нұрсұлтан Назарбаевтай Көшбас­шының табылуын халқымыздың бағы деп те түсінеміз. 1991 жылы 1 желтоқсан­да қазақстан­дық­тар өз­дерінің Тұң­ғыш Президентін сайлап, сенім артты, ел тәуелсіздігін аманат етті, жауап­кершілік жүгін арқалатты, Халық өздері таңдаған Көшбасшы­сының не істеу керек­тігін білетінді­гіне, елді адастырмайтынына, тура жолға бастайтынына сенді. Еліміз бен халқымыз­дың сол сенімін Ел­басының толық ақтап отырған­дығына да осы күндері көзіміз анық жетті.

Slide 9

Елбасы Н. Назарбаев

Елбасы Н. Назарбаевтың «Қа­зақ­­стан жолы» кітабының ағыл­шынша нұсқасының алғы сөзінде Англияның 1979-1990 жылдары үкіметін басқар­ған және кезінде «Темір Леди» атан­ған Маргарет Тэтчер де тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы Қазақ­стан­ның көш­басшылық рөл атқарған­ды­ғын­ мойындап, соған оң баға беріп: «Мем­лекеттердің іргесін салған не­гізін қалаушылар әрдайым дерлік қа­лыпқа сыймайтын тұлғалар болып келеді, ал Нұрсұлтан Назарбаевты толық мәнінде осы санатқа жат­қызуға болады. Мұндай көш­бас­шылар өз­деріне қатысты түрлі үй­ле­сімдегі қауырт сүйсініс секілді даңғаза сынды да туындатуы мүм­кін. Мәселенің мұндай мәнісі олар­дың мемлекеттің аса маңызды сәт­терінде оның бас­шы­лығында тұ­руымен, осылайша оларға дейін бол­ған­дарға немесе олардан кейін келетіндерге қарағанда әлде­қайда танымал тұлға болуымен байланысты.

Slide 10

Ұлт көшбасшысы

Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшылығына келген алғашқы сәт­тен бастап айрықша ерекше­лігі бар өзгеше бір халықаралық және ұлтаралық мәселелер шиеленісінің шешуін асығыстыққа салмай, арандататын пікірлердің ығы мен ыр­қына жығылмай, әліптің соңын баға сабырмен, уақыт­тың талабына, қа­зақстандық жолдың ерекше­лі­гіне үйлес­тіре, жан-жақты мүдде­лердің түйісу нүктесін таба алу және шеше білу даралығымен бір­ден әлем назарын аударды. Елбасы өзінің қол жеткіз­сем-ау деген саяси және ұлттық биік мақсаттарын әрдайым есінен шы­ғармаумен бір­ге, оған жету үшін де жалаң ұран көтеріп, жақсы атақ алуға қызық­пады. Қандай мәселеде болсын қолдан келетін нақты мүм­кіндік­терді ғана түгел пайдаланып, эво­люция­лық жолмен тұрақты ілгері жылжи бергенді дұрыс санады. Даму­дың қазақ­стандық жолын із­дес­тірді, өзіндік бағытты таң­дады. Сол қазақстандық даму жолынан өзге даму жолдарының ешқай­сысын да, тіпті бірде-бірін жоққа шығарған емес, керісінше, өзге даму жол­дарының қажеттісін алып та, пайдалана білді.


Ұқсас жұмыстар
Саяси элита және саяси көшбасшылық
Саяси көшбасшылар мен саяси элита
Саяси элита және оның түсінігі
Саяси элитаның қалыптасуы мен дамуы
Билік
Қазақстанның саяси элитасы
Саяси биліктің деңгейлері
Этносаяси дау - жанжалдар
Саясат және оның қызметтері}
Саясат субьектілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz