Шетелдік телесериалдардың халықтың әлеуметтік өмірі мен ұлттық санаға зиянды әсері


Slide 1

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті

Студенттің өзіндік жұмысы

Дисциплина:Саясаттану және әлеуметтану

Кафедра:Қазақстан тарихы және қоғамдық-гуманитарлық пәндер Курс:1

Тақырыбы:Шетелдік сериалдардың халықтың әлеуметтік өміріне зияны

Орындаған: Сагиданова Л. С.

Тобы:104

Тексерген: Ергалиев М. Е.

Бағасы:

Ақтөбе 2016 жыл

Slide 2

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

А. Осы бізге телесериалдар қашан келді?

Ә. Сериалдардағы сұлулар мен серілерге еліктегендер көбейді

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Көгілдір жәшік арқылы миллиондаған көрерменге жол тартатын түрік, кәріс, үнді, орыс телесериалдары санамызды улап, ұлттық болмысымызды бүлдіріп жатқанын қалайша сезбейміз? Қазақпен сорпасы үш қайнаса да қосылмайтын өзге дәстүрдің тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы, шытырман оқиғаларға өрілген сериалдарын ересектер ауыздарының суы құрып әңгімелесе, бесіктен белдері шықпаған, бұғаналары бекімеген қарадомалақтар кейіпкерлердің образдарына көзсіз еліктеулері ел болашағына бей-жай қарамайтын азаматтарды ойландырады . . . Ең сорақысы, осындай арзанқол дүниелерге жол беріп, дабыл қағуымызда өзге емес, өзіміз кәніліміз.

Slide 4

Кеңес дәуірінде телесериалдар мүлде көрсетілген жоқ. Ол заманда еңбектен қолдары қалт ете қалған жұрт кітап оқитын. Қазақ жеріне телевизия 1958 жылы келсе, 1960 жылы Алматыда тұңғыш рет «Алатау» кинотеатры ашылды. Тек 1980 жылы халық кинотеатр-лардан әлемнің үздік кинотуындыларын тамашалай бастады. Ал еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін, телесериалдар жаңбырдан кейінгі саңқырауқұлақтай қаптады. Көрермендерге жол тартқан алғашқы сериал - «Байлар да жылайды» болса, оның ізін ала «Қарапайым Мария» шықты. Түріктің «Қыналы қары» мен «Бериванын» тағатсыздана күтіп, кешкі уақытта шай үстінде телехикая қызығына бату әбден әдетке айналды.

Осы бізге телесериалдар қашан келді?

Slide 5

Тіпті кейбір аймақтарда қорасынан қойы ұрланып, сиырын айдап кетіп, жылқысынан айырылған ағайынның жанайқайын құлақ естіді. Телесериалға тәуелділік осы кезеңнен басталды. Міне, содан бері шетелдік телесериалдар легі толастамай тұр. Қазіргі таңда үндінің «Келін», «Қыз ғұмыры», «Сен келерсің» тағы басқа сериалдарын кірпік қақпай көретін кісілердің қарасы тым қалың.

Slide 6

Кәріс телехикаялары 15-20 бөлімнен тұратын болса, түріктікі 50-100 серияға дейін созылады. Ал сценарийі ешбір шындыққа жанаспайтын, өскелең ұрпаққа беретін тәлімі жоқ үнді халқының туындылары 1000 бөлімнен асып барады. Тіпті кейбір жоғарыда аталған сериалдар бұл елде әлі күнге дейін түсіріліп жатқан көрінеді. Ең өкініштісі, біз осынау телехикаяларға алтын уақытымызды кетіріп, жүйке-жүйемізді жұқартып, өскелең ұрпақты дүбәралыққа баулып жатырмыз. Толғандыратын, ойландыратын дүние . . .

Slide 7

Осыдан 2-3 жыл бұрын отандық телеарналардың бірінен «F4» атты корей фильмі көрсетілді. Сонда басты рөлдегі актер Ку Джун Пхё бастаған төрт жігітке бесіктен белі шықпаған қыздарымыз ғашық болып, естері кетті. Жастарымыз соларға қарап еліктеп, киінуді, шаштарын түзеуді шығарды. Сөйлеу мәнерінен бастап, іс-қимылына дейін көшіріп алды. Кәріс актерлері кумирларына айналды

Slide 8

Жоғарғы сыныпта оқитын қыздардың арасында кәріс жігіттеріне тұрмысқа шығуды ойлап, Корей елінде тұрақтап қалуды мақсат еткендері де болды. Сол кезде мұның теріс екенін оқушы қыздарға түсіндіріп жеткізу, санасына құю мүмкін емес еді. Өйткені олар өмірді кинодағыдай елестетіп, тәтті қиялға берілді.

Slide 9

Ал «Сұлтан Сүлеймен» телесериалын көрген әр қазақтың қызы бүгінде өзіне Хюррем Сұлтанның бейнесін, болмысын, қала берді киіміне дейін көшіріп алған. Әлеуметтік желідегі қазақ қыздарының суреттеріне қарайтын болсақ, барлығы дерлік Хюрремнің көшірмесін жасап алғандай. Ал мұндай еліктеушілікке бой ұрған қазақ қызы ертең қандай ана болады?

Slide 10

Міне, күнделікті көкжәшіктен көретін бір қарағанда қарапайым көрінетін сериалдардың ұлт санасына сіңіретін зияны ұшан-теңіз. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» дейін саналы елдің ұрпақтарымыз. Олай болса, ойланайық, ағайын!

Slide 11

Пайдаланылған әдебиеттер

http://z-taraz. kz/

http://kazgazeta. kz/


Ұқсас жұмыстар
Жаһандану дәуіріндегі әлеуметтік желілердің ұлттық дамуға әсері
Халықтың асыл қасиеті: ұлттық тәрбие мен салт-дәстүр
Қазіргі мультфильмдердің балалар өмірі мен психикасына әсері және ұлттық тәрбиелік маңызы
Зиянды заттардың денсаулыққа әсері мен алдын алу жолдары
Шетелдік Азияның табиғаты, ресурстары және экономикалық-әлеуметтік дамуы
Жарылыстар: сипаттамасы, зақымдаушы факторлар, әсері және халықтың іс-әрекеті
Темекі: химиялық құрамы мен денсаулыққа зиянды әсері
ХҚЕС-21 бойынша валюталық бағамдардың өзгерісінің шетелдік қызметке әсері
Шылым шегу, ішімдік пен есірткілердің эмбрион мен ұрық дамуына зиянды әсері
Өндірістік шаң: жіктелуі, зиянды әсері және қорғаныс шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz