Бұқар жырау
Презентация қосу
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік медицина
университеті
{
Мамандығы: Стоматология
Кафедра: Қазақстан тарихы және қоғамдық – гуманитарлық
пәндер
Дисциплина: Қазақстан тарихы
Орындаған: Жамолдин Д.Қ.
Топ: 103
Тексерген: Купабаева Н.М.
Тақырыбы:
XVIII ғ. басындағы ақын –
жыраулар шығармашылығы
ЖОСПАРЫ:
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
Ақтамберді жырау
Бұқар жырау
Үмбетей жырау
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер
V.Бағалау критерийі
{
XVIII ғасыр қазақ халқы мәдениетінің тарихында
ерекше орын алады. Көшпелі өмір салты жағдайында
халықтың ауыз әдебиеті, жыраулық дәстүрі, музыка өнері
ерекше дамыды. Қазақ әдебиеті тарихында Ақтамберді
Сарыұлы, Бұқар жырау Қалқаманұлы, Тәтіқара, Үмбетей
Тілеуұлы сияқты көрнекті ақындар мен жыраулар ерекше
орын алады.
Қазақтың көрнекті
жырауларының бірі — Ақтамберді
жырау Сарыұлы (1675—1768). Ол
жоңғарларға қарсы көптеген
жорықтарға қатысқан және батыр
ретінде де белгілі болған жырау.
XVIII ғасырдың 50-жылдарында
жоңғарлардан азат етілген жерлерге
қазақтардың қайта оралуын
басқарды. Ақтамберді жыраудың
бүкіл шығармашылығы елді ерлікке,
қаһармандық пен батылдыққа
үндеуге арналды. Оның
кесенесі Шығыс Қазақстан
облысы аумағындағы Жүрекжота
шоқысының баурайында осы
уақытқа дейін бой көтеріп тұр.
XVIII ғасырда қазақтардың
арасында атақ-даңқы кеңінен
жайылған жырау, қазақтардың
әдет-ғұрып заңдары мен
шежіресінің ғажайып білгірі, би
әрі данышпан дипломат,
мемлекет қайраткері Бұқар жырау
Қалқаманұлы (1693—1787)
болды. Ол қазіргі Павлодар
облысының Баянауыл
ауданындағы Далба тауының
етегінде дүниеге келген. Әкесі
Қалқаман батыр да ерлігімен
және жау жүрек батылдығымен
халыққа кенінен танымал болған
еді. Халық арасында Бұқар
жырау «Көмекей әулие» атанды.
Бұқар жырау көптеген терең ойлы, ғибрат
аларлық өсиет өлеңдер шығарды. Олардың
негізгі идеясы Қазақ хандығының тәуелсіздігін
сақтау мен нығайту мәселесіне арналды. Бұқар
жырау Абылайдың тұсындағы дамагөй
билердің бірі. Ол Абылайдың ең жақын
кеңесшісі әрі сенімді серіктерінің бірі болды.
Өзінің толғауларында Абылайды прогресшіл
мемлекет кайраткері ретінде мадақтады
Бұқар жыраумен замандас және оған рухы жағынан жақын
Үмбетей Тілеуұлы (1706—1778) болды. Ол жоңғарларға қарсы
жорықтардың бәріне де қатысты. Қазақ батырларының көрсеткен
ерлігін жырлады. Қазақ халқының қас батыры Қанжығалы қарт
Бөгенбайды жоқтау және оның өлімін Абылай ханға естірту
сияқты жырлары халық жадында сақталған.
XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың бас
кезінде Тәтіқара, Шал жыраулардың жырлары халық
арасында кеңінен таралды. Тәтіқара жырау
қазіргі Қостанай облысының аумағындағы Сарыкөл деген
жерде дүниеге келді. Цин империясына қарсы соғысқа
қатысты. Абылай ханның төңірегіне топтасқан жақын
серіктерінің бірі болды, оның көптеген әскери
жорықтарында ерлігімен көзге түсті. Ол өзінің ерлігі
арқылы қазақ сарбаздарын Отан үшін қандай да болсын
қиыншылықтардың алдында бас имеуге шақырды. Оның
шығармалары жауынгерлерді жауға қарсы ерлікпен
шайқасуға, туған елге адал болуға үндеді, Абылайханның
батырларын мадақтап, даңқын арттыруға арналды.
Халық Шал ақын деп атап кеткен
Тілеуке Күлекеұлы қазіргі Ақмола
облысының аумағында туған.
Ол Есіл өзенінің жағасында
атақты Күлеке
батырдың отбасында дүниеге
келген. Ақын ретінде он бес
жасынан танылды. Ақын
өтірікті, жағымпаздықты өлердей
жек көрді, адамгершілік ар-
намысты бәрінен де жоғары
қойды. Өз тайпаластарының
арасындағы достықты, бірлікті
және ауызбіршілікті мадақтап,
жырға қосты. Ақын бүкіл қазақты
топтасып қуатты ел болуға,
қайырымдылык пен әділеттілікке
шақырды.
XVIII ғасырдағы қазақ ақындары мен
жыраулары шығармаларының басым
көпшілігі ұрпақтан ұрпаққа ауызша
жеткізіліп келді. Тек ХІХ-ХХ
ғасырларда ғана қазақ және орыс
зерттеушілерінің ел аузынан жазып алуы
арқасында баспа бетінде жарық көрді.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Ш.Мусин “қазақстан тарихы”.
2. Нығмет Мыңжан “қазақтың
қысқаша тарихы”.
3.Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін.
{
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz