Адамның экологиялық түрі: эволюциялық ерекшеліктер мен антропогендік тәуекелдер


Slide 1

Адамның экологиялық түрі ретінде эволюциялық ерекшеліктері.

Slide 2

Халқымыз табиғатты анаға теңеген. Өйткені табиғатта тіршілік өсіп-өнеді. Өзіндегі барды адамға, жан-жануарға, өсімдікке берген. Табиғатта басы артық ештеңе жоқ. Табиғат сырын терең білмей, оған немқұрайлы қарау үлкен апатқа соқтырады. Бір кездерде табиғатты бағындыруды мақсат тұтып, ормандар аяусыз балталанды, аң-құстар шамадан тыс ауланды, жер жөн-жосықсыз жыртылып, топырақта эрозия пайда болды. Соның салдарынан бүгінгі таңда адам баласына ядролық апаттан гөрі экологиялық апат аса үлкен қауіп төндіріп отыр. Бізді экологиялық апатқа душар еткен адам санасының эрозиясының нәтижесі. Экология деген сөзі "тіршілік ету мекені, өмір сүретін орта" туралы ғылым дегенді білдіреді. Алғаш рет 1886 жылы "экология" терминін атақты неміс биологы Эрнест Геккель ғылымға енгізген және "Экология - табиғат пен тірі ағзалардың өзара қарым-қатынасын зерттейтін ғылым" деген анықтама берген.

Slide 3

«бұрын адам табиғаттан қорқатын, қазір адам табиғатты қорқытады» Жак Ив Кусто

Slide 4

Адам өзінің биологиясында табиғатпен тығыз байланысты және адам әлеуметтік қайшылықтар мен кедергілерді көтере алмайды. Соңында бұл қайшылықтар мен кедергілер - адамның мәдениеттілігінің емес, мәдениетінің аздығының, әлеуметтік эгоизмінің, тарихи шектелуінің белгісі. Сонымен қоғам болашағы үшін күресте субъективті сфераға көп күш түседі. Адам баласы экологиялық жағдайларды, апатты, ластануды өз қолдарынан жасауда. Осыған орай қазіргі заманда экологиялық танымды қалыптастыру, қазіргі өркениетті басқарудың экологиялық принциптерін жасау және экологиялық ғылым ұсыныстарына сәйкес экологиялық апаттарға жол бермеу жолында күрес жүріп жатыр.

Экология және адам

Slide 5

Аурулардың көбеюі сонымен қатар табиғи ортаның әр түрлі трансформацияларымен, оның толық бұзылуы, өнеркәсіптік кешендерге, бір типті тұрғын жерлерге және т. б., яғни «үшінші табиғатқа» айналуына байланысты. Денсаулыққа әлеуметтік және экономикалық жағдайлардың әсері артып отыр. Табиғи және физико-химиялық тұрғыдан алғанда таза орта болса да, қолайсыз әлеуметтік-экономикалық жағдай ауру мен өлімнің артуына әкелетінін өмір көрсетіп отыр. Әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауы адамның психологиялық күйі мен стресстік құбылыстар арқылы әсер етеді.

Slide 6

Ғылыми тұрғыдан адам экологиясын зерттеу кейінгі жылдары ғана қолға алынды. Себебі қоршаған ортаның табиғатының бұзылуы адам баласының денсаулығына зиян екендігі анықталды. Адам - табиғаттың туындысы онсыз өмір сүре алмайды.

Slide 7

Ғалымдардың есептеулері бойынша адамдардың денсаулық жағдайы 50-52%-ы - өмір сүру салтына, 20-25%-ы - тұқым қуалау факторларына, 18-20%-ы - қоршаған орта жағдайларына, ал 7-12% ғана денсаулық сақтау саласының деңгейіне байланысты болады. Антропогенді факторлар бұрын болмаған, жаңа техногенді ауруларды туғызады. Адамның денсаулығына зиянды әсер ететін факторлардың ішінде әр түрлі ластаушы заттар бірінші орын алады. Адамның іс-әрекеті нәтижесінде биосфераға, оған тән емес 4 млн. -нан астам заттар шығарылады. Сонымен қатар, жыл сайын қоршаған ортаға мыңдаган жаңа заттар шығарылады. Олардың көпшілігі ксеиобиотиктер (грек тілінен аударғанда хеnos -бөтен) адам мен басқа да тірі ағзалар үшін бөтен заттар.

Slide 8
Ұқсас жұмыстар
Адамның экологиялық түрі ретінде эволюциялық ерекшеліктері мен антропогендік әсерлері
Адамның шығу тегі мен эволюциялық дамуы
Антропогендік факторлардың гидросфера мен педосфераға ықпалы және геожүйелердің экологиялық дестабилизациясы
Экологиялық факторлар: абиотикалық, биотикалық және антропогендік жіктелуі мен организмге әсері
Қазақстан Республикасының экологиялық жағдайы және антропогендік әсерлер
Жоғарғы атмосфераның антропогендік ластануы: көздері, механизмдері және экологиялық салдары
Қоршаған ортаның сипаттамасы және адам экологиясы: антропогендік қауіптер мен экологиялық сананы қалыптастыру
Теңізшевройл: өндіріс көлемі, экологиялық тәуекелдер және қалдықтарды басқару шаралары
Физика сабақтарында адамның қоршаған ортаға әсері: экологиялық тәрбие мен көлемдік есептер
Биосферадағы антропогендік әсерлер мен тұрақсыздықтың тарихи кезеңдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz