Британ аралдары


Slide 1

Британ аралдары

Орындаған: Мәжитов А

Қабылдаған: Мақаш К

Slide 2

Британ аралдары - Еуропаның солтүстік-батысында орналасқан топарал. Құрамына Ұлыбритания мен Ирландия аралдары және көптеген ұсақ аралдар (Мэн, Англси, Уайт, Ішкі және Сыртқы Гебридтер, Оркней, Шетланд) енеді. Ауданы 325 мың км²-ден астам, оның 230 мың км²-ін Ұлыбритания, 34 мың км²-ін Ирландия алып жатыр.

Slide 3

Британ аралдары жағалауындағы сулардың тереңдігі 200 м-ден аспайды. Британ аралдары қатпарлы палеозойлық құрылымдардан түзілген. Жер қыртысының қалыптасуына кайнозойлық тектоникалық қозғалыстар, мұз басу, карст процестері әсер еткен. Жер бедерінде аласа таулар (Грампиан, Пенин, Кембрий, Керри, т. б. ), таулы қыраттар (Оңтүстік Шотланд) және жазықтар кезектесіп келеді. Олардың шығу тегі әр түрлі (теңіздік, мореналық, жанартаулық) . Ең биік жері - Грампиан тауындағы Бен-Невис жотасы (1343 м) . Климаты жыл бойы басым болатын ылғалды батыс желдеріне тәуелді.

Slide 4

Грампиан тауы

Slide 5

Оңтүстік Шотланд

Slide 6

Жылдық жауын-шашын мөлшері 700 - 1500 мм. Қаңтардың орташа температурасы 3 - 7ӘС. Шілденің орташа температурасы 11 - 17ӘС. Тұман жиі байқалады.

Slide 7

Ірі өзендері: Северн (310 км), Темза (334 км), Шаннон (368 км) ; өзендердің суы мол, кеме жүзеді. Ең ірі көлі - Ирландиядағы Лох-Ней көлі (400 км²) . Солтүстігіндегі күлгін топырақтарда қарағай, қайың, оңтүстігінде емен, шамшат өседі. Қазіргі кезде ормандар Британ аралдарының 4 - 5-ін ғана алып жатыр. Жануарлардан түлкі, кірпі, жабайы қояндар, тиін мекендейді. Жыртқыш құстар (сапсан, қаршыға және т. б. ), құр, жабайы кептерлер, су құстары (шағала, тырна, үйрек) тараған. Британ аралдарының табиғаты адам әрекетінен қатты өзгерген. Аралда Ұлыбритания және Ирландия мемлекеттері орналасқан.

Slide 8

Северн өзені

Slide 9

Темза өзені

Slide 10

Шаннон өзені

Slide 11

Жануарлардан түлкі, кірпі, жабайы қояндар, тиін мекендейді.

Slide 12

Жабайы қояндар мен тиін

Slide 13

Британ аралдарының климаты едәуір дәрежеде батыс тасымалына байланысты. Бүкіл жыл бойы соғып тұратын өкпек және ылғалды батыс желі аралға өте мол ылғал әкеледі. Әсіресе, аралдардың батыс төңіректері мен батыс тау беткейлеріне жауын-шашын көп түседі, ондағы жылдық мөлшері 2000-3000 мм-ге дейін жетеді. Шығыс және оңтүстік шығыс аудандарға жылына 600-700 мм түседі. Қаңтардың орташа температурасы +3-7ᵒ, ал шілдеде +11+17ᵒС-ге жетеді.

Slide 14 Slide 15

Аралдардың өзен жүйесі рельефі мен климатының ерекшеліктеріне байланысты өте жиі болып келеді. Облыстың ірі өзендері - Северн, Темза, Шаннон, т. б. Британ аралдарында жалпақ жапырақты ормандар мен аралас ормандар кездеседі. Ормандар аралдардың жалпы ауданының 4-5%-ін ғана алады. Қазіргі кезде ағаш өсімдігінің едәуір бөлігі екінші рет қайтадан шыққан, әдетте қолдан отырғызылған болып табылады.

Slide 16 Slide 17

Британ аралдары табиғатының спецификалық ерекшеліктеріне каледон және герцин орогенезінен тұратын тектоникасы, аласа таулардың үйінді тау жұрнағының басымдылығымен, мезофильді өсімдік формацияларының көлемді таралуы және ландшафттардың антропогенді модификациясы жатады.

Slide 18

Британ аралдары мынандай физико-географиялық аудандарға бөлінеді: Солтүстік Ирландия, Оңтүстік Ирландия, Солтүстік Шотландия, Оңтүстік Шотландия, Пенин таулы ауданы, Лондон бассейні, Оңтүстік Батыс.

Дәріс 3 блоктан тұрады:

Ландшафт құрушы факторлар.

Қазіргі кездегі ландшафттарды талдау, олардың спецификалық ерекшеліктері.

Ландшафттардың

антропогендік модификациясы. Табиғатты қорғау.

Slide 19

Назарларыңызға рахмет


Ұқсас жұмыстар
Өзендер мен ағындар
ҰЛЫБРИТАНИЯНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
ӘЛЕМДІК МҰХИТТАР
Ірі қалалары
Мұзды мұхит
Багам аралдары
ЖЕҢІС АНГЛИЯҒА ОҢАЙҒА ТҮСКЕН ЖОК
Жапония туралы презентация
Саяси карта
Мұражай классификациясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz