Ғылыми қамтымды экономиканың алғашқы қадамдары


Slide 1

Ғылым қамтымды экономика - ең алдымен Қазақстан ғылымының әлеуетін арттыру

Орындаған:Д. Нұрбақыт

М. Бекболат

Ж. Тимур

Slide 2

Президент жолдауынан

М. Пішембаев: Ғылыми қамтымды экономиканың алғашқы қадамдары

Қазақстан ғылымының бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары

Қазақстандағы атомдық энергетиканың даму келешегі

Қазақстан Республикасының Ғылыми және ғылыми-техникалық саясатының тұжырымдамасы туралы

EXPO-2017 болашақ энергиясы

Slide 3

Президент жолдауынан

Сонымен, 2050-ге дейінгі қалған жылдар жеті бесжылдыққа бөлінеді, олардың әрқайсысы бір мақсат - дамыған 30 елдің қатарына кіру мәселесін шешеді.

Екінші және одан кейінгі бесжылдықтарда мобильді, мультимедиялық, нано және ғарыштық технологиялар, робот техникасы, гендік инженерия салаларын, болашақтың энергиясын іздеу мен ашудың негізін салған жөн. Мемлекет жұмысының негізгі бөлігі Қазақстан бизнесін, әсіресе шағын және орта бизнесті дамытуға барынша қолайлы жағдай жасау болмақ. Таяудағы 10-15 жылда ғылыми қамтымды экономикалық базис жасау керек, онсыз біз әлемнің дамыған елдері қатарына қосыла алмаймыз. Мұны дамыған ғылым арқылы шешуге болады.

Slide 4

М. Пішембаев: Ғылыми қамтымды экономиканың алғашқы қадамдары

Мейрам Пішембаев, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отанның» Сайлауалды тұғырнамасының «Инновациялық экономика» бағыты бойынша партиялық куратор:

Slide 5

Бүгінгі күні индустриалдық-инновациялық кластер құру үшін қажетті заңнамалық негіздеме түзетіліп, жасалу үстінде. Атап айтқанда, Парламент Мәжілісі «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластер туралы» заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады. Аталмыш заң жобасында елімізде жаңа технологияларды дамытуды мемлекеттік қолдау атап көрсетілген. Мейрам Пішембаев заң жобасының қабылдануы - ғылымды қажетсінетін экономика құру үшін мықты заңнамалық негіз болады.

Slide 6

Мемлекет басшысы өз Жолдауында мұны ең маңызды бағыт ретінде белгілеп отыр. Жалпы алғанда, бүгінде елімізде ақпараттық технологиялар паркі жұмыс істеуде, сондай-ақ Қазақстанда әзірленіп, қолданысқа енгізілген инновациялар баршылық. Тіпті, заңнамалық база да бар. Бұл бағытта алғашқы қадамдар жасалды деп толық айтуға болады.

Алдағы уақытта елімізді инновациялық индустриаландыру саласында жұмысты күшейту қажет деп санаймын.

Slide 7

Қазақстан ғылымының бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары

Қазақстан қазіргі кезде экономиканы дамытудың индустриялық-инновациялық сатысына аяқ басты. Бұл кезең нарықтық шарттар талаптарына ғылым жүйесін қазіргі заманғы экономикалық талаптарға қайта бағдарлануымен сипатталады, сөйтіп, тиісті нормативтік құқықтық базамен реттелетін ғылымды дамытуды құрылымдық, ұйымдастырушылық, кадрлық, инфрақұрылымдық және қаржылық қамтамасыз етуде түбегейлі өзгерістерге алып келуге тиіс.

Slide 8

Ғылыми-техникалық әлеуетті дамыту экономиканың дәстүрлі секторларына тән болып табылмайтын ілеспелі фактор ретінде қарастырылмауға тиіс. Ғылым саласы - бұл да басқа секторлар үшін ортақ барлық ерекшеліктерге, ережелер мен реттеу тетіктеріне ие экономиканың бір секторы.

Қазақстан экономикасының 80%-дан астамы жекеше сектордың қолында болып отырған жағдайда нарықтық талаптарға әлсіз бағдарлануды мұраланған ғылым жүйесін реттеу принциптері ескірген әрі барабар болып табылмайды.

Slide 9

Ғылымды қажетсінетін өнімдер үлесі мен ғылымға арналған шығыстар ІЖӨ-нің жалпы көлемінде экономиканың білімдерге негізделген негізгі көрсеткіштері болып табылады.

Өткен онжылдықтың соңында экономикасы дамыған елдердің көбінде зерттеулер мен әзірлемелерге арналған ішкі шығындар үлесі орта есеппен алғанда ІЖӨ-нің жалпы көлемінде 3, 0%-ды құрады (Швецияда - 3, 8%; Финляндияда - 3, 5%; Жапонияда - 3, 04%; Швейцарияда - 2, 73%; АҚШ-та - 2, 84%; Германияда - 2, 44, бұл ретте бұл шығыстардағы мемлекеттің үлесі орта есеппен 25-34%-ды құрады) .

Slide 10

Ғылымның зертханалық және аспаптық базасының негізінен ғылымның мемлекеттік секторында шоғырлану фактісін де атаған жөн. Негізгі құралдарды құрайтын зертханалық жабдықтар мен машиналардың басым бөлігі мемлекеттік меншіктегі ғылыми ұйымдарда шоғырланған және құндық тұрғысынан айтқанда 2004 жылы 5104, 7 млн. теңгені құрады (барлық негізгі құралдардың 41, 2%) . Бұл ретте жекеше ұйымдар мен бірлескен кәсіпорындарға келетін зерттеулер мен әзірлемелердің негізгі қаражатының үлесі 2000-2004 жылдары салыстырмалы түрде тиісінше 2% және 17, 6%-ға өсті.

Slide 11

Зерттеулер мен әзірлемелерді орындайтын мемлекеттік сектор ұйымдары орта есеппен алғанда меншіктің жекеше нысанындағы кәсіпорындардан 3 еседей ірі. Соңғы бес жыл ішінде жекеше секторда ұйымдарды ірілендірудің аз да болса үрдісі байқалуына қарамастан, зерттеулермен және әзірлемелермен айналысатын қызметкерлердің орташа саны 100 адамнан аспайды, ал бұл цифр мемлекеттік секторда 150 адамды құрайды.

Соңғы онжылдықта отандық ғылым құрылымындағы мемлекеттік сектордың жағдайы іс жүзінде өзгере қойған жоқ: ғылыми ұйымдар, оларда жұмыс істейтін персонал және мемлекет меншігіндегі материалдық-техникалық база Қазақстанның ғылыми-техникалық кешенінің негізі болып табылады.

Slide 12

Сөйтіп, Қазақстанның экономикалық дамуды басқарудың дамытылған жүйесіне ие, бәсекеге барынша қабілетті әлем елдерінің қатарына кіру жөніндегі стратегиялық міндеттерін іске асыру ұзақ мерзімді бағдарлама әзірлеу мен оны орындауды, оның ішінде тиімді ғылыми-техникалық жүйені дамыту жөніндегі нақты шараларды көздейтін жолды талап етеді.

Slide 13

Қазақстандағы атомдық энергетиканың даму келешегі

Бүгінгі күні Қазақстан, уранның әлемдік барланған қорының 19% - ын иеленіп, әлемде уран өңдіруден 1-ші және қорлар көлемі бойынша 2-ші орында. Уран қорының 65%-ға жуығы ерекше үдемелі, экологиялық қауіпсіз және экономикалық мақсатты жерасты сілтісіздендіру әдісімен өңдеу үшін табиғи болып табылады. Салыстырмалы түрде Қазақстан қысқа мерзімде атомдық энергетика саласын дамудың жоғарғы деңгейіне көтере алды. Сонымен қатар Қазақстан, ядролы энергетика және ядролы физика саласында іргелі және қолданбалы зерттеу жүргізу үшін, уран өңдіріснің және өңдіруші өнеркәсіптің дамыған инфрақұрылымын иеленуде. Белгілі, республикада кеңестік кезеңнен бері білікті қызметкерлерді қоса алғанда ядролы физика саласында зерттеулер үшін бірегей ғылыми базасы бар. Осының нәтижесінде қазіргі уақытта ғылыми мақсатта 3 ядролық зерттеушілік реактор пайдаланылуда.

Slide 14

Қазақстан Республикасының Ғылыми және ғылыми-техникалық саясатының тұжырымдамасы туралы

Жаңа ғасырға адамзат өмiр салтын түбегейлi өзгерткен аса көрнектi ғылыми және технологиялық жетiстiктермен бара жатыр. Iргелi және қолданбалы ғылымның нәтижелерiн практикада тиiмдi пайдалану адамзатты тұрақты дамытудың аса маңызды факторына айналуда. Осыған байланысты, Қазақстан үшiн отандық ғылымды елдiң әлеуметтiк-экономикалық және рухани дамуының аса маңызды факторына айналдыруға арналған бағытты жасау және оны өмiрге енгiзу республиканың ұзақ мерзiмдi стратегиялық басымдықтарына сәйкес мемлекет экономикасының бәсекеге қабiлеттiлiгiн және ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн экономикалық әлеуетiн арттыру өзекті мiндет болып табылады.

Slide 15
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ – 2050
ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ – 2050: БІР МАҚСАТ, БІР МҮДДЕ, БІР БОЛАШАҚ
Этноортадағы әлеуметтік жұмыстың мәні
Кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастыруда маркетингтің атқаратын қызметі
Профилактикалық шаралар
Экономикалық теорияның пәні мен әдістері туралы ақпарат
Экономика негіздері пәні мен әдістері
Миф этнографиялық материал ретінде зерттеле
Өз тарихын білмеген халық, өзін де сыйламайды
Компьютерлік желілер. Электронды пошта қызметі. Әлеуметтік желі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz