Азаматтардың қоршаған ортаға құқықтары


Slide 1

Студенттің өзіндік жұмысы

Мамандығы:Жалпы медицина

Пәні:Экология

Кафедра:Жалпы гигиена және экология

Тақырыбы: Қоршаған ортаны қорғауда Қазақстан Республикасының негізгі заңдылыққұжаттары.

Курс:1

Орындаған:Досмагамбетова Л. Р

Тексерген: Қойшыгулова Гүлшат Өмірбекқызы

Ақтөбе-2015ж.

Slide 2

ЖОСПАРЫ:

1. Азаматтардың қоршаған ортаға құқықтары.

2. Экологиялық құқықтың қайнар көздері.

Slide 3

Азаматтардың қолайлы қоршаған ортаға құқықтары - Қазақстан Республикасындағы жалпы табиғатты пайдалану құқығының негізгі бөлігі және азаматтардың денсаулығын сақтауға байланысты конституциялық құқықтардың құрамдас бөлігі болып табылады.

ҚР-ның Конституциясы бойынша азаматтардың құқықтары табиғатты қорғауға байланысты тазарту шараларын кең түрде жүргізумен қамтамасыз етіледі.

Slide 4

Қоршаған ортаны тазарту - адамның өмір сүру ортасының сапасы мен адамның денсаулығы үшін шаруашылық қызметтердің зиянды салдарын жою және ескертуге бағытталған техникалық ұймдастырылған, құқықтық, санитарлық гигиеналық шаралардың жиынтығын құрайды. Азаматтың қолайлы қоршаған ортаға құқықтарының объектісі болып, табиғи ресурстар табылады: таза атмосфералық ауа, су, табиғи аймақтар, ормандар, ұлттық табиғи парктер, рекреациялық аймақтар, санаториялық-курорттық, орындар, т. б. Азаматтардың бұл құқықтары Қазақстан Республикасының зандарында ары карай дамуы кезделген. Азаматтардың қолайлы қоршаған ортаға құқықтарына - адамдар және оны коршаған орта үшін зиян­ды салдарын төмендетуге және ескертуге, халықын демалысқа, еңбек пен тұрмысты жақсарту шарттарына, қоршаған орта­ны жақсартуға бағытталған мемлекеттік органдардың, кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың және басқа да қоғамдық ұйымдардың санитарлық-гигиеналық шараларды жүргізу міндеттілігі сәйкес келеді.

Slide 5

1997 жылы 15 шілдеде қабылданған «ҚР-ның қоршаған ор­таны қорғау туралы» заңының 5-бабына сәйкес, азаматтардың қоршаған ортаны қорғауға байланысты кұқықтары мен міндеттері көрсетілген.

Әрбір азаматтың және ҚР-ның аумағында тұратын азаматтығы жоқ адамдардың, соңдай-ақ шетелдіктердің өз өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаға, оның жай-күйі тура­лы дұрыс ақпарат алуға, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың бұзылуы салдарынан өз денсаулығы мен мүлкіне келтірілген залалдың өтеуін алуға құқығы бар.

Slide 6 Slide 7

Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) атынан Әлемдік қауымдастық қоршаған ортаға және болашақ ұрпаққа зиян келтірмейтіндей қазіргі адамның өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз ететін Тұрақты (орнықты) даму тұжырымдамасын әзірледі. Бұл тұжырымдама - қоғам мен табиғаттың өзара әрекетін көрсететін қазіргі заманға сай, неғұрлым кең тараған және қолдау тапқан тұжырымдамалардың бірі. БҰҰ Бас хатшысының бастамасымен 1984 жылы қоршаған ортаны қорғау және дамыту жөніндегі Халықаралық комиссия құрылды.

Slide 8

• 1996 жылы Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы қабылданды. Бұл құжатта экологиялық қауіпсіздік "қоршаған ортаға шамадан тыс антропогендік әсер ету салдарынан, сондай-ақ дүлей апаттардың, өнеркәсіптік кездейсоқ оқиғалар мен күйреулердің зардаптарынан жеке адамдардың, қоғам мен мемлекеттің қорғалу дәрежесі" ретінде қарастырылады.

Slide 9

• 1997 жылы 15 шілдеде қабылданған: "Қоршаған ортаны қорғау туралы" ҚР Заңы табиғатты қорғау саласындағы басты заң болып табылады. Бұл заң қазіргі және болашақ ұрпақтың мүддесі үшін қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін анықтайды, сонымен қатар ол экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, адамның шаруашылық және өзге қызметінің табиғи экологиялық жүйеге зиянды әсерінің алдын алуға, биологиялық әртүрлілікті сақтау мен табиғатты тиімді пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған.

Slide 10

• 1997 жылы 15 шілдеде "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы Қазақстан Республикасынын Заңы қабылданды. Қазақстанда қорықтар мен қорықшалардысақтау бұл заңды қабылдаудың мақсаты болып табылды. Осы заңға сәйкес ерекше қорғалатын аумақтардың мынадай түрлері белгіленді: мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар, мемлекеттік табиғат ескерткіштері, мемлекеттік қорықтық аймақтар, мемлекеттік табиғи қорықшалары және т. б.

Slide 11

• 1997 жылы 18 наурызда "Экологиялық сараптама туралы" ҚР Заңы қабылданды. Бүгінгі күнде экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болмайынша қандай да бір шаруашылық қызметті жүзеге асыруға рұқсат етілмейді.

Slide 12
Ұқсас жұмыстар
Қоршаған ортаны
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ
Төтенше жағдайлар көрсеткіші 2009 - 2010 жылдар
Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар
Қалалық тіршілік ортаның ластануы
Қазақстан Республикасының азаматтарының міндеттері
Әкімшілік құқықтың субъектілері
Адамның діни сеніміне құ рмет оның таң дауына құ рмет ретінде
Азаматтық қоғамның қызметі
Табиғатты пайдалану құқығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz