Ластаушы заттарды атмосфераға тастауды бақылау




Презентация қосу
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті

Студенттің өзіндік жұмысы

Мамандығы: Стоматалогия
Дисциплина:Экология
Кафедра:жалпы Гигиена және экология
Курс: 1
Тақырыбы:Ластаушы заттарды атмосфераға тастауды бақылау

Орындаған: Сагиданова Л.С
Тексерген: Койшыгулова Г.У
Тобы:104
Бағасы:

Ақтөбе 2017 жыл
Ластаушы
заттарды
атмосфераға
тастауды
бақылау
Жоспар
Кіріспе
Ластаушылар туралы жалпы түсінік
Негізгі бөлім
А.Атмосфералық ауаны ластаушылардың
классификациясы
Ә.Атмосфералық ауаны ластайтын заттарды
бақылау
Қорытынды
Атмосфералық ауаны қорғау
Ластаушы - қоршаған ортаға әсер ету мөлшері
табиғи деңгейден жоғары субьектілер (физикалық
агент, химиялық зат, биологиялық түр). Ластану
кез-келген агентпен болуы мүмкін. Тіпті ең таза
агент те ластаушы болуы мүмкін, яғни, ластаушы
дегеніміз табиғаттың өз тепе-теңдігінен шығуына
алып келетін фактор.
Жоғарыда айтылғандай, шығу тегі бойынша
ластану табиғи және антропогенді (адамның
қатысуымен) болып келеді. Табиғи ластану -
табиғи, әдетте үлкен апаттар, зілзалалар (жанартау
атқылауы, жер сілкіну) нәтижесінде пайда болады.
Өкінішке орай, өнеркәсіптің дамуына байланысты
қоршаған ортаның ластануы антропогендік ластану
болып отыр. Оларды өз кезеғінде жергілікті және
ғаламдық деп бөлуге болады. Жергілікті ластану
өнеркәсіп аймақтарында немесе қала төңірегінде
болуы мүмкін. Ғаламдық ластану үлкен
қашықтықтарға тарап биосфералық процестерге,
Жерге әсер етеді. Антропогендік ластану адам
қатысуымен, олардын тікелей немесе жанама әсер
етуінен пайда болады.
Механикалық Физикалық
ластаушылар ластаушылар

Атмосфералық ауаны
ластаушылар

Химиялық Биологиялық
ластаушылар ластаушылар
Механикалық ластаушылар - шаң,
қоқыс. Олар органикалық отынды жақ
қанда және құрылыс материалдарын
дайындау процестері кезінде пайда
болады. Мұндай ластану кезіндегі ең
қауіптісі диаметрі 0,005 мм-ге дейінгі
бөлшектер. Көптеген аурулар ауаның
шаң болуымен байланысты: өкпе құрт
ауруы (туберкулез), кеңірдектің
аллергиялық аурулары және т.б. ауадағы
шаңның жоғары конңентрациясы
мұрынның шырышты қабығының
жұмысын нашарлатады, мұрыннан қан
кетеді.
Американдық ғалымдар халқының саны 1 млн-нан асатын қалалардағы
тұрғындарда ауаның ластануы мен тыныс алу жолдарының қатерлі ісік (рак)
ауруының жиілігі арасында тікелей байланыс бар екенін анықтады. Көз ауруы,
созылмалы коньюнктивит көбіне ауаның ластануымен байланысты. Сондай-
ақ атмосфералық ауадағы шаң Жер бетіне түсетін ультракүлгін сәулелердін
мөлшерін де азайтады.
Жасыл өсімдіктер ауадағы шаңды тазартып басқа қоспалардың әсерін
төмендетеді. Мысалы, шыршалы ағаштар ауадан 1 гектардан 32 тонна,
қарағайлар 36,4 т, шамшаттар - 68 т шаң жинайды.
Химиялық ластаушылар -
экожүйедегі концентрациясы
нормадан жоғары немесе басқа
жақтан енген заттар. Ауаның
мейлінше ластануы өнеркәсіп
қажеттілігі үшін отындарды жағу,
үйлерді жылыту, транспорттардың
жұмысы кезінде, тұрмыстық және
өндірістік қалдықтарды жағу, қайта
өңдеу кезінде байқалады.
Атмосфераны қатты ластайтын улы
заттарға: көміртегі қосылыстары
(көмір қышқыл газы, көміртегі
тотығы, альдегидтер, қышқылдар),
күкірт қосылыстары (күкіртті
ангидрид, күкірт қышқылы), азот
тотықтары (NO және N02) жатады.
Екпе ағаштар газдар үшін
Қоршаған орта өндірістік қалдықтар
механикалық бөгет және
мен автокөлік түтіндерінен
атмосфераның химиялық ластануына
ластанғанда ауыл шаруашылығы
қорғаныш бола алады. Күкірт
өнімадамдардың дерінің сапасы
оксидін жақсы жұтатын ағаштарға:
төмендеп, сол арқылы денсаулығы
терек, жөке, қайың ағаштарын
зардап шегеді. Әсіресе минералды
жатқызуға болады. Фенолдарды
тынайтқыштар мен зиянкестерге
мамыргүл, аюбадам жақсы сіңіреді.
қолданатын аестицидтер жеміс-
Сондықтан жерге түскен
жидек арқылы адам организміне
жапырақтарды өртемей, жерге көміп
нитрат ретінде түседі. Мерзімінен
тастаған дұрыс.
ерте піскен көкөністерде (қарбыз,
Орман экожүйелері ядролық
Қауын, картоп, пияз, сәбіз және т.б.
жарылыстардың зардаптарын
нитраттар көп болады. Мысалы,
төмендетуде үлкен роль атқарады.
мамыр айларында піскен
Ағаштардың қылқандары мен
көкөністерде көбіне зиянды
жапырақтары радиоактивті йодтың
заттардың шекті мөлшері 2-3 есеге
50% жинақтай алады. Орманы жоқ
артып түседі. Сондықтан ерте піскен
жерде радиоактивті тұнбалардың
көкөністерді пайдаланғанда сақ
белсенділігі 32 есе жоғары болады.
болған жөн.
Физикалық ластаушылар - Бұл
биосфераға техногендік
себептерден түсетін энергияның
артық көздері. Мысалы, жылу
(атмосфераға қызған газдардың
бөлінуі); жарық (жасанды
жарықтың әсерінен табиғи
жарықтың нашарлауы); шуыл
(шуылдың мүмкін деңгейден
артуы); электромагнитті (электр
желісі, радио, теледидар);
радиоактивті (атмосфера
радиоактивті заттардың бөлінуі);
озон бұзғыш (фреондардың
атмосфераға бөлінуі).
Қала үшін жағымсыз факторлардың бірі физикалық табиғаты
әртүрлі дыбыс тербелісінен пайда болатын шуыл. Әдетте
төменгі жиіліктегі автокөліктердің шуылы жоғары жиіліктегі
шуылға қарағанда алысқа тарайды. Зерттеулер көрсеткендей,
тіпті қысқ а уақытты шуыл организмнің барлық жүйелеріне
(әсіресе жүреқ- қан және жүйке жүйелеріне) жағымсыз әсер
етеді. Адам 30-40 дБ шуылда өзін қолайлы сезінгенімен, 120
дБ-ден жоғары шуыл орғанизмге үлкен ауыртпалық түсіреді.

Өсімдіктер шуылдан қорғауда да үлкен роль атқарады. Үй
қабырғасының жартысына дейін өсіп тұрған жүзім
өсімдігі пәтердегі шуылды екі еседей төмендетеді.
Өсімдіктердің шуылдан қорғау қасиеті өсімдіктің еніне
(габитусына), қалың болуына, құрамына, биіктігіне
байланысты. Шуылдан арнайы (бетонды, металл, әйнекті
ағашты) қондырғылар жақсы қорғайды.
Биологиялық ластаушылар -
экожүйеде бұрын болмаған немесе
мөлшері қалыпты жағдайдан аспаған
организмдер түрлері.
Микрорганизмдермен ластануды
бактериологиялық ластану деп
атайды. Әсіресе кейбір елдердің
қарулы күштерінің
лабораторияларында жасалатын
арнайы немесе кездейсоқ ауру
тудырғыш микроорганизмдердің
штаммдарымен атмосферанын
ластануы өте қауіпті.
Экожүйедегі өсімдіктер бөтен түрлермен өздері бөліп шығаратын
фитонцидтер деп аталатын арнайы заттармен күресе алады. Кейбір
фитонцид түрлері көп клеткалы организмдерге қатты әсер етіп тіпті
жәндіктерді өлтіріп те жібереді. Олар әсіресе бактериялы және
саңырауқұлақты флораға қатты әсер етеді. Емен ағашының
фитонциді қашықтан дизентерия мен паратиф қоздырғыштарын
өлтіреді. Эвкалипт ағашының жапырақтары бөлетін фитонцидтер
стрептококты, май қарағай қылқандары - дифтерия қоздырғышын,
қарағайдың қылқандары - өкпе - құрт ауруы қоздырғыштарын
өлтіреді. 1 га арша тоғайы күніне 30 кг фитонцидтер бөледі. Олар
зиянды микроорганизмдерді өлтіріп қана қоймай, шыбындарды
және басқа да жәндіктерді жолатпайды.
Атмосфера (ауа ортасы) екі
аспектілермен бағаланады:
1) климат және оның табиғи
себептерге байланысты, сондай-ақ
антропогенді (макроклимат)
әсерлерге және нақты жобаның
(микроклимат) әсерінен мүмкін
болатын өзгерістері;
2) атмосфераның ластануы.
Ең алдымен атмосфераның ластануы кешенді көрсеткіштерінің
біреуімен бағаланады: атмосфераның ластану дәрежесі,
атмосфераның ыдыратушы қабілеті және т.б. Содан соң осы ауданда
атмосфераның ластану деңгейі бағаланады.Климаттық-
метеорологиялық ерекшеліктері мен атмосфераның ластануы
жөніндегі қорытынды тұжырымдамасы ең алдымен жергілікті
Гидрометеоқызметтеріне, санитарлы-эпидемиологиялық
қызметтердің мәліметтеріне және Мемлекеттік экологиялық
комитетінің арнайы аналитикалық инспекциясына сүйенеді.
Жобаланатын обьектінің атмосферасына нақты лақтырылған
қалдықтар туралы алынған мәліметтері мен бағалары негізінде
атмосфераның, арнайы компьютерлік бағдарламаларын («Эколог»,
«Кепіл», «Эфир» және т.б.) пайдаланумен, жобалық бағалары
есептелінеді.Атмосфераның ластану дәрежесін бағалау критерийі
ластаушы заттардың шекті рауалды концентрациясы (ШРК) болып
табылады. Ауадағы ластаушы заттардың (ЛЗ) өлшенген немесе
есептелінген концентрациялары ШЖК-мен салыстырылады, және
осыған орай атмосфераның ластануы ШРК мөлшерінде өлшенеді
Атмосфера ластануының жағдайын бағалау критерийлері

Көрсеткіштер Атмосфераның экологиялық жағдайының
класстары

норма Тәуекел тоқырау Апаттылық

Ауаның 5-тен кем 5-8 8-15 15-тен
ластану артық
деңгейі (J)

Атмосфера жағдайының класстары бойынша
топтама төрт баллдық шкала негізіндегі ластану
деңгейінің классификациясымен сәйкес
орындалған;
Мұндағы:
(Н) – «норма» елдің қала аймақтары бойынша
ауаның ластану деңгейінің орташа көрсеткішінен
төмен деңгейге сәйкес келеді;
(Т) – «тәуекел» орташа деңгейге тең;
(К) – «кризис» орташа деңгейден жоғары;
(А) – «апат» жоғары деңгейден едәуір жоғары.
Әдетте зерттелінетін территорияның (қалалар, аудандар және
т.б.) алуан түрлі учаскелерінің атмосфералық ластануын
салыстыру үшін және атмосфералық ластанудың уақытша
өзгеру тенденциясын бағалау үшін қолданылады. [7].
Территорияның атмосферасының ресурсты потенциалы оның
қосылыстарды ыдырату және тарату қабілетімен, ластану
деңгейі мен ШЖК деңгейінің қатынасымен анықталады.
Атмосфераның ыдыратушы қабілетін бағалау мынадай
кешенді климаттық және метеорологиялық көрсеткіштеріне
негізделінген: атмосфераның ластану потенциалы (АЛП)
және ауаның тұтынушылық параметрі (АТП). Бұл
сипаттамаларымен атмосферадан қосылыстарды шығару
және жинауға мүмкіндік беретін, метеошарттарына тәуелді
ластану деңгейінің қалыптасу ерекшеліктерімен анықталады.
Атмосфераның күйін интегралды
бағалаудың оңтайлы компоненттерінің
жүйесі мыналарды қамтиды:
· санитарлы-гигиеналық тұрғысынан
ластану деңгейін бағалау;
· атмосфераның ресурстық потенциалын
бағалау;
· белгілі бір ортаға әсердің дәрежесін
бағалау;
· табиғи техникалық жүйелерді
антропогенді дамыту процестерінің
тенденциясы мен интенсивтілігі;
· антропогенді әсердің ықтималды теріс
салдарларының кеңістікті және уақытша
масштабтарын анықтау.
Атмосфералық ауаның тазалығын
қорғау мәселесінде 2 маңызды
аспектіні бөліп көрсетуге болады:

1.гигиеналық– адамдардың
денсаулығы үшін ауаның қалыпты
құрамын сақтау

2.экономикалық – өндірілген
шикізат пен оның өндірістік
өнімдерін қайта өңдеу және
пайдалану процесінде ауаға ұшып
жатқан пайдалы компоненттерді
жоғалтудың алдын алу.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1.https://kk.wikipedia.org/.
2. http://bigox.kz/

Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның қорықтары. Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерді қорғау. Қоршаған ортаны қорғау және алдын алу жолдары. Ластауыш заттарды атмосфераға тастауды бақылау
Агроклиматтық ресурстар
Атмосфералық ауаның ластануының гигиеналық маңызы
Топырақты ластаушы көздер
Жоғарғы атмосфераның антропогендік ластануы
Жел эрозиясы
Алматы қаласының экологиялық жағдайына ҚОӘБ
Атмосфералық ауаны зерттеу әдістері
Атмосфералық ауаны қорғау
Көміртек оксид азот оксид азот оксид
Пәндер