Адам экологиялық генетикасы: қоршаған орта факторларының генетикалық әсері мен клиникалық маңызы


Slide 1

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан

Мемлекеттік медицина университеті

Тақырыбы:Экологиялық генетика

Орындаған: Жылқыбеков Ж,

Бердігожина А

101 “А Б”

Тексерген: Салмағанбетова Г

Slide 2

Жоспары

І. Кіріспе

ІІ. Факторлардың экогенетикалық әсері

Сыртқы орта факторларының адам ағзасына әсері

Атмосфераның ластануы

Тамақтар және тамаққа қосатын заттар

Физикалық фкторлар

ІІІ. Қорытынды

Slide 3

Адамның экологиялық генетикасы - мекен орта факторларының тұқым қуалаушылыққа тигізетін әсерлерін зерттейді. Орта факторлары генотип құрылымына және қызметіне екі түрлі әсер етуі мүмкін: 1. арнайы факторлар

2. даралардың және популяциялардың генетикалық материалдарының өзгеруі

Slide 4

Адам ағзасына күнделікті енетін заттар - ас- су құрамындағы әртүрлі заттар, дәрі-дәрмектер, түтіндер, шаң-тозаңдар және ауа құрамындағы түрліше газдар, тіпті күн сәулесі- метаболизм ферменттерінің қатысуымен жасушаларда .

Биотрансформация- 700-ге жуық реакциялардан тұратын өте күрделі үдеріс. Оның 3 фазасын ажыратады.

Slide 5

Биотрансформация фазалары

Ағзаға енген экзогендік молекулалар цитохром 450 қатысуымен, монооксигенация реакциясы нәтижесінде активтенеді. Осының нәтижесінде көптеген аралық улы заттар түзіледі.

1-інші фазада түзілген аралық улы заттар залалсызданады.

Метаболизм өнімдерінің ағзадан шығарылуы (элиминация) . Бұл фаза негізінен шығару гендерінің-МДR қатысуымен жүзеге асады.

Slide 6

Атмосфераның ластануы

Атмосфераның ластануы салдарынан ағзаның реакциясын тудыратын мутациялардың бірі- α 1- антитрипсиннің жетіспеушілігі болып табылады. Оны протеиназ ингибиторы деп те атайды. Қалыпты жағдайда оның концентрациясы екі қабат әйелдерде және қабыну кезінде жоғарылайды. Осы ақуыздың генетикалық нұсқалары көптеген популяцияларда байқалған. Оның жетіспеушілігі Z аллелі арқылы анықталады.

Slide 7

Тамаққа қосатын заттар

Генетикалық сезімтал адамдарда кейбір тамақ түрлері қолайсыз реакцияларды тудыруы мүмкін. Мысалы, лактозаны көтере алмау. Осындай кемістігі бар адамдарда сүт және сүт өнімдерін пайдаланғаннан кейін асқорыту жолының “дискомфорты” және іштің өтуі байқалады. Бұл кемістіктің себебі-ішекте лактозаны ыдырататын ферменттің синтезделмеуі не жетіспеушілігі болып саналады. Осының нәтижесінде шіріту микрофлорасынң көбеюіне қолайлы жағдай туады. Ол шығыс халықтарында кең таралған (95-100%)

Slide 8

Физикалық факторлар

Адамдардың суыққа, ыстыққа және күн сәулесіне әсерлеріне сезімталдығы түрліше болады. Әсіресе әртүрлі нәсіл өкілдерінің реакциясы түрліше болып келеді. Мысалы, негрлер кавказ нәсілдеріне қарағанда суыққа өте сезімтал келеді. Мұны оларда жылуды өткізу және қан тамырларының кеңею деңгейлері түрліше болуымен түсіндіреді . Ультракүлгін сәуленің әсерлеріне адамдардың жекелей және нәсілдік реакцияларының ерекшеліктері анықталған. Оған мысал ретінде - пигменттік ксеродерма ауруының дамуын келтіруге болады. Бұл ауру аутосомды - рецессивті жолмен тұқым қуалайды.

Slide 9

Болашақта адамдардың денсаулығын сақтауда адам экогенетикасының маңызы еселеп өсетіні сөзсіз, себебі, предиктивтік медицина - адам экогенетикасы тұжырымына сәйкес әрбір дараларда байқалатын биохимиялық полиморфизмнің патологиялық экогенетикалық әсерлерінің алдын алу, қалыпты тіршілік ету үшін ең қолайлы жағдайларды қалыптастыруға бағытталады.


Ұқсас жұмыстар
Адамның экологиялық генетикасы: сыртқы орта факторларының генетикалық өзгерістерге және денсаулыққа әсері
Мультифакторлық аурулардың генетикасы: генетикалық, эпигенетикалық және экологиялық факторлар
Семей ядролық полигонының радиациялық әсері: қоршаған орта мен адам денсаулығына экологиялық-медициналық бағалау
Жер бетіндегі топырақтардың таралу заңдылықтары және қоршаған ортаның экологиялық факторларының әсері
Пестицидтер: қолданылуы, қоршаған орта мен адам денсаулығына әсері және ыдырау механизмдері
Адам хромосомасының генетикалық картасы, хроматин құрылымы және жыныс генетикасы
Қоршаған ортаның физикалық, химиялық және биологиялық ластануы: экологиялық-генетикалық салдарлары
Қазақстандағы қоршаған ортаның ластануы және оның генетикалық ауруларға әсері
AKCESS компьютерлік компаниясының нарықтық және қоршаған орта факторларының кешенді талдауы
Қоршаған ортаның антропогенді физикалық факторлары мен адам денсаулығына әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz