Б.Момышұлының публицистикасы мен әңгімелері: мақал-мәтелдер мен афоризмдердің әдеби-танымдық талдауы


Slide 1

Б. Момышұлының публицистикасы мен әңгімелері, мақ ал-мәтелдері мен афоризмдері

Жайбергенова Меруерт Филология 3-курс

Slide 2

Б. Момышұлының әңгімелері

«Ағасы бардың жағасы бар» - Әңгімесі

«Адам қайраты» - Әңгімелер жинағы

Алатаудың сұңқары - Әңгімесі

Ана әмірі» - Қысқа әңгіме

«Ана дүниеден телеграмма келіпті» - Қысқа әңгіме

«Анаштың әңгімесі» - Әңгімесі

Әзімханның әңгімелері» - Әңгімелері,

«Біздің қожалар» - Қысқа әңгімелер

«Біз үн қатпадық» - Әңгімесі

«Бір кештің сабағы» - Қысқа әңгіме

«Бір түннің оқиғасы» - Әңгімесі

«Грицконың сағаты» - Әңгімесі

«Ғайса Сармурзин» - Әңгіме

«Дағдарыс» - Қысқа әңгіме

«Ежовтың шеңгелі» - Әңгімесі

Slide 3

Олар менің есімде

- Дұшпан сырын айтпайды. Бірақ та тамырын ұстап, сырын білу - командирдің негізгі міндеті. Шахмат ойнай білмейтін командир - командир емес . . . Шахматты ойнай білу үшін терең ой керек . . . Мен бүйтсем, бұл қайтер екен деп ойламаған ойыншы, ойыншы емес . . . Түбін ойлап ойнау керек шахматты. Шырақтарым, соғыс та шахматтың бір түрі . . . Ойламаған командир соғыста опырылады . . . Өз обалы өзіне, бірақ та соның қарамағындағылар қырылады . . . Командирдің бір оқыс ойы халқымызға қымбат түседі. Өмір жағынан қымбат түседі . . . Сол себепті біздің маңдайалды міндетіміз: ел десе еңіреген ерлерді қан майдан да орынды жеріне жұмсай білу . . . Сол себепті командирдің міндеті - ауыр міндет. Осыған түсінулеріңізді сұраймын . . .

Slide 4

Байғұс Полковник

Мен өз қолыма ақша ұстамайтын жанның бірімін. Тапқан-таянғанымды әкелген бойда жұбайымның алдына тастай салам. - Сабыр етші, мына ақшаларды есептеп, қалай жаратуды ақылдасып алайықшы . . . - Балалар сенікі, бай сенікі, үй сенікі . . . басымды қатырма, маған десең өртеп жібер! - Әйел үй қожасы, одан басқа ешкім біздің семьяда ақша ұстамайды. - Мама -у нассамый главный человек, - дейді кенже қызым. - Дұрыс айтасың, балам, - деп мен оны қостап қоямын. Москваны көрсін деп биыл жазда балаларды алып бардық. Кремль, МГУ, Третьяков галереясында болып, астананың тағы басқа да мақтаулы орындарын аралап, балалар бір жасап қалды. Мақпал -сәби, Шапулька болса бойжеткен қыз бала. Бір күні кешке Кремльдің Съездер Сарайына театрға билет алып келдім. - Кішкентаймен екеуің үйде қаласыңдар, біз Шапулька екеуміз барамыз, - деді жұбайым маған. - Мен неге бармаймын, - деп шатақ шығарды Мақпал. - Жаным-ау, ол жерге сәбилер мен шалдарды жібермейді екен, мен шалмын, сен әлі баласың, екеуміз үйде қалатын болдық. Мақпал басқа түскен шарасыздыққа көнгендей боп, бұрышқа барып мұңайып отырған-ды. Мен аяп кетіп қасына барып, басынан сипаған соң, кішкентай қызым: - Байғұс полковник, - деп мені аяғандай болмасы бар емес пе. -Бар ақша мамамда. Ол бізге ақша да бермейді, Кремльге де жібермейді. Мен рахаттана қарқылдап күліп, кішкентай қызымды көтеріп ап, бетінен сүйдім; ол мені аймалап: - Байғұс полков-ник! . . . - деп күрсінді.

Slide 5

Бауыржан Момышұлының қанатты сөздері

Әділдікті мойындау - адал кісінің ісі.

Опасыздық - ойсыздық.

Қуыс кеуде болғаннан артық қорқыныш та, қорлық та жоқ.

Бақаның бағынан сұңқардың соры артық.

Намысты нанға сатпа.

Қарабет болып қашқанша -

қайрат көрсетіп өлген артық.

Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу - сатқындық.

Именіп жүріп көрген игіліктен - қарсыласып жүріп көрген бейнет артық.

Slide 6

Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше - шындықтың уын ішін өлген артық.

* Ерлік - елдің қасиеті, жүректілік - жігіттің қасиеті.

* Ешкім іштен батыр болып тумайды: батырлық та, мінез секілді өскен орта, көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады.

* Батырлық тәуекел мен ақылдың есебінен шығуға тиіс. Тәуекел кейде ақылды да ақтап алады. Ал ақылсыз тәуекелді ештеңе де ақтап ала алмайды.

* Ата-ана қадірін білмеген - ел қадірін біле алмас, Ел қадірін білмеген - ата-ана қадірін біле алмас.

* Дүниеде баланың у-шуына жетер не бар?! Одан асқан сазды әуен ойлап табу мүмкін емес.

* Тіл - ұлт қасиетін айқындайтын белгі, ұлттық салт-сана өзегі.

* Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған ана тілімізді ұмыту - бүкіл ата-бабамызды, бар тарихымызды ұмыту.


Ұқсас жұмыстар
Мақал-мәтелдер: анықтама, ерекшеліктері және сабақ жоспары
Мақал-мәтелдер мен мысалдарды оқытудың әдістемелік және тәрбиелік ерекшеліктері
6 А және 6 Б сыныптары арасындағы математикалық турнир: есептер, логикалық тапсырмалар және мақал-мәтелдер
Мақал-мәтелдер мен жұмбақтардың халық педагогикасындағы тарихы және этнопедагогикалық рөлі
Мақал-мәтелдер - халық даналығы: жарыс сабақ жоспары
Ана туралы даналық: мақал-мәтелдер мен ой-пікірлер
Бүркітшілік және аңшылық фольклоры: мақал-мәтелдер, терминдер мен Абай мұрасы
Ахмет Байтұрсыновтың Өгіз бен бақа мысалы: сабақ жоспары мен әдеби-танымдық талдауы
Мақал-мәтелдер бойынша сабақ жоспары және сыныптық сайыс
Бастауыш сынып сабақ жоспары: Таза бұлақ - әдеби мұра, мақал-мәтелдер және топтық тапсырмалар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz