Кәсіпкерлік қызмет туралы заңдарды бұзғаны үшін заңдық жауапкершіліктің өзгешелігі мынада




Презентация қосу
КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТ
САЛАСЫНДАҒЫ
ЖАУАПКЕРШІЛІК

Орындаған: Жайбергенова Меруерт
Заң әдебиетінде экономикалык жауапкершілік дегеннің түсінігі
мен маңызын айқындау үшін әлденеше рет әрекет жасалған.
Шаруашылық (кәсіпкерлік) құқық теориясында
«экономикалық жауапкершілік», біріншіден, әрбір
өндірушінін коғам алдындағы халықшаруашылық
қажеттіліктерді қанағаттандыру және мемлекет берген
ресурстарды пайдалану тиімділігін қамтамасыз ету
жауапкершілігі деп (өндірушілік және жеке қажеттіліктерді
қанағаттандыруды жоспарлы бағалау жүйесі, ресурстарды
пайдалану тиімділігі нормативтерін және соларға
байланысты шаруашылық есеп және ондіруші арқылы іске
асырылады); екіншіден, өндірушілердін тапсырыстар мен
шаруашылық шарттарына, онім беру жоспарларына,
деңгсйлес экономикалық байланыстар жүйесіне негізделген,
соның өнімдері мен қызметтерін тікелей түтынатындар
алдындағы жауапкершілігі деп үғынылады. 1
Сонымен бірге «экономикалық жауапкершілік» түсінігі элеуметтік
жауапкершіліктің жиынтық ұғымы ретінде «заңдық жауаптылық» деген ұғымды
түншықтырмауға тиіс, оның үстіне «ықпал студің экономикалық шаралары»
түсінігі «ықпал етудің құқықтық (заңдық) шаралары» деген ұғымды ауыстыра,
яғни соның орнына жүре алмайды, сол себепті «шаруашылық-құқықтық» нсмесе
«кэсіпкерлік-кұқыктық» жауапкершілік туралы айтқанда, кэсіпкерлік кызмет
туралы заң нормаларын бұзғаны үшін көтеретін заңдық жауаптылықты сипаттау
негізділеу болып табылады.
Заңдық жауаптылықтың аталған түрі бүгінгі таңда заңдық жауапкершіліктің
азаматтык-құкықтық, материалдық, тэртіптік, экім-шіліктік жэне қылмыстық
жауаптылық сияқты классикалык түрлер деп танылған салалық түрлеріне
жатпайды. Алайда жауапкершіліктің бұл түрлері қолданыстағы заңдарды
бұзушыларға ықпал етудің барлық тэсілдерін түгслдей қамти алмайды.
Сонымен бірге, сөз жок, жауапкер-шілік түрлерін салалық белгісі бойынша бөлу,
шын мәнінде, құқықтың салалық құрылымына сай келмейді (жауапкершілік
түрлерінен гөрі, құқық салалары көбірек; материалдық жэне тәртіптік
жауаптылық кұқықтың бір саласы - еңбек кұқығына тэн; заңдық жауаптылықтың
сол бір-ақ түрі құқықтың әртүрлі салалары нормаларының бұзылғаны үшін
қолданыла береді). Енді, ақыр соңында, жауапкершіліктің түрлерін салалық
бөлудің дэстүрлі болуына ыкпал еткен негізгі себептердің бірі кұкықтың іргелі
(негізгі) салалары деп танылған азаматтық, экімшіліктік және қылмыстық
құқықты орасан үлкен жоспармен эзірлеу және зерттеу болып шыкты.
Кәсіпкерлік қызмет туралы заңдарды бұзғаны үшін заңдық
жауапкершіліктің өзгешелігі мынада: Жеке кэсіпкерлік туралы заң
мемлекеттік бақылау, лицензиялау жэне тіркеу әрекеттерін іске
асыру барысындағы мемлекеттік органдардың жэне олардың
лауазымды тұлғаларының жауапкершіліктерінің жалпы ережелері
мен түрлерін («Жеке кэсіпкерлік туралы» Заңның 9-тарауы), жеке
кэсіпкерлік субъектілерінің жауапкершілігін («Жеке кәсіпкерлік
туралы» Заңның 10-тарауы), сонымен қатар жеке кэсіпкердің
жауапкершілігін («Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңның 7-бабы)
белгілейді. Ал заң шығарушының қабылдаған тэртібіне сәйкес, заң
актілерінде заң бұзушылықтың нақты түрлерін және солар
бойынша жауапкершілік шараларын карасты-ратын нормалар жок,
себебі бұл нормалар азаматтық-құқықтық, тэртіптік, материалдық-
экімшілік-құқықтық және қылмыстық кұқықтық жауапкершіліктің
қолданылу негіздемелері мен тэртібін белгілейтін арнайы актілерге
(тиісінше, КР АК, Еңбек кодексіне, Әкімшілік құқық бұзушылық
кодексіне жэне Қылмыстық кодекске) енгізілген.
Заңдық жауапкершіліктің арнайы (мамандандырылған) түрі ретіндегі
кәсіпкерлік-кұқықтық жауапкершілік сонымен мынадай: мемлекеттік
мәжбүрлеу шараларын қолдану, заң бұзушының эрекетін заңсыз деп
тану жэне ол үшін қолайсыз зардаптардың пайда болуы сияқты ортақ
белгілерге ие болады.
Кәсіпкерлік-құқықтық жауапкергиіліктің ерекшеліктерінің қатарына
төмендегілерді жаткызуға болады:
оның субъектілері болып тек кәсіпкер мәртебесі бар тұлғалар (яғни
кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жэне заңмен белгіленген тэртіпте
тіркелген тұлғалар) саналады;
ол, негізінен, әкімшілік-құкықтық тәртіпте (мысалы, кәсіпкер-дің
лицензиясының қызметін тоқтату немесе қайтарып алу түрінде)
болады;
жеке кәсіпкерлік туралы, бәсекелестік туралы және т.б. арнайы заң
нормаларын бұзғаны үшін қолданылады;
4) соған арнайы өкілетті мемлекеттік органдар (мысалы, лицензия
беруші орган) аркылы жүктеледі.
2. Кәсіпкерлік қызмет туралы заңды бұзғаны үшін заңдык
жауаптылык түрлері және олардың сипаттамалары
Заңдык жауаптылықты салалық және мамандандырылған
(өзіндік) деп бөлумен қатар, заңдық жауаптылық түрлерін
жіктеудің басқа да тәсілдері бар. Атап айтқанда, мынадай:
қолданудыц негізгі мақсаттары бойынша - жазалау және өтеу
(айыппүл салу) жауаптылығы; санкциялардың қолданылу
тәртібі бойынша сот және әкімшілік жауаптылық; құқық
бұзу субъектісі бойынша - құқық субъектілерінің жеке және
ұжымдық жауаптылығы; құқық бұзушының кінәсінің бар
екендігіне немесе жоқ болуына байланысты - кінәлі немесе
кінәсіз жауаптылық . Қорыта айтқанда, заңдық жауап-
тылықтың көрсетілген түрлерін қосалкы (қосымша) деп
сипаттауға болады. Оның үстіне басты (негізгі) деп заңдық
жауаптылықтың салалык жэне мамандандырылған түрлерін
тану кажет.
Жеке кәсіпкерлік туралы заңда жауапкершіліктің екі түрі
айрықша көзделген: I) мемлекеттік бақылау, лицензиялау
және тіркеу әрекеттерін іске асыру барысындағы
мемлекеттік органдардыц және олардыц лауазымды
тұлгаларыныц жауапкершілігі; жеке кэсіпкерлік
субъектілерініц (оның ішінде жеке кэсіпкердің)
жауапкершілігі.
Мемлекеттік органдар жэне олардыц лауазымды
тұлгалары мемлекеттік бақылау, лицензиялау және тіркеу
эрекеттерін іске асыру барысында мемлекеттік басқару
мақсаттарына жете алмауға соктырған, сонымен бірге
басқадай заңға қарсы эрекеттер (эрекетсіздік) істеген
жағдайда, оздерінің қызметтік міндеттерін орындамағаны
немесе канагаттанғысыз дәрежеде орындағаны үшін ҚР
заңдары белгілеген жауапкершілік көтереді
Жеке кәсіпкердіц жауапкершілігі туралы айтқанда, «Жеке кәсіп-
керлік туралы» Заңның 7-бабы, 7-тармағына сэйкес, жеке
кэсіпкерлер өз міндеттемелері бойынша, ҚР заңына сэйкес өндіріп
алу колданыл-майтын мүліктен баска, өзінің бар мүлкімен жауапты
болатынын атап кеткен жөн.
Жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыру барысында жеке кэсіггкер меншік
кұкымен өзіне тиесілі бар мүлкімен, оның ішінде ерлі-
зайыптылардың ортак меншігіндегі үлесімен де жауапты болады.
Жеке тұлға жеке кәсіпкерлік жүргізу үшін ерлі-зайыптылардың
ортақ мүлкін пайда-ланған жағдайда, оның борыштары бойынша
өндіріп алу ерлі-зайыптылардың ортак мүлкіне де қатысты
жүргізілуі мүмкін. Ерлі-зайыптылардың жеке кэсіпкер болып
табылмайтын біреуінің мүлкі жеке кэсіпкерлікпен айналысатын
екіншісінің борыштары бойынша өндіріп алу заты бола алмайды.
Ерлі-зайыптылардың кэсіпкерлігі орын алған жағдайда - әңгіме
баска: ондай кезде кэсіпкерлікті жүзеге асыруға байланысты ерлі-
зайыптылардың борыштары бойынша өндіріп алу олардың қайсы-
сының іскерлік қызмет атқаратынына байланыссыз жүргізіледі.
Сөйтіп, жеке кэсіпкерлік туралы заңды бұзғаны үшін жауап-
кершіліктің үш түрі карастырылған: азаматтык-кұкықтық,
экімшілік-қүқықтық және қылмыстық-құкыктық. Бірак
жоғарыда айтылғандай, заңдық жауаптылықтың негізгі
(салалык) түрі бесеу, сол себепті бұдан ары қарай олардын
әрқайсысы кәсіпкерлік қызметке қатысты колданылуына
байланысты қаралатын болады.
Кэсіпкерлік қызметтің тиімділігіне тікелей ең көп ықпал
ететін заңдык жауапкершілік түрлерінің қатарына азамагтык-
құкықтық жауапкершілік жатады. Азаматтық-қүқыктық
жауапкершілік төменде-гідей белгілердің болуымен
сипатталады: 1) азаматтық-құкықтык жауапкершілік - бұл
мемлекеттік мәжбүрлеу шараларының бірі; 2) азаматтық-
кұқыктык жауапкершілік өтем немесе қалпына келтіру
сипатында болады; 3) азаматтық-кұқыктық жауапкершілік
азаматтык кұқықтардың немесе міндеттердің бұзылуына жол
берген адамға тиімсіз мүліктік зардаптар жүктеуден көрінеді.
Азаматтық-құкықтық жауапкершілік пен
материалдык жауаптылықтың белгілі бір ұқсастығына
қарамастан, бұл - заңдық жауап-кершіліктің және
құқықтың (азаматтық және еңбек) әртүрлі салалары
институттарының өз алдына бөлек түрлері. Заңдық
жауапкершіліктің әдебиетте бөлініп көрсетілген осы
түрлері арасындағы дәстүрлі айырмашылықтардан басқа,
мынандай өзгешеліктерін де атауға болады: азаматтык-
құқықтық жауапкершілік нақты зиян мен жіберіп алған
пайданы өтеуді болжаса, ал материалдық жауаптылық
тікелей іс жүзіндегі (нақты) залалдың өлшемдерімен
шектеледі; материалдық жауаптылықтан айырмашылығы
- азаматтык-кұқықтық жауапкершілік моральдық зиянды
өтеуді де көздейді.
Сонымен, азаматтық-құқыктық жауапкершілік зиянды толык өтеу
ұстанымына негізделген, ал материалдық жауаптылық шектеулі де болуы
мүмкін. Атап айтқанда, 2007 ж. мамырдың 15-індегі № 251-III ҚРЗ ҚР
Еңбек кодексінің 167-бабына сэйкес, жұмыс берушіге келтірілген
толык көлемдегі залал үшін материалдык жауаптылык жұмыскерге
мынандай жағдайларда жүктеледі:
өзіне толық материалдық жауаптылық қабылдайтыны туралы жазбаша
шарт негізінде жұмыскерге берілген мүлік және басқадай құндылықтардың
сақталуын қамтамасыз етпегенде;
жұмыскер біржолғы талон бойынша есептеме беруте алған мүлік пен басқа
да құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етпегенде;
ішімдік, есірткі немесе уландырғыш (соларға үқсас) заттар әсерінен залал
келтіргенде;
материалдардың, жартылай дайын заттардың, бүйымдардың (өнімнің),
сонымен қатар саймандардың, өлшеу құралдарының, арнайы киім-кешектің
және жұмыс берушінің жүмыскерге пайдалануға берген басқадай
заттарының кем шығуы, қасақана жойылуы немесе қасақана бүлінуі кезінде;
жұмыскердің ҚР заңдары белгілеген тәртіпте расталған заңсыз
әрекеттерінен залал келгенде.
Тәртіптік жауапкершілік тәртіптік теріс әрекет жасау дегенді
білдіреді. Аталган жагдайда тәртіптік теріс әрекет болып
жұмыскерлердің (жүмысшылардың немесе қызметкерлердің)
өздерінің жер қойнауын ұтымды және жан-жақты
пайдалануды, сонымен қатар оларды қорғауды қамтамасыз
етуге байланысты еңбек міндеттерін орындамағаны немесе
қанагаттангысыз дәре-жеде орындаганы танылады.
Еңбек кодексіне сәйкес жұмыскердің тәртіптік теріс әрекет
жасағаны үшін, жұмыс беруші тәртіптік жазаның
төмендегідей: 1) ескерту жасау; 2) сөгіс беру; 4) қатаң сөгіс
беру; 5) Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс берушінің
бастамасымен еңбек шартын бұзу сияқты түрлерін қолдануға
құқылы. Еңбек кодексінде және ҚР басқадай заңдарьнда
көзделмеген тәртіптік жазалардың қолданылуына жол
берілмейді.
Кәсіпкерлік қызметті жүзсге асыру барысында жасалатын экімшілік кұқық
бұзушылыктар катарына сонымен бірге келесідей кұкық бұзушылықтарды
жатқызуға болады: меншікке қол сұғатын әкімшілік құкық бұзушылық (ҚР
ӘҚБК 13-тарауының 118-136-баптары); сауда жэне каржы саласындағы
әкімшілік құкық бұзушылық (ҚР ӘҚБК 15-тарауының 159-204-баптары); салық
салу саласындағы әкімшілік кұкық бұзушылық (ҚР ӘКБК 16-тарауының 205-
219-баптары); өнеркэсіп, жылу, электр энергиясын пайдалану саласындағы
әкімшілік кұқық бұзушылық (ҚР ӘҚБК 17-тарауының 220-230-баптары);
сэулет-кұрылыс қызмсті саласындағы әкімшілік құқык бұзушылык (ҚР ӘКБК
18-тарауының 231-239-баптары); қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды
пайдалану саласындағы әкімшілік кұқық бұзушылық (КР ӘҚБК 1-
тарауының 240-306-1-баптары);
карантиндік ережелер мен астык нарығы және астыкты сақтау, тұқым
шаруашылығы жэне мал дәрігерлік қадағалауда экімшілік құкық бұзушылык
(ҚР ӘҚБК 20-тарауының 307-311-баптары); коғамдық кауіпсіздікке жэне
халыктың денсаулығына қол сұғатын әкімшілік кұкық бұзушылык (ҚР ӘҚБК
21-тарауының 312-328-1-баптары); кеден істері саласындағы экімшілік кұкық
бұзушылық (ҚР ӘҚБК 26-та-рауының 400-438-баптары); колікте, жол
шаруашылығында жэне байланыста экімшілік кұқық бұзушылық (ҚР ӘҚБК 27-
тарауының 439-501-баптары) және баскалары.

Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлердің әкімшілік жауапкершілігі
Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық
КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ЗАҢДЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің жауапкершілігі
Қылмыстық жауапкершілік
Кәсіпкерлік қызметтің заңдылығы
Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін құқықтық жауапкершілік
Әкімшілік жауапкершілік
Әкімшілік жауапкершілік және әкімшілік құқық бұзушылық
Экологиялық құқық туралы
Пәндер