Александр Бектің Арпалыс романы және Бауыржан Момышұлының қаһармандық бейнесі


Slide 1

Бауыржантану. Александр Бектің «Арпалыс» («Волоколамск тас жолы») романы

Жайбергенова Меруерт 3-курс Филология

Slide 2

Александр Альфредович Бек

Александр Альфредович Бек (3. 1. 1903, Ресей, Саратов қ. - 2. 11. 1972, Мәскеу) - орыс жазушысы. Азамат соғысына және Ұлы Отан соғысына қатысқан. Бектің алғашқы очерктері дивизиялық газетке басылды (1919) . Тұңғыш көркем шығармаларының бірі - «Курако» повесі 1934 ж. жарық көрді. Кейін «Бір түннің оқиғасы» (1936), «Влас Лесовик» (1939) повестері, «Жас адамдар» (1956), «Жаңа қызмет» (1987) романдары жарык көрген. Бектің таңдаұлы шығармасы - «Волоколамск тас жолы» (1944) Ұлы Отан соғысының ең ауыр кезеңін, 1941 ж. Мәскеуді қорғаушылардың қаһармандык ерлігін шынайы баяндайды. Шығарманың басты кейіпкері - қазақ халқының даңқты ұлы, сол кездегі батальон командирі, аға лейтенант Бауыржан Момышұлы. Оның ұлттық мінезі мен қаһармандық іс-әрекеті шығармада терең ашылып, көркем шешімін тапқан. Шығарма қазақ тіліне «Арпалыс» деген атпен басылып шықты (1948, 1959, 1977; ауданы Қ. Сағындықов) . Ағылшын, француз, неміс, араб, италия, испан, еврей, грек, португал, финн (суоми) тілдеріне аударылып, әлемнің түпкір-түпкіріне кең танылған.

Slide 3

«Арпалыс» А. Бек

Александр Бектің «Волоколамское шоссе» (қазақшаға «Арпалыс» деп аударылған) романыны. Ұлы Отан соғысындағы басты шайқастың тарихы, жаны алқымға тірелген жауынгердің жан дүниесінің, күйзелісінің соққы берер жұдырыққа айналуының жыр-дастаны, масайраған арам пиғылды жауызды жер жастандырып, жаншудың шынайы көрінісі, қайғы- қасіретті қажыр мен жігерге жеңдіру - жеңіске апарар сара жолдың басты кепілі екендігіне көз жеткізген туынды. Бұл романды осы деңгейге жеткізіп тұрған, әрине, оның басты кейіпкері - Бауыржан Момышұлы.

Slide 4

«Арпалыс» А. Бек

Арпалыс - Александр Бектің қаһармандық рухтағы шығармаларының бірі. Роман-диалог Ұлы Отан соғысының 1943-1944 жылдары жеке кітап болып жарыққа шықты.

Slide 5

Қысқаша мазмұны

Бұл шығармада Ұлы Отан соғысының даңқты каһарманы, гвардия палковнигі Бауыржан Момышұлының азаматтық, ерлік тұлғасын мүсінделеді. Баукеңнің сонау балауса жастық шағынан бері, Совет Армиясының үздік мектебінде шыңдалу кезіңіне, Ұлы Отан соғысының отты жылдарынан бастап күні бүгінге дейінгі ұлағатты өмір жолын шынайы фактілер аясында қызғылықты баяндайды.

Slide 6

Шығарманың басты кейіпкері

Бауыржан - Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик. Шығармада Бауыржан өзі айтқанынан қайтпайтын, тәкаппар, өр мінезді кісі болғанынын көрсетеді. Жас кезінен бастап әкесінің сөздерін жадында сақтап өскен адам. Өлсе де өтірік айтпайтын, жамандық ойламайтын ақ жүректі кісі болған.

1928-1930 жылдары бастауыш мектепте ұстаздық етеді. Біраз уақыт аудандық атқару комитетінің жауапты хатшысы ретінде қызмет атқарады. Аудандық милицияда 6 айдай жұмыс істейді. 1932 - 1934 жылдар аралығында Қызыл Армия қатарына қызмет етеді. 1933 жылы полк мектебін бітіреді.

Slide 7

Назарыңызға Рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Бауыржан Момышұлының өмірбаяны мен өсиеттері
Бауыржан Момышұлының өмірі, әскери қызметі және шығармашылығы
Бауыржан Момышұлының өмірі мен шығармашылығы: бала Бауыржаннан батырға дейін
Бауыржан Момышұлының Ұшқан ұя повесінің жанрлық ерекшеліктері мен ұлттық-этнографиялық сипаты
Бауыржан Момышұлы: батырлық бейнесі, соғыс тактикасы және әскери-педагогикалық мұра
Бауыржан Момышұлының Қарлығаштың құйрығы неге айыр? ертегісіне арналған оқу-әдістемелік жоспар
Бауыржан Момышұлы: соғыс қаһарманы, жазушы және Халық қаһарманы
Бауыржан Момышұлы шығармаларындағы нақыл сөздер мен олардың ұлттық тәрбиедегі рөлі
Бауыржан Момышұлы: өмірі, ерлігі және әдеби мұрасы
Бауыржан Момышұлы (1910-1982): өмірбаяны, әскери қызметі және шығармашылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz