Қазақстанның Қызыл кітапқа енген өсімдіктер




Презентация қосу
Қазақстанның Қызыл кітапқа енген
өсімдіктер
Шренк тобылғытүс (раушангүлдер
тұқымдасы)
• Қазақстан шөлдеріндегі ерекше бұта. Қазақстанда бұл түрлердің еш жерде жабайы түрде
кездеспейді. Біздің республикамыздағы ежелгі өсімдіктердің бірі, жасы 30 миллион жылдан кем
емес, ол құрғақ сирек ормандарда және бұталы ормандарда кездеседі. Бетпақдала және Қаратау
тауларында (Жамбыл, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан) облыстарында кездеседі. Бетпақдала
шөлінде тасты топырақтарда, тақырлардың шетінде тобылғытүс онша биік емес, ұзындығы 2,5 м,
шашырай өскен бұтақтардан құралған, қалың діңі бар, сұрғылт сары қабықты, жапырақтары
жіңішке таспа тәрізді, қауырсынды, 15-80 дейінгі жұптасқан ұсақ, жуандау бөліктерге бөлінген.
Гүлшоғыры сопақша, сирек сыпыртқы. Жылдық өркендердің ұшында жетіледі. Гүлдері ақ, немесе
бозғылт күлгін, хош иісті, ұзақ уақыт түспейтін 5 желектері және 20-25 аталығы бар. Гүлдеу
мерзімі маусымда 20 күннің ішінде жүреді, жемісі тамызда піседі. Вегетативті түрде көбеймейді,
тек тұқыммен ғана көбейеді. Тұқымдары 10-15 жылда ғана гүлдейді. 40-50 жылдан кейін ғана
мықты жетіледі. Тобылғытүстің жалпы тіршілік ұзақтығы 100 жылдан асады. Өрттен кейін
тобылғытүс жер асты өркендерінің есебінен өсіп жетілуі мүмкін. Мұндай жағдайда бірінші жылы
ұзын өркендер өсіп шығады, ал екінші жылы гүлдеуі мүмкін, бірақ тұқым бермейді. Шренк
тобылғытүсі ерекше өте тартымды, құрғаққа төзімді өсімдік. Тамыры 3,5 м тереңдікке кетеді.
Жалпы ұзындығы 5 м-ден кем емес. Бұл Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
Алтай сибиркасы (раушангүлділер
тұқымдасы)
• Ерекше бұта, Алтай эндемигі, Қазақстанның аумағында таралған. Бір түбінің
биіктігі 1,5 м-дей болады, кең жайылып бұтақтанған. Бұтақтары барынша
жуан, қызғылт-қоңыр қабығымен және күңгірттеу жасыл түсті
жапырақтарымен жақсы ерекшеленеді. Гүлдері дара жынысты, бөлектенген
шашақ тәрізді, сыпыртқы гүлшоғырына жиналған. Тостағанша
жапырақшалары және желектері, барлық раушан гүлдердікіне ұқсас.
Тостағаншасының диаметрі 0,5 см. Сибирка маусым-шілдеде гүлдейді. Шілде-
тамызда жеміс береді. Жемісі 5 тік тұратын жапырақшалардан тұрады,
әрқайсысында 2-ден ұсақ қоңыр түсті тұқым болады. Жапырағын, кейде
шәйдің орнына пайдаланады. Ал халық медицинасында безгекті, бауыр
ауруларына, жүрек ауруларын емдеуге пайдаланады. Бұлар гүлдеген мерзімде
күзде жапырақтары ашық қызыл түске боялған, өте тартымды. Қазақстанның
Қызыл кітабына енгізілген.
Алтай қасқыржидегі (тимелеялар
тұқымдасы)
• Сирек кездесетін түр, Қазақстанда кездесетін екі түрдің біреуі Алтай және
Зайсан оңтүстігіне қарай Сауыр Тарбағатай жерлерінде кездеседі. Бұл
онша биік емес, биіктігі 80 см бұтақ, солтүстік беткейлерде, тау етегінде
және онша қалың емес жапырақты ормандарда өседі. Гүлдері қос
жынысты, жәй гүл серігінің, қысқарған бұтақтардың аяқ жағында соңында
ұзынша 3-7-ден тобыменен орналасады. Гүл серігі қардай аппақ, цилиндр
тәрізді, түтікті, дөңгелек. Гүлдері күшті хош иіс бөледі және аздап сиренің
гүлдеріне ұқсас, тек ұсақтау. Қасқыржидек мамыр-маусымда гүлдейді,
жеміс тері шырынды, қара сүйекшелер, жалғыздан тұқымы бар, маусым-
шілдеде піседі. Өсімдіктің барлық бөлігі улы. Бұтақтардың қабығы және
өркендері жемістерімен қоса халықтық медицинада тіс ауруларына қарсы
қолданады. қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
Бұйра лалагүл (лалагүлдер тұқымдасы)
• Қазақстандағы жабайы түрде өсетін табиғат өкілі. Аралас және жапырақты ормандарда, шалғындықта және
тау беткейлерінде, кейде субальпілік беледеуіне дейін көтеріледі. Алтай және Тарбағатай таулары, Жоңғар
Алатауының солтүстік беткейінде Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында өседі. Қазақстанда
қайыңның түбінде сирек кездеседі. Лалагүлдің жер асты органдары, мүшелері жалтыраған сары түсті
қатпарланған, қабыршақты көп жылдық пиязшық. Сабағы биік, 1,5 м. Гүлдері ірі диаметрі 4-см –ге дейін,
ашық күлгін бояумен , күңгірт дақтарымен ерекшеленеді.
• Салбыраған гүлдің барлық алты жоғары қақиған жапырақшалары сәл ғана оралған, бұйралау. Осыдан келіп
түрдің орысша атауы шығады. Аталықтары ірі қошқыл күлгін тозаңдарымен тиімді оқшауланады. Бұл түрдің
гүлдеу мерзімі маусым-шілде, шілде-тамызда жеміс береді. Жемістері ірі, алты қырлы, үшкір қабырғалары
бар қорапша, өзінің қайталанбас ерекшелігімен көңіл аудартады. Тұқымы қоңырлау сары, тегіс үш
ұяшықтың әр қайсысына екі қатарлап жинақтала қойылған. Қазіргі кезде бұл жабайыдан алынған 100-ге
жуық түр бар. Пиязшықтары шикі және қайнатқан күйінде жеуге жарамды, кейбір жерлерде кофенің
орнына және қойдың ірімшігіне азықтық қосымша есебінде пайдаланады. Олардын мата үшін қара бояу
алынады. Халықтық медицинада пиязшығының тұнбасы бауыр ауырғанда, нерв шаршағанда, шикі күйінде
ревматизмді, түрлі қабынуларды және жараны емдеуге қолданылады. Гүлдері аралар үшін шірне көзі болып
табылады. Гүлшоқтары үшін жаппай жинау және пиязшықтарын ұдайы қазу бұл бағалы түрдің азайып
кетуіне жол ашады, сондықтан ол Қазақстанның Қызыл кітабының екінші басылымына ұсынылған.
Ұсақ торлы жуа (лалагүлдер
тұқымдасы)
• Қазақстанда Алтайдың тек батыс бөлігінде кездеседі. Кейде тау өзендерінің аңғарларында
үлкен алаңдарды алып жатады және самырсынды шыршалы ормандарда, әсіресе Риддер
қаласының төңірегінде кездеседі. Басқа пияздардан жалғыз емес, түптенген
тамырсабақтармен жіңішке цилиндр тәрізді пиязшығымен, сұрғылт торлы қабығымен
ерекшеленеді. Сабағының биіктігі 76 см, төменгі бөлігі күлгін қабықшалармен оралған,
ортасын да екі, көбіне үш тегіс жалпақ эллипс тәрізді жапырақтары болады. Торлы
жуаның жапырағының пішіні жағынан меруертгүлдің жапырағына өте жақын. Гүлдері
ұсақ (0,5 см) сарғыш, шатыр тәрізді гүлшоғырына жиналған. Бұл түр маусым-шілдеде
гүлдейді. Шілде-тамызда жеміс береді. Тұқымымен және вегетативті түрде көбейеді
(тамырсабағы бұтақтану арқылы). Пиязшықтары және жер үсті бөлігі эфир майын және
көп мөлшерде С дәруменін бөледі, сондықтан ұзақ торлы жуа барлық өзі өсетін
орындарда қалаулы тағамдық өсімдік болып табылады. Үнемі жаппай жинаудың
нәтижесінде көптеген жерлерде, әсіресе елді-мекендердің маңайында торлы жуаның саны
азайып барады, сондықтан Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
Кәдімгі таушымылдық (сарғалдақтар
тұқымдасы)
• Қазақстандағы үш түрдің ішіндегі жаппай кездесетін түр. Тек Алтай тауларында,
жапырақтары және аралас ормандарда, алаңқайларда, шалғынды беткейлерде
өседі. Жиі қалың шілік құрады. Бұл мықты, биіктігі 100 см-ге дейін, көп жылдық
сабақтан бастап біркелкі жуандаған тамыры және ірі, диаметрі 15-18 см-ге дейін,
гүлдерімен ерекшеленеді. Сабақтары бірнешеу төменгі жағында да бірнеше
қабыршақты жапырақтарымен. Басқа сабақтағы жапырақтары ірі, сағақты және
тақталы, саусақ салалы (тарамды) көп бөліктерге бөлінген. Гүлдері жалғыздан, бес
қабықты тостағанша-жапырақшалы, бес желекті. Желектердің саны жиі онға дейін
өсіп отырады, кейде жартылай бұйра гүлдер кездеседі. Олардың түсі жиі өзгеріп
отырады, күңгірт-қызыл, ашық-күлгін, кейде ақ. Таушымылдық мамыр-маусымда
гүлдеп, тамызда жеміс салады. Тамыры алкагольсіз сусын даярлау үшін
пайдаланады. Жаппай жинаудың салдарынан саны азайып барады. Сондықтан
түрді Қазақстан Қызыл кітабына енгізу ұсынылып отыр.

Ұқсас жұмыстар
Қызыл кітапқа енген өсімдіктер
Қызыл кітабына енген өсімдіктер мен жануарлар
Қазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктер
Қызыл кітап беттері
Қазақстанның биоресурстары жөнінде жалпы сипаттама
Орман өсімдіктері
«Алтынемел» ұлттық табиғи саябағы
Частных детских сада
Жануарлар дүниесін қорғау
Қазақстанның Қызыл кітабы
Пәндер