Қан жүйесі


Slide 1

Тақырыбы: Қан жүйесі. Қан топтары.

Жоспар:

1. Қан организмнің ішкі ортасы. Гомеостаз.

2. Қан құрамы, плазма құрамы.

3. Эритроциттер. Гемоглобин. Гемолиз.

4. Лейкоциттер, саны, түрлері, маңызы. .

5. Тромбоциттер. Гемостаз туралы түсінік.

6. Қан топтары. Резус фактор. Қан құю негіздері.

Slide 2

Қан, лимфа, ұлпааралық сұйықтық организмнің ішкі ортасын құрайды. Ішкі ортаның құрамы және қасиеттері тұрақты болады. Ішкі ортаның тұрақтылығын гомеостаз (У. Кэннон), ал оны қамтамасыз ететін механизмдерді гомеокинез дейді.

Slide 3

Қан құрамы

Қанның жалпы мөлшері дене салмағының 6-8%-ын

немесе 4-6 л құрайды

Эритроциттер

Тромбоциттер

Лейкоциттер

Қанның түйіршіктері мен сұйық бөлшегінің өзара пайыздық арақатынасын - гематокриттік көрсеткіш деп атайды.

Ерлерде - 0, 40 - 0, 48 л/л

Әйелдерде - 0, 36 - 0, 42 л/л

Плазма 52-58%

Қан құрамы 42-48%

Slide 4 Slide 5

Плазма құрамы

Азотты заттар

Азотсыз заттар

Белоктар - 60-80 г/л

Альбумин - 35-45 г/л

Глобулин - 20-35 г/л

Фибриноген - 3-5 г/л

Қалдық азот - 14, 3-28, 6

ммоль/л

Билирубин - 8-20 ммоль/л

Липидтер - 4, 0-8, 0

ммоль/л

Холестерин (жалпы) -

3, 0-7, 0 ммоль/л

Глюкоза - 3, 3-5, 6 ммоль/л

Су 90-92%

Құрғақ қалдық 8-10%

Органикалық заттар 7-9%

Бейорганикалық заттар ~1%

Na+ - 130-150 ммоль/л

K+ - 3, 0-8, 0 ммоль/л

Cа+ + - 2, 5-2, 75 ммоль/л

Cl - 95-110 ммоль/л

Mg + + - до 1 ммоль/л

Slide 6

Эритроциттің құрылысы: ядросыз жасуша,

пішіні екі жағы ойыс диск тәріздес,

диаметрі 7, 4-7, 6 мкм.

Эритроциттердің химиялық құрамы

Су 60%

Гемоглобин 36%

Басқа заттар 4%

Құрғақ қалдық

40%

Slide 7

Эритроциттердің саны (адам қанының әр литрінде) : ерлерде - (4, 0-5, 1) *1012, әйелдерде - (3, 7-4, 7) *1012. Эритроцитоз - эритроциттер санының артуы. Эритроцитопения - эритроциттер санының азаюы

Эритроцитопения

Эритроцитоз

Физиологиялық

Гипоксия, стресс кезінде п. б.

Патологиялық

Клиникалық симптомдардан

Физиологиялық

Жүктілік кезінде

Патологиялық

Клиникалық симптомдардан

Slide 8

Эритроциттердің қызметі

Тыныс алу, оттегіні өкпеден ұлпаларға және көмірқышқыл газын ұлпалардан өкпеге тасымалдайды.

Қышқылдық-негіздік тепе-теңдікті қамтамасыз етуге қатысады.

Ұлпалардан өкпеге суды тасымалдайды.

Біріншілік осмостық ауытқуларды қалпына келтіруге қатысады, олар микроосмометрлер тәрізді әсер көрсетеді.

Кейбір улы заттарды адсорбциялайды.

Қан тобын анықтайды.

Slide 9

Гемоглобин - күрделі белок, хромопротеид, 96% глобин және 4% гем. Гемоглобиннің бір молекуласы О2 4 молекуласын байланыстырады, гем құрамына 2 валентті темір кіреді.

Гемоглобиннің түрлері:

HbP - примитивті, эмбрионның жатырда дамуының 9 аптасына дейін.

HbF - феталдық гемоглобин, ұрықта және жаңа туған нәрестелерде.

HbA - ересек адамда.

Slide 10

Гемолиз - бұл эритроциттер қабығының бұзылып Hb-нің плазмаға шығуы. Қан мөлдір, «лак тәрізді» болады.

Гемолиздің түрлері:

Патологиялық: Суықтан, химиялық дәрілерден, бүйректің қабынуынан ж/е т. б. факторлардан болады.

Физиологиялық: негізінен эритроциттердің өмір сүруінің тоқтауы негізінен әр 120 тәулік сайын.

Slide 11

Қанның қызметінің бірі қорғаныс қызметі болып табылады. Қанның қорғаныс қызметін - лейкоциттер атқарады, - осы қызметіне қанның ұюы - гемостаз жатады.

Slide 12

Лейкоциттер - қанның ақ жасушалары. Қандағы мөлшері 4-8, 8х109/л.

Лейкоциттер санының артуы лейкоцитоз, азаюы лейкоцитопения деп аталады.

Лейкоцитоз, лейкоцитопения

Физиологиялық

Патологиялық

Slide 13 Slide 14

Лейкоциттердің қызметтері

1. Фагоциттік.

2. Антитоксиндік қызмет. Эозинофилдер табиғаты белок токсиндерді, антиген-антидене кешенін залалсыздандырып, бұзады, гистаминді бұзатын гистаминаза жасап шығарады (аллергиялық реакциялар) .

3. Биологиялық белсенді заттар түзеді. Базофилдер гистамин және гепарин жасап шығарады.

4. Лейкоциттер белок алмасу өнімдері мен қоректік заттарды адсорбциялап, тасымалдай алады.

Slide 15

5. Лимфоциттер иммундық жүйенің орталық звеносы болып табылады.

Т-лимфоциттер жасушалық иммунитетті қамтамасыз етеді. Олардың түрлері: Т-хелпер, Т-супрессор, Т-киллер, Т-амплифайер.

В-лимфоциттер гуморалдық иммунитет қалыптастырады, антиденелер түзеді (β және γ-глобулиндер) .

6. Лейкоциттер қанның ұюына қатысады.

7. Моноциттер өлген жасушаларды фагоциттеп, ұлпа регенерациясына қатысады.

8. Нейтрофилдер интерферон жасап шығарады.

Slide 16

Тромбоциттер (қан пластинкалары), мөлшері 180-320х109/л (103мкл)

Қызметі:

Қанның ұюына қатысады (тромбоциттік факторлар, ұйытуға қарсы заттар, серотонин, адреналин, лизоцим, АТФ, АДФ)

Ангиотрофикалық қызмет.

Slide 17

Қанның ұюы (гемостаз, коагуляция) - қан сұйық түрінен қоймалжың ұйынды - тромбқа ауысатын биологиялық және биохимиялық үрдіс. Тромб тамырды тығындап, қан кетуді тоқтатады.

Қанның ұю кезеңдері:

Алғашқы кезеңі (тамырлық-тромбоциттік гемостаз)

Коагуляциялық гемостаз.

Соңғы кезеңі (ретракция, фибринолиз)

Slide 18

Қан топтары туралы ілім

Ландштейнер (1901 ж. ),

Ян Янский (1903 ж. ) .

АВО жүйесіндегі қан топтарының жіктелуі

I (О), II (А), III (B), IV (AB) .

Slide 19

Баланың қан тобының % анықталуы

Slide 20
Ұқсас жұмыстар
Қан айналым жүйесі
Перифериялық қан айналым
Қанды жүректен денеге
Ұрықтық қан айналу ерекшеліктері
Жүрек қан тамырлар жүйесі ауруларында
Жүректің қызметі
Жүрек-қан тамырлары жүйесінің аурулары және олардың алдын алу
Қан тамырларының зақымдануы
Қан айналым шеңбері
Адам қан тамырлары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz