Организмнің химиялық құрамы
Презентация қосу
Организмнің химиялық
құрамы
Жердің биомассасын құрайтын ағзаларда Д. И. Менделеев
таблицасының 70-тен астам элементтері табылған. Олар тірі
ағза жасушасының негізін қалайтын қосылыстар: белоктар,
көмірсулар, нуклеин қышқылдары, липидтер, ферменттер,
гормондар мен витаминдер құрамында болады.
Сандық мөлшеріне қарай ағзадағы элементтер 4 топқа бөлінеді:
• І-топ –макробиогенді элементтер: - оттегі, көміртегі, азот жəне
сутегі, олардың ағзадағы мөлшері 1%-дан жоғары.
• ІІ-топ – олигобиогенді элементтер – кальций, фосфор, калий,
хлор, күкірт, магний, темір. Ағзадағы мөлшері – 0,01%-дан жоғары.
• ІІІ-топ – микробиогенді элементтер – мырыш, марганец, кобальт,
мыс, бром, йод, молибден, т.б. бұл элементтер мөлшері 0,001% -
0,000001% аралығында.
• ІV-топ – ультробиогенді элементтер – литий, кремний, қалайы,
кадмий, селен, титан, ванадий, хром, никель, сынап, алтын, жəне
т.б. Ағзадағы мөлшері 0,000001%-дан аспайды
• Макробиогенді элементтерден: оттегі, көміртегі, сутегі
жəне азоттан бірінші топ түзіледі. Кейде оларды органогендер
деп атайды. Олардың жасушалардағы массасы шамамен 98%
жəне барлық ағза заттардың негізін құрайды.
• Олигобиогенді элементтер жасушада маңызды қызмет
атқарады. Мəселен, натрий, калий жəне хлор жүйкелер
жасушаларының ақсондары бойынша жүйке серпіндерінің
(импульс) өтуін қамтамасыз етеді. Кальций жануарлар мен адам
қанының ұюына қатысады, сүйек ұлпасының құрамына енеді.
Магний болса, ол да жануарлардың, сондай-ақ өсімдіктердің
жасушаларының құрамына кіреді. Ол фотосинтезді қамтамасыз
етіп, жасыл өсімдіктердің хлорофилл молекуласының
орталық атомы болып есептеледі. Ал жануарлар
жасушаларында магний ферменттер құрамына кіреді.
• Ультробиогенді элементтер орг. өте аз мөлшерде келеді жəне
маңызды қызмет аткарады. Мысалыға селен иммундық жүйені
қалыптастыруға ерекше əсер етеді. Ол жетіспегенде бұлшық ет
əлсірейді. Әлсіздік, əсіресе, жүрек бұлшық етінде айқын
білінеді.
• Тірі ағзаның құрамына кіретін молекулаларды биомолекула деп
атайды. Тірі ағза жасушасының негізін құрайтын қосылыстар:
белоктар, нуклеин қышқылдары, көмірсулар, липидтер (май жəне
май тəрізді заттар), су, минералды тұздар.
• Ағзаның құрамына кіретін заттарды пластикалық жəне
энергетикалық заттар деп шартты түрде екіге бөледі.
• Пластикалық заттар - ағзаның жасушалары мен ұлпаларын құру
үшін қажетті заттар, демек құрылыс заттары. Бұл белок, нуклеин
қышқылдары, липидтердің кейбір түрлері жəне жоғары
молекулалы көмірсулар.
• Энергетикалық заттар - макроэргті қосылыс АТФ-тың қайта
түзілуіне жұмсалатын энергияны бөлетін заттар. Бұл көмірсулар
(глюкоза, гликоген, крахмал), кейбір липидтер.
Назарларыңызға рахмет
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz