Эгей мәдениеті
Презентация қосу
Презентация
Тақырып: Ежелгі Грекия. Эгей мәдениеті
Кіріспе:
Ежелгі Грекия өнері.
Ежелгі Грекия өнерінің қалыптасуына географиялық орнының әсері мол болды: онда онша үлкен емес дөңгеленген таулар, оның
етегіндегі зәйтүнді оливкалы, лимонды бақтар, көптеген аралдар, көз алдында үнемі көрініп тұратын теңіз жүзушілері – адамды
табиғатпен жақындата түсті, ал қоршаған ортаның масштабы, сұлулығы гректерде табиғат пен адам арасындағы өлшемдік түсінігін
қалыптастырды. Осыған орай құдайлардың қасиеттері мен кемшіліктері адамға ұқсас және адам бейнесінде болды. Эллиндіктер дүниені
саналы басқара алатын заңдылық деп санап, ал оны Космос деп атады.
Гректер гармонияны Космостан іздеген, яғни олар үшін космологиялық қабылданды, кейіннен гармонияны жердегі өмірден,
адамның күнделікті өмірінен қарастырды. Гамония өлшемдік, салыстырмалы өлшемдік, симметриялық түсінігіне жақын. Табиғаттың
қолайлығы барлық салада көрінді: ғылымда, сәулет өнерінде, пластикада, философияда, гректердің ойлау ерекшелігінде. Әсіресе
эллиндіктердің - барлық нәрсеге таңдана қарап – оны рационалды түсіндіру – реалистік бейнелеу өнерін қалыптастырды.
Ежелгі Эгей мәдениетінің гүлденуі б.з.д. II мыңжылдықта пайда болды.
Эгей мәдениетінің орталығы б.з.д. ІII—II мыңжылдықтарда Крит аралының бас
қаласы Кносс болған. Сол себепті "Кносс Мииостыц резиденциясы" деп жазылған.
Артур Эванс
Белгілі деректемеде Крит сәулет өнеріндегі ең танымал ескерткіш Кносс сарайы болып табылады. Кезінде ағылшын
археологі А.Эванс XX ғасырдың басында қазба жұмыстарын жүргізді. Сарай алаңының аумағы — 16 000 шаршы метр. Мұның
ішіндегі тіреуіш колонналардың ағаштан жасалғаны, сарайда су құбырын жүргізу жүйесі де ойластырылғаны дәлелденген.
Оның қабырғасына сәндік суреттер салынған, б.з.д. II мыңжылдықта Крит шеберлері әр түрлі бояуларды қолдана білген. Атап
айтқанда: қара, ақ, қызыл, сары, көк және жасыл. Кносс сарайының қабырғасы аңдардың суретімен безендірілген
(мысық, маймыл, елік). Қабырғаға жазылған көркем суреттерде діни және мифологиялық кейіпкерлер мен табиғат көріністері
қиял-ғажайып ертегі сияқты бейнеленген.
Кноссо сарайының қирандылары.
Кескіндеме түрлері монументті фрескалармен безендірілген, онда акробат, бұқаның үстінде секіріп
жүрген адамдар салынған (б.з.д.1500 жыл). Олардың еркін қимыл-әрекеттері шынайы кескінделген.
Бейнелеуші қыздар мен ұлдардың дене бітімін әдемі көрсетуге тырысқан. Бұл суреттен бұқалармен ойын
көрсету сол кездегі діни нанымдармен тікелей байланысты екендігі айқын байқалады. Мүсін үстінде ұсақ
пластикалық жұмыстар пайда бола бастаған.
Ежелгі грек мифтері төңірлік әрекеттер туралы баяндаса, ішінара ғажайып батылдық
дарыған әр алуан ерлі-зайыпты Құдайлар ұрпағы болып есептелетін қаһармандардың ерліктері мен
бастан кешкен оқиғаларын суреттеуге арналған. Бұл бағзы хикаялар мен аңыздарды римдіктер де
пайдаланған. Жаңа дәуірде ол хикая-аңыздар ежелгі грек мифологиясы дейтін ортақ атаққа ие
болды.
Басқа да ежелгі заман халықтарының аңыздары мен хикаялары сияқты, ежелгі грек мифтері де
уақыт өткен сайын біртіндеп пайда болған. Табиғи және қоғамдық ортаның құбылыстарын өзінше
бейнелеп, хикаялармен толықтырыла отырып, эпикалық поэмалар ("Илиада", "Одиссея", "Теогония",
т.б.) фабуласына көтерілген.
"Илиада" Минос - Ежелгі Криттің астанасы Кносстың аңызға айналған патшасы. Бұқа кейіпіндегі Зевс және Европа
Бірте-бірте Грекияның әр түрлі аймақтарында белгілі бір Құдай немесе қаһарман хақындағы тұтас хикаялар
циклі қалыптасқан. Крит аралында бұқаға айналып, Финикия патшасының қызы Еуропаны ұрлап
әкеткен Құдай — Зевс туралы әңгімеленеді. Ал Крит патшаларының түпкі тегі осы Еуропадан тараған, олардың
ішіндегі ең көрнектісі Минос болатын. Бір қатар аңыз-хикаялар соның есімімен байланысты.
Гректер соқыр жырау Гомерді осы поэмалардың авторы деп есептейді. Гомер поэмалары бірнеше ұрпақка ауыздан-ауызға тарап
жетті. Тек б.з.д. VI ғасырда ғана ол поэмалар Афиныда жазылып алынып, әдеби шығармаларға айналған. Гомер поэмасының
қаһармандары — Ахилл, Одиссей, Гектор, Агамемнон, Менелай, Парис, Телемах, Приам, Нестор, Андромаха, Елена, Пенелопа және т.б.
ерте заманда-ақ ел арасында кеңінен мәлім болған.
Жоғарыда атап айтылғандай, антикалық, әсіресе ежелгі грек өнерінің көптеген шығармаларында Құдайлар мен қаһармандар образы
бейнеленген. Грек мифологиясы грек өнерінің тек арсеналы ғана болып қойған жоқ, сонымен бірге оның негізін де қалады.
Антикалық грек-рим мәдениеті осы заманғы барлық еуропалық халықтардың мәдени дамуына өте күшті ықпал жасады.
Біздің дәуірімізге дейінгі 15 ғасырда,
Критке қорқынышты апат түседі -
жанартау атқылайды.
Крит өркениеті жойылғаннан кейін
Эгей мәдениетінің орталығы материкке
көшірілді. Онда Микена қаласы пайда
болды. Мемлекет көп шайқасты,
соғыстардың бірі - Троймен болған
соғыс. Ахайлар биік тауларға қалалар
салды. Кейінірек мұндай қалалар
акропол деп аталды.
Кноссос сарайының фрескасы
Галерея
Фреска - жаңа ғана әктелген сыз қабырғаға суға езілген бояумен салынады. Кепкен кезде, сылақтың әгі
бояумен қосылып, біртұтас қабатқа айналып кетеді.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz