Жайдарлы тігін шеберханасы



Бизнес - жоспар
«Жайдарлы”тігін шеберханасы
Дайындаған: Әбденбай Ә. Ә
Тексерген: Есенбекова З. Ж
Семей 2017

Мазмұны: 1. Жобаның титулды парағы 2. Кіріспе бөлім 3. Нарық пен сала жағдайын талдау 4. Өндірістік жоспар 5. Инвестициялық жоспар 6. Қаржылық жоспар 7. Қосымшалар (1, 2, 3 - кестелер)

Жобаның титулды парағы 1. «Жайдарлы» тігін шеберханасы, Шымкент қаласы Ордабасы ауданы 2. Әбденбай Әмина Әбдікамалқызы тел. 87477121296 3. «Жайдарлы”тігін шеберханасы тапсырыс қабылдауды және одан ары клиенттердің тапсырыстары бойынша дайын киім тігуді, сондай-ақ, қосымша киімді қайта қалпына келтіру, қиыстырып келтіру және жөндеу жұмыстарын жұзеге асырады деп жоспарланған. 4. Жалпы 1 000 000 теңге барысында жүзеге асырылатын бизнес жоспар.


2. Кіріспе бөлім ( жоба түйіндемесі ) Орта деңгейдегі кіріс әкелетін, көпшілік келушілерге арналған киім тігу мен пішу қызметін ұсыну және шеберхана ашу. Шеберхана тапсырыс қабылдауды және одан ары клиенттердің тапсырыстары бойынша дайын киім тігуді, сондай-ақ, қосымша киімді қайта қалпына келтіру, қиыстырып келтіру және жөндеу жұмыстарын жұзеге асырады деп жоспарланған. Дайын өнімді сату мен қызметтерді ұсынуды өз тапсырыс қабылдау пункті арқылы жүзеге асыру жоспарлануда. Сонымен қатар, ірі сауда орталықтарында тапсырыс қабылдау пунктін (немесе осындай бірнеше пунктті) орналастрыу арқылы қосымша клиенттерді тарту жоспарға енгізілген.

3. Нарық пен сала жағдайына талдау Бүгінгі таңда киім жөндеу және тігу қызметтерін Қазақстанда ательелер, сондай-ақ, көптеген шеберханалар ұсынып отыр. Ательелер мен жөндеу шеберханалары ұсынатын негізгі қызметтер түрі қатарында мыналарды атауға болады: • Киімді жөндеу (адамның дене бітіміне қарай қиыстыру, сыдырманы ауыстыру, астарын ауыстыру, жағасын жөндеу, жамау тігу, торлап тігу, т. б. ) • Киім тігу (сыртқы киім тігу, тері киімдерін тігу және басқалары) • Тері ательесі (тондарды өзгертіп пішу, дене бітіміне қарай қиыстыру, жағасын ауыстыру, тонның төменгі жағын қайта қалпына келтіру, ұзындығын өзгерту және басқалары) Ательелердің қызмет нарығы көлемінің жыл сайынғы өсімі 10%-дан аса көлемді құрайды. Сонымен қатар, перделер, төсек жапқыштар және басқа да тоқыма бұйымдарын тігу бағыты да айтарлықтай сұранысқа ие және табысты болып табылады, сондықтан толық қызмет спектрін көрсету ұсынылады. Жобаның сәттілік деңгейі жеткілікті дәрежеде жоғары деп бағаланады, өйткені кез келген елді мекенде дерлік ательенің ықтимал тұтынушылары болуға даяр адамдардың пайызы айтарлықтай жоғары болып табылады.

4. Өндірістік жоспар Шеберхананы ашудағы алғашқы қадам орынжайды іздеу болып табылады . Шеберхананы әдетте ғимараттардың бірінші қабаттарында немесе сауда орталықтарында орналастырады. Орынжайды іздеу кезінде екі нұсқа мүмкін: біріншісі - тапсырыс қабылдау мен тігін цехын біріктіру; екіншісі - тігін цехын тұрғылықты аумақтан тыс орналастырып, тапсырыс қабылдау пунктін тікелей адамдардың көп шоғырланатын жерінде ұйымдастыру Тиімді нұсқасы - Тапсырыс қабылдау пунктін әрі алушылар көп келетін сауда орталықтарында ұйымдастыру. Бірінші жағдайда жалға алу шығындары жоғары болады, өйткені, тігін цехы айтарлықтай үлкен орынжайды алатыны белгілі. Екінші жағдайда жалға алу бағасы төмен болады, оның үстіне сіздің клиенттеріңіздің қатарына сауда орталықтарында сатылатын қалыпты өлшемдегі киімдерді адамдардың дене бітіміне қарай қиыстыру қажет болатындар да қосылуы мүмкін. Келесі қадам - тігін жабдықтарын сатып алу болып табылады. Тігін шеберханасына арналған негізгі жабдықтар - түрлі мақсатта қолданылатын тігін машиналары:. астарлап тігетін, тура тігісті, трикотаж материалдарына арналған, тері илеуші, немесе көпфукнционалды тігін машинасы мен көпоперациялы тігін станогы . Сонымен бірге қажетті заттар: әдіптеу сайманы, бу генераторы, орындықтар, айна, жарық құрылғылары, манекен, әкімгердің жұмыс орнына арналған үстел.

Келесі кезең - персоналды іріктеу шеберхана үшін қажетті минималды штат - тапсырысты қабылдаушы, сәнгер-дизайнер және киім жөндеу және тігу шебері. Шеберханаға жұмыс тәжірибесі мол шеберлерді алған жөн, ал тапсырыс қабылдаушы өлшемдерді дұрыс ала алатын болуы қажет. Персоналды таныстардың арасынан, достарыңыздың ұсыныстары бойынша, ғаламтор сайттарынан немесе жұмысқа орналастыру агенттіктері арқылы іріктеуге болады. Келісімшарт жасау кезінде міндетті түрде тігіншінің материалдық жауапкершіліктерін түсіндіру қажет, өйткені, тұтынушылар жөндеуге өте қымбат заттарды және тігу үшін қымбат материалдарды алып келеді. Егер де тігінші тәжірибесіз болса, тіпті, одан да сорақысы, ықылассыз болса, онда ол бұзылған зат үшін жауапкершілікті толығымен өз мойнына алуы тиіс. Тұрғын ауданда орналасқан шеберхананың жарнамасы ашық әрі көрнекі маңдайшаны орнату және үйлердің кіреберістерінде мен аялдамаларда хабарландыру жапсыру арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны - жеке кәсіпкер. Бизнесті жүргізудің мұндай нысанын таңдаудың негіздемесі қызметтің түпкі тұтынушылары жеке тұлғалар болып табылатындығы тиісінше, бұл салықтарды қысқартуға және қойма мен бухгалтерлік есептерді жүргізуді жеңілдетеді.


5. Инвестициялық жоспар Өзгермелі шығын
Атауы
Саны
бағасы
Ғимаратты жалға алу
1
60 000
Шығыс материалдары
1
30 000
Айына жұмсалатын қаржы
90 000

Тұрақты Шығын
Атауы
Саны
бағасы
Барлығы
Тігін машиналары
3
1
300 000
Құрал-сайман, жиһаз
1
00 000
600 000
Заңдық рәсімдеу
1
15 000
15 000
Жарнама
1
50 000
50 000
БАРЛЫҒЫ
1 000 000

6. Қаржылық жоспар кесте. Өнімді таратудан түсетін табыс
Атауы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz