Византия өнері




Презентация қосу
Презентация
Византия өнері
Византия империясы – 395 – 1453 жылдар аралығында өмір сүрген
мемлекет. Алғашында «Ромейлер империясы» деп аталған. Византия атауын
зерттеуші ғалымдар енгізген. «Византий» (грекше Byzantіon) деген Босфор
бұғазы жанындағы біздің заманымыздан бұрынғы 680 ж. іргесі қаланған ежелгі
грек қаласы. 324 ж. Рим империясының астанасы осы қалаға көшті де, 330
жылдан бастап Константинополь, ал 1453 жылдан бері Стамбул деп аталды.
Астана Константинопольге көшкеннен кейін Рим империясы біртіндеп Батыс және Шығыс
бөлікке бөліне бастады. Толық бөліну 395 ж. жүзеге асты.
Византия құрамына Балқан түбегі, Кіші Азия,
Сирия, Палестина, Египет, Киренаика, Месопотамия,
Армения, Эгей теңізіндегі аралдар (Кипр, Крит, Родос,
т.б.), Қырым түбегі кірді. Халқының этникалық
құрамы әр түрлі (гректер, дактар, копттар,
фракийліктер, сириялықтар, еврейлер, армяндар,
грузиндер, т.б.) болды. 4 – 6 ғасырлар аралығында
халқының саны елу миллионнан алпыс бес миллионға
дейін жетті.
Юстиниан тұсындағы Византия өнері.
София храмы
Италияның соғыс – администрациясының орталығы Құрылыс: 532-537 жылдар.
болған, Равеннада – базиликалы, Канстантинопольде –
күмбезді-кресті құрылыстар Византияның барлық
территориясында салынып жатты.

Юстиниан тұсында жаңа храм – күмбезді базиликалы
құрылыс түрлері салына бастады. Мысалы, София храмы. Бұл
үлкен шіркеу маңында бірнеше аңыздар пайда болды. Аңыз
бойынша, Юстиниан бұл шіркеудің планын түсінде көрген
дейді. Түсінде періштелер қиын инженерлік сұрақтарды
түсіндіріп, тіпті шіркеуді тұрғызуға қаржыны қай жерден
табудың жолын да айтып берген деседі.
Храмды тұрғызуға ежелгі дүние өнерінің ескерткіштерінен ең әдемі материалдарды
алдырған: мәрмәрдан жасалған бағаналардың бір бөлігі Афинадан алынған, жанындағы
портиктерді әшекейлеп тұрған бағаналар сириялық қаладағы Баалбектің күн құдайына
арналған ғибадатханасынан әкелінген, коринифтік стильде жасалған сегіз бағана Эфестегі
Артемида храмынан алынған. Ғибадатхананың салтанатты ашылуына Юстиниан төрт атты
арбасымен келеді. Ғибадатханаға кіре «құдайға шүкір, Саламон мен сені жеңдім» деп
айқай салыпты.

Юстиниан тұсында ғибадатхананы сәндеудегі өнердің бір түрі - икона болды.
Тақтайға жазылған иконалардың шыға бастауды VI ғасырдағы осы кезеңмен байланысты.

Иконаның ең алғышқысы, біздің э.д. IV ғасырларда Мысырда пайда болған фаюм
портреттері деп саналады. Бұл уақыттарда мумиялар бұрынғы мәнін жоғалтады, олар тірі
кезінде ағаш тақтайшаға энкаустика (воскке араласқан бояу) немесе темпера
(жұмыртқаның сары уызымен) әдісімен салынған бейнелерді қайтыс болғаннан кейін
адамның бетіне қойған, ондағысы өлген адамның жаны ұшып кетпестен өлі денеге қайта
қонсын дегені еді. Бұндай түрлер Фаюм жерінен алғаш табылғандықтан ваюмдік деп
аталып кеткен.

Македония тұсында ғибадатхана типтері классикалық деңгейге дейін жетілді.
Юстиниан I Кресті-күмбезді ғибадатхананың негізгі төртбұрышты планнан шығыңқы бөлігі – апсида
деп аталды.
Собор Византия сәулет өнерінің ең
жоғарғы жетістігі болып қала берді.

Византия тарихында оған тең келетін
ештеңе болған жоқ. Түрік билігі кезінде
шіркеуге жоғары мұнаралар қосылды, бұл Ая-
Софияның келбетін түбегейлі өзгертті.

Византиядағы қасиетті бейнелердегі
адамдар қатал болып көрінеді, олардың дене
пішімі ұзартылған, жалпақ және жансыз
болып көрінеді. Жартылай қараңғы
қоймаларда тіпті ашық түстер, әсіресе
күлгін, қара және алтын түстері салтанатты,
бірақ шамалы қайғылы көңіл-күй
қалыптастырады.

Византия шеберлері кескіндемеге көп
көңіл бөлді - бұл шіркеудегі кітаптар мен
қасиетті икондық суреттердегі
миниатюралар.

Православие діні мойындалған елдерде
икондар кескіндеме Византия дәстүрлерін
сақтаған.
Мозаика
. Са н-Витале
шіркеуі.

Юстинианның кезінде Италияда, әсіресе Равенна порт қаласында көптеген
шіркеулер салынды.

Сан Виталедегі сегізтіреулі шіркеу, оның қабырғалары толығымен дерлік
әшекеймен қапталған.
1453 жылы түріктер Византияны жаулап алды, бірақ Византия өнері Ежелгі Русь
өнерінде өмір сүруді жалғастырды. Ресей Византиядан христиандықпен бірге храмдар мен
шеберлерін мұра етті. Орыс шеберлері оның сәулетін де, кескіндемесін де одан әрі
дамытты. Бірінші Византиялық шеберлер Киев, Новгород және Владимирде жұмыс істеді.
Византия өнерінің жалғасы, Орыс империясы.
Назарларыңызға рақмет

Ұқсас жұмыстар
Византия империясы
Византия, Византия империясы
ОРТА ҒАСЫРЛАР ӘЛЕМІ
Қытай императоры
XІ-ХІІ ғғ. Қазақстан жеріндегі отырықшы және көшпелі отырықшы және көшпелі мәдениет
Византия империясы Византия мәдениетінің дамуының екі үрдісі
Османлы мемлекеті
Ресейдегі аударма тарихы
Түркі ғалымы
Түркі мәдениеті мен өркениеті және олардың Ұлы Жібек жолы халықтарының мәдениеті дамуындағы мәдени - өркениеттік рөлін айқындау
Пәндер