Үнді орта ғасыр өнері



Тақырып: Үнді орта ғасыр өнері
Презентация

Гупттар дәуірінен кейін, VI ғасырда үнді мәдениетінің дамуында жаңа кезең басталады. Осының алдындағы кезеңдегі қалалық және сарайлық мәдениетке барған сайын мейлінше дінге сүйенетін, елдегі ұсақ та ірі әкімдер күштеп енгізген мәдениет түрлері қарсы қойыла бастағаны атап көрсетіліп жүр. Олар өз биліктерін діни нышандармен байланыстырып отырған.
Үнді мемлекеттеріндегі басты рольді енді діни қызметкерлер атқаратын болып алады, бұл кезде ескі дін - буддизм бірте-бірте ығыстырылып, индуизм жетекші дінге айналады. Маурьялар мен Гупттар әулеттерінен шыққан әкімдерге тән Үндістанды бірыңғай мемлекетке біріктіруге деген ұмтылыс ұмыт бола бастайды.
Ұсақ князьдіктердің аса әйгілі атаққа ие әкімдерінің өзара соғыс, қақтығыстары мен тартыстары біртіндеп асқына түседі де, мұның өзі ішкі және сыртқы саудаға күшті ықпалын тигізеді; шығыстағы сауда қытайлардың, ал батыстағы сауда арабтардың қолына өтеді.
Гупт мемлекетінің қирандысы
4 - 6 ғ. ғ
Маурян империясы - темір дәуірінде ежелгі Үндістандағы бай мемлекет, Чандрагупта Мауря негізін қалаған, астанасы Паталипутрада деп аталған.
Маурья империясы (Б. з. д. 322-187 жж. )

Орта ғасыр дәуірінде бүкіл Үндістанда индуистік храмдық сәулет өнері мен пластика гүлденеді. Жекелеген әкімдер мен олардың діни ортадан шыққан кеңесшілері арасындағы өзара бәсеке біртіндеп бірінен-бірі өткен сән-салтанатты храмдар тұрғызуға жеткізеді.
Кхаджурахо храмы
Индуизм ықпалы
Бұл дәуір бірқатар оңтүстік және солтүстік әулеттердің - Ориссадағы Паллавтар мен Раштракуттардың, Палдар мен Чанделлдердің, Бхаумакарлардың, Кесарилер мен Гангтардың билігімен тығыз байланысты, ал олардың орнын кейініректе, мәселен, Оңтүстік Үндістандағы Чолдар әулеті сияқты құдіретті әулеттер басты.
Бұл дәуір шіердің ірі көлемді туындылары - Оңтүстік Үндістанның шығыс бөлігінде Махабалипу рамда салынған мүсіндік әшекейлі құрылыстар, Батыс Декандағы Эллора мен Элефант аралындағы үңгірлік монастырьлар, Чанделлдер әулетінің билігіне жататын Бхуванешвер (Орисса) мен Кхаджурахо храмдық қалалары сияқты тұтас жатқан ескерткіш-қалалар арқылы ерекшеленеді.
Бұл сияқты ортағасырлық индуистік храм құрылысы бүкіл Үндістан жерінде кең өріс алған. Осы елдің тек бір ғана ауданында - Гуджаратта джайндік діни қауымдар күш алып, өздерінен кейін назар аударуға тұрарлықтай көптеген джайндік құрылыстар қалдырған. Бұл дәүір индуистік өнердің Үндістанға мұсылман жаулаушылары басып кіріп, біртіндеп оның солтүстігі мен Деканды иеленуі алдындағы өріс жая гүлденуінің соңғы кезеңі болатын.
Индуистік өнер тек қана қиыр оңтүстікте дербес дами берді. Чолдар әулетінен шыққан әкімдер өз мемлекетін солтүстікке және оңтүстікке қарай кеңейте түсті, қайсыбір кезеңде тіпті Цейлонды да басып алып, Оңтүстік-Шығыс Азияға да тікелей ықпал жасады. Олардың храмдық сәулет стилі Солтүстік Үндістан стилінен, ең алдымен, құрылыстардың монументальдылығы, гопурлар деп аталатын үлкен қақпалары, сол сияқты пластиканың, әсіресе діни қола мүсіндерінің, ерекше тәсілмен дамытылуы арқылы ерекшеленеді.
Джайнизм - көне үнді философиясының Веда әдебиетіне сүйенбей дамыған ағымы. Джайнизм философиясының негізінде - татва яғни мән туралы ілім жатыр. Татва - дүние құрылатын бастапқы құрылыс материалы сонымен бірге білімнің негізі құрылатын ақиқат.

Махабалипурам өнері
Махабалипурам өнері құрамында Айхоле, Бадами және Паттадакал ескерткіштері енетін Чалукьялар кезеңі өнерімен тығыз байланысты. Алайда, бұл жерде, Үндістанның оңтүстігінде, шығыс жағалауға жақын жерде жергілікті дәстүрлер де сақталып қалған, соның арқасында діни сәулет үлгісінде де, пластикада да өзіндік ерекше туындылар жасалып отырған.
Махабалипурамның ғибадатханасының бүгінгі көрінісі.
Айхоле
Махабалипурам (немесе Мамаллапурам) қаласы Паллавтар әулетінен шыққан, кейде Махмалла (640-64) деген атқа да ие I Нарасимхаварман патшаның тұсында салынған. Паллавтар әулетінен шыққан әкімдер VII және VIII ғасырларда бүгінгі күндерде де көркемдік кұны аса зор өнер туындыларын қалдырған. Бұл өнердің ең таңдаулы үлгілері мыналар: индуистік үңгір-храмдар; тұтас жартастардан ойып жасалған ратха деп аталатын храм үлгілері; жартастарға ойып салынған бедерлі зор суреттер, олардың ішіндегі ең елеулісі «Ганганың жерге төмен түсуі» деп аталатын әйгілі бедері сол сияқты Махабалип-урамдағы үлкен жағалау храмы.
Бадами
Паттадакал

Паллавтар кезеңі
Паллавтар кезеңінің ескерткіштері Махабалипурамнан сырт жерлерде де баршылық. Бұл жерде Паллавтардың ескі астанасы Канчипурамдағы үлкен Кайласанатхи храмын ғана атап кетпекпіз.
Құрылыстың түрлі бөлектерінің арақатынасы өз мөлшері жөнінен Жағалау храмын еске түсіреді. Мұндағы басты ғимарат та жоғары қарай тарыла түсіп отыратын тік ярусты, пирамида бейнелі қондырғысы, ұшында мұнарасы бар. «Бөшке бейнелі», пирамида тәрізді төбелер оңтүстік үнділік храм үлгілерін мұнара үстінде тіп-тік жоғары көтерілетін солтүстік үнділік шикхара үлгісінен ерекшелеп гұрады.
Алайда, солтүстік үнділік храм үлгісі жұпыны, шағындау келетін болса, Паллавтардың соңғы кезеңіндегі және одан кейінгі кезеңдердегі оңтүстік үнділік сәулет мейлінше аумақты храмдық комплекстерге бет бұра берген, бұл кезеңдерде жекелеген храмдардан біртіндеп аса зор қақпалы алып тас дуалдармен қоршалған храмдық тұтас қалаларға көшу өріс алған
Паллавтар стилі сәулет өнері дамуының көп кейінгі дәуірлеріне - түбектің қарама-қарсы батыс бөлігінде орналасқан Айхоле мен Паттадакаладағы Чалукьялар кезеңіне дейін ықпал жасаған. Алайда, ол тек Раштракуттар өнерінде, ең алдымен, Эллораның үңгірлік және жер үсті сәулетінде барынша гүлдене түскен.
Раштракуттар әулетінің әкімдері өздерінің бұрынғы билеушілері Чалукьялардан азаттық алғаннан кейін, 750 жылдан кейін іле-шала аса алып қүрылысты бастап жібереді. Олар өз тұсындағы құдіретті үнді әкімдері болып табылады және X ғасырға дейін билеп тұрды, алайда орта ғасыр өнері олардың астанасы Маньякхетадан (осы заманғы Малкхед) көп ештеңе сақталмаған. Сол себепті де олар билеген кезеңнен қалған бірден-бір алып құрылыс - махабалипурамдық ратхаларға ұқсас Эллорада" жартастан ойып салынған Кайласанатхи храмы.
Бұл ешқандай да үңгірлік храм болмағанмен, оны әдетте Эллорадағы үңгір храмдарының қатарына жатқызып, 16-номермен белгілеп жүр. Храмды жасау жұмыстарын Паллавтар сәулетшілері жүргізгенімен де Канчипурамды Раштракуттар жаулап алған соң орын алған деген болжам бар.

Аджанта сияқты Эллора да көп ретте буддалық емес, индуистік храмдар болғанымен, жартастағы аса зор храмдардың көп топталған жері болып табылады. Жоғарыда сипатталып суреттелген, шын мәнісінде жартастан ойылған храмдар қатарына жатпайтын, жер үсті кұрылысы болып табылатын Кайласанатхи храмын есепке алмаған жағдайда, мұндағы храмдардың бәрі де сәулет өнері даму жолдарын көрсете алмайды, тек жартаста храмдар салу жөніндегі көне үнді дәстүрлерінің аяқталу кезеңінің аса ірі куәлары бола алады. Сол себепті де бұл жерде Эллора өнерінде туындаған жаңа белгілерді ғана атап көрсетуге болады. Олардың қатарына, ең алдымен, жартастардан ойылған алып храмдардағы көркемдік қуаты құдіретті, индуистік мифологиядан алынған монументальды көріністер болып табылатын мүсіндік декор жатады.
Эллора
Орисса
Орисса үнді мәдениеті дамуының көне орталығы болып саналады. Ашока Калинганы (Ориссаны) жаулап алған Маурьялар кезінің өзінде-ақ ол соншалық алыста болғанмен, кейінгі сақталып қалған өнер ескерткіштерінің жекелеген жұрнақтарына қарағанда, ерте будда өнерін дамыту жөніндегі аса елеулі провинция болды. Бірқатар құдіретті әулеттер - Бхаумакарлардың буддалық әулеттері, Кесарилер мен Гангтердің шиваиттік әулеттері билеген кезде Бхуванешвар өнердің шын мәнісіндегі орталығына айналды.
Бхуванешвар ескерткіштері
Бхуванешвардың ең ертедегі сәулет ескерткіштері қатарына ғажайып Муктешвара храмы жатады. Ол IX-X ғасырларда-ақ индуистік храмға ғама тән, целла қырлары сәл қисайтыла жасалып, көкке шаншылған мұнарасы мен тамаша композициясының, сәнді пропорциясының жетілдірілген үлгісі болып саналады. Мұнда «амалака» деп аталған, жастыққа ұқсас дөңгелек тақтамен тұйықталатын тіп-тік көріністер басым келеді.
Бхуванешвардағы храмдардың барлығы да қызғылт тастан салынған және аса көп пішінді бейнелермен әшекейленген. Алайда, бейнелердің қоюлығы құрылыс тектоникасын көлегейлей алмайды, қайта, сәл қашықтан қарағанда, көлденең де тік сәнді бөліктерге даралап тұрады. Жалпы сәндік бұл сурет үнді пластикасымен әр кезеңде де бірге дамып келе жатқан порталдарды көмкеріп тұратын гүлдерден, сабақтардан және шиыршықтардан жасалған түрлі оюлар сияқты әшекейлерді толықтыра түсіп отырады.
Храмның бүкіл өрнектері оның сыртқы қабырғаларына орналастырылған. Ішкі бөлмелерді, олардың ішінде целланы безендіруге мүлдем дсрлік көңіл бөлінбеген. Бұл ішкі бөлме - сырт жағынан соншалық бай безендірілген храм ішіндегі құдайдың қараңғы тұрғын мекені.

Чолдар кезеңі
Чолдар кезеңі - орта ғасырдағы Оңтүстік Үндістанның гүлдену кезеңі. Дәлірек айтар болсақ, бұл кезең Оңтүстік Үндістанның оны елдің солтүстігінен ерекшелейтін сипатын күні бүгінге дейін анықтап беріп келеді деуге болады. Мұндағы ортодоксальдық брахманизм храм. Чолдар кезеңіндегі храмдар көмегімен елдегі діни өмірді ғана емес, қоғамдық өмірді де бақылауға алып отырды, сөйтіп храмдарды храмдық қалаларға айналдыра алды.
Чолдар әулеті XI және XII ғасырларда бүкіл Үндістандағы ең құдіретті әулетке айналды, ал оның билігі Үндістанның өзінен тыс аса зор территорияларға, мәселен, Цейлонның бір бөлігіне, Бирмаға, Малайя мен Суматраға тарады: Чолдар Камбуджадешамен және тіпті Қытаймен дипломатиялық қатынас жасап тұрды. Теңізден арғы елдермен сауда байланысы Чолдар мен Шривиджаи теңізшілері арасындағы жанжалдардың себепшісі болды. Чолдар кезеңіндегі сәулет стилі әлдебір жаңалық әкеле қойған жоқ, ол Паллавтар кезеңіндегі сәулеттік стильді одан әрі жалғастырып, дамытушы болды, бұл стиль енді пумақтанып, кеңінен дами түсті.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz