Бейнелеу өнерінің терминдері мен түсініктері
Презентация қосу
Бейнелеу өнерінің терминдері мен түсініктері.
ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Бейнелеу өнері дегеніміз - суретші өз ойлары мен сезімдерін адамның бейнесі, табиғат,
қоршаған ортадағы заттар мен әлемнің құбылыстары арқылы білдіретін және көрермен
көздің көмегімен қабылдайтын өнер.
Мүсін (скульптура)
Кесіндеме (живопись) Графика
Сәндік қолданбалы – өнер
(декоративно - прикладное Сәулет өнері ( Архитектура) Дизайн
искусство)
Бейнелеу өнерінің түрлері:
Кескіндеме (живопись) - қағаз, картон, кенеп бетіне әр түрлі бояумен орындалатын шығарма.
Кескіндеме – тақырып аясы кең, көп жанрлы (тұрмыс-салт көріністері, соғыс жанры, хайуанаттар тақырыбы,
т.б.) өнер саласы. Арналуына, орындалу сипатына, бейнелеріне қарай кескіндеме бірнеше топқа бөлінеді. Олар:
1 3
1. Монументті - сәндік кескіндеме (қабырға бетіне, үйдің ішкі төбесіне (плафондар), қабырғасына (панно) салынатын суреттер);
2. Қондырғылы кескіндеме – суреттер, яғни картиналар;
3. Сәндік суреттер (театр, кино көріністерін, ондағы киім үлгілерін әсемдейтін суреттер, икона салу, миниатюра, т.б.).
4. Диорама, панорама да кескіндеме түрлеріне жатады.
2 4
Сонымен қатар кескіндеме жанрларға бөлінеді:
Портрет жанры – бейнелеу өнерінің
жанры, адам бейнесін кескіндеме немесе
графика түрінде бейнелеу.
Пейзаж – француз сөзі, ландшафты, табиғатты бейнелеу.
Пейзаж өнері де әр алуан. Кейбір пейзаждар табиғаттың
өмірде бар нақты көрінісін бейнелесе, енді біреулері
суретшінің қиялынан туады. Пейзаж түрлері: ауылдық
пейзаж, қалалық пейзаж, таза табиғат пейзажы.
Маринистік жанр – теңіз, көл, мұхит су әлемі
табиғаты көріністері бейнеленген
шығармалар.
Тарихи жанр – белгілі бір оқиғалар мен тарихи
кезеңдер бейнеленген көркем шығармалар.
Батальдық жанр – соғыс оқиғалары, Отан қорғау,
жер қорғау көріністері бейнеленген көркем
шығарма.
Натюрморт – қоршаған ортадағы бір құрылымға
топтастырылған түрлі тұрмыстық заттар мен жеміс –
жидектерді, өсімдіктер, тағамдарды бейнелеу.
Натюморт – француз сөзі, дәл мағынасы «жансыз
табиғат» деген ұғымды білдіреді.
Анималистік жанр – жан-
жануарларды бейнелеген көркем
шығарма. Ол латынның «animal»
(хайуанат) деген сөзінен шыққан.
Интерьер - пәтердің белгілі
бір ретпен қалыптастырылған әрі
сәндеп жабдықталған ішкі кеңістігі.
Мүсіндеме, мүсін, скульптура (лат. sculptura, seuplo – шекимін, қашаймын)
Мүсін – бейнелеу өнерінің бір түрі. Мүсіндеме туындылары үш өлшемнен (биіктік, ендік,
аумақтық) құралады. Мүсіндеме қатты заттардан немесе пластикалық
материалдардан жасалады. Осыған байланысты, мүсіндеме жасайтын адамды -
мүсінші деп атайды.
Статуя - адам денесінің тұтастай
тұлғалық сомдалуы.
Композиция - бірнеше адам тобын
сомдаған мүсіндік шығарма.
Рельеф - тек бір жағынан қарағанда
жақсы көрінетін жазықтың
бетіндегі мүсіндік бейне.
Барельеф - жартылай сомдалған
жазық бетінен аз шығып тұрады.
Сәулет өнері - Сәулет өнері адамдардың өмірі мен қызметіне қажетті материалдық
тұрғыдан ұйымдасқан орта құрайтын үйлер мен құрылыстар, кешендер.
Сәулет өнері:
Тұрмыстық үйлер.
Кәсіби завод, фабрика, вокзал.
Шаруашылық гараж, сарай.
Қоғамдық мектеп, музей, аурухана.
Графика – бейнелеу өнерінің бір жанры. Кескіндеме жанрында түс пен бояу негізгі рөл атқарса, графикада (гр.
graphein гр. grapho– жазамын) сызықтар, штрихтар, ашық және қара (қоңыр) дақтардың арақатынасы шешуші рөл
атқарады, сондай-ақ заттардың ең негізгі белгілері таңдап алынады.
Графика түрлері
Гравюра – ақ - қара түрлі түсті Литография – қарындаш тушь
болады. қолданады.
Линогравюра - линолеум пайдалану арқылы орындалған
гравюра түрі.
Сән және қолданбалы өнер - сән
өнерінің бір саласы, тұрмыска кажетті
көркем, жиһаздық заттарды жасайтын
шығармашылық түрі. Негізінен, түрлі үй
жиһаздарын (жиһаз, зергерлік ою-өрнекпен
әшекейленген заттар, тіршілікке қажетті
сәндік құрал-жабдықтар, сувенирлер, құмыра,
сый кеселер, т.б.) жасайды.
Сән және қолданбалы өнерінің
материалдары - металл, керамика, ағаш, қыш,
шыны, асыл тастар, сүйек, былғары, т.б.
Негізгі техникалық әдістері көркем оймыш,
шекіме, көркем жазба, кесте, құйма, т.б. Ол
сүйек, ағаш, тері өңдеу, бедерлеу, зергерлік,
инкрустация, фарфор, фаянс, кілем тоқу,
көркем мата жасау секілді салаларға бөлінеді.
Сән және қолданбалы өнер келелі
өндірістік, технологиялық міндеттерді
атқарғанымен, өз дәуіріндегі өнер мен
мүліктік мөдениеттің даму дөрежесіне
тәуелді болып, дәстүрлі, жергілікті этникалық
ұлттық ерекшеліктің негізінде дамиды.
Дизайн – көркемсурет
және сәулет өнерінің
өнеркәсіп бұйымдарының ең
үздік үлгілерін жасау және
заттық ортаны үйлестіру
шараларын қамтитын
бағытының атауы.
Дизайн қызметінің
ерекшелігі – әсем әрі көркем
жасалған тұтыну заттары мен
бұйым-дардың қоршаған
ортаға лайық үйлесімін жүзеге
асырып, ұдайы олардың жаңа
үлгілерін ойлап табу.
1928 ж. АҚШ-та пайда
болды.
Терминдік атауы жаңа болғанымен, оның негізі ерте замандарда-ақ қалыптасқан. Мысалы, қазақ халқының
қолөнер бұйымдарының (қобыз, домбыра, сандық, ожау, торсық, қару-жарақтар, сәндік әшекейлі бұйымдар, т.б.)
қайталанбас түрлері этнодизайндық үлгіде жасалған. Безендіру өнерінде де дизайнның әдіс-тәсілдері мен тәжірибесі
кең қолданылады. Дизайн өнері заман талабына орай үнемі өзгеріп, дамып отырады. ТМД елдерінде, соның ішінде
Қазақстанда дизайн өнері 1960 жылдан бастап жүйелі түрде қалыптасып, дами бастады.
Назарларыңызға рақмет
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz