Тас дәуірінің кезеңдерін ата



ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ
5-СЫНЫП
Бөлім тақырыбы:
Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі
Сабақтың тақырыбы:
Кіріспе сабақ

Оқу мақсаты:
Ежелгі Қазақстан тарихына жалпы шолу
Бағалау критерийлері:
Ежелгі Қазақстан тарихына жалпы шолу жасай алады, тарихи кезеңдерді анықтайды.

Тарих - адамзат туралы ғылым. Ол өмірде өткен маңызды оқиғалар, тарихи тұлғалар туралы ақпарат береді. Тарих үшін барлық үдеріс, адамзат баласының өткен өмірін еске түсіретін барлық оқиға маңызды.
Бейнероликке назар аударыңдар.


1-тапсырма.
1. Қазақстан тарихы неше кезеңге бөлінеді?
2. Ежелгі Қазақстан қандай дәуірлерге бөлінеді?
3. Тас дәуірінің кезеңдерін ата?
Дескриптор: Білім алушы
- Қазақстан тарихының кезеңдерін анықтайды;
- Ежелгі Қазақстан қандай дәуірлерге бөлінгенін анықтайды;
- Тас дәуірінің кезеңдерін анықтайды;

Жауабы
1. Қазақстан тарихы неше кезеңге бөлінеді?
4 кезеңге
2. Ежелгі Қазақстан қандай дәуірлерге бөлінеді?
тас, қола, темір.
3. Тас дәуірінің кезеңдерін ата?
палеолит, мезолит, неолит

1
Палеолит
А
Жаңа тас дәуірі
2
Мезолит
В
Тас дәуірі мен қола дәуірі арасындағы өтпелі кезең
3
Неолит
С
Ерте тас дәуірі
4
Энеолит
Д
Орта тас дәуірі
2-тапсырма. Сәйкестендіру
Дескриптор: Білім алушы
- Палеолит дәуірін сәйкестендіреді;
-Мезолит дәуірін сәкестендіреді;
- Неолит дәуірін сәйкестендіреді;
- Энеолит дәуірін сәйкестендіреді;

1
Палеолит
А
Жаңа тас дәуірі
2
Мезолит
В
Тас дәуірі мен қола дәуірі арасындағы өтпелі кезең
3
Неолит
С
Ерте тас дәуірі
4
Энеолит
Д
Орта тас дәуірі
Жауабы
Жауабы: 1-С, 2-Д, 3-А, 4-В

Термин сөздермен жұмыс.
Тарих ғылымы көптеген салалардан тұрады. Атап айтқанда: археология, антропология, этнография, деректану, нумизматика, топономика, мұрағат жұмыстары.
Археология - (грек. архайос - ежелгі, логос - ілім) Көне заманнан, орта ғасырдан қалған ескерткіштерді зерттейтін тарих ғылымының саласы.
Антропология - (грек. антропос - адам, логос - ілім) адамның шығу тегін, дамуын, дене құрылысын, нәсілдік ерекшеліктерін зерттейтін жалпы биология ғылымының қоғамдық ғылымдармен тығыз байланысы бар саласы.
Этнография, этнология (этнос-тайпа, графо - жазу) - қоғамдық ғылымның тайпалар мен халықтарды зерттейтін саласы. Этнография қазіргі халықтарды және ертеде өмір сүрген көне этностық топтардың шығу тегін, ру-тайпалық құрамын, қонысын, олардың өзіндік ерекшеліктерін зерттейді.
Деректану - тарихи деректер, олардың ашылуы, зерттелуі және қолданылуының теориясы мен практикасы туралы ғылым.

3-тапсырма. Суреттерге қарап, тарих ғылымының салаларын анықта.
1
2
3
3

3-тапсырма. Жауабы
1
2
3
3
ЭТНОГРАФИЯ
АРХЕОЛОГИЯ
АНТРОПОЛОГИЯ
НУМИЗМАТИКА

Қорытынды
Бүгінгі орындаған тапсырмалар бойынша өз-өзіңді бағала.
Сілтеме бойынша өтіп тапсырмаларды орында.
Үйге тапсырма:
“Тарих әлеміне саяхат” тақырыбында тарихи диктант.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz