Қазақстандағы алғашқы адамдардың тұрмысы мен тобыры (5-сынып)


Slide 1

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ

5-СЫНЫП

Бөлім тақырыбы:

Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі

Сабақтың тақырыбы:

Алғашқы адамдардың өмірі

Slide 2

Оқу мақсаты:

5. 1. 2. 1 - алғашқы адамдардың тұрмыс-тіршілігін шығармашылық түрде көрсету.

Бағалау критерийлері:

Алғашқы адамдардың тұрмыс-тіршілігін шығармашылықпен талдай алады, алғашқы рулық қауымның қалай құрылғанын анықтайды

Slide 3

Болжам жасаймыз:

Адамдар неліктен бірігіп, ұжымдасады?

Ежелгі адамдар азық табу мен жабайы жануарлардан қорғану үшін - тобыр болып өмір сүрген. Олардың тұңғыш баспанасы - үңгір болған. Олар аң терілерін төсеніш етіп, жыртқыш аңдар жоламас үшін үңгір аузына от жағып қойған. Ежелгі адамдар найзағайдың түсуінен жанған ағаштың отын пайдаланып, оны өшірмей, ұзақ сақтауға тырысты. Олар жанған отты жанын сала қорғады, өйткені отты өшіріп алу зор қауіп төндірді, тіпті бүкіл тобырдың қырылып қалуы мүмкін еді. Осындай қиыншылықтарға қарсы күресе жүріп олар даму үстінде болды. Адамдар тастан шыққан ұшқынға, ағашты бір-біріне үйкелеп қыздырған ұсақ жаңқаға жүн немесе өсімдік талшығынан жасалған білтені тұтату арқылы отты өзі жағуды үйренді. От жағуды үйрену адамдарды кездейсоқ табылған отқа тәуелді болудан құтқарды. Отпен адамдар жылынып, жыртқыш аңдардан қорғанды, ас пісіріп жеуге

Бейнероликке назар аударыңдар.

Slide 4

1-тапсырма. «Алғашқы адамдардың тобыры» туралы

«Неліктен ежелгі адамдар тобырларға бірікті?». Кемінде екі себебін анықтаңдар.

- «Ру болып өмір сүрудің үш артықшылығын анықтаңдар».

Суретті сипаттап, сұрақтарға жауап беріңіз.

Дескриптор:

-Ежелгі адамдардың тобырға бірігуін сипаттайды.

-Ру болып өмір сүрудің артықшылықтарын айта біледі.

Slide 5

Жауабы

«Неліктен ежелгі адамдар тобырларға бірікті?». Кемінде екі себебі:

1. Азық табу үшін

2. Жабайы аңдардан қорғану үшін

Ру болып өмір сүрудің үш артықшылы:

1. Туысқандық

2. Қорғану

3. Даму

Slide 6

2-тапсырма. «Визуалдандыру» әдісі

Алғашқы адамдардың тұрмыс-тіршілігін шығармашылық түрде таныстыр. Тірек сөздерді қолданып алғашқы адамдардың өмірін сипаттайтын сурет сал;

Тірек сөздері: адамдар тобыры, тас дәуірі, шапқы, үңгір, терімшілік, аңшылық

Дискриптор:

1. Тірек сөздерді қолданып, алғашқы адамдардың тұрмыс-тіршілігі жайлы әңгіме құрастырады;

2. Алғашқы адамдардың тұрмыс-тіршілігі жайлы сурет салады.

Slide 7

Термин сөздермен жұмыс.

Адамдар тобыры- ежелгі адамдар азық табу мен жабайы жануарлардан қорғану үшін - тобыр болып өмір сүрген. Тобыр құру аң аулауда, түрлі қиындықтар мен қатал табиғат жағдайында өмір сүруге жеңілдік жасады.

Үңгір- алғашқы адамдар тобыры өздеріне баспана ретінде табиғи үңгірлерді, қуыстарды, биік тау шатқалдарын пайдаланды. Олардың тұңғыш баспанасы - үңгір болған

Рулық- адамдардың тобыры бірте-бірте туысқандардың ұжымы болып руға айналды.

Slide 8

Кері байланыс: ҚҚҚ кестесі 1. Қызық болған 3 нәрсе 2. Қиын болған 3 нәрсе 3. Құнды болған 3 нәрсе

Slide 9

Қорытынды

Бүгінгі орындаған тапсырмалар бойынша өз-өзіңді бағала.

Сілтеме бойынша өтіп тапсырмаларды орында. https://bilimland. kz/kk/subject/qazaqstan-tarihy/5-synyp/alhashqy-adamdardyng-omiri


Ұқсас жұмыстар
5-сынып: Алғашқы адамдардың өмірі мен антропологиялық белгілері
9-сынып: Сарматтардың шаруашылығы мен тұрмысы
Мезолит дәуіріндегі алғашқы адамдардың қоғамдық құрылымы мен шаруашылықтағы өзгерістер
6-сынып тарих сабағы: Сақтардың көшпелі мал шаруашылығы мен тұрмысы
6-сынып тарихы: Сақтар - тұрмысы, әлеуметтік құрылысы және мәдени мұралары
Алғашқы адамдардың пайда болуы, еңбек құралдары және тас дәуірінің кезеңдері
Үйсіндер: тарихы, орналасқан жері және шаруашылығы мен тұрмысы
5-сынып: Ежелгі Қазақстан тарихы - кезеңдер мен тарих ғылымдарының салалары
Қазақстандағы психология ғылымының пайда болуы мен алғашқы қалыптасу кезеңі
Қазақстандағы алғашқы қауымдық құрылыс: тас және қола дәуіріндегі алғашқы адамдар мен мәдениеттер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz