Бөріқазған мен Тәңірқазған деген жерден табылған құралдар




Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ
5-СЫНЫП

Бөлім тақырыбы:
Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі

Сабақтың тақырыбы:
Қазақстан территориясындағы тас
дәуірінің тұрақтары
Оқу мақсаты:
5.2.2.1 – археологиялық ескерткіштерді
сипаттау;
5.4.2.1 – еңбек құралдары мен қару
түрлерін сипаттау
Бағалау критерийлері:
Тас дәуіріндегі археологиялық
ескерткіштерді анықтаймыз;
археологтар тапқан еңбек құралдарын
сипаттаймыз.
Балалар, сүйек пен тастан жасалған бұйымдарды
ажыратып, атап беріңіздер.

Ине, гарпун, біздер,
дәнүккіш, сүймен
балта, түрен, шапқы,
қырғыш
Жаңа сабақ
• Ауыр салмақты, тік бұрышты, ұсақ шақпақ тастар ең
ежелгі еңбек құралдарына жатады. Олар Қаратаудан табылды. Бөріқазған
мен Тәңірқазған деген жерден табылған құралдар - ашельдік кезеңге
жатады. Олар шапқылар, ауыр тас сынықтар, нуклеустар. Төменгі
палеолитте адам тасты сындыру үшін басқа тасты пайдаланып, біріне-
бірін ұрған. Мұндай техника "Малта тас мәдениеті" (өзеннің малта
тастарын пайдаланған) деп аталады. Мұны тапқан археолог Халел
Алпысбаев. Ашель уақытының ескерткіштері Орталық
Қазақстанда Құдайкөл, Жаманайбат, Обалысай тұрақтары, батыс
Қазақстанда- Маңғыстауда Шақпақата, Сарытас. Мустье кезінде тас
өңдеудің жаңа техникасы табылды. Ол Оңтүстік
Қазақстанда Ш.Уәлиханов атындағы тұрақ деп аталады. Адамдар ол
кезде бизон, жылқы аулаған. Қазақстанның ежелгі
тұрғындары эволюциялық даму жағынан хомо сапиенс (саналы адам)
сатысына сай келеді

• Бейнероликке назар аударыңыздар
• https://www.youtube.com/watch?v=q0xHn1796GA
1-тапсырма. «Aқпараттық органайзер» құрастыру. Органайзерде келесі
айдарлар болады: тұрақтардың орналасқан аймағы, табылған еңбек
құралдардың ерекшелігі анықтаңыздар
АЙМАҚ АТАУЫ ЕРЕКШЕЛІГІ

Арыстанды

Шульбинка

Шақпақата

Арыстанды

Батпақ

Семізбұғы

Бөріқазған, Шабақты

Дескриптор:
– Тұрақтардың атауын, хронологиясын біледі.
– Тұрақтардың орналасқан аймағын көрсетеді.
– Табылған еңбек құралдарын ажыратып, сипаттайды.
2-тапсырма. Жоғалған сөзді тап. Жазылым
дағдысы
1. Ауыр салмақты, тік бұрышты, ұсақ шақпақ ............. ең
ежелгі еңбек құралдарына жатады.
2. Бөріқазған мен Тәңірқазған деген жерден табылған құралдар
- ................................. кезеңге жатады.
3. Адамдардың ең алғаш тұрақтары .......................... болды
4. Төменгі палеолитте адам тасты сындыру үшін басқа тасты
пайдаланып, .......... ұрған.
5. Ең алғашқы адамдар осы құралдармен...........................сияқты
жануарларды аулады
Дескриптор:
1. Берілген мәтіндегі жоғалған сөздердің орнын дәл тауып қояды.
2. Жауаптарды қорыта келе ежелгі адамдардың өмірін
сипаттайды.
Жауабы

1. Ауыр салмақты, тік бұрышты, ұсақ шақпақ тастар ең
ежелгі еңбек құралдарына жатады.
2. Бөріқазған мен Тәңірқазған деген жерден табылған
құралдар - ашельдік кезеңге жатады.
3. Адамдардың ең алғаш тұрақтары үңгірлер болды
4. Төменгі палеолитте адам тасты сындыру үшін басқа
тасты пайдаланып, біріне-бірін ұрған.
5. Ең алғашқы адамдар осы құралдармен шапқы,
қырғыш, найза сияқты т.б. жануарларды аулады
Термин сөздермен жұмыс.
Нуклеус- Кейінгі палеолитте мустьерлік кезеңнің
жалпақ, салмакты, доңгелек пішінді кесек тас
құралдары (нуклеус) енді жақсы қырланып, мұқият
жонылды. Олар бұрынғы жалпақ шақпақ тастар секілді
емес, кремнийден дұрыс қырланған, түзу әрі жұқа өткір
құралдар жасалатын болды.
"Малта тас мәдениеті"- төменгі палеолитте адам
тасты сындыру үшін басқа тасты пайдаланып, біріне-
бірін ұрған. Мұндай техника "Малта тас мәдениеті"
(өзеннің малта тастарын пайдаланған) деп аталады
Сураққа жауап береміз:

1. Тас дәуірі деп неге аталады?
2. Еңбек құралдары неден жасалды?
3. Топқа қалай бірікті?

Дескриптор: Білім алушы
• Тас дәуірі деп неге аталағанын анықтайды;
• Еңбек құралдары неден жасалғанын анықтайды;
• Топқа қалай біріккендігін сипаттайды;
Қорытынды.Үй жұмысы
картаны сызып, суретін салыңыздар

Қазақстан тас ғасыры ескерткіштері:
1.Тоқсанбай. 7. Ырғыз, Қараторғай
2.Көкжібек , Жағабұлақ , Темір . 8,9. Обалысай, Мұзбел, Қосқұдоқ
3. Қарғалы . 10. Батпақ , Зеленая балка
4. Қаратомар 11. Қанай, Усть –Нарым
5.Иманбұрлық 12. Арал тұрақтар тобы
6.Дамсы 13. Жиделі.

Ұқсас жұмыстар
Қазақстан территориясындағы тас дәуірінің тұрақтары
Ерте темір дәуірінің хронологиясы мен археологиялық ескерткіштері
Қазақстан жеріндегі алғашқы қауымдық құрылыс
Оңтүстік Қазақстаннан табылған тұрақтар
Ерте палеолит тұрақтары
Алғашқы адамдардың тас құралдары
Қазақстанның ежелгі тарихы. Қазақстан территориясындағы ерте дәуір
Қазақстан территориясындағы палеолит ескерткіштері
Ежелгі ПАЛЕОЛИТ
Қазақстан аумағындағы алғашқы қауымдық құрылсы
Пәндер