Қазақстанда көшпелі мал шаруашылығы және егіншіліктің дамуы




Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ
11-СЫНЫП

Бөлім тақырыбы:
Өркениет: даму ерекшеліктері
Сабақтың тақырыбы:
Қазақстанда көшпелі мал
шаруашылығы және егіншіліктің дамуы
Оқу мақсаты:
11.1.1.2 көшпелі мал шаруашылығы мен
егіншіліктің ерекшеліктерін "тіршілікті
қамтамасыз ету жүйесі" , "қоныстану
жүйесі", "экожүйе" ұғымдарын
пайдалана отырып анықтау
Бағалау критерийлері:
Көшпелілердің экологиялық ортасын
біледі, көшпелі экожүйе мен табиғи-
климаттық факторларды анықтайды
Көшпелі экологиялық орта. Белгілі бір табиғи климаттық жағдайы мен табиғи қорлары бар
экологиялық орта (тіршілік ету ортасы) болып табылады. Экологиялық ортаға мынандай
ерекшеліктер тән:
-қуаңшылық және жауын-шәшәннің аз болуы;
- су қорының шектеулігі;
-топырақ қорының шектеулігі және топырақ эрозиясы, топырақтың желге ұшу бейімділігі;
-өсімдіктердің маусым бойынша өсетіндігі, сиректігі, азықтық құнарының төмендігі.
Көшпелі экожүйе. Экожүйе – тірі ағзалар жиынтығының қоректену, өсу және ұрпақ беру
мақсатында, белгілі бір тіршілік ету кеңістігін бірлесе пайдалануының тарихи қалыптасқан жүйесі.
Көшпелі экожүйе көшпелі малшаруашылығының басым немесе мүмкіндігін білдіреді. Көшпелілік
тараған аймақты егіншаруашылығына пайдалану әрекеті топырақ эрозиясына ұшырау немесе
шөлейттену залалдарына ұшыратады.
Көшпеліліктің пайда болуының табиғи-климаттық факторлары
Жауын-шашынның азаюынан табиғатта құрғақшылық бел алып, климаттық континенттігіне жыл
бойындағы температура шұғыл өзгеріп көшпеліктің пайда болуының табиғи факторына айналды.
Маусымдық мал жайылымы: Көктеу, жайлау, күзеу, қыстау.
Көшпеліліктің пайда болуының әлеуметтік-мәдени факторлары
Ежелден келе жатқан мал шаруашылығын дамыту, климаттық ерекшеліктері жөніде ақпараттарды
ұрпақтан-ұрпаққа қалдырып отырған. Мінсе көлік, кисе киім, жесе ет болған мал шаруашылығы
тиімді болған.
Бейнероликке назар аударыңдар.
1-тапсырма.

Дискриптор:

-тұжырымның ақиқат/жалғандығын анықтайды;

-мал шаруашылығының пайда болуы

-көшпелілер өркениеті тек Қазақстанда қалыптасқанын анықтайды

-Көшпелілік тараған аймақты егіншаруашылығына пайдалану әрекеті топырақ эрозиясына ұшыратпайды
Жауабы:
Ақиқат.
Ақиқат.
Жалған.
Жалған
2-тапсырма. Шарты : Венн диаграммасы мал және егін
шаруашылығының айырмашылығын салыстыру.

Дескриптор: Білім алушы
- Мал шаруашылығын сәйкестендіреді;
-Егін шаруашылығын сәкестендіреді;
- Ұқсастықтарын сәйкестендіреді;
Термин сөздермен жұмыс.
Экологиялық орта- белгілі бір табиғи климаттық жағдайы мен табиғи қорлары бар
экологиялық орта (тіршілік ету ортасы) болып табылады.
Экологиялық жүйе- Экологиялық жүйе – тірі ағзалар жиынтығының
қоректену, өсу және ұрпақ беру мақсатында, белгілі бір тіршілік ету кеңістігін бірлесе
пайдалануының тарихи қалыптасқан жүйесі.
Көшпелілік- көшпелі халықтардың тарихи қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық
даму жүйесі, шаруашылық-мәдени типі.
Табиғи-географиялық фактор- Адамзат қоғамы табиғатты өзгертетін
сыртқы фактор бола тұра, осы өзгерістер жүретін географиялық ортаның айрықша
құрамдас бөлігі болып есептеледі. Сондықтан географиялық ортаның қоғамдық
элементтері мен табиғи элементтерінің қарама-қайшылықтары қоғамдық өндірісті
дамытушы фактор ретінде айқындалады.
Әлеуметтік-мәдени фактор- Әлеуметтік мәдениет - [лат. cultura - өңдеу, тәрбиелеу] -
барлық адамдарға ортақ, нақтылы бір өмір салтымен байланысты, бүкіл қоғам немесе
әлеуметтік топ аясындағы әлеуметтік реттеуге қызмет ететін қүндылықтар мен
ережелер, дүниетаным жүйелері.
Ақпарат- термині латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін
"informatio" сөзінен шыққан. Белгілі бір хабардың, жаңалықтардың өткен
оқиғалардың мазмұнын білдіреді
Бейімделу- (лат. adapto) техникалық жүйенің сыртқы орта жағдайларының өзгеруіне
байланысты ол туралы ақпарат жинау және оны пайдалану арқылы өз қалып-күйлерін
өзгертуі, ағзалардың тарихи даму кезеңіндегі тіршілік ортасына бейімделуі.
3-тапсырма. Суреттерге мұқият қара, көшпелілердің жыл
мезгілдеріне қарай қоныс аударатын мекендерін жазып шық .
1 2

3 4

Дескриптор: Білім алушы
- көшпелілердің жыл мезгілдеріне қарай қоныс аударуын анықтайды
ЖАУАБЫ:

1 2

Көктеу
Жайлау

3 4

Күзеу Қыстау
Үйге тапсырма:
1. Ерте темір дәуірінде мал басының көбеюіне байланысты қалыптасқан:
А) отырықшылық
В) егіншілік
С) көшпелі мал шаруашылығы
D) отырықшы мал шаруашылығы
Е) сауда-саттық
2. Табиғаттың дайын өнімін пайдаланған аңшы-терімшілерден көшпелілердің
айырмашылығы:
А) ру болып өмір сүруі
В) көсемдердің пайда болуы
С) еңбек құралдарын жасай білуі
D) өз шаруашылығында өнім өндіруі
Е) баспана жасай білуі

3. Жылқыны қолға үйретуге байланысты ойлап табылған жаңалық: С
А) дөңгелекті ойлап табу
В) ет, сүтін пайдалану D
С) көлік ретінде пайдалану
Е
D) терісін пайдалану
Е) үзеңгі мен ауыздықты ойлап табу

Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда көшпелі мал шаруашылығы мен егіншіліктің дамуы
Көшпелі қауым - малшаруашылығы саласындағы еңбек бірлестігі қағидасына негізделген көшпелілердің ұйымы
Тас дәуірі
Қазақтардың ұлттық киімі
XV – XV ІІІ ғғ. Қазақ халқының мәдениеті
Біздің заманымызға дейін
Қазақстандағы мал шаруашылығы
Ғұндар туралы
Қола дәуірінің ерекшелігі
Қазақстанда болашақта ашық кен орындарын игеру есебінен 2015 жылға қарай
Пәндер