Көшпелі қауым - малшаруашылығы саласындағы еңбек бірлестігі қағидасына негізделген көшпелілердің ұйымы


Slide 1

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ

11-СЫНЫП

Бөлім тақырыбы:

Өркениет: даму ерекшеліктері

Сабақтың тақырыбы:

Қазақстанда көшпелі мал шаруашылығы және егіншіліктің дамуы

Slide 2

Оқу мақсаты:

11. 1. 1. 3 картаны пайдаланып дәстүрлі шаруашылық қызмет түрлерін классификациялау

Бағалау критерийлері:

Қазақтардың көшпелі мал шаруашылығы туралы оқып біледі, көшіп қонудың өндірістік циклін талдайды, мал құрамы туралы түсінеді, көшпелілердегі егіншілікті бағалайды.

Slide 3

Көшпеліліктің шығуы, көпшілік жағдайда, географиялық ортаның тікелей әсерімен байланысты. Сондықтан да көшпелілік белгілі бір нақты тарихи кеңістіктерде ғана таралды. Көшпеліліктің пайда болуы - белгілі бір климаттық жағдайлар, экологиялық ұяның шектеулі мүмкіндіктері, табиғи ресурстардың сол өлкеде өмір сүруші этностың алдына қоятын табиғи талаптарына байланысты. Көшпелілік белгілі бір геофизикалық, табиғи-климаттық аймақтарда қалыптасады. Әдетте, бұл - далалы, жартылай шөлейт, шөл және құрғақ далалар, тау бөктері, тау аймақтары. Мұндай жерде көбінесе жаңбыр аз, жылдық ылғалдың мөлшері 200-400 мм арасында ғана болады.

Көшпелі қауым- малшаруашылығы саласындағы еңбек бірлестігі қағидасына негізделген көшпелілердің ұйымы.

Патронимиялық ұйым- бір-бірімен ортақ шежірелік дәстүрмен байланысқан, туыстық бірлестік. Көшпелілер мал жаю, малдың жүнін қырқу, таңбалау, құдықтар қазу, егіншілік жұмыстарын атқару, аңшылық құру бірігіп топтасу ыңғайлы болған.

Көшпелілерде туыстық шежірелік жүйесі мен патронимиялық ұйым басым болуының себебі көшпенділердің меншікке мұрагерлікпен ғана ие бола алатын болды. Бұған қоса, ол табиғи циклдар мен көшіп- қону бағыттары туралы ақпараттарды тек өзінің ата-бабаларынан ғана біле алды.

Бейнероликке назар аударыңдар.

Slide 4

1-тапсырма. «Малдың бір шаруашылықта шамадан тыс шоғырлануынан сақтандыратын факторлар» кестесін толтырыңыз

Дескриптор: Білім алушы

- Табиғи факторларды анықтайды;

-Әлеуметтік факторды анықтайды

Slide 5

Жауабы

Slide 6

2-тапсырма. Картадан шаруашылық түрлерінің дамыған аймақтарын белгілейміз, жетпей тұрған сөзді толықтырамыз.

Батыс және Орталық Қазақстанда көшпелі өмір салты басым болды. Жел мен бораннан ықтасын іздеп . . . тұрақтарына қоныстанды.

Оңтүстік Қазақстан аумағында суармалы егіншілік басым болды. Ол Сырдария, Шу, . . . баурайында дамыды

Тянь-Шань, Алтай таулары, Жетісу мен Шығыс Қазақстан далалары мал жайылымына да, . . . айналысуғада қолайлы.

Slide 7

Жауабы

Дескриптор: Білім алушы

- Батыс және Орталық Қазақстанда көшпелі өмір салты анықтайды;

- Оңтүстік Қазақстан аумағында суармалы егіншілік басым болған аймақтарды анықтайды;

- Тянь-Шань, Алтай таулары, Жетісу мен Шығыс Қазақстан далалары мал жайылымынмен қатар немен айналысқанын анықтайды;

Батыс және Орталық Қазақстанда көшпелі өмір салты басым болды. Жел мен бораннан ықтасын іздеп қыстауда тұрақтарына қоныстанды.

Тянь-Шань, Алтай таулары, Жетісу мен Шығыс Қазақстан далалары мал жайылымына да, егіншілікпен айналысуғада қолайлы.

Оңтүстік Қазақстан аумағында суармалы егіншілік басым болды. Ол Сырдария, Шу, Талас, Қаратау баурайында дамыды

Slide 8

Термин сөздермен жұмыс.

Көшпелі қауым- малшаруашылығы саласындағы еңбек бірлестігі қағидасына негізделген көшпелілердің ұйымы.

Патронимия ұйым- бір-бірімен ортақ шежірелік дәстүрмен байланысқан, туыстық бірлестік.

Генеологиялық желі- тектік, жанұяның ағашқа ұксатып бейнеленген тегінің шежіресі.

Slide 9

3-тапсырма. Суреттерге мұқият қарап, көшпелілердің төлдерін сурет пен мәліметті сәйкестендіреміз.

Дескриптор: Білім алушы

- Көшпелілер төрт түлік малдан қандай өнім алғандығын анықтайды;

- Көшпелілер төрт түлік малдың қай түрін жоғары бағалағанын анықтайды;

Slide 10

ЖАУАБЫ:

Slide 11

Үйге тапсырма:

Әркім өздеріңнің генеологиялық желілеріңді жасап келіңдер.


Ұқсас жұмыстар
Көшпелілер туралы мәлімет
Қазақтың дәстүрлі мәдениетінің этикалық құндылықтары
Көшпелілер өркениетін зерттеу мәселелері
ӨРКЕНИЕТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОРНЫ
Көшпелілер өркениетін зерттеу
Қазақстанда көшпелі мал шаруашылығы және егіншіліктің дамуы
Көшпелілік мәдениет түрі
Мемлекет және құқықтың пайда болуы, мемлекеттің шығу туралы теориялары, тарихи типтері және мәні
Көшпелілер мен отырықшылардың өмір салты
КӨШПЕЛІЛЕРІНІҢ МӘДЕНИЕТІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz