Тас дәуірі


Slide 1

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ

11-СЫНЫП

Бөлім тақырыбы:

Өркениет: даму ерекшеліктері

Сабақтың тақырыбы:

Қазақстанда көшпелі мал шаруашылығы және егіншіліктің дамуы

Slide 2

Бағалау критерийлері:

Орта ғасырдағы Қазақстан тарихына жалпы шолу жасай алады, тарихи кезеңдерді анықтайды.

Оқу мақсаты:

11. 1. 1. 1 Қазақстан халқының тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің қалыптасуына және дамуына табиғи-географиялық факторлардың әсерін зерттеу;

Slide 3

1. Қазақстан аумағындағы тас дәуірі 2. Мал шаруашылығы 3. Егін шаруашылығы

Қазақстан аумағындағы тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің қалыптасуы мен дамуы

Slide 4

Табиғи-географиялық жағдайларға бейімделу - адамның аман қалуының кепілі. Адам қауымдастығының табиғи ортаға бейімделуіне қарай, тіршілікті қамтамасыз етудің әртүрлі жүйелері қалыптасады. Адамның бастапқы эволюциясы Африкада өтті. Отты қолдану, тас еңбек құралдарын пайдалану, тері илеуге байланысты технологиялық өзгерістер адамға субтропиктік, одан кейін қоңыржай климат аймақтарын игеруге және бұл аймақтарда қажетті тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерін қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Slide 5

Тас дәуірі

Тас дәуірі - адамзат тарихындағы ең ұзақ мәдени-тарихи кезең. 3 кезеңге (ежелгі, орта, жаңа) бөлінеді. Шамамен б. з. б. 3 млн - б. з. б. 3 мыңжылдықтар аралығын қамтиды. Тас дəуірі ескерткіштері Қазақстанның барлық аймақтарынан кездеседі. Аймақтар тарихының ертедегі кезеңін зерттеу, әдетте, сонау адамзат қоғамының қалыптасу тарихынан, яғни алғашқы қауымдық құрылыс дәуірінен басталады. Бұл кезде, яғни тас дәуірінде ертедегі адамдардың материалдық және рухани мәдениетінің қалыптасуы мен алғашқы дамуы орын алған.

Slide 6

Палеолит б. з. б 3млн-12мыңж.

Мезолит б. з. б 12мыңж-5мыңж

Неолит 5мыңж-3мыңж

1- тапсырма. Адам тіршілігін дәуірлермен сипаттап, кестені толтырыңыздар

Дискриптор:

- Тіршілікті қамтамасыз ету жүйесін сипаттайды;

-Палеолит дәуіріндегі тірішілік ету жүйесін анықтайды;

- Мезолит дәуіріндегі тірішілікт ету жүйесін анықтайды;

- Неолит дәуіріндегі тірішілік ету жүйесін анықтайды

Slide 7

Палеолит б. з. б 3млн-12мыңж.

Мезолит б. з. б 12мыңж-5мыңж

Неолит 5мыңж-3мыңж

Ертедегі тас дәуірі - адамның және оның шаруашылығының қалыптасуының бастапқы уақыты. Палеолит дәуірінде адамдардың қоғамдық ұйымдары өте күрделі және ұзақ даму жолынан өтті. Бастапқы кезеңде жабайы үйір пайда болды.

Бірінші кезекте бұл мұздықтардың еруімен байланысты. Бұл кезде қазіргісіне жақын гидрографиялық желі орнығып, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің қазіргісіне жақын құрамы қалыптасады. жылы климат ұзақ мерзімді, жылы және баска тұрғын жайлар салуды қажет етпеді, сондықтан аңшылар өз тұрактарының орнын оңай әрі тез ауыстырып отырды.

Садақ және жебелерді, сондай-ақ қондырма тәсілін ойлап табу өндіргіш күштер дамуындағы өзіндік бір төңкеріс. Ол ежелгі адам өмірін маңызды өзгерістерге әкелді.

Еңбек құралдарынан қыспа түзету техникасын жетілдірумен қатар тас өңдеудің жалтырата тегістеу, бұрғылау, аралау сияқты жаңа технол. әдістері қалыптасты. Аңшылықтан мал өсіруге, терімшіліктен егіншілікке көшу орын ала бастады. Шаруашылықтың жаңа түрлерінің шығуы адам баласын осы салаларға қатысты жаңа еңбек құралдарын (дәнүккіш, келі, келсап, кетпен, т. б. ) жасауға, оның сипатын сапа жағынан жетілдіруге итермеледі. Бұрынғыдай тастан және сүйектен жасалған құралдар кеңінен пайдаланылды және қыш ыдыстар кеңінен тарады. Қыш ыдыстардың шығуы дәнді дақылдарды сақтауға, пайдалануға көп мүмкіндік берді.

ЖАУАБЫ

Slide 8

2-тапсырма. Кім жылдам?

Тас дәуіріндегі археологиялық ескерткіздер тізімін жасаңдар.

Мал шаруашылығы туралы мәлімет жазыңдар

Егін шаруашылығы туралы мәлімет жазыңдар

Slide 9

Қазақстанда 450-дей Палеолиттік ескерткіш орындары анықталған.

Slide 10

Қазақстан аумағында мезолиттік тұрақтардың саны 20-дан астам:

Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында 600-ден аса неолиттік және энеолиттік ескерткіш мәлім.

Slide 11

Мал шаруашылығы қалыптасуы

Қазақ даласындағы тіршілікті қамтамасыз ету жүйесі бұрынғыша тұтынушы шаруашылыққа негізделді. Бұл табиғи қорлардың жетістігімен байланысты болды. Кезбе аңшылар құлан, аю, бұғы, жабайы шошқа, елік, жылқы, қасқыр, кекілік, қырғауыл және басқа жануарларды аулады.

Жылқы мен басқа да жануарларды қолға үйрету Қазақстан халқы тіршілігін қамтамасыз ету жүйесін дамытудың маңызды кезеңіне айналды. Б. з. б. 4-3 мыңжылдықтың соңындағы ылғалды климат жабайы жылқылар санының жедел артуына қолайлы жағдай жасады. Ботай мәдениеті/б. з. б. 3-2мж/ аңшылық, балық аулау мен жылқы өсіруді үйлестірген біршама күрделі шаруашылығымен ерекшеленді. Ботай тұрағында 70-мың жылқы сүйегі табылған.

Slide 12

Егіншілік

Б. з. б. 3-2 мыңжылдықтарда қуаншылықтың жаңа толқыны басталды. Қазақстан халқы б. з. б. 2 мыңжылдықта малшы егінші өндіруші экономикаға көшті. Егіншілік кәсібімен біздің ата-бабаларымыз тым ертеден бастап шұғылданған. Қазақ даласындағы көне үңгірлер мен ескі қоныс орындарын зерттеу барысында темір соқаның басы және басқа диқаншылық жабдықтарының шығуы олардың өз кезінде мал шаруашылығымен қоса егіншілікпен де шұғылданғандығын аңғартады

Зерттеу жұмыстары қазақ жерінде, соның ішінде Еділ бойы, Орал өңірі, Алтайдың далалық өңірін мекендеген ежелгі тайпалар сонау қола дәуірінің өзінде малшылықпен бірге егіншілікпен шұғылданғанын көрсетіп отыр. Ірі өзен аңғарларындағы ауқымды суармалы егіншіліктің дамуы тұрақты отырықшы елді мекендер мен қалалардың пайда болуына әкелді.

Slide 13

3-тапсырма. Тест

Орта тас кезеңін белгілеңіз?

А. Энеолит Ә. Неолит Б. Мезолит В. Палеолит

2. Садақ пен жебе пайда болды?

А. Энеолит Ә. Неолит Б. Мезолит В. Палеолит

3. Қазақстан халқы қашан малшы-егінші өндіруші экономикаға көшті.

А. б. з. б. 2 мыңж. Ә. б. з. б. 3 мыңж. Б. б. з. б. 4-3 мыңж.

В. б. з. б. 3-2 мыңж.

70мың жылқы сүйегі табылған тұрақ?

А. Батпақ Ә. Пеньки Б. Тельман В. Ботай

5. Кейінгі палеолит дәуір тұрағын көрсетіңіз

А. Қанай Ә. Шақпақата Б. Тельман В. Балка

Slide 14

Жауабы:

1-тапсырма. Тест

Орта тас кезеңін белгілеңіз?

А. Энеолит Ә. Неолит Б. Мезолит В. Палеолит

2. Садақ пен жебе пайда болды?

А. Энеолит Ә. Неолит Б. Мезолит В. Палеолит

3. Қазақстан халқы қашан малшы-егінші өндіруші экономикаға көшті.

А. б. з. б. 2 мыңж. Ә. б. з. б. 3 мыңж. Б. б. з. б. 4-3 мыңж.


Ұқсас жұмыстар
Тас дәуірінің кезеңдерін ата
Алғашқы қауымның тарихи - мәдени маңызы
Қазақстан территориясындағы палеолит ескерткіштері
Қазақстан тарихын оқытудың мақсаты мен міндеттері және оның басты кезеңдері мен тарихнамасы
Соңғы палеолит құралдары
Ерте палеолит тұрақтары
Қазақстан тарихының кезеңдері
Қола дәуірінің ерекшелігі
Ежелгі ПАЛЕОЛИТ
Алғашқы адамдардың тас құралдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz