ҚҰС ТҰМАУЫ
Презентация қосу
Орындаған: Қауметова Х.
Вм-504
Тексерген: Отарбаев Б.К.
ҚҰС ТҰМАУЫ
Құстың тұмауы (Grippus avium, грипп
птиц) - септицемия, домбығу, тыныс
және ас қорыту мүшелерінің
зақымдаңуымен ерекшеленетін
жұғымтал ауру.
ҚОЗДЫРУШЫСЫ
Influenza A influenzavirus - ортамиксовирустар
туыстастығына жататын, құрамында РНҚ бар,
сүтқоректілер мен құстарға ортақ тұмау
вирусының А тобына жатады.
Негізгі антигендері: .Н(гемагглютиңин) және
N(нейраминидаза). Н антигені бойынша 5 кіші
топқа (H1-H15), олардың әрқайсысы N антигеніне
байланысты 9 кіші топқа (N1-N9) бөлінеді.
Сыртқы ортада вирус
біршама төзімді. 65-70°С-та 2-
5 мин. Белсенділігін жояды.
4°С температурада
зардаптылығын бірнеше апта
сақтайды. Төменгі
температура мен лиофильді
кептіргенде 2 жылға дейін
сақталады. 5% тұз қышқылы,
4% фенол, 3% хлорлы әк, 2%
күйдіргіш натрий,' 5% карбол
қышқылы ерітінділері
вирусты 5 мин. ішінде
бейтараптайды
ІНДЕТТІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Құстың тұмауы эпизоотия (індет) және
энзоотия түрінде байқалады. Тұмаумен барлық
үй, синантроптық және жабайы құстар
ауырады. Вирустың көптеген шгаммдары
ауырмаған жыл құстарынан, әсіресе, ұя
басатын жерлерінде, бөлініп алынады. Үй
және жабайы құстардың арасында құстарға,
адамға жәнежануарларға тән тұмау
вирустарының штаммдары айналымда болады.
Вирус денеден барлық секреттер мен
экскреттер арқылы жэне жүмыртқамен
бөлінеді. Аурудың таратушы факторлары
шаруашылықтағы кемірушілер, мысық,
жабайы құстар болып табылады.
ӨТУІ МЕН СИМПТОМДАРЫ.
Жасырын кезеңінің ұзақтығы 2-5 күн.
Ауру басталғанда қүс күйзеліп,
түмсығынан сора ағады. Синусит және
синовит байқалады. Кей жағдайда көздің
қабақтары экссудатпен жабысып,
кілегейлі қабықтары қабынып, құстың
басы ісінеді.
Тыныс мүшелерінің зақымдануымен қатар
ауырған кұстарда диареяның симптом комплексі
байқалады. Саңғырығы сұйылып, түсі қоңыр-
жасыл болады. Атаксия, невроз, қүрыстану
белгілерімен құс бір орында айналсоқтап,
мойыны мен қанаттары дірілдейді. Аурудың
клиникалық белгілері онша білінбей, жеңіл өтуі
де мүмкін
ПАТОЛОГИЯЛЫҚ-АНАТОМИЯЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР
Аурудың үзақтылығына байланысты әртүрлі болуы мүмкін.
Негізінен жұтқыншақ, мойын, кеуде жэне аяқтарының терісі
астында қанталаған жалқақтар кездеседі. Тері астында,
бұлшық еттерінде, жүрегінде, ішкі ағзаларында жаппай
немесе жекелеген қанталаулар үшырайды. Екінің бірінде
ринит, фарингит жэне конъюнктивит, одан да жиірек ішек-
қарында қанталаулар байқалады.
БАЛАУ
Індеттік ерекшеліктері, клиникалық
және патологоанатомиялық
белгілері бойынша түмауға тек
алдын-ала диагноз қоюға болады.
Қорытынды диагноз қою үшін ауру
жіті өткен кезде өлген құстың
өкпесі, бауыры, миы,т.б. алынған
патологиялық материалды
зертханаға жібереді.
Сонымен қатар, тауық эмбрионының көп
қабатты торша өсінділерін жұктырады.
Биосынама қою үшін 2-4 айлық балапанға
0,5-1 мл патматериал езіндісін бұлшық
етіне жібереді. 3-5 күн өткенде
балапанда аурудың белгілері байқалып,
кейде өліммен тынады. Егер вирустың
уыттылығы төмен болса, 4-10 күннен
кейін антиденелердің титірінің
көтерілуінен басқа белгі байқалмайды
Аурудың емі табылған жоқ. Тұмауға
шалдыққан құсты емдеу тиімсіз.
Індеттің жайылып кету қаупінен
сақтанып, ондай кұсты тез жойып,
өртеп жібереді.
ДАУАЛАУ ЖӘНЕ КҮРЕСУ
ШАРАЛАРЫ
Ауырып жазылған құстарда 6 айға дейін
стерильсіз иммунитет қалыптасады.
Аурудың алдын алу үшін тұмаудың А
типіне қарсы өлтірілген гидроокись
аллюминий вакцинасын, құстың тұмауына
қарсы сүйық және қүрғақ өлтірілген
вакциналарды қолдану ұсынылған.
Негізінен қүс шаруашылығында өлтірілген
адъювант ретінде майлы эмульсия
қосылған вакцина қолданыс тапты.
Ауру шыға қалғанда шаруашылыққа карантин
қояды. Егер түмау бір қорада байқалса, ондағы
барлық ауырған жэне күдікті кұсты қан шығармай
өлтіріп, жояды да, қалған сау құсты етке сояды.
Егер ауру бірнеше қорада байқалса, күн сайын
ауруға күдікті және әлсіреген қүсты бөліп алып,
сойып, патологоанатомиялық өзгерістер табылса
утильге жібереді. Өзгерістер болмаса ішкі ағзаларды
утильдеп, етін пісіріп тағамға пайдалануға жібереді
ЖЗҚТ байқалғанда, әсіресе оның адамға
қауіпті H5N1, H5N2, H7N1 штаммдары
бөлінсе, індет ошағы орналасқан 3 - 5 км
аймақта барлық құстар жойылады. Оның
сыртындағы ені 7 - 10 км аймақтағы қүстар
түмауға қарсы егіліп, буферлік зона
жасалынады. Оның сыртында ені тағы да
осындай аймақтан құсты әкетуге тиым
салынады
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz