Шошқаның африкалық обасы
Презентация қосу
Шошқаның африкалық
обасы
Орындаған: Құрымбай Айдана вм-504
Тексерген: Отарбаев Б.К
Жоспар
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
а)Қоздырушысы
в)Індеттік ерекшеліктері
г) Өтуі мен симптомдары
Д Балау
ІІІ Дауалау шаралары
Қорытынды
Шошқаның африка обасы (Pestis africana suum,
африканская чума свиней) - токсикоз, дененің
қызынуы, лимфоидтық ағзалардың өліеттеніп, әр
түрлі ағзалардың қанталауы арқылы ерекшеленетін,
жіті өтетін, үнемі дерлік өліммен аяқталатын аса
жұғымтал ауру.
Қоздыруышысы
African swinefeverirus - қүрамында ДНҚ бар
Iridoviridae түқымдастығына жататын вирус.
Вириондары иксаэдр пішінді, торшаның
цитоплазмасында орналасады. Репродукциясы
макрофагтарда (моноциттерде) өтеді де, ең жоғарғы
шоғырлануды эритроциттерде байқалады. Сыртқы
ортада аса төзімді, шошқа қорасында 3, топырақта - 4,
өлекседе - 2,5 ай сақталады, бұлшық етте, сүрленген
шошқа етінде 6 айға дейін тіршілігін жоймайды.
Індеттік ерекшеліктері
Африкалық обамен тек қана шошқа ауырады.
Ауру қоздырушысының бастауы - ауру жэне ауырып
жазылған шошқалар.
Шошқаның денесінен вирус барлық секреттер мен
экскреттер арқылы бөлінеді.
Сыртқы ортадағы заттар: құрал-жабдықтар, көлік, жем, су,
көң, топырақ, т.б. аурудың жүғу факторы болады
Вирус денеге негізінен алиментарлық жолмен, сонымен
қатар, ауамен, зақымданған тері арқылы және денесінде
вирус бар кене шаққанда жұғады. Ең қауіпті берілу
факторына ауырған шошқаны сойғанда алынған өнімдер,
тағам қалдықтары жатады.
Өтуі мен симптомдары.
Жасырын кезеңі 2-22 күн. Аса
жіті, жіті, жітіден төмен жэне
созылмалы өтеді. Аса жіті өткенде,
дененің ыстығы кенеттен 40,5-
42,5°С-қа көтеріледі. Жануар
ентігіп, жөтеледі, жемге
қарамайды, шөлдейді. 1-2 күн
өткенде ыстығы төмендейді. Артқы
аяқтары салдана бастайды.
Ыстығы басылғаннан соң 2-3 күн
өткенде ауырған шошқа өледі.
Жіті өткенде дененің ыстығы үнемі жоғары болып, тек өлерден
2-3 сағат бұрын 37-35°С-қа төмендейді. Ауырған шошқаның
танауы мен көзінен қоймалжың сора ағып, кейде танауынан қан
кетеді. Өкпенің қабынған белгілері байқалады. Буаз мегежіндер
іш тастайды. Ауру 4-10 күнге созылып, өліммен аяқталады.
Жітіден төмен өткенде, 15-25 күнге созылады да, көбінесе
өліммен аяқталады. Тірі қалған жануарларда ауру созылмалы
түрге ауысады да, 2 айдан 1 жылға дейінгі уақыт аралығында
бронхопневманияға тән белгілерімен әбден арықтап барып
өледі.
Патологиялық-анатомиялық
өзгерістер
Геморрагиялық диатез және лимфоидты
ағзалардың зақымдану белгілері байқалады.
Ауыздың, қынаптың, артқы тесік пен
конъюнктиваның кілегейлі қабықтары көкшілденіп,
қанталайды. Теріде көптеген қанталаулар болады
Көк бауыр қара қошқылданып, шектен тыс ұлғаяды
(кейде 6 есе), басқа ішкі ағзалар да үлғайып, ісінеді,
көптеген қанталаулар кездеседі. Өкпенің домбығуы
байқалады
Балау
Ауруға диагноз қою індеттанулық талдауға,
клиникалық белгілеріне, патологоанатомиялық
өзгерістеріне жэне зертханалық зерттеулердің
нәтижелеріне негізделеді. Вирусты бөліп алу, оны
гемадсорбция, иммунофлуоресценция,
иммуноферментті реакцияларда анықтау түпкілікті
диагноз қоюға мүмкіндік береді. Ауруды анықтау
үшін кэдімгі обаға иммунді шошқаға биосынама қою
міндетті шарттардың бірі болып есептеледі. Ауруды
кәдімгі обадан, тілмеден, пастереллезден,
сальмонеллезден, топалаңнан ажыратып балау қажет.
Дауалау және күресу
шаралары
Африка обасынан жазылған шошқада ауруға қарсы әдетте
айтарлықтай иммунитет қалыптаспайды. Ауруға қарсы
қолданылатын сенімді вакцина жоқ. Тірі вакцина егілген
жануарларда аурудың созылмалы өтіп, ұзақ уақыт вирус алып
жүруге жағдай жасайды.
Аурудың алдын алу үшін елге вирус алып келуді болдырмауға
бағытталған ветеринариялық-санитариялық шаралардың кешенін
жүргізу қажет. Ауру байқала қалған жағдайда індет ошағына
карантин қойылады. Ол жердегі барлық шошқаны қанын
шығармай өлтіреді. Шошқаның өлекселерін, көңді, жем- нің
қалдықтарын, арзан қол жабдықтарды жағып жібереді. Қораны 3-5
күн сайын 3 рет 4% белсенді хлоры бар хлорлы әкпең, 2-3%
белсенді хлоры бар натрий немесе кальций гипохлоридімен,
формалин препараттарымен дезинфекциялайды.
Карантин ауру шыққан территориядағы және қатер төнген
аймақтағы барлық шошқаны жойғаннан кейін 30 күн өткенде
алынады. Ауру шыққан қораларға карантин алынған соң 6 ай
өткеннен кейін, биологиялық сынамадан теріс нәтиже алынған
жағдайда ғана, шошқаларды орналастыруға болады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz