АУРУДЫ БАЛАУ ӘДІСТЕРІ
Презентация қосу
НЕКРОБАКТЕРИОЗ
ҚОЗДЫРУШЫСЫ ЖӘНЕ
АУРУДЫ БАЛАУ ӘДІСТЕРІ
Орындаған: Айбекетова Назира, Тайсұлтан
Даужан вм-304
Тексерген: Көшкімбаев Серік
Некрабактериоз (Necrobacteriosis) –
негізінен сирақтың бақайы, кей жағдайда
ауыз, желін , жыныс мүшелері, өкпе,бауыр
, бұлшықеттер мен басқа да мүшелер мен
ағзалардың іріңдеуі және өліктенуі
арқылы ерекшеленетін жұқпалы ауру.
ТАРИХЫ
Бұл ауру барлық жерде тараған. 19 ғ. 60
жылдары Италия мен Францияда қойдың
«тұяқ ауруы» ретінде
сипатталды.Кейіннен клиникалық
белгілері бойынша тұяқ , панарицум, таз
ерін, гангреналық дерматит, некрозды
немесе дифтериялық стоматит деп
аталды.
Қоздырушысын ең алғаш Р.Кох бөліп
алған , ал толық сипаттамасын Леффлер
берген «1884»
Р.Кох Леффлер
ҚОЗДЫРУШЫСЫ- BACTERIUM
NECROPHORUM
Bacterium necrophorum- қозғалмайтын спора
түзбейтін , қауашақсыз , өте полиморфты микроб.
Жағындыда жәп тәрізді, дөңлеленген, ұзын
немесе қысқа таяқшалар ,сопақша тәрізді, кок
тәріздес әр түрлі пішінде кездеседі. Жіп
тәрізділерінің ұзындығы 100 тіпті 300 мкм жетеді.
Жуандығы 0,75-1мкм. Микроб тек қана ауасы жоқ
жерде өседі Кит –Тароцци ортасында, Мартен
сорпасында, Бауыр сорпасында, қоймалжың
агарда, қанды гюкозалы агарда өседі. Жайлы өсу
температурасы 36-36,5 С.
Қышқылдық ортасы рН-7,4-7,5
Некрабактериоз қоздырушысы – салыстырмалы
түрде тұрақсыз микробқа жатқызылады, дегенмен
қоршаған ортада ұзақ сақталады. Қатырылған
күйде 30-40 күн сақталады, 650 С–та 15 минутта,
қайнатқанда бірден өледі. Фузобактериялар
жатып қалған қида ұзақ уақыт бойы тіршілігін
сақтап, көбейе алады. Тазаланбаған лас қорадағы
малдардың жиі ауыратыны да осыдан.
Fusobacterium necrophorum Китт-Тароцци
ортасында өсіріледі, әсіресе оған 10-20 % бұқа қан
сары суын, 0,2-0,5 % глюкоза немесе ашытқы
қоймалжыңын қосқанды ұнатады, сондай-ақ
Цейсслер, Мартен, ми қосылған қоректік
орталарда, жартылай сұйық агарда және 10-12 %
бұқа қан сары суы қосылған глюкозалы агарда да
өсе береді
ПАТОГЕНДІГІ ЖӘНЕ ЖҰҒУ
ЖОЛДАРЫ
Некробактериозбен табиғи жағдайда
жануарлардың көптеген түрлері (жылқы,
мүйізді ірі қара мал, буйвол, марал, қой-ешкі,
шошқа, мысықтар, сонымен қатар жабайы
аңдар – суыр, борсық, зебра, бегемот,
антилопа, арқар, бұғы т.б.) ауырады.
Fusobacterium necrophorum сау
жануарлардың ішегінде мекендейді,
сондықтан ауру барлық жерде кездеседі.
Қимен бірге бөліне отырып микроб қоршаған
ортаны ластайды. Дегенмен инфекцияның
негізгі жұқтырушы көзі ауру жануарлар
(негізінен өліеттенген жаралардан бөлінетін
секреттер арқылы).
Ал көп жағдайда бұған антисанитарлық жағдай мен
жануарлардың ауруға қарсы тұрушылық қабілетін әлсірететін
басқа жағымсыз факторлар (азықтандыру, күтімге байланысты)
өз үлесін қоспай қалмайды. Қойларды ылғалды, қиы
тазаланбаған қора-жайларда немесе ылғалды, батпақты
жайлымдарда ұстап-бағу аяқтарының төменгі бөлігіндегі тері
жабыны мен тұяқ мүйізінің жұмсарып, болбырауына,
нәтижесінде оңай жарақаттанып, қоздырушының денеге енуіне
жол ашады. Сондай-ақ жайлымдағы тікенді шөптермен де
терінің, әсіресе тұяқ арасындағы қуыстың жарақаттануы
заралануға әкеп соғады. Сарыппен барлық жастағы мал
ауырады, дегенмен төлдер мен одан сәл ересектері жиі
шалдығады. Қыста энзоотия тынышталғанымен, жазда
қайтадан өршиді
Бұзауларда некрабактериоз некротикалық
стоматит деп аталатын ауыз қуысының
зақымдалуымен сипатталатын ауру түрінде өтеді.
Ауру жітілеу түрде өтеді. Азықтандырылуы, күтімі
және емі жақсы болған жағдайда көбінесе
жазылып кетеді. Жазылу уақыты әдетте 2-3
аптаға созылады. Керісінше күтімі мен
азықтандырылуы нашар болып, емдеу шаралары
жүргізілмеген жағдайда бұзаулар 7-10 күнде,
кейде одан да ұзақ уақыттан кейін өледі
Қойда созылмалы түрде өтеді. Ауру
апталарға, айларға созылуы мүмкін. Ауру
кесірінен ақсай бастаған мал мейілінше
жайылудан қалады. Оның үстіне организм
қоздырушы уларынан улана бастайды.
Осының барлығы жануардың азып-тозуына
әкеп соқтырады. Егер аяғы мардымсыз
зақымдалған болса және ем-дом дұрыс
жүргізілсе мал біртіндеп сауығуға бет
бұрады. Қозыларда сарып некротикалық
стоматит түрінде өтуі мүмкін, кейде ол ішкі
ағзаларға (бауыр, өкпе т.б.) метастаз береді,
ондай жағдайда ауру өлімге ұшыраумен
аяқталады
Некроз теріден біртіндеп тереңде жатқан
ұлпаларға, сіңірлерге, байламдарға, тіпті
сүйекке дейін өтеді. Бұл кезде
тұяқтарының арасындағы қуыс, тұяқ
жұлығы, майөкшесі күрт домбығып, ірің
ағып тұратын қуыстар
(іріңді фистула) пайда болады. Қой аяққа
тұрудан қалады. Іріңдіөліеттену құбылысы
тұяқтың мүйізді қабығы астындағы теріге
тарап, тұяғы түсіп қалады.
НЕКРОБАКТЕРИОЗДІҢ
БАКТЕРИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
ӘДІСТЕРІ
Зерттеуге арналған материал: Төлдің
тұтас өліксесі, зақымданған тері
аумақтарының бөлікшелері, тері
астындағы ұлпалар, ас қорту
ағзаларының кілегейлі қабықтары,
қабынуға шалдыққан жекелеген мүшелер
- көк бауыр, бүйректер, бауыр, жүрек,
лимфа түйіндері,т.б.
Тірі жануардан- сілекей , зәр , нәжіс, ірің,
қан және т.б.
Зерттеу әдістері Нәтижелері
Микроскопиялық зерттеу Жіп тәрізді таяқшаларды
(жағындыларды метилен көреміз
көгін тамызғаннан кейін 3-4
минут спиртовканың
жалынына кыздыру арқылы
немесе Муромцев әдісімен,
Грам әдісімен,
карболфуксинмен және т.б.
әдістермен бояуға болады)
Себінді жасау Қоздырушылар анаэробты
Анаэробты орталар орталарда жақсы өседі.
қолданады, рН көрсеткіш
7,4-7,6, Мартен ортасы,
мүйізді малдың үйытылған
стерилді қан сарысуы,
қоймалжын агар және т.б.
АЛДЫН-АЛУ ШАРАЛАРЫ
Аурудың алдын алу шаралары малды
қорада ұстағанда зоогигиеналық-
санитариялық шараларды сақтауға
негізделген.Малдың асты құрғақ
болуының, тұяғы зақымданбауының
маңызы зор. Сондықтан қораны уақытылы
тазалап, малдың тұяғын қырып, жонып
жарқаттанудан сақтап, сазды жерге
жаймау керек. Аурумен күресуге оны
уақытылы анықтап, ауру малды оқшаулап,
емдеуінің маңызы зор.
Иммунитет. Некрабактериозбен ауырған
малда иммунитет қалыптаспайды.
ЕМІ
Ауырған малды бөліп алып едені құрғақ
алаңқайда, жауын шашын өтпейтін асты
құрғақ қорада ұстайды. Ең алдымен
дертке шалдыққан ұлпаларды мұқият
тазалап, жарақаттанған терінің
маңайындағы жүнді тақырлап
қырқады.Өліеттенген ұлпаларды
қабыршақтанып кеткен ірің мен сора
бөлінділерін мұқият аластап
антисептикалық ерітіндімен (3 пайызды
сутегінің қос тотығы, 0,2 пайыздық калии
перманганаты және т,б ) және пеницилин
антибиотиктерін қолданады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz