Микробтардың антибиотиктерге тұрақтылығы



Орындаған: Айбекетова Н. вм 304
Тексерген: в. ғ. д. ассистент Тулепова Г.
АНТИБИОТИКТЕР. АШЫЛУ ТАРИХЫ. ОЛАРДЫҢ МИКРООРГАНИЗМДЕРГЕ ӘСЕРІ

Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
а. Антибиотик және оның шығу тарихы
б. Антибиотиктердің алу тәсілдері
г. Антибиотиктердің микроорганизмдерге қарсы әсері
ІІІ. Қорытынды

Антибиотиктер - ( anti -қарсы, bios -өмір) дегеніміз микробтарға қарсы әсері бар микроорганизмдердің, жануарлар мен өсімдіктердің өсіп-өнуі кезінде бөлінетін заттар

. Сонымен бірге олар гельминттерге, қарапайымдыларға және басқа да адамддар мен жануарлардың ауру қоздырғыштарына қарсы өлтіре әсер етеді.

Тарихы
1871-1872 ж. ж. Ресей ғалымдары В. А. Манассеин және А. Г. Полотебнов залалды жараға көгерткіш саңырауқұлақты таңу арқылы емнің тиімділігін байқаған. Л. Пастердің (1887) байқауы бойынша, микробтар әлемінде - антагонизм кең тараған көрініс екені дәлелденді, бірақ оның табиғаты түсініксіз болды. 1928-1929 ж. ж. А. Флеминг стафилококтың өсуін тежейтін химиялық зат бөлетін көгерткіш саңырауқұлағының штамы - пеницилланы (Penicillium notatum ) ашты. Бұл зат «пенициллин» деп аталды. 1940ж. Х. Флори мен Э. Чейн клиникада кең қолданыс тапқан, алғашқы рет тазартылған тұрақты препарат пенициллинді алды.



Зельман Абрахам Ваксман 1973 жылы антибиотик стрептомицинді ашқан

Актиномициттер- сәулелі саңыраукұлақтар, бактериялардың және сілбілі саңырауқұлақтардың қасиеттерін үйлестіруші бір жасушалы микроорганизмдер. Актиномициттер микроорганизмдердің шынайы бактериялар және саңырауқүлақтар арасындағы өтпелі топты кұрайды. Актиномициттер қатарында адам-жануарлар және өсімдіктер үшін зиянды түрлері бар, сонымен қатар белсенді дамушы антибиотиктер (стрептомицин тетрациклин және т. б. ) В тобынын витаминдері никотин қышқылы.

Антибиотиктер атауы
Продуцент
Адриамицин
Streptomyces peucetius var. Caesius
Бицикломицин
Streptomyces aizunensis
Валидомицин
Streptomyces hygroscopicus
Виргиниамицин
Streptomyces virginiae
Лазалоцид
Streptomyces lasaliensis
Ливидомицин
Макарбимицин
Streptomyces lividus
Streptomyces phaeochromogenes
Мидекамицин
Streptomyces mycarofaciens
Рибостамицин
Streptomyces ribosidificus
Солиномицин
Streptomyces albus
Тетранактин
Streptomyces aureus
Эндурацидин
Streptomyces fungicidicus
Стрептомицин
Streptomyces griseus
Канамицин
Streptomyces kanamyceticus
Тетрациклин
Streptomyces aureofaciens

Пенициллин, толық атауы бензилпенициллин- түрлі микробтарға қарсы, іріңді жараны, өкпе қабынуын, баспа, соз және басқа ауруларды емдеуге қолданылатын антибиотик. Ол ең әсерлі антибиотиктердің бірі. Пенициллин көптеген іріңді бактерияларды қоса алғанда, бактериялардың көптеген түрін жояды.

Стрептомицин 1950 жылы Streptomyces griseus штамынан алынып шығарылған аминогликозидті антибиотик. Стрептомицин бактерицидтік қасиетке ие және грамтеріс аэробты бактериялар мен кейбір грамоң кокктарға қарсы тиімді. Ветеринарияда стрептомицинді пенициллин мен тетрациклинге қарағанда сирек қолданады. Бірақ көптеген мамандар оны туляремияға, жіті өтетін бруцеллезге, туберкулезге және кейбір басқа инфекцияларға қарсы қолданатын ең жақсы дәрі-дәрмек деп санайды.
Тетрациклин кең ауқымда қолданылатын антибиотик, бұл яғни әртүрлі бактерияларға қарсы пайдалануға болады деген сөз. Тетрациклинді ішу керек, өйткені ол еккендегіден гөрі жақсырақ әсер етеді және бұлай қолдану қолайлы да. Тетрациклинді бактериялар мен амебалардың қоздыруы салдарынан болатын іш өту мен қанды іріңді іш өту ауруына қоддануға болады. Сондай-ақ қолтық қабынуы, тыныс жолдары ауруларына (бронхит т. т. ), зәр шығару жолдары ауруларына, сүзекке, бруцеллезге, тырысқаққа (холераға, басырға, өттің инфекциялық ауруына, хламидияға, созға, жамбас аумағы) органдарының қабынуына қолдануға да болады. Тетрациклин жай салқын тиіп ауырғанға көмектеспейді. Жай инфекциялық ауруларды бұл пенициллин мен сульфаттарға қарағанда оншалықты тез жазбайды. Оның үстіне бұлармен салыстырғанда әлдеқайда қымбат тұрады. Бұл дәріні шектеулі түрде ғана қолданған жөн.


Антибиоктиктердің алу жолдарының негізгі 3 түрі

Антибиотиктерді алу жолдары
•биологиялық синтез арқылы (продуцент микробтарды қолайлы жағдайда дақылдандырғанда, олар өздерінің тіршілік барысында антибиотиктер өндіреді, осылай табиғи антибиотиктерді алады) .
•соңынан химиялық модификациялау арқылы (биосинтез жолымен жартылай синтетикалық антибиотиктер алу) . Алдымен биосинтез жолымен табиғи антибиотиктерді алады, содан соң оның бастапқы молекуласын химиялық модификация жолымен түрін өзгертеді, мысалы белгілі радикалдарды қосқан кезде препараттың микробқа қарсы және фармакологиялық сипаты жақсарады;
•химиялық синтез арқылы (табиғи антибиотиктердің синтетикалық аналогтарын алады, мысалы хлорамфеникол (левомицетин) . Бұл заттардың құрылымы табиғи антибиотиктермен бірдей, бірақ олардың молекуласы химиялық жолмен синтезделеді.

Антибиотиктердің микроорганизмдерге қарсы әсер етуі
Пенициллиндер. Табиғи препарат - бензилпенициллин (пенициллин G) -грамоң бактерияларға қарсы белсенді, бірақ көптеген кемшіліктері бар: ағзаднан тез шығарылады, асқазанның қышқыл ортасында тез бұзылады, бактерия ферменттерімен - пенициллиназамен бета-лактамды сақина бұзылып белсенділігін жояды. Табиғи пенициллан қышқылына - әртүрлі радикалдарды қосу жолымен алынған жартылай синтетикалық пенициллиннің табиғи препаратқа қарағанда артықшылығы бар, әсер ету спектрі кең
Цефалоспориндер. Әсер ету спектрі кең, әсіресе грамтеріс бактерияларға өте белсенді. Ену кезектілігі бойынша препараттың 4 ұрпағын ажыратады, олардың белсенділік спектрі, бета-лактамазаға төзімділігі және кейбір фармакологиялық қасиеті бойынша айырмашылығы бар, сондықтан да бір ұрпақтың препараты екінші ұрпақты алмастыра алмайды, тек қана толықтырады.

Тетрациклиндер-құрамында төрт циклды қосылысы бар, ірі молекулалы препарат тұқымдастығы . Қазіргі кезде негізінен жартылай синтетиктерді, мысалы, доксициклинді қолданады. Әсер ету типі - статикалық . Әсер ету спктрі -кең. (әсіресе жасуша ішінде орналасқан микробтарға: риккетсия, хламидия, микоплазма, бруцеллалар, легионеллаларға қарсы қолданылады) .
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz