Электрондық төлем жүйелері



Электрондық төлем жүйелері

нарықтық қатынастар жағдайында қолданылатын, яғни қолма-қолсыз есеп айырысу жүйесінің орнына келген жаңа ұғым болып табылады.
Төлем жүйесі ұғымы

- ақшалай аударымдар мен төлемдерге арналған ережелер, мекемелер және техникалық тетіктер жиынтығы;
- шаруашылық субъектілердің материалдық не қаржылық ресурстарды сатып алу барысындағы қабылдайтын міндеттемелерді орындауға арналған тетіктер жиынтығы;
- ақшалай қорлардың орын ауысуына не қозғалысына себеп болатын тетіктер жиынтығы;
- орындалуға тиісті міндеттемелер шегінде ақшалай аударымдар мен төлемдерді жасайтын төлем құралдарының жиынтығы;
- ақшалай аударымдар мен төлемдерді экономикалық және құқықтық жағынан қамтамасыз ететін бағдарламалардың, байланыс желілерінің және есептеуіш техникалардың жиынтығы.
Төлем жүйесі бұл:

тауар мен қызметтерді жабдықтаушы мен сатып алушылар арасындағы ақшалай аударымдар мен төлемдерді уақтылы заңға, ережеге және стандарттарға сай жүзеге асырып, оларды міндеттемелерінің өз уақытында орындалуын қамтамасыз ету.
Төлем жүйесінің мақсаты

құқықтық база;
төлем жүйесінің қатысушылары;
төлем құралдары;
ақшалай аударымдар мен төлемдерді ұйымдастыру механизмі;
инфрақұрылым және технология.
Төлем жүйесінің құрылымдық элементтері

Банктің электрондық қызметі -бұл банктік карточкаларды және электрондық ақша жүйесін пайдалану арқылы көрсетілетін қаржылық қызметтері, сондай-ақ қор құндылықтарымен жасалатын биржалық операцияларды жүзеге асыруда мен қаржы делдалдары ретінде көрсететін банктік мекемелердің электрондық қызметтері.
Электрондық қызмет көрсетулер және есеп айрысулар

Банк пен клиент арасындағы төлем операцияларын жылдамдатуға, сондай-ақ олардың орындалысын бақылау жасауға арналған есеп айырысу жүйесі.
Мұндағы есеп айырысу операцияларының жылдамдатылу қағаз формасындағы құжаттардың орнын, банкке электрондық байланыс жолдары арқылы жеткізілетін олардың электрондық үлгілерімен айырбастау және төлем құжаттарын автоматты түрде өңдеу нәтижесінде жүзеге асады.
Электрондық қолма-қолсыз есеп айырысу жүйесі

банк пен клиент арасында есеп айрысуларда қолданылатын төлем құжаттарының тұпнұсқалығын және ондағы мәліметтердің шынайылығын растайтын, сондай-ақ берілетін ақпараттың құпиялығына толық кепілдік беретін және есеп айырысу процессінде үшінші бір тұлғаның араласуына жол бермейтін санмен құпияланған таңбалар. Электронды сандық қолтаңба клиенттің банкке тапсырған қолы және мөр қою үлгісі бар карточкаға балама болып келеді.
Электронды сандық қолтаңба

Банкке келмей-ақ Интернет жүйесін пайдалану арқылы клиенттерге банктің операцияларды пайдалануға мүмкіндік беретін банктің электрондық қызметі.
Интернет-банкинг жүйесі Интернет арқылы нақты уақыт режимінде (on-line) ыңғайлы уақытта әлемнің әрбір нүктесінен өзіңіздің банктік шотыңызды басқаруға арналған банк қызметі.
Интернет-банкинг

ағымдағы және алдағы күндермен төлемдер жасау;
валютаны сатып алу және сату;
карточкалық шотқа қаражат салу;
шоттың көшірмесін алу;
өзінің шотынындағы қалдықты бақылау;
Банкке берілген төлем құжаттарының архивін жасау;
Шот бойынша болжам жасау;
Зейнетақы төлемдерін жасау;
валюталық бағам туралы ақпарат алу;
Жедел түсім жүйесі бойынша жеке тұлғалардан төелемдер алу.
Интернет-банкинг жүйесінің қызметін пайдалану арқылы клиенттер мынадай операцияларды жүзеге асырады

- жасалтын операциялардың қолайылығы мен қарапайымдылығы, яғни тұратын қаладан кетіп қалсаңызда, кез келген шотыңыз арқылы операцияларды жасай аласыз;
- үстеме шығыстарды азаюы, яғни сізге немесе сіздің бухгалтеріңізге банкке бару қажет емес, сондайақ уақыт жұмсаудың, бензинге шығын шығарудың, машинаны пайдаланудың қажетігі болмайды;
- жұмыстың тиімділігін арттыру, жұмыс уақытыңызды үнемдеу арқылы, ол уақытты басқа ісіңізге пайдаланасыз;
- қажетті ақпаратты алудың жеделдігі, банктің серверінде сақталған ақпартты жылдам алуға мүмкіндіктің болуы;
- жүйені орнатудың және онымен жұмыс істеудің шығындарының төмендігі.
Интернет-банкинг жүйесінің артықшылықтары

Western Unіon 1871 жылы құрылған халықаралық корпорация және оның бүгінгі күні жер шарының 180 елінде 80 мыңнан астам өкілдері қызмет етеді.
Western Unіon аударым жүйесінің мынадай артықшылықтары бар:
- ерекше банк қызметі, ақшалай қаражатты жөнелтушіге және оны алушыға банктік шот ашудың қажеттігі жоқ;
- жылдам аударым, аударым жылдамдығы 5-10 минут;
- қауіпсіз, жөнелтуші туралы нақты мәліметтерді білсеңіз, аударымды ала аласыз;
- қол жетімділік, жер шарының кез келген нүктесіне аударым жасау мүмкінідігі;
- сенімділік, компания әрбір аударымға компания кепілдік береді.
Western Unіon аударымдар жүйесі

ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ КЛАССИКАЦИЯСЫ
Сома бойынша төлем жүйелері
Ірі жүйелі (көтерме) төлем жүйелері
Шағын жүйелі (бөлшек) төлем жүйелері
2. Есеп айырысу түрі бойынша төлем жүйелері
Нақты уақыттағы жалпы есеп айырысу (Real Time Gross Settlement - RTGS)
Кейінге қалдырылған таза есеп айырысу (ENM)
Гибридтік жүйелер

TARGET Trans-European Automated Real-time Gross Settlement Express Transfer System (Транс-еуропалық автоматты Нақты уақыттағы жедел жеткізу және жедел жеткізу жүйесі)
BOJ-NET Bank of Japan Financial Network System (Жапонияның ірі төлем жүйесі)
FEDWIRE Federal Reserve Bank Payment System (АҚШ-тың ірі төлем жүйесі)
CHAPS The Clearing House Automated Payment System (Ұлыбританияның төлем жүйелері)
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІ

Бұл жүйе Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттер арасында еуро төлемдерін жүзеге асыру мақсатында енгізілген және нақты уақыт режимінде бір-бірімен салыстыру жүйесінің қағидаларына сәйкес төлем жүйесі болып табылады. Мүше мемлекеттер ақша одағына кірмес бұрын олардың осы жүйеге кіруін қамтамасыз етуге міндетті.
Бұл мүше мемлекеттердің нақты уақыт режимінде жеке есеп айырысу төлем жүйелерімен, Еуропалық орталық банктің төлем жүйесімен (EPM) және өзара байланыстырушы жүйелерімен біріктірілген күрделі механизм. Interlink деп аталатын жүйе ұлттық төлем жүйесімен және EPM-мен байланысатын құрылым.
Бұл құрылым өз қызметін 1999 жылы бастады. TARGET еуро төлемдерінің барлық түрлері үшін қолданылады.
TARGET

BOJ-NET, Жапонияның жүйесі Жапон орталық банкінің басқаруында. 1988 жылы құрылған. BOJ-NET кейінге қалдырылған нетто-салыстыру негізінде құрылды және нақты уақыт режимінде 2001 жылы жұмыс істей бастады.
BOJ-NET

FEDWIRE - бұл нақты уақыт режимінде Федералды резервтік банк (FED) бақылауындағы төлем жүйесі. Бұл жүйе төлемдерді күні бойы белгілі бір транзакциялар арқылыжүргізеді. Төлемдер Орталық банктің шоттарынан белгілі және қайтарымсыз түрде жүзеге асырылады. Бұл жүйеге Федералды резервтік банкте аккаунттары бар пайдаланушылар енгізілуі мүмкін.
FEDWIRE

CHAPS - Ұлыбританиядағы клиринг жүйесі. Жүйеге 1984 жылы Лондон қаласында құрылған CHAPS Clearing Company Limited қолдау көрсетеді.
Жүйе 14 банкті (CHAPS Clearing Company Ltd Басқару комитетінің мүшелері), Англия Банкін және есеп айырысудың басқа 400 қатысушысын біріктіреді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz