Рахит ауруы


Slide 1

Рахит ауруы

Slide 2

Рахит

Рахит (грекше rhachis - омырқа деген мағынаны береді) . Рахит организмде D дәрумені жетіспеушілігінен фосфор-кальций алмасынуының бұзылысы нәтижесінде туындайтын ауруы. Негізінен 2-3 айлықтан 2-3 жасқа дейін болған балаларда кездеседі. Рахитке көбірек баланың шала туылуы, әлсіздігі және жасанды тамақпен тамақтандыру да себеп болады.

Slide 3

Статистика

Ленинградтық ғалымдардың мәліметтері бойынша 1 жасқа дейінгі балалар 69, 7 % рахит ауруына шалдығады екен. 6 айлыққа дейін

1-дәрежелі рахитпен 93, 9%,

2-дәрежелі рахитпен 56%,

3-дәрежелі рахитпен 10-12%

ауруы мүмкін.

Slide 4 Slide 5

2006-2009 жылғы статистикалық мәліметтер бойынша біздің елімізде 14 жасқа дейінгі 30921 балалар рахит ауруымен тіркеуге түскен, олардан ер балалар 16 197 (52, 4%) ал қыздар 14 724 (47, 6%) құрайды.

Облыстар ішінен ең жоғарғы көрсеткіш Алматы қаласы (14, 2%), Оңтүстіктік Қазақстан облысы (14, 0%), Жамбыл облысы (18, 3%) ал ең төмен көрсеткіш Ақмола облысы (0, 7%) және Астана қаласы (1, 4%)

Slide 6 Slide 7

Рахит ауруының дәрежесі және аурудың ауыр өтуі тұрмыстық жағдайына және халықтың әдет-ғұрыпына байланысты өтеді.

1847 жылы орыс ғалымы Хотовицкий өзінің кітабында рахит ауруына өте терең түсінікті жазып қалдырды, рахит ауруын ағылшын ауруы деп атады және ауруды дәрі-дәрмектемен емес дұрыс тамақтану мен тәрбиені жолға қою керектігін айтып кеткен.

Slide 8

Этиологиясы

Біріншілік D дәрумені жетіспеушілігінен туындайтын факторлар:

Күн сәулесінің жетіспеушілігі және таза ауада қыдыртпау - организмде пайда болатын 90% эндоген дәрумен D3(холекальцийферол) күн сәулесі әсерінен теріде пайда болады. Қалалық жерлерде атмосфераның бұзылыстарынан күн сәулесіндегі антирахиттік ультракүлгін сәулелер жеткілікті мөлшерде жетіп келмейді. Ультракүлгін сәулесінің антирахиттік мөлшері 280-310нм ге тең.

Slide 9

Тағамдық факторлар:

баланы жасанды тамақтандыруда адаптацияланбаған қоспаларды пайдалану, ұзақ уақыт сүтті тағаммен тамақтандыру, сиыр сүтімен баланы көп тамақтандырудан болады. Сиыр сүтінде Са, Р тұздары көп болсада бырақ организмге сіңуі өте аз, ананың сүті өте пайдалы және оның тең жартысы Са жане Р дан тұрады, мысалға 100мл ана сүтінде 24-34мг Са, 11-16мг Р болады.

Slide 10

Перенаталдық факторлар:

Шала туған балада Д дәрумені, Са және Р қоры өте аз болады. Анадан балаға плацента арқылы Са, Р интенсив өтуі 36- аптадан соң басталады. Шала туған баланың өсуі жылдам жүреді және организмі Са, Р ді көп мөлшерде талап етеді. Жетіліп туған бала тәулігіне 70-75 мг/кг Са талап етсе, шала туған бала 200-250мг/кг Са талап етеді. Жетіліп туған бала тәулігіне 40мг/кг Р қажет етсе, шала туған бала 110-150мг/кг Р талап етеді. Жүктілік кезінде токсикоз болса 60% балаларда рахит ауруына шалдығу кездеседі.

Slide 11

Екіншілік D дәрумені жетіспеушілігінен туындайтын факторлар:

Малъабсорбция синдромы.

Бауыр және бүйректің созылмалы аурулары.

Ятрогендік факторлар.

Экологиялық факторлар (топырақ, суда стронций, цинк тағы басқа металдар Са ның орнын қаптайды нәтижесінде рахит, остеомаляция, остеопароз дамиды.

Психосоциал факторлар және қимыл-әрекет активтігінің жетіспеушілігі.

D дәрумені алмасынуының тұқым қуалайтын ақаулары.

Созылмалы инфекциялық үдерістер.

Slide 12

Клиникасы

Нәрестенің 1-2 айлығы кезінде аурудың клиникалық белгілері білінеді. Ең алдымен, нәрестенің ұйқысы бұзылады, теріде қызыл дақтар пайда болады. Ұйқысы бұзылып нәресте мойнын ары-бері бұра беруі мүмкін, соның әсерінен шүйдесіндегі шашы түседі. Нәресте тершең болып, терден ащы иіс шығуы да мүмкін. Бұл кезеңде сүйектегі алғашқы өзгеріс байқалмайды. Рахит ауруының белгілері аурудың кезеңдеріне байланысты өзгеріп отыруы ықтимал.

Рахит ауруының алғашқы кездегі белгілері мынадай:

мазасыздық;

тершеңдік (көп терлеп аммиак иісі шығады) ;

шүйде (желке) бөлігіндегі шаштарының түсіп қалуы;

ұйқының бұзылуы;

асқа деген тәбеттің төмендеуі;

бауыр мен көкбауырдың үлкейіп, анемияның артуы;

Slide 13

Рахит ауруымен ауруған баланың алғашқы клиникалық көрінісі шүйдесіндегі шаштың түседі

Slide 14

Рахиттың ешқандай белгісі қалмайтындай етіп емделу үшін аталған кезеңнен бастап жақсы профилкатикалық емдеу жұмыстарын жүргізу керек. Егер осы кезеңде дұрыс профилактикалық жұмыс жүргізілмесе, онда ауру ары қарайғы қауіпті ортаңғы кезеңіне өтеді. Әсіресе, таза ауада жиі болмайтын, көмір қышқыл газды ауамен көп тыныс алатын, «Д» витаминінің жеткілікті мөлшерін қабылдамаған және профилактикалық байқаудан өтпеген балаларда рахит ауруы ауыр өтеді. Ортаңғы кезеңдегі рахиттың белгілері мынадай:

Slide 15

бассүйек жілігі мен кеуде клеткаларының деформациясы;

жамбас сүйегінің тарылуы;

аяқтардың қисаюы;

ішкі ағзалардың қызметінің бұзылуы.

Slide 16

Рахиттың орта кезеңінде бас сүйегінің төртбұрыш сияқты пішінге келуі

Slide 17

Кеуде клеткаларының деформациясы

Slide 18

Омыртқа жотасының майысуы

Slide 19

Аяқтардың рахит ауруы кезіндегі майысуы

Slide 20

Аяқтардың О тәрізді майысуы

Slide 21

Аяқтардың Х тәрізді майысуы

Slide 22

Емдеу

Д дәруменімен емдеу

Дұрыс тамақтандыру

Таза ауада қыдырту

Емдеу гимнастикасын жүргізу, массаж жасау

УФО

Күн сәулесімен емделу (Солнечные ванны)

Slide 23
Ұқсас жұмыстар
Балалардағы мешел ауруының өту ағымы
Д’’ ДӘРУМЕНІ
Майда еритін витаминдер. Витаминдердің маңызы
Ағзаның ауыстырылмайтын заттары
Төлдердің рахит ауруларында тағайындалатын диеталық аурулар
Көбіне күн сәулесінің жетіспеушілігінде мешел ауруы
Витаминдер және олардың маңызы жайлы
Сүйек типтері және олардың байланысуы. Байламдар созылғанда, буын шыққанда және сүйек сынғанда көрсетілетін алғашқы көмек
Балық майында
Бүйрек тас ауруы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz