Гриптен болған пневмониялар




Презентация қосу
Жпд тәжрибесіндегі
пневмониялар.
Эпидемиологиясы. Этиологиясы.
Жіктемесі. Диагностикасы.
Амбулаторлық жағдайда жүргізү
тәсілі. 60 жастан асқан
асқынбаған пневмониясы және
қосарланған ауруы бар
пациенттерді жүргізу
ерекшеліктері. Алдын алу.
Жоспар
Пневмониялар
Эпидемиологиясы
Этиологиясы
Патогенезі
Жіктемесі
Диагностикасы
Клиникалық көрінісі
Диф диагностикасы
Балаларда, жасөспірімдерді, егде және карт
адамдарды жүргізу ерекшеліктері
Емдеу және алдын алу шаралары
Диспансеризациясы
Пневмониялар- этиологиясы мен патогенезі әр
түрлі болып келетін өкпе паренхимасы мен
аралық тканнің экссудативті қабынуы . Процеске
тамыр жүйесі жиі қатысады.
Эпидемиологиясы: Пневмония жиі кездесетін,
өлімге әкелетін себептердің ішінде алтыншы
орындағы , ал ауруханаішілік инфекциядан
болатын өлім себебі ретінде бірінші орындағы
ауру. Соңғы 30 жылда оның жиілігі бес есе
көбейіп 1000 адамға шаққанда даму саны 10-13,8
шамасында. Пневмониядан ауруханадағы өлім
саны 8,0-8,7%
Этиологиясы :
Бактериялар (пневмококк -70-96%, алтын сары
стафилакокк- 0,5-5 %, Фридлиндер пневмобацилласы
- 3-8 %, көкшіл- ірің таяқшасы- 3-8 %, стрептакокк -
1-4% ).
Вирустар ( А2 –грипінің вирусы – 77,1% , Б- грипінің
вирусы -16,4%, С- грипінің вирусы 1%, аденовирус –
3,6% парагрипп вирусы- 1,2% , тыныс синцитий
вирусы-1,5%).
Орнитоз -0,6% .
Микоплазма- 0,5-1,5% .
Риккетсиялар
Аллергия.
Табиғи және химиялық факторлар: салқын тию,
күйік, сәуле.
Патогенезі
1. Қоздырғыш организмге екі жолмен енеді:
а) эндогендік жол: стафилакокк, стрептококк, протей,пневмококк,
ішек таяқшасы.
б) экзогендік жол: орнитоз қоздырғышы, микоплазма,пневмококк.
2. Организм реактивтілігінің өзгеруі және шартты патогендік
флораның бас көтеруі.
3. Инфекцияның бронх арқылы тарауы
4. Бейімдеуші факторлар әсері
5. Бронхтың секреция бөлу функциясының бұзылуы мен оның
кірпікшелі эпителийінің өзгеруі .
6. Мукоцилиарлық клиренстің өзгеруі мен гуморалдық
иммунитеттің төмендеуі.
7. Паренхиманың жергілікті қорғаныс механизімдерінің әлсіреуі
және қан айналысының бұзылуы.
8. Өкпе тканінің инфильтрациясы пайда болу.
9. Қабыну процесінің тарауы.
Жіктемесі
Себебіне қарай:
1. Бактериалық пневмониялар.
2. Вирустық пневмониялар .
3. Орнитоздық пневмониялар .
4. Рикетсиалық пневмониялар.
5. Микоплазмалық пневмониялар .
6. Гриптен болған пневмониялар .
7. Аралас себепті пневмониялар .
8. Аллергиялық, инфекциялы-аллергиялық
пневмониялар.
9. Себебі белгісіз пневмониялар.
Патогенезіне қарай:
1. Бірінші ретті пневмониялар.
2. Екінші ретті пневмониялар.
а) қан айналысы өзгерістермен байланысты
туындайтын пневмониялар.
б) аспирация және бронхтың басылып қалуымен
байланысты туындайтын пневмониялар.
в) жарақатқа байланысты пневмониялар.
г) операциядан кейінгі пневмония.
д) уланғаннан кейінгі пневмония.
е) температура әсерінен болатын пневмония.
ж) басқа табиғи факторлар әсерінен болатын
пневмония.
з) сепсиске байланысты пневмония .
и) басқа екінші ретті дамитын пневмония.
Клиникалық- морфологиялық сипатына қарай:
1 Паренхиматоздық пневмония.
а) крупозды пневмония
б) түйінді пневмония
2 . Интерстициялық пневмония. Орны және
көлеміне қарай 2 жақты болып бөлінеді.
1. Бір жақты ( сол не оң жақты)
а) тұтас пневмония.
б) бөлік пневмония.
в) сегментарлық пневмония.
г) тұтас бөліктік емес пневмония.
д) орталық пневмония.
2. Екі жақты пневмония (көлемін көрсету керек).
Ауырлығына қарай:
1. Өте ауыр пневмония.
2. Ауыр пневмония .
3. Орташа ауырлықты пневмония.
4. Жеңіл және абортивті пневмония.

Даму барысына қарай:
1. Жедел пневмония.
2. Ұзарған пневмония.
Клиникасы:

1. Жай қабыну синдромы: интоксикация, дене Т көтерілуы, бас
ауруы , қан қақыру, кеуденің ауырсынуы, ЭТЖ жоғарылауы,
лейкоцитоз, СРБ,ДФА фибриногеннің көбеюі.
2. Өкпе инфильтрациясы синдромы: кеуденің зақымданған
жағының тыныс алуда қалыңқы болуы, дауыс дірілі мен
бронхофонияның күшеюі, өкпе дыбысының әлсіреуі, везикула
тынысының өзгеруі , крепитация , рентгенологиялық белгілер.
3. Бронхообструктивті синдром: қақырық қиналып түсетін
жөтел, экспираторлық демікпе, қысқырған өкпе дыбысының
қорап реңі болуы, құрғақ сырылдардың естілуі.
4. Тыныс жетіспеушілік синдромы: демікпе,цианоз,ӨТС жүрек
әлсіздігінің белгілері болуы мүмкін
6. Астения синдромы: әлсіздік, тәбеттің болмауы, тез шаршау.
7. Басқа органдар мен жүйелер зақымдану синдромы:асқазан-
ішек жолы, бүйрек, нерв жүйесі өзгерістері.
Диагностикасы : Кеуде қуысының
аускультациясы (везикулалық тыныстың әлсіреу,
майда калибрлі ылғалды сырылдар, крепитация)
Кеуде қуысының перкуссиясы: қораптық дыбыс
Рентгенография : инфильтрация немесе қараю
зоналары (пневмонияның түріне байланысты
өкпе тінінің зақымдалуы)
Бронхография: инфильтрат, бронхтардың
зақымдалуы
Лабороториялық мәліметтер: қжа, қанның
биохимиялық анализі, қақырықты
бактериологиялық зерттеу (қоздырғышты
анықтау)
Рентгендік зерттеуде бірінші күні айқын көрінетін
инфильтрациялық өзгерістер болмайды. Бұл
кезде әрең байқалатын вуаль тәрізді нәзік
көлеңкелену болуы мүмкін. Оның интенсивтілі
біртіндеп күшейіп нағыз шыңына 5- тәулікте
жетеді. Қан анализінде лейкоцитоз 15-30х 10/л
дейін көбейеді. Лейко формулада
нейтрофилдердің жетілмеген жас түрі көбейеді.
ЭТЖ жоғарылайды. Сонымен бірге қанда
қабынудың биохимиялық белгілері анықталады.
Альфа және гамма глобулиндердің,
фибриногеннің жоғарылауы, С реактивті белоктің
пайда болуы. Қақырықта белоктің, фибриннің,
эритроциттердің, лейкоциттердің мөлшері көп.
Қақырық жағындысында қоздырғыш табылады.
Диф.диагностикасы:
Өкпе инфаркты
Өкпе туберкулезі
Өкпе ісігі
Экссудативті плеврит
Пневмонит немесе өкпе васкулиті
Радиациялық пневмонит
Кейбір деректерде жазылуынша 55,9% егде және
карт адамдарда пневмония орташа ауырлықта
өткен, ал оның 38,7% ауыр түрінде, 6% ғана
жеңіл түрде өткен. Бұл кісілердің барлығында
қосымша аурулар болған. Олар: гипертония,
семіздік, жиа, анемия, остеохондроз, қантты
дибет, созылмалы бронхит..т.б. Карт адамдарда
көбінесе пневмонияның асқынуы жедел тыныс
жетіспеушілігі болып табылды 40,5%,
экссудативті плеврит 9,5% ал қалған пайызын
пневмоторакс пен іріңді менингит құрады.
Статистика бойынша пневмонияның салдарынан
қайтыс болған адамдардың 69% карт кісілер
болып есептелді. Уакытылы диагностика және
госпитализация бұл көрсеткішті төмендетеді.
Емдеу принциптері
- Төсектік режим, құнарлы тамақтандыру және тамақтың ішінде
белоктің, майдың ,көмірсудің, витаминдердің жеткілікті мөлшерде
болуы.
- Антибактериалды терапия, антибиотиктерді қосып оларды
сульфаниламидтермен беру (пенициллин +цефазолин + бисептол) 7-
10 күн бойы әр , сағат сайын б/е
Биспецификалық ем:
- Дезинтоксикация емі:0,9% NaCl изотониялық ерітіндісі, 5-10%
глюкоза ерітіндісі к/т 200-400 ml
- Өкпе тканіндегі микроцикуляция жақсарту гепарин, курантил,
трентал 0,1-0,4 мл б/е
- Артериалық гипотонияда- тамызғыш арқылы преднизолонның 30-
40мг к/т (созылмалы пневмонияда)
- Қақырық түсіруге термопсис,мукалтин 1таб тамақтан бұрын
тәулігіне 2-3рет
- Жүрек гликозидтері (строфантин, корглюкон)
- Обструктивті синдромда эуфилин, сальбутамол,солутан –
небулайзер арқылы 2-3 ингаляция жасау
Алдын алу шаралары:
Балаларда: жүктілік кезінен бастап әр бір ана
стафилококкты немесе басқада инфекциялардан
қорғануы, бала дүниеге келген соң оны үтімді
тамақтандыру, таза ауада серуендеті, гигиеналық
шарадарды ұқыпты сақтау тиіс.
Ересектерде: тұмаудан қорғану, инфекция ағзаға
енгенннен бастап онымен күресу, ауыз қуысының
санациясы, үйді желдетіп тұру, таза ауада
серуендеу, жеке гигиена ережелерін сақтау,
салауатты өмір салтын қалыптастыру және дұрыс
тамақтану керек.
Егер созылмалы түрге өтсе санаторлық
курорттық ем қабылдау керек.
Диспансеризация:
Балалар 1жылға участкелік дәрігер диспансерлік
бақылауға алады. Квартал сайын педиатр,
пульмонолог тексеріп отырады. Амбулаторияға
келген кезде ОАК, ОАМ тапсырып отырадыегер
қажет болса рентгенография жасалады.
Ересектерде: пневмония асқынусыз болса 6 айға
диспансерлік бақылауға алынады, ал басқа
барлық пневмонияда 1 жылға есепке алынады.
Тест сұрақтары:

Ұқсас жұмыстар
Өкпенің жедел қабыну аурулары
Микробиологиялық диагноз қою
Жедел жүрек жеткіліксіздігі
Тыныс алу ағзаларының аурулары
Қақырық түсіретін заттар
Инфекцияның ерекше түрі - туа біткен герпес
ДӘРІЛІК ӨСІМДІКТІ ПРЕПАРАТТАР
Пневмония мен ауыратын науқасты оқыту
Құс шаруашылығы
Құс шаруашылығы өнімдерін инфекциялық аурулар кезінде ветеринариялық - санитариялық сараптау. Құс шаруашылығы өнімдерін инвазиялық аурулар кезінде ветеринариялық - санитариялық сараптау
Пәндер