Жалпы практикалық дәрігер тәжірибесіндегі тыныс алу жеткіліксіздігі және өкпетекті жүрек: патофизиология, түрлері және клиникалық көріністер


Slide 1

Жалпы практикалық дәрігер тәжірибесіндегі тыныс алу жеткіліксіздігі синдромы. Өкпетекті жүрек.

Slide 2

Тыныс тапшылығы

Тыныс -организмде тотығу-тотықсздану метоболизмінің, яғни оттегінің организмге сырттан түсуінен бастап тіндерде пайдалануын, соның нәтижесінде көмір қышқыл газының бөлінуін, оның сыртқа шығарылуын қамтамасыз ететін күрделі процесс.

Slide 3

Тыныс процесі төрт тізбектен тұрады:

1. Сыртқы тыныс жүйесі -атмосфералық ау мен қан арасында газ алмасуын, яғни вентиляцияны қамтамасыз ететін.

2. Қан- оттегіні өкпеден тіндерге және көмір қышқыл газын тіндерден өкпеге тасымалдайтын.

3. Қан айналым жүйесі -газ тасымалдауын және организде қанның тиімді таралуын қамтамасыз ететін.

4. Тінішілік тыныс жүйесі- тотықтырғыш ферменттер жүйесі және көмір қышқыл газының тіндік тасымалдаушылары. Осылардың қызметінен оттегі пайдаланады, көмір қышқыл газы бөлінеді.

Slide 4

Бронх-өкпе салдарынан дамитын сырттық тыныс шамасыздығы-тыныс шамасыздығының ең жиі түрі.

Сырттық тыныс мына мына процестерден тұрады:

1. Вентиляция -атмосфералық ауаның альвеолаларға келтіріліп, кері шығарылуы.

2. Газдар диффузиясы-альвеола ішіндегі ауадағы О2 -нің өкпе капиллярларына өтуі, ал қандағы СО2 альвеола ішіне шығуы.

3. Перфузия - өкпе капиллярларындағы қанайналым. Өкпе қанайналымы О2 байланыстырып алуын және СО2 сыртқа бөлуін қамтамасыз етеді.

Slide 5

Сонымен өкпенің негізгі функциясы -қанның газдық құрамының оптимальді деңгейін қамтамасыз етуі.

Тыныс шамасыздығы - артериялық қанның газдық құрамның жеткілікті қамтамасыз етілмеуі немесе оның сырттық тыныс жүйесі функциясының артуымен қамтамасыз етілуі.

Slide 6

Клиникалық -функциялық көрсеткіш-теріне қарай тыныс шамасыздығының төрт түрін айырады:

1. Обструкциялық.

2. Рестрикциялық.

3. Диффузиялық.

4. Аралас.

Slide 7

Обтрукциялық тыныс шамасыздығына алып келетін себептер:

Бронхоспазм;

Тыныс жолдарының өзегін тарылтатын бронхтар қабырғасының қабыну және склероздық процестері;

Бронхтардың өзегінде қақырық, кілегейдің жиналуы;

Ұсақ бронхтардың сырттан басылуынан коллапсы (өкпе змфиземасында ұлғайған альвеолалармен ) ;

Трахеа мен ірі бронхылардың экспирациялық коллапсы - трахея мен ірі бронхтардың гипотониялық дискинезиясынан мембраналық бөлігінің ішіне қайырылуы.

Slide 8

Рестрикциялық тыныс шамасыздығы өкпенің тыныс бетінің азаюынан, керілуінің шектелуінен болады. Қалыптыда өкпедегі саны 300 млн.

Өкпенің тыныс бетінің шектелуіне әкелетін себептер:

Өкпе тінінің инфильтрациясы:

Өкпе тінінің деструкциясы:

Өкпе тінінің дистрофиясы:

Slide 9

Пневмосклероз:

Пульмонзктомия, лобэктомия:

Өкпенің даму кемістіктері

(гипогензия, агенезия) :

Өкпенің басылуы, ателектазы (пневмоторакс,

плеврит, ісік) :

- Плевраның тұтасуы, жабысқақтары:

- Кеуденің бұлшықеттік-сүйектік қаңқасының зақымданулары

- Тыныс орталығы қызметінің бұзылыстары

Slide 10

Диффузиялық тыныс шамасыздығы альвеола-капиллярлық мембрананың физикалық және химиялық қасиеттерінің бұзылысынан болады, мысалы қалыңдауынан, диффузиялық қасиетінің төмендеуінен.

Slide 11

Альвеола-капилярлық мембрананың қалыңдауы және диффузиялық қасиетінің төмендеуі мына жағдайларда болады:

Өкпенің интерстициялық тінінің және альвеолааралық қалқалардың түрлі себептерден ісінуі (қабынудан, удың әсерінен, қанның іркілісінен) :

Өкпенің интерстициялық тінінің және альвеолааралық қалқалардың фиброзы:

Вентиляция мен перфузия ара қатынасының сәйкес болмауы:

Кіші шеңберде қанайналымның бұзылысы(васкулиттер, өкпе артериясы тармақтарының тромбоэмболиясы) .

Slide 12

Созылмалы тыныс шамасыздығының клиникалық көрінісі 4 топ белгілерден құралады:

Тыныс шамасыздығына әкелген негізгі аурудың көріністері;

Тыныс қызметінің күшеюімен жүретін ентікпе;

Организмде оттегінің жетіспеу белгілері;

Организмде көмірқышқыл газының жетіспеу немесе көбею көріністері.

Slide 13

Тыныс шамасыздығының басты белгілері ентікпе мен цианоз, басында бұл симптомдар тек күш түскенде, кейін тыныш күйде де болады. Гипоксияға аса сезімтал келетін жүрек, бас миы, өкпе тамырлары, бауыр.

Науқастардың бір қатарында гипервентиляция салдарынан оқтын-оқтын гипокапнияның белгілері болып тұрады: бас аналу, талып қалу, артериялық қысымның төмендеуі, аяқтар бұлшықетінің құрысулары.

Slide 14

Созылмалы тыныс шамасыздығында организде оттегінің жетіспеу белгілері:

Орталық нерв жүйесі функциясының бұзылыстары: ұйқының нашарлауы, эмоциялық белсенділіктің жоғарылауы, психикалық бұзылыстар.

Жүрек қан тамыр жүйесі функциясының бұзылыстары:тахикардия, жүрек шығару көлемінің ұлғаюы, шеттік тамырлардың кеңеюі(секірмелі пульс), өкне гиперплазиясы; науқастардың бір қатарында жүйелі артериялық гипертезия(пулмогендік гипертезия) пайда болады.

Slide 15

Тыныс жүйесінің бұзылыстары:ентікпе, вентиляцияның күшеюі(минуттық тыныс көлемінің ұлғаюы) ; негізгі алмасудың жоғарылауы, оыдан науқастардың бірқатары арықтайды;

Қанның өзгерістері:полицитемия, гематокритттің және қан тұтқырлығының жоғарылауы, плазма көлемінің ұлғаюы, гипертромбоцитоз, ЭТЖ төмендеуі.

Паренхималық ағзалардың дистрофиясы:

бауырдың, бүйректің т. б фиброзы және амилоидозы

Slide 16

Созылмалы тыныс шамасыздығында гиперкапнияның болу белгілері:

- Гипоксия әсерінің күшеюі, веналардың кеңеюі(веналық вазодилятация) ұстап қарағанда қол -аяқтары ыссы және ылғал, тері жамылғылары қызғылт тианозды, ми сауытішілік қысымның биіктеуінен бастың ауыруы "псевдотумор синдромы“

Бұлшықеттің қозғыштығы:миоклония, бұлшықеттің тартылуы, тремор, құрысулар.

Бүйрек функциясының бұзылыстары:ісінулер.

Асқазан сөлі қышқылдығының жоғарылуы: асқазанда жаралар мен эрозиялардың пайда болуы.

Гиперкалимеия:

Slide 17 Slide 18

Созылмалы тыныс шамасыздыгының ауырлық дәрежесіне қарай жіктемесі

І дәрежесі - қанның газдың құрамы бұзылмайды. Науқас күнделікті тіршілігіне қажетті үйреншікті дене қызметімен шұғылдана алады. Бұдан ауыр қызметпен айналысқанда қиналады

Slide 19 Slide 20
Ұқсас жұмыстар
Постреанимациялық ауру: патофизиология, клиникалық көріністер және емдеу принциптері
Балалардағы жедел жүрек жеткіліксіздігі: классификация, этиология, патогенез, клиникалық көріністері және емі
Постреанимациялық ауру: патофизиология, клиникалық кезеңдері және емдеу қағидалары
БЖАИЖ (ИВБДВ) бойынша патронаждық медбикелерді оқыту: жүрек соғу мен тыныс алу жиілігін және жалпы қауіп белгілерін бақылау
Клиникалық өлім: анықтама, патофизиология және реанимациядағы рөлі
Ішкі аурулар пропедевтикасы: жүрек-қантамыр жеткіліксіздігі кезінде дәрігерге дейінгі көмек көрсету алгоритмі
Жедел жүрек жеткіліксіздігі, естен тану және коллапс: диагностика мен жедел жәрдем алгоритмі
Тыныс алу ағзаларының аурулары: клиникалық, рентгенологиялық және патоморфологиялық аспектілер
ЖИА, жедел жүрек жеткіліксіздігі және артериялық гипертониямен науқастарға арналған денсаулық мектептерін ұйымдастыру принциптері
Жануарларда ішек патологиясы: патофизиология және клиникалық аспектілер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz