Деонтология түсінігі
Презентация қосу
Патологоанатомиялық
тәжірибенің
деонтологиялық
аспектілері
Жоспар.
1.Деонтология түсінігі.
2.Деонтологияның мақсаты.
3.Медициналық деонтология принциптері.
4.Мәйіттермен жұмыс істеу деонтологиясы.
5.Қорытынды сөз.
Деонтология
• Деонтология - (гректің - тиіс, керек
деген сөзінен шыққан) дегеніміз әрбір
жеке адамның бүкіл адам баласы мен
қоғамның алдындағы атқаруға тиіс
міндетін, борышын, парызын оқытатын
этиканың негізгі бір саласы.
Деонтология — өз өмірін ең игілікті іске — адам
денсаулығына қамқорлық жасауға өзін арнаған
дәрігердің моральдық, этикалық және зиялылық
бейнесі, дәрігер мен сырқаттың, оның туыстарының
арасындағы өзара байланыстың қандай болуы
керектігі туралы ғылым. Негізінде деонтология
этикамен берік байланысқан. Бұл түсінікті де,
өйткені парыз, әділеттілік, ар-ұят пен иман,
жақсылық пен жамандық туралы ұғым, ақырында
бақыт пен өмірдің мәнінің өзі этикалық
категориялар. Белгілі бір деонтологиялық нормалар
мен ережелер әрине, басқа да мамандықтарға тән.
• Алайда, сөздің тура мағынасында алғанда, адам
өмірі мен өлімін «қолында ұстап тұратын» және қоғам
мен отбасындағы қатынастармен, жеке адами, рухани,
адамгершілік ұғымдарымен тікелей байланысты
медицина, дәрігерлік секілді адам қызметінің түрін
табу қиын. Дәрігердің сырқатпен қарым-қатынасы
олардың алғашқы кездесуінен, кейде тіпті одан да
ертерек, емделушінің медициналық құжаттарымен
алдын-ала танысудан басталады, осы сәттен
деонтологиялық талаптар күшіне енеді. Адам —
әлемдегі барлық құндылықтардың ішіндегі ең
жоғарғысы — медициналық деонтологияның маңызды
принципі, гуманизмнің принципі осындай.
• Дәрігерге сырқатқа адами қатынас,
риясыздық, әділдік, білімдарлық,
қарапайымдылық, еңбек сүйгіштік,
мәдениеттілік, көпшілдік, қоғамдық өмірге
қатысу, Отанға сүйіспеншілік пен өз білімін
ұдайы жетілдіру қасиеттері тән болуға тиіс.
Тарих адамзаттың прогрессивті ыңғайдағы
бөлігі үшін, аталған принциптердің
кемшіндігіне қатысты барлық қиындықтарға
қарамастан, гуманистік ағымдар ылғи да
қолдау мен түсіністік тауып келе жатқандығын
растайды.
Өмір бір орында тұрмайды, ол медицинаға,
дәрігерлерге барған сайын жаңа талаптар қоя береді.
Медицина ғылымының жетістіктері мен соңғы он
жылдықтар практикасы адам өмірі үшін күресте
дәрігерлердің мүмкіндіктерін көтерді, бүгінде осыдан
жиырма жыл бұрынғы үмітсіз деп саналатын көптеген
сырқаттарды, оның ішінде клиникалық өлім
жағдайында тұрғандарды да құтқаруға жол ашылды.
Адам өмірі үшін күресте қазіргі уақытта дәрігерлердің
мүмкіндік аймағы бұрынғы жасанды демалдыру мен
жүректі уқалаудан жасанды қан айналымы,
гипербориялық оксидинация органдарын алмастыруға
дейін жетті.
Деонтологияның негізгі принципі
• Деонтологияның негізгі принципі - адам
жеке басының қамын ойламай, өз
мүддесін халық пен қоғамның
қажеттілігіне саналы түрде бағындыра
отырып, жеке басының мүддесін
қоғамдық мүддемен гармониялық түрде
үйлестіре алуында.
Медициналық деонтология
•Медициналық деонтология дегеніміз - медицина
қызметкерлерінің адам баласы алдындағы, қоғам алдындағы
атқаруға тиіс кәсіптік парызы мен өтеуге тиіс борышын
оқытатын ілім.
Дүние жүзі халықтарының әрқайсысының өздерінің
ұлттық, діни, қоғамдық мәдени ерекшеліктеріне қарай әр
дәуірде денсаулықты сақтау этикасы мен медициналық этика
жөніндегі көзқарастары әртүрлі болған. Тарихқа жүгінсек,
әртүрлі қоғамдық-экономикалық формацияларда адамның
денсаулығы мен өнерін сақтауға байланысты этикалық
нормалардың көптеген түрлері болғанына көзіміз жетеді.
Қай заманда болмасын дәрігерлер мен
емшілерден, медицина қызметкерлерінен адамзатқа
қызмет ету жолында олардың бойында
адамгершіліктің мейірімділіктің ізгі ниеттіліктің, адамға
деген сүйіспеншіліктің, жанашырлықтың мол болуын
талап етіп отырған.
Біздің дәуірімізге дейін IX ғасырда өмір сүрген атақты
үнді дәрігерінің "Өмір кітабы (Аюр-Веде) атты
еңбегінде дәрігерге былай деген өсиет айтады':
"Дәрігер іс жүзінде табысқа жету үшін; өзінің дені сау,
мұнтаздай таза, қарапайым, шыдамды сақалы қысқа
етіп бастырылған, тырнақтары алынған, ақ жейде,
жұпыны киім киген болу керек.
«Медбике-дәрігер» арасындағы
қарым-қатынастар:
• Сұхбаттасу кезінде дөрекі сөйлесуге тыйым
салынады;
• Дәрігерлік тағайындаулар уақытында нақты, нақты
және кәсіби орындалуы тиіс;
• Науқастың денсаулық жағдайындағы кенеттен
болған өзгерістер туралы дәрігерге жедел хабар
берілуі тис;
• Тағайындалған дәрігерлік емді қолдану барысында
күмән туындаған жағдайда , науқас жоқ уақытта,
сыпайы түрде, осы жөнінде дәрігермен мән-жайды
талқылауы қажет.
Медициналық қызмет этикасы
Медициналық этика (лат. ethica, грек тілінен
алғанда ethice – адамгершілікті зерделеу),
немесе медициналық деонтология (греч. deon
– парыз; «деонтология» термині соңғы
жылдардағы отандық әдебиетте кеңінен
қолданылуда), – яғни бұл –медициналық
қызметкерлердің кәсіби міндеттерін орындау
барысындағы этикалық нормалар мен
қағидаттар жиынтығы
Медициналық этика үш негізгі бағыт
бойынша тұлғаралық қарым-
қатынастардың әртүрлі мәселелерін
зерделейді және шешеді:
• медициналық қызметкер – емделуші,
• медициналық қызметкер – емделушінің
туысқандары,
• медициналық қызметкер – медициналық
қызметкер.
Патологоанатомиялық тәжірибенің
деонтологиялық аспектілері
• Қазіргі таңда барлығымызғы белгілі
болғаны медициналық деонтологияны
ең жоғары деңгейде сақталуы бұл
дәрігер мен науқас және оның
туысқандарымен болатын қарым
қатынас. Ендіше өлген адаммен болған
деонтологиялық қағидалар бар екен.
Оларды біртіндеп көріп шығайық.
Мәйіттермен деонтология
қағидаларын сақтау
• Қайтыс болған адамның денесіне нем
құрайлықпен қарамау.
• Тек көрсетілген нормалармен тілік жасау.
• Мәйітті органдарын тым артық
бөлшектемеу (бұл әсіресе студенттер
үшін айтылған сөз олардың арасында
жиі кездесетін жағдай өлген адамғой
деген сөзбен денесін ойына келген
ойындармен кесіп бөлшектеу)
• Мәйіттің алдында ұрысыпау, айқайлау
жаман сөздерді айтуға болмайды.
• Иесі жоқ мәйіттерді ашқан болған соң, оны
жақсылап жуып тазалап жерлеуге тапсыру
керек.(Бұл тек иесі жоқ мәйіттер үшін емес
иесі бар мәйітті сөзсіз жуып тапсырады бірақ
дегенмен оның туысқандары оны жерлеу
алдында тағы жуу тұрған сөз ал иесі жоқ
мәйітті сол үшін жуып тапсыру керек себебі
оны ешкім қайта жумайды). Дегенмен де
адам баласымыз!
• Ашылған мәйітті тексеріп болған соң оны
қайта тігіп жауып қойю керек.
• Деонтологияны жоғары деңгейде сақтай
білген дәрігер өзінің интелектінің
жоғары шыңында екенін білдіреді.
Деонтология дәрігердің
мәдениеттілігінің бір белгісі болып
табылады.
Назар аударғандарыңыз үшін
рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz